Материалдар / Тиімді оқыту курсы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тиімді оқыту курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал курс бойынша есеп жазатын мұғалімдер үшін көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
576
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Бөлім атауы: Тәрбиенің қайнар бұлағы


Мектеп: №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі

Күні: 04.12.2018 жыл

Мұғалімнің есімі: Бекзақ Тұрғанбек

Сынып: 5 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ы.Алтынсарин "Атымтай жомарт".Жомарттық – қайырымдылық тамшысы

Оқу мақсаттары

5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Әдеби шығарманың фабуласын айтады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттікдамуын сипаттайды

Кейбір оқушылар:

  • Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай отырып, сюжеттік желісін таба алады.

Бағалау критерийі

  • Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

  • Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттікдамуын сипаттайды

Тілдік құзіреттілік

Мәтінге қатысты сөздік қор мен терминдер: фабула, әңгіме, жомарт, қайырымдылық.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Алдыңғы тақырып

Алтынсарин әңгімелерін біледі

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы 4 мин










4 мин







5 мин

І.Ұйымдастыру . Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа дайындығын тексеру «Асыл қасиет» тренингі Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. Әрбір оқушы өз есіміндегі бас әріптері бойынша өз бойындағы асыл қасиеттерін айтады.

1.Үлестірме қағаздар арқылы сынып оқушыларын топқа бөлемін.

І топ. Жомарт

ІІ топ. Мейірім

ІІІ топ. Еңбек IV топ. Қанағат

2.Үй тапсырмасын сұрау. «Еңбек бәрін-жеңбек» тақырыбында эссе жазу. Әр топтан 1-2 оқушыдан сұраймын.

Өткен тақырыпты қорытындылау.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар сұрақтарға дұрыс немесе бұрыс деп жауап береді.

Сұрақтар: 1.«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің басты кейіпкері –Сейітқұлдың ағасы-бұрыс 2.Сейітқұл елінің бастапқыда айналысқан шаруашылығы-мал шаруашылығы- дұрыс

3.Сейітқұл елінің саны 30 үйден 500 үйге жетті бұрыс

4. Ауыл халқы артық егіндерін малға айырбастай бастады. дұрыс

5. Сейітқұлдың ағасы- еліне қамқор, адал еңбекпен нан таба білді.бұрыс

6. Сейітқұл мал бағумен айналысты бұрыс

7 .Сейітқұлдың елі ұрлықпен күн көрді бұрыс

8. Сейітқұлдың елі үлкен қабырғалы елге айналды, халқы бай болды. дұрыс

9. Сейітқұлдың ағасы азапты өліммен өлді дұрыс


«Асыл қасиет» тренингі





АКТ,

«Қанағат», «Жомарт», «Еңбек», «Мейірім» қима қағаздардағы үлгісі





«Миға шабуыл» әдісі

Сабақтың ортасы

2 мин























5 мин









































4 мин















8 мин















5 мин

Мағынаны тану кезеңі

3.Тақырыпты болжау. Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және түсіндіріп берулері сұралады.

Білім алушының назарын шоғырландыру үшін қосымша жетекші сұрақтар қойылады:

- Суреттен не байқадыңдар?

- Бұл қандай адам? Оның бойында қандай жақсы қасиет бар деп ойлайсыз?

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы? Болжаңыз.

4. Оқушылармен бірігіп, бүгінгі сабақ мақсатын айқындап аламын.


«Атымтай Жомарт» әңгімесі

Әңгіменің тақырыбына қарап «Жомарт» - адамға тән қасиет, «Атымтай» - адамның есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Оның нақты қай жылдары өмір сүргені белгісіз, алайда ғалымдар арасында VI ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Жоғарыда жазылған Ыбырай Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт болу себебін нақты баяндайтындықтан, осының алғашқысына жатады. Бұл әңгіме жас өрендерді еңбекке баулып, маңдай термен табылған нанның тәтті болатындығын баяндайды. Жомарт сөзі парсы тілінен алынған, "жуван" - жас, жігіт, "мард" - адам деген мағынаны білдіреді.

Топтық жұмыс. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің мазмұнымен танысу.

Абзацтарға бөлінген мәтіндерді беріп, тақырыптың желісімен мазмұнын ашу.

АShape1 Shape2 тымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын таныстары сұрады дейдi:

Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.

Жомарт айтты дейдi:

Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.

Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздік қорын молайту. Тақырыпты аша отырып, жаңа сөздермен танысады, біледі.

Дәулет – дүние мүлік, байлық.

Көңілге жел кіру - (ауыспалы) бір нәрсеге елігу, желігу, еліру.

Кем - кетікке жәрдем беру - жарлы кедей адамдарға көмек беру

Әбірет алу - ғибрат, үлгі алу

«Түртіп алу» әңгіме, мінездеме терминдерінің анықтамасын жазып алады.

Білім алушы әрекеті: Оқушылар «Атымтай Жомарт» әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, шығармадағы оқиғаларды рет-ретімен «Уақыт тізбегі» әдісі бойынша сызбаға жазады. Тапсырманы орындауда мағынаны ұғынуға арналған оқылым мен жазылым тапсырмасы арқылы орындатамын.Тұжырым жасайды.

Тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі.

«Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазыңыз.

1.Атымтай жомарттың еңбек етуі

2.Халыққа қолұшын беруі

3.Бай бола тұра, өзін басқалармен тең ұстауы

4.Кейінгілерге үлгі болуы

5.Еңбекпен тапқан нанның, зейнетін көру

6.Қолындағы барымен бөлісу


Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды. Топтар бір-біріне кері байланыс береді.

Керемет! Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Сен бұдан да жақсы істей аласың! Сенің қолыңнан келеді!


Жеке жұмыс.Шығарманы сюжеттік талдау. Сюжеттік талдау

  1. Кейіпкер Атымтай жомарт

  2. Оқиға Атымтайдың қарапайымдылығы

  3. Оқиға орны Ауылда

  4. Себебі Жұмыс істейді, еңбек етеді, байлығын пайдаланбайды.

  5. Салдары Ауыл адамдары үлгі тұтады.

Бағалау: Дайын жауап арқылы экраннан тексеру.

Керемет! Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Сен бұдан да жақсы істей аласың! Сенің қолыңнан келеді!

Жеке жұмыс. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңдар.


Суреттер























































Сөздікпен жұмыс


















Топтық бағалау

Сабақтың соңы 3 мин

Рефлексия

«Раунд-робин» стратегиясы ойынша оқушыларға 1 сөйлеммен рефлексия жасату.


Үй жұмысы: Әңгіме мазмұны бойынша түсінік айту.«Жомарт», «Қанағат», «Сараңдық» тақырыбында мақал-мәтел тауып келу.


Бүгінгі сабақтан

сіз қандай әсер


Shape3

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс










Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!