Материалдар / «Тіл білгірі» интеллектуалды сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тіл білгірі» интеллектуалды сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тіл білгірі» интеллектуалды сайысы Мақсаты: Оқушылар бойына ана тілге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш қасиеттерін сіңіру, сөздік қор, сөз шеберлігін дамыту. Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2022
1836
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тіл білгірі» интеллектуалды сайысы

Мақсаты: Оқушылар бойына ана тілге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш қасиеттерін сіңіру, сөздік қор, сөз шеберлігін дамыту. Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тіл туралы қанатты сөздер тақтада ілінеді.

Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Баршаңызды 22 қыркүйек – Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, бүгінгі «Тіл білгірі» атты интеллектуальды сайысымызға қош келдіңіздер дейміз! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайысы қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Бүгінгі сайыс Оқушылар бойына ана тілге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш қасиеттерін сіңіру, сөздік қор, сөз шеберлігін дамыту мақсатында өтеді. Сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар!



1-топ «Ахмет Байтұрсынұлы» тобы



2-топ «Ыбырай Алтынсарин » тобы





Сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық! Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Икишева Әсел Аманкелдіқызы



Бүгінгі сайыс 5 кезеңнен тұрады:



І. Таныстыру



ІІ. Жүйрік болсаң шауып көр



ІІІ. Мықты болсаң, тауып көр



ІҮ.Ойлы болсаң,озып көр



Ү. Тапқыр болсаң талас жоқ



Алғашқы кезең «Таныстыру» Сайыскерлер өздерін таныстырады. Таныстыру формасы ерікті, топтың аты мен ұраны айтылады. 5 ұпаймен бағаланады.



ІІ кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»



1-топ «Ахмет Байтұрсынұлы» тобы

Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1997 жыл, 11 шілде)

Хабарлы сөйлем дегеніміз не?(бірдененің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем)

Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)

Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар? (сапалық, қатыстық)

Сөзге жаңа мағына беретін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

2-топ «Ыбырай Алтынсарин » тобы

«Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы

Дөрекі сөздерді тіл білімінде қалай атайды? (дисфемизм)

Күрделі сөздің қай түрі дефис арқылы жазылады? (қос сөз)

Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)

Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия)

ІІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр».

Мықты болсаң - алдағыны басып оз.

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп ІІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр».



1-топ «Ахмет Байтұрсынұлы» тобы



Алыстан қарасам аппақ, Татып қарасам тәтті-ақ. (ҚАНТ)

Анық сөзінің синонимі (НАҚ)

Уәде сөзінің синонимі (АНТ)

Ер қанаты (АТ)

Түс атауы (АҚ)



2-топ «Ыбырай Алтынсарин » тобы



Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп боп оралады. (АЛМА)

Сұрау есімдігі? (НЕ?)

14 наурыз – Көрісу мерекесінің екінші атауы (АМАЛ)

Түбір етістік (АЛ)



ІҮ кезең. Олай болса, келесі кезеңіміз киелі сандар жұмбағы сайысы «Ойлы болсаң, озып көр».



Үш биді ата (Төле, Әйтеке, Қазыбек)

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл



Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім



Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз



Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн

Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш

Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма



Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала

Жеті ғашық:

1. Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5. Уәлик – Ғарра. 6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.



Ү кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ»



1-топ «Ахмет Байтұрсынұлы» тобы



Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:



Балам, мынаны сындырып көрші.

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:

Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.

Сонда. Төле бала:

Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісі осы, — депті.



2-топ «Ыбырай Алтынсарин » тобы



ЖЕРДЕН АУЫР НЕ?



Балаби қартайған шағында халқын жиып:



Жерден ауыр не?



Судан терең не?



Оттан ыстық не?



Көктен биік не? — деп, төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:



Жерден ауыр дегенім — ақыл, білім.



Судан терең дегенім — оқу, ғылым.



Оттан ыстық дегенім — фани жалған, адамның өмірі.



Көктен биік дегенім — тәкәппардың көңілі.





Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

































24.09.2021 күні 9-сыныптап арасында «Тіл білгірі» интеллектуалды сайыс өтті.

Сайыс мақсаты: Оқушылар бойына ана тілге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш қасиеттерін сіңіру, сөздік қор, сөз шеберлігін дамыту. Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Барлық 9-сынып оқушылары белсенділік танытып, бір-бір көшбасшы екенің дәлелдеді. Сайыс соңында «Ахмет Байтұрсынұлы» тобы тобы 2 ұпай алда болып 1 орынға ие болды. Іс-шараны өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі : Мақпал Бөлтірікқызы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!