Материалдар / The role and place of Kazakhstan in World Trade
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

The role and place of Kazakhstan in World Trade

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның әлемдік сауда алаңындағы рөлі мен маңызы жайлы баяндалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2024
216
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Имангалиева Милана Николаевна

milanaimangalieva01@gmail.com

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Ғылыми жетекші: Нурсапина Ханбибі Утешовна

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Аннотация: Мақалада Қазақстан Республикасының сыртқы саудадағы мәнін ашу, оның түрлерін зерттеу, Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының толық мазмұны қарастырылған. Халықаралық сауда саласының теориялық негізі, яғни әлемдік сауданың формалары мен ерекшеліктері, сипаттамалары мен тосқауылдары жайлы баяндалған.

Тірек сөздер: халықаралық сауда, импорт, экспорт.

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

Халықаралық сауда – бұл халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген және экспорт пен импорт арқылы жүзеге асатын халықаралық экономикалық қатынастар формасы.

Shape5

Shape9 Shape8 Shape7 Shape6

Өзара тәуелділік

Өндіріс деңгейі

Құрылым

Көлем



  1. сурет.Халықаралық сауданың негізгі сипаттамалары.

Халықаралық сауданың көлем көрсеткіштері:

  • Сыртқы сауда айналымы = Экспорт + Импорт;

  • Сауда балансы (сауда балансы айырмасы) = тауарлар экспорты мен импорты айырмасы.

Белсенді сальдо – экспорттан түскен табыс сомасының импортқа кеткен шығынынан артық болуы.

Енжар сальдо – импортқа кеткен шығын сомасын экспорттан түскен табыстан артық шығуы.

  • Экспорттық квота – экспорт шектелген жағдайда экспортқа шығуға берілетін тауарлар саны.

  • Экспорттық әлует – белгілі бір елдің әлемдік нарықта өз экономикасына залал келтірмей сататын өнім үлесі.

Халықаралық сауданың тиімділігі екі түрлі көз қараспен бағаланады:

  1. Даусыз артықшылықтар теориясы: белгілі бір ел қандай да бір тауар өндіруде басқа елмен салыстырғанда даусыз артықшылықтарға ие (климаттық, географиялық, технологиялық т.б.) деп есептеледі (егер ол бұл тауарды аз шығынмен өндіретін болса).

  2. Салыстырмалы артықшылықтар теориясын XIX ғасырдың басында Д.Рикардо ойлап шығарды:

ЕShape10

САУДАЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАР

гер қандай да бір елдің өнімнің барлық түрін аз шығынмен өндіру мүмкіндігі болса немесе тіптен болмаса, онда өндіріс пен саудадағы мамандандырудың салыстырмалы түрдегі артықшылықтары әрекет ете бастайды. Егер елдер арасындағы шығынға қатысты айырмашылықтарды ескерсек онда белгілі бір ел әлуетті серіктестеріне қарағанда, бұл тауарды баламалы аз шығынмен өндірген жағдайда тауар өндіруде салыстырмалы артықшылықтарға ие болады. Салыстырмалы артықшылықтар принципі: егер әр тауар баламалы шығыны аз елде шығарылса, шығарылған өнімнің жиынтық көлемі көп болады.



Shape11

Shape12

Shape14 Shape13

Тарифтік емес тосқауылдар

Кеден бажы



Shape15

Shape16 Shape17

Shape18 Shape19

Шетелдік квоталар

Ерікті экспорттық шектеулер

Shape20

Лицензиялар





2– сурет. Саудалық тосқауылдар

Сыртқы сауда саласында мемлекеттік саясаттың екі типі бар:

Протекционизм – ішкі нарықты шетелдік тауарлардың қоғауға бағытталған және импортты шектейтін саясат.

Фритредерстік – еркін сауда саясаты, ішкі нарықты шетелдік капитал мен қызметтерге ашу [4].

Әлемнің көптеген елдері өздерінің сыртқы саудасын ырықтандыру жолымен алға жылжып келе жатқан кезде, олардың барлығы іс жүзінде Халықаралық көші- қонды шектейтін шараларды қабылдайды. Көшіп- қонудан экономикалық пайданы бөлу біркелкі болмаса да, көші-қон өндірістің жиынтық көлемінің өсуіне алып келеді. Алайда, көші-қонның оң экономикалық әсері де орын алып отырған теріс әсерлермен жабылуы мүмкін. Олардың бірі- иммигранттар дамыған елдердің бюджетіне жүктейтін қаржылық ауыртпалық.

Мемлекет жұмыс күші миграциясын реттеуге араласады, себебі жұмыс күшінің иммиграциясы мен эммиграциясының нәтижесінде елдегі экономикалық және саяси жағдайлар өзгеріп отырады. Сондықтан, мемлекет жұмыс күші миграциясын реттеу, бақылау, қадағалау шараларын жүзеге асырады [5].

1960 жылдардың басында АҚШ әлемдегі ең ірі индустриялық мемлекет болды. 1960 жылы жалпы ішкі өнім арқылы (ЖІӨ) арқылы өлшенетін әлемдік өндірістің 38,3%-ы АҚШ-қа тиесілі еді. 2018 жылға қарай әлемдік өндірістің 15,8%-ын АҚШ иемденсе, Қытайдың әлемдік өндірістегі үлесі 17,1% құрады және ол – осы санатта әлемдік көшбасшы . Салыстырмалы тұрақтылыққа қарасақ, АҚШ жалғыз ғана дамыған мемлекет болған жоқ. Германия, Франция, Италия, Біріккен Корольдік және Канадада да дәулетті елдер қатарынан, бұл бірнеше ғана мысал. Осы елдер жаһандық индустрияландырудың қарлығаштары болды.

Әрине, АҚШ позициясының өзгеруі абсолюттік құлдырау емес, себебі АҚШ экономикасы 1960 және 2018 жылдар аралығында айтарлықтай дамыды (бұл увқытта Германия, Франция, Италия, Біріккен Корольдік және Канаданың экономикалары да өсті). Керісінше, бұл басқа бірқатар экономикалардың, әсіресе Қытай мен Азияның бірнеше елінің жылдам экономикалық өсуін көрсететін салыстырмалы төмендеу болды. Мысалы, төмеедегі кестеге көз жүгіртсек, 1960 жылдан бүгінге дейін Қытайдың әлемдік өндірістегі үлесі мардымсыз мөлшерден 17,1%-ға дейін көтерілген, бұл оны әлемдік өндірістегі үлесі жағынан ең ірі экономикаға айналдырды (жалпы, АҚШ – әлі күнге дейін ең ірі экономикалардың бірі). Жапония, Тайланд, Малайзия, Тайвань, Бразилия және Оңтүстік Корея бастаған біраз елдер әлемдік өндірістегі үлесін айтарлықтай арттырды.

1980 жылдардың соңына қарай АҚШ-тың әлемдегі жетекші сауда елі ретіндегі беделіне сызат түсе бастады. Соңғы 30 жылда АҚШ- тың экспорт нарықтарындағы үстемдігі әлсіреді, себебі Жапония, Германия, Оңтүстік Корея мен Қытай сияқты жаңа индустриялық дамыған елдер тізбегі әлемдік экспорттың ауқымды үлесін жаулап алды. 1960 жылдары өнеркәсіптік тауарлардың әлемдік экспортының 20%-ын АҚШ жүйелі түрде жкспорттаған. Бірақ төмендегі кестеге сәйкес , тауарлар мен қызметтердің әлемдік экспортында АҚШ-тың үлесі 2017 жылға қарай 8,2%- ға дейін кеміді, бұл Қытай көрсеткіштерінен әлдеқайда төмен.

Қорытынды: Әлемдік сауданың қарқынды және өскелең дамып келе жатқан саласы – өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.

Машиналар мен жабдықтар сауданың қарқыны мынадай бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді: интиринг, лизинг, консалдинг және ақпаратты есептеу қызметтері.

Біртұтас әлемдік нарықтар жүйесін қалыптастыру бағытында әлі де болса мынадай көптеген кедергілер мен қойшылықтар бар; еркін сауда немесе протекционизм мәселелері.

Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ–на және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға, соның ішінде әлемдік сауда экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда колданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр.

Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін, оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарына қосылуы болып табылады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Халықаралық экономика. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы/ А.М.Казамбаева – Алматы, Альманахъ, 2019.

  2. Мэнкью Грегори Н., Тейлор Марк П., Экономикс, 4 – халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.

  3. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008

  4. Крымова В. Экономикалық теория: кестелі оқу құралы. – Алматы: «Бастау», 2009.

  5. Гурова И.П. Мировая экономика : учебник для студ. вузов/И.П.Гурова -4-изд.,перераб. – М.:Издательство «Омега-Л», 2011



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!