Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тиімді оқыту деңгейлік курсы ; С есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тулебекова Асем Лесбековна Мұғалімнің портфолиосы С бөлімі
Топ 13-ТО-03-18 Тиімді оқыту мен оқу
Тараз қаласы 2018 жыл
Рефлексия және даму
Менің тізбектелген сабақтар топтамамның ортақ тақырыбым: VI- IX ғасырлардағы Қазақстан. Оқу жоспарының бұл бөлігінде оқушылар көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін біледі, түсінеді. Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін зерттеуді меңгереді. Осы нәтижеге қол жеткізу үшін, оқыту тәжірибеге жеті модуль аясында өзгерістер енгізілді. Сол жеті модуль аясында қандай өзгерістер болғандығы жайында , төрт тізбектелген сабағымда болған өзгерістерді саралап көрсетпекпін. «Түркілер туралы тарихи деректер» тақырыбындағы бірінші тізбектелген сабағымда оқушыларды ең алдымен топқа бөліп алып олардың қарым-қатынасын реттеп алғаннан кейін, сабағымды мақсат пен критерилерды таныстырумен бастадым. Сабақты бастамас бұрын оқушыларға, сыни тұрғысынан ойлауды дамыту үшін, Түркілер дегеніміз кімдер? Олар туралы не білеміз? деген сияқты ашық сұрақтармен алдыңғы білімді еске түсіріп алдым. Содан кейін оқушылармен бірлесіп , топтық жұмыста сақталатын алтын ережені құрып алдық. Олар: бірін-бірі тыңдау, кезекпен сөйлеу, уақытты тиімді пайдалану, бір – бірінен көмек сұрағанда көмектесу, сабақта белсенді болу. Осы алтын ережені сақтауды төрт тізбектелген сабақ топтпмасында да ескереміз деп келісімге келдік . Барлық оқушылардың оқыту үдерістерін тарту және олардың ойлау дағдыларының қалыптасуына түрткі болу үшін ДЖИГСО әдісін пайдаландым. Бұл тәсіл негізінде оқушылардың өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысы дамытады.Бұл тәсілмен жұмыс жасау барысында дарынды және талантты оқушылардың, және өзге де оқушылардың ақпаратты өз бетінше оқып меңгергеннен кейін басқа топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізу дағдысы дамыды . Және әр оқушының сөйлеу, ойлау дағдылары дамыды. Бұл тапсырмада диалогтық оқыту дағдысы қалыптасты. Диалогтық оқытудың барысында сыни ойлау қалыптасады. Бұл сабақтың басында мен бағдаршам әдісін қалай пайдалану керек екендігін түсіндірген болатынмын. Бағдаршамды пайдалану барысында аз–маз кемшіліктер болды. Ол кемшілік оқушы бағдаршамды қалай пайдалану керек екендігін ұғынса да, еркін пайдалана алмады. Тізбектелген сабағымда оқушылар топтық жұмыс барысында бір–бірімен диалогтық қарым – қатынасқа түсіп, өз ойларын жетік түсіндіруде және өз ойларының дұрыс екендігін дәлелдеуде біршама ілгерілеулер болды. Бірінші тізбектелген сабағымның топтық жұмыс барысындағы тиімсіз жағы оқушылар топтық жұмыс барысында баяу болды. Соның салдарынан уақыт үнемдеу мүмкін болмады. Бұл сабақ менің практикамдағы алғашқы сабағым болды . Алдағы тізбектелген сабақтарымда бұл кемшіліктерді жоямын деп ойлаймын. Сабақтың соңында оқушылардың теориялық білімдерін бекіту мақсатында ашық тест алынды . Бұл ашық тестке қарап мен оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтадым. Бұл бірінші тізбектелген сабағымдағы қолданылған әдіс – тәсілдер арқылы «диалогтық оқыту », « сын тұрғысынан ойлау », « дарынды және талантты балаларды оқыту », « оқытуды бағалау және оқу үшін бағалау» модулдерінің идеялары ашылды Екінші тізбектелген сабағымда да топтық жұмыс жүргізілді. Бұл сабақта «Доп ортада» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіріп, алдыңғы білімге логикалық ойлау көпірі жасалды. Бұл сабағымда да сабақтың барысында « бағдаршам » әдісі жұмыс жасайтындығын балаларға айтып өттім. Және сабақтың басынан аяғына дейін «Білемін, Білдім, Білгім келеді » әдісінің де жұмыс жасайтындығын айтып , қалай жұмыс жасау керек екендігін түсіндіріп өттім . Сабақ барысындағы бірінші тапсырмам мәтінмен жұмыс болды . Бұл сабақты «ойлан – жұптас – бөліс » әдісі арқылы жүргіздім. Бұл әдіс арқылы оқушы алдымен мәтінмен өзі танысады, қасындағы серігімен талдайды, болжайды, мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді. Өз ойларын болжамдарын сыныппен талдайды . Бұл тапсырманы орындау барысында мен дарынды және талантты оқушылардың өз ойларын ортаға салып, өзінің мәтінді терең меңгергендігін, өзгелерге түсіндіру барысында байқадым. Бұл тұста дарынды және талантты оқушының ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамығандығын айтуға болады. Яғни бұл тапсырма арқылы дарынды және талантты оқушының сабаққа деген құлшынысының артқанын байқауға болады. Осы тапсырманы орындау барысында « бағдаршам» әдісі алдыңғы сабағыма қарағанда жақсырақ жұмыс жасады. Яғни оқушылар алдыңғы сабағыма қарағанда бұл әдісті пайдалану жолын түсіне бастады деп ойлаймын. Бұл сабағымдағы келесі тапсырмамда оқушылар топтық жұмыста картамен жұмыс жасады. Тайпалардың орналасуын, көші – қон бағыттарын стикерді пайдалана отырып белгіледі . Бұл тапсырманы орындау барысында да диалогтық оқыту әдісі жүргізілді. Тапсырманы орындау барысында оқушылар диалогтық қарым– қатынасқа түсті. Сабақты бекіту мақсатында « ыстық орындық »әдісі жүргізілді. Бұл әдістің тиімді болған тұсы оқушылардың белсенділігі мен қызығушылықтары артып , қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріп отырды. Сабақтың соңында оқушылардан « Білемін, Білдім, Білгім келеді» әдісі мен кері байланыс алынып, сол кері байланыс арқылы өзіме рефлексия алдым. Яғни оқушылардың білгісі келетін жауаптарына келесі сабақта уақыт тауып жауабын бірге қарастырамыз деп шешім жасадым. Сабағымның барысында әр оқушының қажеттілігіне қарай қолдаулар көрсетіліп, тапсырма барысында ашық сұрақтар қойылып отырды. Тапсырма барысында көрсеткен қолдауларым мен қойылған ашық сұрақтарым оқушылардың оқуға деген көзқарасын одан әрі жақсартып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды деген ойдамын. Оның дәлелі оқушылардың сабақ соңындағы эмоциялық көңіл күйлерінен байқауға болады. Оқушыларым бүгінгі сабақтың қызықты өткендігін, күнделікті сабақтың осылай өтуін айтып жатты. Сабақ барысында оқушылардың өзін – өзі бағалау дағдылары жүріп отырды. Оған негіз бір оқушым алдыңғы сабақтар бағдаршамды көтеруге қысылғанын айтып, бағдаршамды көтеру арқылы өзінің білмегенін түсінгендігін айтып өтті. Яғни бағдаршам әдісінің тиімді тұсын тағы бір рет дәлелдеді деп өзіме ой түйдім. Екінші тізбектелген сабағымда да « диалогтық оқыту », « сын тұрғысынан ойлау», « дарынды және талантты балаларды оқыту », « оқытуды бағалау және оқу үшін бағалау » модулдерінің идеялары ашылды.
Үшінші тізбектелген сабағымда сабақтың тақырыбы мен мақсат пен критериларды таныстыру үшін мен интербелсенді тақтаны пайдаландым . оқушылармен сергіту жұмысын жасап алғаннан кейін сабақты бастадым. Сабақ барысында « бағдаршам » әдісінің жұмыс жасайтындығы ескертілді. Үшінші тізбектелген сабағымда да оқушылармен жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізілді. Мәтінмен жұмыста топтық жұмысты « мозайка » әдісі бойынша жүргіздім. Бұл әдіс арқылы әр топ арасынан көшбасшы сайланады. Көшбасшы әр оқушыға тапсырмаларды бөліп береді. Оқушылар мәтіннің әр бөлігін бөліп оқып, алдымен өзі жеке жұмыс жасайды. Сол оқушылар келесі топта өзіне берілген тапсырмасындай топ мүшелерімен бірігіп, сол берілген тапсырманы талдайды, қайтып келіп өзінің тобында түсіндіреді. Бұл тапсырмадан мен әр оқушының тыңдау, ойлау сөйлеу қабілеттерінің жақсы жұмыс жасағандығын байқадым. Тіпті үлгерімі төмен оқушының өзі өзінің тобына келгенде бірдеңе айту керек екендігін ұғынып , басқа топ мүшелерінен естігенін өзінің тобында айтып беріп жатты. Топтық жұмыс барысында бұл берген тапсырмамның сәтті шығуының бір себебі дарынды және талантты оқушылардың көшбасшылық жұмысын жүргізу барысында жақсы құлшыныспен жұмыс жасағандығы деп ойлаймын . Дарынды және талантты оқушымды көшбасшылыққа ұсыну арқылы олардың ынтасының артуына , сабаққа деген қызығушылығының артуының жақсаруына себеп бола білдім деп ойлаймын . Бұл тапсырманы беру арқылы , мен өзімнің берген тапсырмамның сәтті шыққанын түсіндім . Тағы бір айта кетерлік жайт сабақ барысында бағдаршам әдісі алдыңғы сабақтарыма қарағанда жақсы жұмыс жасады . Оқушы бағдаршамды еркін пайдаланып , жұмыс жасай білді, және оқушыларым болашақта осы бағдаршам әдісін күнделікті сабақта қолдансақ деген ұсыныс айту арқылы менің осы бағдаршамды өзімнің бір құралым етсем , деген ойымның жандануына себеп болды . Болашақта мен өзімнің осы курска келіп үйренген бағдаршам әдісін күнделікті оқу құралына айналдырамын деген шешімге келдім. Осы бағдаршам әдісі арқылы оқушы өзін –өзі бағалауға үйренеді. Бағдаршам әдісі арқылы оқушының оқуға деген ынтасы артып, білмегенін үйреніп, оқуы жақсарады деген ойға келдім. Болашақта бұданда жақсы тапсырма беріп оқушылардың сабаққа деген ынтасын жақсартуым керек деген ой түйдім. Төртінші тізбектелген сабағым « практикалық жұмыс» Бұл төртінші тізбектелген сабағым қорытынды сабақ болғандықтан, оқушыларымың алдыңғы үш тізбектелген сабақта алған білімдерін « допты тос » әдісімен , бір – бірімен ынтымақтастық қарым –қатынас орната отырып, сұрақтарға белсенді жауап берді . Оқушылардың осы төрт тізбектелген сабақтарымды қаншалықты меңгергендігі туралы сараланған тапсырмалар берілді. Оқушылар өз деңгейінде тапсырмаларды оындады. Дарынды және талантты оқушыларым өзінің жасаған жұмыстарын саралап,толық түсініктеме берді. Осы төрт тізбектелген сабақтарымның қорытындысы ретінде оқушыларға ЭССЕ жаздырдым . ЭССЕ жазуға арнайы уақыт бөлінді. Оқушылар өз деңгейлерінде берілген уақыт ішінде орындап шықты. ЭССЕ нің барысында оқушыларымның көпшілігі бұрынғы өтіп жүрген сабақтарға қарағанда осы төрт тізбектелген сабақ барысында өтілген сабақтардың қызығырақ болғанын да баяндапты.Осы төрт тізбектелген сабақтар барысында сәтті болған жағдайлар: Оқушыларыммен топтық жұмыс жасаудың алтын ережесін жасап алғаннан кейін , топтық жұмыс бұрынғы сабақтарыма қарағанда белсенді болды , оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты , кері байланыс арқылы оқушыларым өзін–өзі бағалауға үйренді , дарынды және талантты оқушыларым көшбасшылық танытты. Бұрын дарынды және талантты оқушыларымды басқа оқушылармен тең дәрежеде көріп бірдей тапсырмалар беріп жүр едім осы курска келіп үйренгенім бойынша оқушыға кеңейтілген тапсырмалар беру арқылы оның сабаққа деген ынтасының артқанын байқадым Сәтсіз болған жағжайлар: Уақыт тиімсіздігі, «Мозайка» әдісі кезінде оқушылардың шашыраңқылығы, яғни оқушылар уақытты тиімді пайдалана алмады. Тағы бір мәселе оқушыларымның өз ойларын тиімді жеткізе алмауы, диалогтық қарым – қатынаста осы ойларын толық жеткізе алмауының салдарынан жақсы жұмыс жасай білмеді. Осы айтылған сәтсіз болған жағдайларды ескере отырып, былай шешіп көрмекпін: Оқушыларды уақытты үнемдеуге үйретемін, оқушылардың өз ойларын толық жеткізе білуге, ашық сұрақтардың дұрыс қойыла білуіне мән беріп, дағдыларын жақсартамын . Өзімнің тәжірибемді жақсарту мақсатында түрлі коучингтерге қатысып, әріптестеріммен кеңесуді жөн көрдім. Мен тапсырмаларымның барлығында дерлік диалогтық оқу жұмыс жасаймын деген болатынмын . Диалогтық оқу жұмыс жасады бірақ оқушыларымның өз ойларын еркін жеткізе алмауы басымырақ болды . Енді болашақта осы диалогтық оқудың жақсаруын қолға аламын деп ойладым. Менің осы курсқа келудегі алға қойған мақсатым : Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген, заман талабына сай , бәсекеге қабілетті жақсы маман иесі болу. Мен бұрынғыға қарағанда өзімнің жүргізген әдіс-тәсілдерімнің нәтижесінде жүргізген жұмыстарымның тиімді жүргізілгенін байқадым. Болашақта мен Александрдың диалог әңгімелесу арқылы дамиды деген теориясына басымдық бергім келеді. Соған сай оқушыларыма қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде ойын ашық жеткізе білетін, өзіне сенімді, жаңа заманның барлық технологияларын жақсы меңгерген, бәсегеге қабілетті, сынға еш мойымайтын, кез келген қиындықтардан шыға білетін, сыни пікір - көзқарастары жақсы дамыған тұлға тәрбиелеу деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы жүргізген әдіс–тәсілдер:
Бағдаршам , ойлан,жұптас бөліс, допты тос т.б