Тақырыбы:
Тіл- ұлттың белгісі, халықтың
мұрасы
Мақсаты:Оқушылардың өз ана тіліне
деген құрмет сезімін аттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза,
шұбарламай сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған
бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін
құрметтеу.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар
мен оқушылар міне, біз бүгін «Қазақстан Республикасы тілдері күні»
мерекесіне арналған мектепішілік айлықтың ашылу кешіне жиналып
отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген
құрмет сезімін арттыру,тіл мәртебесін көтеру,таза сөйлеуге
үйрету,өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қазақ
тілінде. Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол –ұлтымыздың анасы»
дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған
бабаларымыздың өсиетін ұран ету,қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз
керек.
Бүгінгі өткелі
отырған «Тіл- ұлттың белгісі,
халықтың мұрасы» тақырыбындағы іс-шарамызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!
Ұлы тілдің құдіреттілігі мен
қасиеттілігін аңғарсақ, сол ұлы тілмен шешілген талай дау, талай
өткір сөздер, талай шешендердің шұрайлы ойлары таңдай
қақтырады.Енді осындай ұлы есімдер мен халық есінде қалған ұлы
сөздерге құлақ асайық.
(Үш бидің
сөзі)
Жүргізуші:Бүгінгі күні «Ел тағдыры-тіл тағдыры» деген
сөздің мәнін терең пайымдасақ мемлекетімізге тәңір сыйлаған
тәуелсіздігіміздің тірегі тіл екендігін жүрегімізбен сезіндік. Сол
еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы заңының» тарихына назар
аударайық.
Ортада 9-сынып
оқушылары
Жүргізуші:Тілім келді, дінім қайта
оралды,
Басқа төнген қара бұлттар
жоғалды.
Көк аспанда күндей болып
жарқырап,
Қазақ елі егеменді бола
алды.
Тілім менің-тірегім, дінім
менің,
Тілсіз қандай болады күнім
менің?!
Өз халқыңа жетеді өз
мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің, -дей келе
кезекті әнге берейік.
Ән: Жаса-жаса қазақ
тілі
Жүргізуші:Ұлы тілдің құдіреттілігі мен қасиеттілігін
аңғарсақ, сол ұлы тілмен шешілген талай өткір сөздер,
ақын-жазушыларымыздың шұрайлы ойлары таңдай
қақтырады.
Нақыл
сөздер
Жүргізуші:Домбырам
,жүрегіммен үндес
едің,
Сенімен сырласымдай
тілдесемін.
Бабамнан
қалған
мұра сен
болмасаң,
Өнердің не
екенін білмес
едім
Әбілкасым Бексұлудың
орындауында «Көңіл ашар »
күйі
Жүргізуші:
Жарық
көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ көңілмен тарта аларсың, сен
тілім.
Сүйемін туған тілді-анам
тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген
білім.
Шыр етіп жерге түскен
минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс
үнін.
3 «Ә» сыныбын өлең
жолдарымен ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Ана тілі - адам болып
жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене
беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең
сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық
толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын
қазына.
Келесі кезекті тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні болған тіл туралы мақал-мәтелдерге
береміз
5-сынып оқушылары
Жүргізушы:Халықтың тарихта қалуы
тіліне байланысты.Тіл халықтың жаны, сәні.Адамды мұратқа жеткізетін
ана тілі мен ата дәстүрі.Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге
бағынған.
Көрініс:
«Тілдің құдіреті туралы
аңыз»
Жүргізушы:Тілім менің сарқылмас
қазынамсың,
Бір сенімен болыстың назы
басым.
Бұл күнде тарихым сөйлейді өзің
болып,
Жыр-ғұмыр боп бүгінде жазыласың,- дей келе
кезекті мың бұралған қыздарымыздың биіне
береміз.
«Нұр
шашу»биі
Жүргізуші:Ана тілім, дана тілім
бақытым,
Қазақ тілін білу менің
парызым.
Тілім менің ұмытылмас
тірлігім,
Кім біледі тіліміздің
тағдырын
Ән: «Қазақтай ел
қайда?»
Бүгінгі кешіміздің соңын ақын
Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен
аяқтаймын
Тілің –халқың, халқың-тілің,қос
егіз!
Екеуінің саясында
өсеміз,
Халық пен тіл-жасай берер қос
емен,
Саясында көгереді
көсегең
Сіз бен бізде бұл дүниеден
көшеміз.
Жасай бермек, жасайды сол қос
–егіз!
Сөз кезегін мектебіміздің директоры
Байгонусова Фарида Алпысбайқызына
береміз.