Тіл – татулық пен достықтың
тірегі
Асыл
тілім!
Танып-білген
анамнан,
Орын бергем, жүрегімнен,
санамнан.
Тұғырлысың, біздер үшін
тірексің,
Қасиетің байтақ мынау
даламнан!
Ана тілім, құрметің зор
ұрпаққа,
Тағдыр жолы түстің талай
қыспаққа,
Бізді үнемі, кемелдікке
басташы,
Қазағымның туын төмен
ұстатпа!
Бабалардың аманаты
санаймын,
Теңеп келем атқан таңның
арайын.
Асыл тілім! Асылдығың деп
білем
Тілімдеумен жеңдің жаудың
талайын.
Киесі мен жүйесі бар зор
тілім,
Білсін әлем айбыныңның
молдығын!
Қыркүйекпен келіп жеткен
тойыңа -
Құрметпенен жыр-шашуым сол
бүгін!
Кенжебек
Бақдәулет
Қызылорда
облысы
Шиелі
ауданы
1 Май
ауылы
№40А.Қыраубаева атындағы
орта мектептің
7-сынып
оқушысы
Жетекшісі: Жусанбаева
Макбал Күзенбайқызы