Материалдар / теулі балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

теулі балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда мүмкіндігі шеутеулі балалардың қоғамға бейімделу дағдысын қалыптастыру жөнінде
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мүмкіндігі шектеулі балаларға өзіне-өзі қызмет ету дағдысы – күрделі үдеріс, оларға ортада өз орындарын таба білетіндей етіп бағыт берген жөн. Әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауында келісілгендей, әлеуметтік қамту жүйесіндегі интернат үйлеріне ақыл-ойы орташа, ауыр және терең деңгейдегі балалар қабылданады.

Өзіне қызмет дағдыларының міндеттері: «Қоршаған әлем жайындағы танымдық түсініктерін кеңейту, баланың тілін дамыту, қарапайым санитарлық-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру, өз-өзіне қарапайым қызмет көрсете алуға үйрету, жеке және ұжымдық ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру, балардың дене бітімін шынықтыру». Бұл мақсаттар тәрбие жұмысының үрдісінде, күнделікті өмірде және балалармен жүргізілетін арнайы сабақ барысында жүзеге асуы тиіс.
           Мүмкіндігі шектеулі балалардың ақыл ойындағы кемшіліктерді түзету, орнын толтыру, дамыту – педагогика саласындағы басты мақсат. Мұндай балалардың ақыл-ойын дамытып, белігілі бір ортаға бейімдеу өте күрделі болғандықтан, оларға өте қарапайым тапсырмалар қолдана отырып, олардың қызығушылығын, қозғалыс әрекеттерін байқауға болады.
Бүгінгі таңдағы осындай балалар үшін ең басты мәселе, мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, оларды жан-жақты дамытып, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан менің негізгі атқаратын қызметім, әр баланың қабілет-қарымын анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болмай өсуіне ықпал етуім керек.
          Ақыл-ойы терең бұзылған балалар есте сақтау көлемі төмен, соған қатысты есте сақтау көлемі мен материалдық абстрактысы арасындағы байланыс анықталады: неғұрлым мәлімет абстрактылы, айырмашылық болса, соғұрлым мәлімет есте нашар сақталады. Есте сақтаудың нақтылығы мен беріктілгі төмен деңгейде. Қайта жаңғырту барысында олар көбіне қалдырады, логикаларын бұзып толық орындарын ауыстырады, жиі айтқанын қайталайды, әртүрлі кездейсоқ ассоциацияға негізделіп жаңа элементтерді қосады. Кемақыл балалар ырықсыз есте сақтауды қолданады. Күнделікті түзету-дамыту жұмыстарын жүргізе отырып сөздік қорын молайтуға жағдай жасадым. Сондықтан мұндай балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасауды талап етеді.
          Топтағы балаларды әлеуметтік ортаға бірден бейімдеп алып кету оңай болған жоқ. Сондықтан олардың отбасылық жағдайына, мінез-құлық ерекшеліктеріне мән бердім. Бұл балалар қазіргі таңда өз беттерімен тамақтанып, жаялықтарын тастап, әжетханаға өздері барады, суын ағызады. Өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының қалыптастыру жолдарының бірі күнделікті тұрмыста (жуыну, тамақтану, киіну т.б.) іске асырылатын әрекеттерді меңгеру. Балалар тамақтануға келгенде өзінің тиісті орнына отыруын қадағалалап отырамын. Тамақтану кезінде олардың тазалығына мән беремін (үстіне тамызбау, аузын жауып шайнау, кесені екі қолмен ұстау т.б.). Осы тұрмыстағы іс-әрекеттерді пайдалануда баланың психологиялық ерекшеліктеріне мән берген маңызды. Баланың қызығушылығын көбінесе түрлі ойындар ойнату арқылы байқай отырып, оның өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыруды басты назарыма алдым.
           Мысалы, «Таза бала боламын», «Ғажайып ойыншықтар», «Бұл кімнің киімі?», «Құрастыру», «Сыңарын тап» және тағы да басқа ойындар, балалар белсенділігін арттырады және икемділік дағдысы қалыптаса бастайды.
Көріп қабылдау және кеңістікті бағдарлауын дамытуға арналған жұмыс барысында затты толық мөлшерде көріп есте сақтауын қалыптастыру, заттың бөлшегін бөліп қарау, екі затты салыстыруға, заттардың атын атағанда солдан оңға қарай көзбен қадағалауға, кезектілікпен орналастыру тәрізді дағдылары қалыптасады. Осы бағытта түзету-дамыту жұмыстары нәтижелі болу үшін әр түрлі жаттығулар мен ойын түрлері кеңінен пайдалану тиімді. Сабақта қолданылатын материалдар: суреттер, табиғи материалдар, дөңгелектер, кубиктар, т.б. түрлі түсті болуы шарт. Жаттығулар алдымен ойыншықтардан бастап, біртіндеп түрлі формалар мен фигураларға көшеді. Сабақта қолданылатын жаттығулар келесі кезекпен жүргізіледі:
— көрсету (Дәл мен сияқты жаса. Дұрыс істедің бе? Салыстыр);
— талдап көрсеткендей ойда сақтап жасау (Қарап, есіңе сақта, осылай жаса. Салыстыр);
— нұсқау бойынша орындау (мұғалім айтып отырады, балалар жасайды);
Әр берілген тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалау қажет:
— керек затын топ ішінен таңдап алу;
— біркелкі заттарды бөліп көрсету;
— суреттегі заттардың сыңарларын табу;
— еркін өз бетімен құрастыру және жапсырумен айналысу.
           Үйрету мен есте сақтау жұмыстарында қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту мәселелері шешіледі. Қол мен саусақтардың қимылын жеделдету және қозғалыс үйлесімін қалыптастыру, қағазды қайшымен қию, жапсыру және ретімен орналастыру, түрлі фигуралар құрастыру.
Балалардың жалпы қимыл-қозғалысының, саусақ, бұлшық еттерінің сау балаларға қарағанда кеш және қиындықпен дамуын ескере отырып, бұл бағытта арнайы түзету, дамыту жаттығуларын жүргізу дәстүрлі жұмысыма айналды . Жаттығу түрлері: қолды созып алақанды жоғары-төмен, екі қолды бірден кезек ұстау; қолды созып немесе бүгіп алға ұстау, саусақты біріктіріп, ашып, алақанды жоғары, төмен, қаратып ұстау; екі қолдың саусақтарын біріне-бірін қарама-қарсы қойып түйістіру;жұдырықты ашып-жабу; саусақтарды шерту; қарындашты, қаламды, таяқшаларды саусақтарға қыстыру. Саусақ қимыл жаттығуларын жасау барысында тобымдағы бала қасықты өзі ұстап тамақты жеуге үйренді. Терең ақыл-ойы кем балалармен түзету-дамыту жұмыстарын, жаттығулар мен түрлі тапсырмалар жүргізгенде әр баланың даму және жеке ерекшеліктерін еске ала отырып есте сақтау, ойлау, әрі қызығушылық пен белсенділік қабілеттерін дамытып, арттырып отырдым. Осы жұмыстарымның барлығы ата-аналармен үнемі тығыз байланыс жасап және әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру негізгі мақсатыма жеткен жетістігім болды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!