Материалдар / Тіл - достықтың алтын көпірі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тіл - достықтың алтын көпірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шара 22 қыркүйек тілдер мерекесіне орай өткізілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
9133
12 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы:  Тіл - достықтың алтын көпірі (танымдық сайыс ) Мақсаты: оқушылардың қазақ тіліне деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілдерін дамытып, ой өрісін кеңейту, туған жеріне құрмет көрсете білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, маркер, слайд.Түрі: сыныптан тыс шара Әдісі: танымдық сайыс Пәнаралық байланыс: тіл, музыка, тарих 

Барысы: Құрметті оқушылар, ұстаздар!  1998 жылдың ақпан айында қабылданған жарлыққа сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жарияланған. Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Бүгінгі таңда біздің мектептің оқушылары үш тілде еркін сөйлей алады.  Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде Тіл мерекесі өтеді. Биыл да осы мерекеге байланысты «Тіл - достықтың алтын көпірі» сайысын өткізгелі отырмыз. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Даланың терең жұтсақ ауасы кең Танысайық сайыстың барысымен  Оқушылар топқа бөлінеді. Жамбыл, Мұқағали (маркер, суреттер беріледі) Сайыс кезеңдері:1 - кезең «Сәлем – сөздің анасы» таныстыру. 2 - кезең «Бұл кімдер?» ( сурет бойынша жұмыс) 3 - кезең «Өлең сөздің патшасы…»(мәнерлеп оқу ) 4 - кезең «Шешендік өнер» (мақал - мәтел сайысы) 5 - кезең «Бәйге» (сұрақ - жауап сайысы) 6- кезең «Білгенге – маржан, білмеске - арзан» (салт - дәстүр) І. «Сәлем – сөздің анасы» таныстыру.  «Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем береді» дейді данышпан халқымыз. Бұл кезеңде әр топтың атын, ұстанымдарын таныстыруы керек. 









II. «Бұл кімдер?» ( сурет бойынша жұмыс)  Әр топ берілген суреттегі тұлғаның кім екенін, ол туралы қысқаша мәлімет береді. Жамбыл Жабаев Мұқағали Мақатаев IІІ. «Өлең сөздің патшасы…» (мәнерлеп оқу ) 4 - кезең «Шешендік өнер» (мақал - мәтел сайысы)  Мақал-мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші белесі мақал-мәтелдерге арналады. Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің бірінші жолын жүргізуші өзі айтады, топтағы оқушылар толықтырады. Мақал-мәтелдер:

І топ 1. Тіл тас жарады,......................... Тас жармаса бас жарады 2. Адам досымен мықты,........................ Ағаш тамырымен мықты. 3. Туған жердей жер болмас,........................ Туған елдей ел болмас.4. Досы жоқпен сырлас,............................ Досы көппен сыйлас. 5. Ана сүті бой өсіреді,,........................... Ана тілі ой өсіреді. ІІ топ. 6. Батыр туса – ел ырысы,......................... Жаңбыр жауса – жер ырысы. 7. Ата – байтерек,........................................... Бала – жапырақ. 8. Еңбектің наны – тәтті,......................................... Жалқаудың жаны – тәтті. 9. Ер жігіт – ел үшін туады,.................................... Ел үшін өледі. 10. Шебердің қолы ортақ,,................................... Шешеннің тілі ортақ V. «Бәйге» (сұрақтарға жауап беру).  Әр топ қолында карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Егер бірінші топтың жауабы дұрыс болмаса, екінші топ жауап бере алады. Жауап нақты әрі тез болу керек. Соңында әр топтың ұпайы есептеледі. Сұрақтары: І топ 1. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған жыл? (1991) 2. Тіл туралы Заң қашан шықты? (1997) 3. 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова т.б.) 4. Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі) 5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9) 6. Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) 7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы ( АЫ.Алтынсарин) 8. ЭКСПО қашан және қай жерде өтті? ( Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өттіі.)9. Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш кім? (Талғат Бигелдинов) 10. «Қазақстан - 2030» кітабының авторы? (Н. Ә. Назарбаев) 11. Абылай ханның шын аты? (Әбілмансүр) 12. Шапшаңдықты көрсететін ұлттық ат ойыны? (бәйге) 13. Тіл білімінің атасы? (А. Байтұрсынов) 14. 100 жасаған ақын? (Ж. Жабаев) 15. «Жауынгер тұлғасы» кімнің шығармасы ? (Б.Момышұлы) ІІ топ 16. Қазақтың тұңғыш этнограф ғалымы? (Ш.Уәлиханов) 17. Қазақтың қос шынары ? (Әлия, Мәншүк) 18. Ұлттық музыкалық шекті аспап? (домбыра) 19. Асар дегеніміз не? (көмек) 20. Қазақтың ұлы ақыны? (А.Құнанбаев) 21. «Менің атым Қожа» повесінің авторы (Б.Соқпақбаев) 22. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз? (Арал) 23. Үш жүздің басын қосқан хан? (Абылай хан) 24. Айлы кеште ойнайтын ұлттық ойын? (Ақ сүйек) 25. Қанша сөйлем мүшесі бар? (5) 26. Қобызда ойнаған күйші? (Қорқыт ата) 27. Абайдың шын аты? (Ибраһим) 28. Оқушы сөзінің синонимі? (шәкірт) 29. «Абай жолы» романының авторы? (М. Әуезов) 30. Үш бәйтерек? (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)

VI. Келесі сайысымыз – «Білгенге – маржан, білмеске - арзан» Сұрақтарға жауап беру. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлері. 

І топ 1. Сүйінші дегеніміз не?  Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ. 



2. Байғазы деген не?  Байғазы(дәстүр) балалардың ,жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый. Тәбәрік (дәстүр,ғұрып) біреу ойын, тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса,одан жанындағыларға үлес беруі керек. 3. Араша дегеніміз не?  Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар. 4. Шашу дегеніміз не?  Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады. ІІ топ 5. Көрімдік беру дегеніміз не?  Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы менкөрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады. 6. Тоқымқағар деген не?  Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі. 

7. Базарлық деген не?  Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші- көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады. 





8. Шілдехана дегеніміз не? Шілдехана (салт)-өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі. Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады. Сүйінші сұраушылар ұл туса-«атұстар», қыз туса- көйлек тігер» деп хабарлайды.
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!