Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тіл дамыту саласы бойынша ҰОӘ конспектілері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
II –ші кіші «Көгершін» тобына арналған перспективтік жоспар.
Білім беру саласы: Таным. ҚМТҚ
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Өткізілген күні |
1-жарты жылдық |
|||
Апта тақырыбы: «Менің балабақшам» |
|||
1. |
Тақырыбы: Таңертен. Үлкен- кіші. Бір –көп. Мақсаты:Таңертен (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру. Тілдерін дамыту . |
1 |
04.09.17 |
Апта тақырыбы: «Менің достарым» |
|||
2. |
Тақырыбы: Күндіз .Шеңбер.Бір- көп. Мақсаты:күндіз – тәулік бөлігімен таныстыру. Шеңбер туралы түсініктерін қалыптастыру,заттарды салыстыра білуге үйрету. |
1 |
11.09.17 |
Апта тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтарым » |
|||
3. |
Тақырыбы: Кеш. Үлкен - кіші.Бір- көп. Мақсаты: кеш – тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру;тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру. |
1 |
18.09.17 |
Апта тақырыбы: «Жиһаз» |
|||
4. |
Тақырыбы: Түн. Бір- көп. Шеңбер. Мақсаты:тәулік бөлігі- түнмен таныстыру;өлең мәтінінде тәуліктің қай мезгілі айтылғанын ажырата білуге үйрету. |
1 |
25.09.17 |
Апта тақырыбы: «Үлкендердің еңбегі» |
|||
5. |
Тақырыбы: Сол жақта-оң жақта.заттарды сәйкестендірі.Дөңгелек Мақсаты:сол жақта –оң жақта кеңістік түсініктерін қалыптастыру,өзінен тікелей бағыттағы кеңістікті ажырата білуге үйрету. |
1 |
02.10.17 |
Апта тақырыбы: «Табиғат әлемі» |
|||
6. |
Тақырыбы: Таңертен, күндіз, кеш, түн. Сол жақта-оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру. Мақсаты:Таңертең тәулік бөлігімен таңыстыру,осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс затттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету;қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. |
1 |
09.10.17 |
Апта тақырыбы: «Нан қайдан келеді» |
|||
7. |
Тақырыбы: Шаршы.Ұзын – қысқаСол жақта-оң жақта. Мақсаты: геометриялық фигураларды атау және тану,шаршы туралы ұғымдарын қалыптастыру. |
1 |
16.10.17 |
Апта тақырыбы: «Күз байлығы» |
|||
8. |
Тақырыбы: Алыс –жақын.Шаршы. Мақсаты:суреттегі және өзіне тікелей байланысты орналасқан кеңістіктегі заттар туралы ұғым қалыптастыру,атап көрсету және ажырату(алыс –жақын). |
1 |
23.10.17 |
Апта тақырыбы: «Көлік» |
|||
9. |
Тақырыбы: Жоғарыда – төменде.Алыс – жақын.Логикалық тапсырмақ Мақсаты:заттардың суреттегі және өзіне тікелей байланысты кеңістікте орналасу бағытын ажыратып,атап көрсету қабілетін дамыту(жоғарыда – төменде). |
1 |
30.10.17 |
|
Апта тақырыбы: «Мен және қоршаған орта» |
||
10. |
Тақырыбы:Үшбұрыш. Бір– көп. Логикалық тапсырма. Мақсаты:жаңа геометриялық фигура–үшбұрыш ұғымын қалыптастыру;геометриялық фигураларды тану және оларды атау. |
1 |
06.11.17 |
Апта тақырыбы: «Өлі және тірі табиғат» |
|||
11. |
Тақырыбы: Биік –аласа.Сол жақта-оң жақта. Мақсаты: Суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету(биік-аласа). |
1 |
13.11.17 |
Апта тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» |
|||
12. |
Тақырыбы:Ұзын-қысқа.Бір – бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру амалдары. Мақсаты:көлемі мен ұзындығы жағынан бір-біріне қарама –қарсы екі затты салыстыру:үлкен –кіші,ұзын-қысқа;сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы балалардың зейінін дамытуды жалғастыру. |
1 |
20.11.17 |
Апта тақырыбы: «Көлік» |
|||
13. |
Тақырыбы: Биік – аласа. Бір –көп. Мақсаты:суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасу бағытынажырату мен атап көрсету(биік-аласа). |
1 |
27.11.17 |
Апта тақырыбы: «Қош келдің қыс» |
|||
14. |
Тақырыбы:Алдында артында Мақсаты: Суретте және өзіне тікелей кеңестікте орналасқан заттардың бағытын ажырату (алдында- артында) түсініктерін қалыптастыру. |
1 |
04.12.17 |
Апта тақырыбы: «Менің туған жерім» |
|||
15. |
Тақырыбы:Әртүрлі заттар тобын салыстыру және тенеу. Мақсаты: заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру. |
1 |
11.12.17 |
Апта тақырыбы: «Қош келдің Жаңа жыл!» |
|||
16. |
Тақырыбы: Алыс –жақын.Биік –аласа.Сол жақта-оң жақта. Мақсаты: балаларда кеңістік бағыты болатыны туралы түсінік қалыптастыру. |
1 |
25.12.17 |
Апта тақырыбы: «Аңдар қалай қыстайды» |
|||
17. |
Тақырып: Үлкен –кіші,биік – аласа, ұзын –қысқа. Мақсаты: әртүрлі заттар тобын көлеміне карай таныстыру. |
1 |
08.01.18 |
Апта тақырыбы: «Құстар біздің достарымыз» |
|||
18. |
Тақырыбы: Таңертен. Үлкен- кіші Мақсаты: Үлкендердің және балалардың әрекетінің мазмұнына қарай балаларды тәулік бөліктеріне үйрету. |
1 |
15.01.18 |
Апта тақырыбы: «Қар не үшін керек?» |
|||
19. |
Тақырыбы:Күндіз дөңгелек Мақсаты:Үлкендердің және балалардың әрекетінің мазмұнына қарай балаларды тәулік бөліктерін ажыратуды үйрету. Геометриялық пішіндерді /дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш/ атап ажырату дағдыларын бекіту. |
1 |
22.01.18 |
Апта тақырыбы: «Сиқырлы қыс» |
|||
20. |
Тақырыбы: Сиқырлы сандық Мақсаты: Балаларды жаңа геометриялық пішін шаршымен таныстыру.Заттардың түрі көлемін ажырата алуын бекіту. |
1 |
29.01.18 |
Апта тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі» |
||||
21. |
Тақырыбы: Ғажайып білім әлемі Мақсаты: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, дамыту. |
1 |
09.02.18 |
|
Апта тақырыбы: «Техника және біз» |
||||
22. |
Тақырыбы: Ормандағы алаңда Мақсаты:Балаларға заттар «бір» және «көп» болатын, олардың кеңістікте әр түрлі орналасатын жайлы түсінік беру. |
1 |
12.02.18 |
|
Апта тақырыбы: «Жабайы жануарлар» |
||||
23. |
Тақырыбы: Алдын- артында Мақсаты: Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан заттардың бағытын ажырату (алдында-артында) түсініктерін қалыптастыру. |
1 |
19.02.18 |
|
Апта тақырыбы: «Мұхиттар мен теңіздер әлемі» |
||||
24. |
Тақырыбы: Шаршы, шеңбер, үшбұрыш Мақсаты: Балаларда геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру. |
1 |
26.02.18 |
|
Апта тақырыбы: Нұр төккен, гүл көктем |
||||
25. |
Тақырыбы: Қонаққа қуыршақтар келді Мақсаты: Балаларды көп,аз, тең, сонша қанша дегшен сөйлемдерді қолданып бір қатарда тұрған екі топты заттардың тең және тең еместігін анықтауына үйретуін жалғастыру.Заттарды оң қолмен сол жақтан оңға қарай қойып әртүрлі заттардан топтап құрау. |
1 |
05.03.18 |
|
Апта тақырыбы: Өнер көзі халықта |
||||
26. |
Тақырыбы:Ойыншықтар дүкені Мақсаты: Балаларға шарша орындық дөңгелек доп,үшбұрыш пирамида қоршаған өміріндегі осы заттарды салыстырып, осы геометриялық пішіндерге сәйкес заттарды өзін қоршаған әлемде таба білуін үйрету. |
1 |
12.03.18 |
|
Апта тақырыбы: Қазақ халқының салт- дәстүрлері |
||||
27. |
Тақырыбы: Өзен бетінде саяхат Мақсаты: Балаларды қосу және алу әдісін қолданып биік аласа биіктігі тең сөздер нәтижесін белгілеп екі заттың биіктігін салыстыруға үйретуін жалғастыру. |
1 |
19.03.18 |
|
Апта тақырыбы: Ертегілер әлемінде. Театр әлемі |
||||
28. |
Тақырыбы: Орманға саяхат Мақсаты: Балаларды қосу және алу әдісін қолданып биік аласа биіктігі тең сөздер нәтижесін белгілеп екі заттың биіктігін салыстыруға үйрету. |
1 |
30.03.18 |
|
Апта тақырыбы: Ас атасы нан |
||||
29. |
Тақырыбы: Үйшік ертегісіне саяхат Мақсаты: Балаларды көп-аз ұғымымен таныстыру.Балаларды геометриялық пішіндерді ажырату,атап айтуға үйрету.Ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру,оларды айыра білуге үйрету |
1 |
02.04.18 |
|
Апта тақырыбы: «Жәндіктер қос мекенділер» |
||||
30. |
Тақырыбы: Бір, көп Мақсаты: суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету (Бір көп) |
1 |
09.04.18 |
|
Апта тақырыбы: Еңбек бәрің жеңбек |
||||
31. |
Тақырыбы: Жоғары, төмен Мақсаты: Заттардың суреттегі және өзіне тікелей байланысты кеңістікте орналасу бағытың ажыратып,атап көрсету қабілетін дамыту. (жоғарыда-төменде) |
1 |
16.04.18 |
|
Апта тақырыбы: Аялайық гүлдерді |
||||
32. |
Тақырыбы: Шаршы, шеңбер Мақсаты: Балаларда геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру. |
1 |
23.04.18 |
|
Апта тақырыбы: Достық біздің терегіміз |
||||
33. |
Тақырыбы:Орманға саяхат Мақсаты: Балаларды қосу және алу әдісін қолданып биік аласа биіктігі тең сөздер нәтижесін белгілеп екі заттың биіктігін салыстыруға үйрету. |
1 |
28(30)04.18 |
|
Апта тақырыбы: Мен жасай аламын |
||||
34. |
Тақырыбы: Құс асханасы Мақсаты: Балаларды ұзынырақ,қысқаша,тең деген сөздерді қолданып екі затты қатар қойып салыстыруға үйретуін жалғастыру. «Бір» және «көп» деген түсінікті бекіту. |
1 |
14.05.18 |
|
Апта тақырыбы: Көңілді жаз |
||||
35. |
Тақырыбы: Жайлауда Мақсаты: Ойын жаттығулары: «Көбелекпен гүлдер» - қоршаған маңайда біреу немесе көп ұқсас заттарды таба білуге үйретуін дамыту; «Көпірден өтейік» - екі затты көлеміне қарап салыстыру; «Ботаның киіз үйді тауып алуына көмектес» - орынын таба білу; «Ботаның жақсы көретін ойыншығы» - геометриялық пішіндерді атап және танып білуін жаңдандыру; «Ол қашан болады» - тәулік бөлігі. |
1 |
21.05.18 |
|
Апта тақырыбы: «Қош келдің жаз» |
||||
36. |
Тақырыбы: Мақсаты: |
1 |
|
|
|
Барлығы |
|
36 |
|
Ұйымдастырылған оқу іс – қызыметінің технологиялық картасы
(2-ші кіші тобы)
Білім саласы: « Таным» ҚМҰҚ Күні: 25.09.17
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Тақырыбы: «Түн. Бір және көп .Шеңбер»
Мақсаты: Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру, осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, таныс заттарды көлеміне қарай , ( үлкен, кіші) санына қарай ( бір және көп) салыстыруды үйрету, қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдмадылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: Ұлттық киімдегі қуыршақ, түн бейнеленген сурет.
Сөздік жұмыс: Түн, шеңбер.
Билингвальді компонент: түн - ночь,шеңбер – круг.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Ғажайып сәт: Есікті тоқылдатқан дыбыс естілді. Бізге біреу қонаққа келген сияқты. Есікті ашып, ұлттық киімдегі қуыршақты алып кіреді. Қуыршақ амандасып, балалармен танысады. Қуыршақ Айман өткен оқу іс әрекетінде тәуліктің қай мезгілімен танысқандарын сұрайды. Сендер тағы қандай тәулік мезгілін білесіңдер? «Бұл қай кезде болады?» ойыны. Айман балаларға сұрақ қояды.
|
Қызығушылық танытады. Қуыршақ Айманмен амандасып, танысады. Балалар жауап береді: Таңертең және күндіз. Түнде. Жұлдыздар, Ай, гүл, төсекте ұйықтап жатқан бала. Ұйықтап жатыр. Түнде. |
Ұйымдастырушылық ізденушілік |
«Бір және көп» ойыны. Қуыршақ Айман балаларға суретті көрсетіп, ішінен бір –бірден тұрған суретті тауып алуларын сұрайды. Серіту сәті: Добым, добым, домалақ, Қайда кеттің домалап? Сүт құйып ем күшікке, Төгіп кеттің, обал-ақ. «Қандай домалақ заттарды білесің?»ойыны. Балалардан шеберге (дөңгелек) ұқсас заттарды естеріне түсіріп, атап берулерін өтінеді.
|
Қызығушылық танытады. Ынтамен орындайды. Мәтінге сәйкес қимыл –қозғалыстар жасайды. Күн, дөңгелек, доп, қарбыз. Шеңберге. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Айман балалардың берген жауаптарына өте қатты риза болып, қуанып балаларға алғысын айтып , қоштасалы. Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? Қандай дөңелек заттарды білесіңдер? Бір бірден тұрған заттар мен көп заттарды атап беруді өтінеді. |
Қуанышты көңіл күйде Айманмен қоштасады. Таңертеңді, күндізді, түнді. Сұраққа жауап береді. Балалар заттарды атайды. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Түн – тәулік мезгілінің атауын.
Түсінеді: Таңертең, күндіз, кеш – тәулік мезгілдері екенін, түннің айырмашылығын.
Қолданады: Тәулік мезгілдерін, сондай ақ , қай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін ажырата және айта білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс – қызыметінің технологиялық картасы
(2-ші кіші тобы)
Білім саласы: « Таным» Күні: 9.10.17 ж
Бөлімі: ҚМҰҚ Тәрбиеші: Жәкіш.Г.А.
Тақырыбы: «Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта- оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру».
Мақсаты: Таңертең (таң) - тәулік бөліктерімен таныстыру. Сол және оң кеңістік бағыттарын үйрете отырып пайта отырып , сол бағытта іс- әрекеттер жүргізу. Балалармен жеке жұмыс жасау. Кеңістік бағыттары жайында әңгімелесу. Балалардың тәулік бөліктері және кеңістік бағыттар жайлы білімдерін дамыту.
Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: Жұмбақтар мен тәулік мезгілдері бейнеленген суретер салынған сандық. Әр балаға жұмыс дәптері, жай қарындаштар, бағдаршамға арналған жапсырмалар, дөңгелек шамдар (қызыл, сары, жасыл)
Сөздік жұмыс: Оң жақта, сол жақта.
Билингвальді компонент: сол жақта- слева ,оң жақта – справа.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Ғажайып сәт: Қоян балабақшаға келе жатып жолда пошташыны кездестіргенін айтады. Ол біздің топтың балаларыа сандық әкеліпті.
Сандықтың ішінде суреттер бар, бірақ оларды білімнің арқасында алуға болады екен. « Сөйлемді аяқта ойыны»
Педпгог балалардан мезгіл суреттерін көрсетіп, олар жайлы сұрайды. |
Қызығушылық танытады. Ия, ашайық. Қызығушылық танытып, балалар жақсы ат салысады. Балалар жетекшінің айтқанымен келіседі де ойынға кіріседі.
Қойылған сұрақтарға жауап береді. |
Ұйымдастырушылық ізденушілік |
«Айырмашылығын тап» ойыны. Педагог балалардан суретке мұқият қарауларын сұрайды. Балалар , бұл сандықтар бір – біріне өте ұқсас. Олардың айырмашылығын таба аласыңдар ма? Айырмашылықты тапқаннан кейін ортадағы тіктөртбұрышқа қанша айырмашылық тапса, сонша шеңбер салу керектігін түсіндіреді. Қане балалар қандай айырмашылық таптыңдар? Сергіту сәті: Оң қолымды көтерем, Оң қолымды түсірем, Сол қолымды көтерем. Сол қолымды түсірем. Оңға қараймын, Аяқты топ-топ басамын, Солғақараймын. Біразсергіпаламын. Билингвальді компонент: оң жақ- справа, сол жақ – слева. |
Балалар суретке мұқият қарайды. Сандықтардың бір- бірінен айырмашылығын табады. Балалар суретке мұқият қарап, оң жақтағы сандықтың құлыпы бар, сол жақтағы сандықтың құлыпы жоқ екенін айтады. Сол жақтағы сандықтың оюы бар екенін, ал оң жақтағы сандықтың оюы жоқ екендігін айтады. Өлең жолдары бойынша қимыл – қозғалыстар жасап сергіп алады. Оң жақ – справа , сол жақ – слева. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Педагог: Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? Педагог балалардан алдымен оң жақтағы көршісін, сосын барып сол жақтағы көршілерін атын атуларын сұрайды. Мақтау мен мадақтау жүргізеді. |
Сұраққа жауап береді. Таңертең, күндіз, кеш, түн. Балалар бастарын алдымен оңға, сосын солға бұрып көршілерін атайды. Қуанады , риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Таң, күндіз, кеш, түн- тәулік мезгілдерін.
Түсінеді: Кеңістікте сол жақ және оң жақ ты бағдарлауды.
Қолданады: Қағаз бетіндегі айырмашылықты табуды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Күні: 16.10.17 ж
Білім саласы: «Таным» «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Шаршы. Ұзын – қысқа. Сол жақта – оң жақта»
Мақсаты: Таңертең (таң) - тәулік бөліктерімен таныстыру. Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету. Қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: Бір – бірден, үлкен және кішкентай тіктөртбұрыштар. Әр балаға жұмыс дәптерлері, қызыл және көк түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: Шаршы
Билингвальді компонент: Шаршы - квадрат
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Ғажайып сәт: Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып, олардан : « Бұл өкіріп жатқан не?» - деп сұрайды.
Аю: Балалар , сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ма? Мен сендерге шаршы ала келдім. Жұмыс дәптерлеріңді ашып, тура осындай фигуранын суретін табыңдар. |
Қызығушылық танытады. «Аю», - деп жауап береді. Педагогпен бірге ішінде ойыншық аюы бар қорапты іздеп , аюы бар қорапты тауып алады. Шеңбер Иә. Дәптерлерін ашып, шаршының суретін іздеп табады. |
Ұйымдастырушылық ізденушілік |
«Шарышыны бастырып сыз» ойыны. Жаңа геометриялық фигураны – шаршыны қарастыруларын сұрайды. Сөздік жұмыс: Шаршы Билингвальды компонент: Шаршы – квадрат Педагог балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктқртбұрыш) қызыл қарындашпен, ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айтады. Сұрақтар: Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар? Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар? Сендер бастырып сызған геометриялық фигура қалай аталады? Сергіту сәті: « Маймақ аю» Маймақ аю сияқт ақырын маймандаймыз, содан кейін өкшелеп жүреміз. Аяғымыздың ұшымен жүреміз, одан кейін жылдам жүріске ауысып, аяғында жүгіреміз. |
Жаңа геометриялық фигура – шаршыны қарастырады. Қайталайды: шаршы Қайталайды : шаршы – квадрат Балалар берілген тапсырманы үлкен шаршыны қызыл түспен, кіші шаршыны көк түспен бояп тапсырманы орындайды. Балалар жауап береді: Үлкен Кішкентай Шаршы. Сергіту сәттерінің қимылды сөздері бойынша жүру іс- қимылдарын жасап жүреді. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Аю қораптың ішінен шығуға көмектескендері үшін, балаларға геометриялық фигура – шаршыны сыйға тартады. Педагог: Балалар аю сендерге қандай геометриялық фигураны сыйлыққа берді? |
Балалар аюдың берген сыйлығына қуанып, риза болады. Аю бізге шаршыны сыйлыққа берді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Геометриялық фигураны - шаршыны
Түсінеді: Геометриялық фигураның – тіктөртбұрыштың айырмашылығын.
Қолданады: Қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды, оң жақты, сол жақта орналасқанды анықтауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Күні: 30.10.17 ж
Білім саласы: «Таным» «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Жоғары-төменде. Алыс-жақын»
Мақсаты: Заттардың суреттегі және өзіне тікелей байланысты кеңістікте орналасу бағытың ажыратып,атап көрсету қабілетін дамыту. (жоғарыда-төменде)Заттардың суреттегі және кеңістіктегі бағыттарын ажырата атай білулерін дамытуды жалғастыру: жоғарыда-төменде,алыста-жақында.Қоршаған ортадабасқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуды жалғастыру.Қызығушылығына тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: «Сиқырлы дорба».
Билингвалдық компонент:Жоғарыды-верху,төленде-внизу.
Сөздік жұмыс:жоғарыды,төменде.
Қызымет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт: «Сиқырлы дорба ойыны»-Менің дорбама ойыншықтар тығылып қалды.Қолдарынды дорбаның ішіне салап ,қандай ойыншық тығылып қалғаның айтындар. Педагог қалған балаларға қалған ойыншықтарды үлестіріп береді. -Балалар ойыншықтармен ойнағыларын келеме? |
Екі үш бала дорбаға қолдарын салып ойыншықтарды атайды. Ойнағымыз келеді. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
«Жоғарыда-төменде» ойыны. -Педагог балаларға саты туралы жұмбақ жасырады. Әр өрнегін мінемін, Өрге қарсы жүремін. Басқа сайын қадамды, Ұстап келем білегін. (Саты) -Сатының жоғарға жағында кім тұр? -Сатының төменгң жағында кім тұр? Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеу керек? -Сонда ол қай жерде болады? -Бала сатының төменгі жағында тұру үшін не істеу керек? -Сонда ол қай жерде болады? Сөздік жұмыс:жоғарыда,төменде. Билингвалдық компонент:Жоғарыды-верху,төленде-внизу. Сергіту сәті:Саусаққа арналған жаттығу. -Педагогтың қалауы бойынша орындалады. «Шаршыны тап және қорша» -Балалар маған мына суреттегі заттарды атап беріндерші? Педагог балаларға суретттен шаршыға ұқсайтың затттарды тауып,атап көрсетуді сұрайды. Жеке жұмыс жүргізеді. |
Жұмбақтың жауабын шешеді:Саты. Ұл бала. Қыз бала. Жоғары көтерілуі керек. Жоғарыда болады. Төмен түсуі керек. Төменде болады. Қайталайды. Қайталайды. Тәрбиешімен бірге орындайды. Балалар суреттегі затттардың атын атайды:үй,күн,алма, шырша,шар,теледидар,текше ұшбұрыш. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
«Ұшты,ұшты» ойыны. -Педагог балалардан ұшатын және ұшпайтың заттардың (ұшақ,шар) атың атауды сұрайды. |
Балалар ұшатын зат айтылса қолдарын жоғары көтереді. Ал ұшпайтың заттың аты аталғанда қолдарын көтермейді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: кеңістіктегі бағыттарды бір-бірінен ажырата білуді және атап көрсетуді:алыс-жақын,жоғары-төмен.
Түсінеді :заттардың кеңістікте орналасу бағдарын:жақын-алыс.
Қолданады:заттардың геометриялық фигуралармен салыстыру дағдысын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Күні: 06.11.17
Білім саласы: «Таным» «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Үшбұрыш. Бір-көп»
Мақсаты: Жаңа геометриялық фигура-үшбұрыш ұғымын қалыптастыру; Геометриялық фигураларды тану және оларды атау.Таныс заттарды көлеміне (үлкен-кішкентай) және санына қарай (бір-көп)салыстыра білуді қалыптастыру; жаңа геометриялық фигура-үшбұрышпен таныстыру; шеңбердің көлемі әртүрлі болатының (үлкен-кішкентай)түсіндіру; үшбұрышты заттарды табуға үйрету.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: қуыршақ әже, үлкен және кішкентай үшбұрыштар бейнеленген сурет.
Билингвалдық компонент: үшбұрыш-треугольник.
Сөздік жұмыс: ұшбұрыш.
Қызымет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт: Есіктен қолында қуыршақ әже бар тәрбиші кіреді. Ол балалармен амандасып,өзімен бірге екі тәрелке кәмпитттер ала келгенің айтады. «Әжеме көмектес» ойыны: -Балаларға екі бос тәрелкені көрсетеді де, олардың оған көмектесуін өтінеді. -Бір баланы шақырып кішкентай тәрелкеге бір кәмпит салуын, содан соң келесі баланы шақырып үлкен тәрелкеге көп кәмпит салуын сұрайды. |
Қызығушылық танытады әжемен амандасады. Әженің қасына келіп,тапсырманы орындайды. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
«Үшбұрышпен танысамыз ойыны» Балаларға суреттерден түрлі-түсті үшбұрыштарды көрсетеді олар туралы әңгіме жүргізеді. Билингвалдық компонент: үшбұрыш-треугольник. Сөздік жұмыс: үшбұрыш. Сергіту сәті. «Заттар қандай фигураларға ұқсайды» ойыны: -Педагог балалардан суреттегі заттармен танысып, олардың атауын атап беруді сұрайды: -Заттар қандай геометриялық фигураларға ұқсайды? Жекелеген жұмыс жүргізіледі. |
Балалар суреттерге қарайды үшбұрыштарды атайды, олардың түстерін тәрбиешімен бірге айтады. Бір дегенде тік тұрамыз. Екі дегенде екі рет айналамыз. Үш дегенде үш рет секіреміз. Төрт дегенде отырамыз! Балалар бойларын тік ұстап тұрады екі рет айналады,үш рет секіреді,отырады. Суретке қарап заттарды атайды:үй, қайық, шырша. Үшбұрышқа ұқсайды. Балалар затттар үшбұрышқа ұқсайтындарын айтады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Әже балаларға тәрелкелерге кәмпитттерді дұрыс салғандары үшін рахмет айтып сол үшін кәмпит сыйлайды. |
Әженің сыйлығына балалар қуанады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: геометриялық фигураларды –шеңбер,үшбұрышты;
Түсінеді :заттарды көлемі (үлкен-кіші) және саны (көп-аз) бойынша салыстыруды.
Қолданады: қоршаған ортадан үшбұрышты, нысандағы заттарды табуды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Күні: 20.11.17
Білім саласы: «Таным» «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: Ұзын- қысқа. Бір – бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру амалдары.
Мақсаты: көлемі мен ұзындығы жағынан бір-біріне қарама- қарсы екі затты салыстыру:үлкен-кіші,ұзын-қысқа.
Міндеттері: ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-қарсы заттарды салыстыруға үйрету:ұзын-қысқа;геометриялық фигуралармен таныстыруды жалғастыру:шеңбер ,үшбұрыш.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Дымбілмес деген қуыршақ,ішіне екі 20 см ақ жолақтар салынған қорапша.
Билингвалдық компонент:ұзын-длиннный,қысқа-короткий.
Сөздік жұмыс:ұзын,қысқа.
Қызымет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт:Есіктен Дымбілмес кіріп,балалармен амандасады. Дымбілмес өзімен бірге қорапқа салынған жолақшаларды алып келеді. -Ол тәрбиешіден заттардың ұзындығын салыстыруды үйретуді сұрайды. - Дымбілмеске оқу іс-әрекетіне қатысуын ұсыну. Балалармен Дымбілмеске екі жолақты көрсету біреуі ұзын жасыл, ал екіншісі қысқа ақ. -Балалар бүгін Дымбілмеспен бірге заттарды ұзындығына қарай салыстыруды үйренеміз. |
Қызығушылық танытады. Дымбілмеспен амандасады. Балалар мұқият тыңдап,оның қимылын байқап отырады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
«Ұзын-қысқа» ойыны. -Мен жасыл жолақтың үстіне ақ жолақты қоямын қайсысы ұзын? Ендеше жасыл жолақ ақ жолаққа қарағанда ұзын деуге болады. «Атты дұрыстап қой» ойыны. Үлестірмелі материалдар: қызыл, көк жолақшалар және ойыншық аттар. - Үлестірмелі материалдар салынған тәрелкеден қызыл және көк түсті жолақшаны алуды сұрау. Қызыл жолақша қысқа, ал көк ұзын. Жолақшалардың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенің анықтандар. -Қай түсті жолақша ұзын, қайсысы қысқа? Үстіне қысқа жолақшаны, астына ұзын жолақшаны қой. Сосын қысқа жолаққа бір атты, ал ұзынға көп атты қойындар Бір ат тұрған жолақ ұзын ба,әлде қысқа ма? Көп ат тұрған жолақ ұзын ба,әлде қысқа ма? -Бір ат қандай түсті жолақта тұр? -Көп ат қандай түсті жолақта тұр? Билингвалдық компонент:ұзын-длиннный,қысқа-короткий. Сөздік жұмыс:ұзын,қысқа. Сергіту сәті: Саусақтармен жаттығу. Жеке жұмыс жүргізіледі. |
Балалар жолақтарды қалай салыстырғаның бақылайды. Қызыл және көк жолақшалардан алады. Қызыл және көк жолақшаларды қатарластырып қойып салыстырады. Көк жолақ ұзын,қызыл жолақ қысқа. Көк. Қызыл. Тапсырманы орындайды. Қысқа. Ұзын. Қызыл. Көк. Қысқа жолаққа бір атты,ұзын жолаққа көп атты қояды. Қайталайды. Қайталайды. Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жатттығу жасайды. Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық екеуміз, Атам ,әжем, әкем, Шешем және мен. Алақай біз бесеуміз. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Дымбілмес ұзын жолақты, қысқа жолақтан ажырата білуді үйреткендеріне балаларға рахметін айтып қоштасады. |
Балалар Дымбілмеспен қоштасады,өздеріде ұзын қысқа ұғымдарын үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: затттардың көлемін (ұзын-қысқа).
Түсінеді :көлемі бойынша қарама-қарама затттарды қалай салыстыруға болатының
Қолданады: затттырды бір-бірінің үстіне салу және жаңастыру тәсілдерін.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Күні: 04.12.17
Білім саласы: «Таным» «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Алдында-артында»
Мақсаты:Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан заттардың бағытын ажырату ( алдында-артында) түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату және атау (алдында-артында) дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды жалғастыру.Педагогтың айтқаның тындауға үйрету.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:
Билингвалдық компонент:алдында-впереди,артында-позади.
Сөздік жұмыс: алдында,артында.
Қызымет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт: «Ұшады-ұшпайды» Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Балалардан ұшатын заттарды, жәндіктер мен құстарды атап берулерін сұрау. Тәрелкедегі ұш алатын заттарды таңдап алындар. Олардың жоғарыда немесе төменде ұша алатындығын айту. |
Қызығушылық танытады. Балалар атайды:ұшақ, тік ұшақ,құс,көбелек,қоңыздар. Ұша алатын заттарды таңдап алады. Тәрбиші «жоғары» дегенде оларды жоғары көтереді. «Төмен» дегенде төмен түсіреді. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
«Алдында-Артында» ойыны. Тәрбиеші балалардың назарын келе жатқан машинаның суретіне аударады. -Машинада не келе жатыр? - Машинаның алдында не келе жатыр? - Машинаның артында не келе жатыр? Билингвалдық компонент:алдында-впереди,артында-позади. Сөздік жұмыс:алдында, артында. Сергіту сәті. «Бес саусақ» Саусақтарымызды жаттықтырамыз. Бас бармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкентай бөбек. «Шарларды аяқтап сал» ойыны. Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Бала біткен мәз-мейрам! Ертеңгілік тойланар, Көңілге шат әкелер, Түрлі түсті көп ...(шарлар) Педагог суреттен шарларды табуды сұрайды. -Біз шарға ұшып кетпес үшін, желі шығып кетпес үшін не байлаймыз? -Кім шар ұстап тұр? -Оның шарлары қандай? -Ал ұлдың қолында шар бар ма? -Баланың қолында не бар? Баланыі қолына қыздың қолындағыдай шарлардың суретін салындар. -Балаға қандай шардың суретін салып бердіңдер? |
Балалар суретті қарастырады -Қасқыр -Аю -Қоян Қайталайды: алдында-впереди,артында-позади Қайталайды: алдында,артында. -Балалар үлкен саусақтарынан бастап кезекпен иіп, жаттықтырады. Жұмбақтың жауабын айтады: Шарлар. Сұрақтарға жауап береді. -Жіп. -Қыз. -Үлкен қызыл және кішкентай көк. -Шарды байлайтын жіп бар. Баланы қолына қыздікі сияқты шардың суретін салады. -Үлкен қызыл және кішкентай көк. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
«Көршінді тап» ойыны. Тәбиеші балалардың бірінін артынан бірі тұрып поровоз жасауларын өтінеді.Әрқайсысына жақындап келіп,алдында тұрған баланың атын атауды,кейіннен әрқайсысының артында тұрған баланың атын атауды сұрайды. |
Балалар паровоз жасап тұрады. Алдында және артында тұрған баланың атын атайды. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Кеңістік бағыттарының атауларын (алды-арты).
Түсінеді :Заттардың орналасу бағытын;
Қолданады:Іс-қимыл кезіндегі заттардың орналасу бағытын(алдында-артында).
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Күні: 11.12.17
Білім саласы: «Таным» «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу»
Мақсаты: Әртүрлі заттарды санына, пішініне, түсіне қарай салыстырып, таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: әр балаға тапсырмалар, сурет-карточкалар, слайдпен жұмыс, әр түрлі пішіндер
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің оқу-қызметі |
Балалардың оқу-қызметі |
Мотивациялық козғаушы |
Жылулық сезім Амансың ба, шұғылалы Көк аспан! Амансың ба, мейірімді Жер ана! Амансың ба, менің достарым! Сендерді көрсем қуанам! |
Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қимыл қозғалыс арқылы қайталайды |
Ұйымдаструшылық кезеңі |
Ғажайып сәт: -Балалар бізге Дымбілмес қонаққа келіпті, неге келгенін сұрайық. Дымбілмес: -Сәлеметсіздер ме, балалар! -Балалар, мен мектепке барып едім онда апайлар маған сұрақ қойып, түстерді, пішіндерді, жыл мезгілдерін сұрады. Ал мен дым білген жоқпын. Апай маған Дымбілмес сен «Жауқазын» балалабқшасына барып түстерді, пішіндерді үйреніп кел, мен сосын сені мектепке қабылдаймын деді. Сосын мен осы «Жауқазын» балабақашсына келіп отырмын. -Достар, сендер маған көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: -Дымбілмес олай болса кел отыр біздің балаларымыздың тапсырмаларын мұқият тыңдап, көріп, біліп ал. Дымбілмес: -Иә жақсы Тәрбиеші: -Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше өтпек. -Бір жылда неше мезгіл бар? -Жыл мезгілдерін атаңдар? -Қазыр жылдың қай мезгілі? -Дұрыс айтасыңдар! -Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу» Балаларға тапсырмаларды түсіндіру. Балаларға тапсырмалар: I-тапсырма:«Әртүрлі пішіндер» II-тапсырма:«Жасанды балшықпен жұмыс» III-тапсырма:«Түрлі-түсті көбелектер» IV-тапсырма:«Өз орнын тап» V-тапсырма:«Түстер арқылы зерттеу» Дымбілмес: -Ойй рахмет сіздерге балалар, мен сендерден көп нәрселер үйрендім, пішіндерді, түстерді, жыл мезгілдерін үйреніп алдым. Енді осы білген, көргендерімді мектептегі апайыма айтып берейін. -Сау болыңдар балалар! Сергіту сәті. Слайдпен сергіту сәтін жасау. -Балалар, кім тақпақ айтқысы келеді? Балалардың тақпақтары: Дидактикалық ойын: «Ұшты-ұшты» ойыны. Ойын шарты: ұшатын заттарды айтағанда балалар қанаттарын жаяды, ұшпайтын заттарды атағанда балалар қанаттарын төмен түсіреді |
-Сәлеметсіз бе -Иә, көмектесеміз -Бір жылда төрт мезгіл бар. -Күз,қыс, көктем,жаз -Қазір жылдың көктем мезгілі Балалар түсініп қарайды. Балалар берілген тапсырманы орындайды. -Сау болыңыз, Дымбілмес! Балалар слайдқа қарап қимыл-қозғалыстар жасайды Айдана: Тәрбиеші біздің анамыз, Анамызды сыйлаймыз. Айтқан ақыл, білімін Ықыласпен тыңдаймыз. Інжу: Біз әдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Үлкендерге жол беріп, Біз ақылды боламыз. Балалар ойынды қызыға ойнайды |
Рефлексті коррекциялаушы |
Қорытындылау. -Балалар, бүгін бізге кім келді? -Дымбілмес ең алдымен қайда барды -Біз бүгін нелер үйрендік? |
-Дымбілмес келді -мектепке барды -пішіндерді, түстерді т.б. |
Күтілетін нәтижелер:
Ұғынады: заттарды бірінің үстіне бірін қою және жанастыру тәсілдері;
Түсінеді: түстерді қалай дұрыс теңестіруге болатынын;
Қолданады: дайын пішіндерді, түстерді, қыстырғыштарды дұрыс қолдана білу;
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в І младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения: 08.01.18
Тәрбиеші/Воспитатель: Тортаева Г.К
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Пән/Предмет: «ҚМҰҚ»
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: Аңдар қалай қыстайды
Тақырыбы/Тема:Үлкен- кіші, биік- аласа.
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік- воспитательная: Бір-бірінің үстіне қою арқылы салыстыру тәсілдерін үйрету.
2.Дамытушылық развивающая: әр топтағы заттарды санына (бір-көп), көлемі (үлкен-кіші), ұзындығына (ұзын-қысқа), биіктігі (биік-аласа) қарай салыстыруды
3.Оқыту- обучющая:
Педагогикалық технологиялар /пед.технологии:ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: биік шыршаның суреттері.
Билингвалдық компонент: үлкен-большой, кіші-маленький.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/Ход занятий:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент (2 мин)
Ғажайып сәт: «Бір қорап жолақтар бар аю» есіктен тықыр естіледі, есікті ашып, қолында қорабы бар ою ойыншықты көреді.Оны топқа әкеліп балаларға көрсету.
2. Негізі бөлімі/основная часть
-Балалар аюмен амандасып бізге не әкелгенің көрейік. Ол бізге сыйлық әкеліпті. Қорапты ашып көрейік.Ішінде жолақтар бар қорапты қояды. Аю қораптан екі жолақтан алып қайсысы ұзын, қайсысы қысқа салыстыруды сұрайды.
-Балалар аю сендер ге тапсырма әкеліпті бірге орындаймыз ба? Биік шыршаның астына үлкен аюды, аласа шыршының астына кішкентай аюды жапсырайық.
Сергіту сәті
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
«Бір-біріне қос» ойыны.
Үлкен және кішкентай бал салынған бөшкелердің суретттерін көрсету.
Үлкен бөшкені үлкен бөшкемен, ал кішкентай бөшкені кішкентай бөшкемен қосуларын ұсынады.
3. Қорытынды/итоговая часть(2 мин)
Аю балалар барлық тапсырманы дұрыс орындағаның айтып қоштасып шығып кетеді.
Балалар бүгін біз қандай салыстыру түрлерімен таныстық?
Биік шыранын астына қандай аюды орналастырдындар?
Аласа шыршанын астына?
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.01.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: Құстар біздің дотарымыз
Тақырыбы: Таңертен.Үлкен-кіші. Бір-көп.
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Тәулік бөлігімен таныстыру, осы сөздерді сөйлеу барысында қолдануға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Үлкендердің және балалардың әрекетінің мазмұнына қарай балаларды тәулік бөліктеріне қарай дамыту.
3.Оқыту: Таңертен(таң)-тәулік бөлігімен таныстыру. Заттарды кеңістікке әр түрлі орналасуы, «1» және «көп» ұғымдары туралы түсінік беру. Қоршаған ортада сан бойынша заттарды табуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тәулік бөліктерінің суреттері.
Билингвалдық компонент: таңертең- утор, үлкен –большой, кішкентай –маленький.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Ғажайып сәт:
Балалар , бүгін бізге қонақ кімнің келгенің білесіңдер ма? Ол бізге тәулік мезгілдері (бөліктері) туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.
Жұмбақ:
Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
(Кірпі)Балалар, жұмбақ не туралы?
2. Негізі бөлімі
Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кіріп шығып, балалармен амандасады. Кірпі балаларға бір жылда төрт мезгіл тәулікте болатының, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн, деп аталатынын айтады.
Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатындарын білгілерің келе ме?
Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды. « Дидактикалық ойын. «Үлкен және кішкентай» ойыны.
Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады.
-
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-
Кірпілер бірдей ме?
-
Олар қандай екен? Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғанын айтады: Үлкен кесе үлкен кірпіге, ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған.Үлкен кіріп қай кеседен сүт ішеді? Кішкентай кірпі қай кеседен ішеді?
Сергіту сәті:
Жаттығу жасаймыз,
Бір деп – тік тұрамыз.
Екі деп- екі рет айналамыз,
Үш деп – үш рет секіреміз,
Төрт дегенде отырамыз.
3. Қорытынды (2 мин)
Балалар жарайсындар.
Бір жылда қанша мезгіл болады?
Тәулік бөліктерін атап беріңдерші?
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 29.01.18
Тәрбиеші:Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: Сиқырлы қыс
Тақырыбы: Сол жақта- оң жақта. Заттарды сәйкестендіру.Дөңгелек.
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Шыдмадылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру, осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
3.Оқыту: Таныс заттарды көлеміне қарай,( үлкен, кіші) санына қарай ( бір және көп) салыстыруды үйрету,
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: дөңгелек пішімдер, қоян, аңдар.
билингвалдық компонент: қоян- заяц, қасық- лошка.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Ғажайып сәт:
Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
Сендер мұның не екенін білесіңдер ме? Перденің артынан қоян шығады. Балалармен амандасады.
Қоян балалардан өткен оқу қызметінде тәуліктің қай бөлігі туралы әңгімелегендерін еске түсіруді сұрайды.
2. Негізі бөлімі
« Не қайда тұр?» ойыны.
Жұмбақ жасырады.
«Қалқиған екі құлағы,
Тырс етсе зытып тұрады.
Өзі ноян...
Бұл қорқақ....» (Қоян)
Қоян өзін суреттен табуын сұрайды.
Қоян балаларға мынадай сұрақтар қойып, олармен әңгімелеседі.
-
Менің сол жағымда не отыр?
-
Менің оң жағымда қандай аң отыр?
Сергіту сәті: «Қоян»
Ыршып- ыршып секіріп,
Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жаураған,
Қолдары да жаураған.
Жылытпақ боп тырысты,
Жүгірді де қуысты.
Бір жоғары , бір төмен
Жүр аяқтың ұшымен.
Секіреміз, тұрамыз,
Аяқтарды жылытамыз.
3. Қорытынды (2 мин)
Қоян балалардың берген жауаптарына өте қатты риза болып, қуанып балаларға алғысын айтып , қоштасалы.
Біз қасықты қай қолымызбен ұстаймыз?
Енді сол қолдарыңды көтеріңдер.
Біздің топтағы дөңгелек пішінді заттарды атап беріңдерші?
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 12.02.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: КМТК
Өтпелі тақырып: Техника және біз
Тақырыбы: Ормандағы алаңда
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Жабайы аңдар туралы және оларды санауға кеңестікте бағдарлауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Әр түрлі заттар тобын көлеміне қарай таныстыруды дамыту.
3.Оқыту: Балаларға заттар «бір» және «көп» болатын, олардың кеңістікте әр түрлі орналасатырып үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:орман аңдарының суреттері
Билингвалдық компонент: аю - медведь
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
-Кәне, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
сендер жұмбақтын шешуін тауып
көріндер.
Жұмбақ
.
Тәтті көрсе, бас
салар,
Айнымайды
баладан. (аю)
ІІ. Негізі
бөлімі
1.Әңгіме
жүргізу.
-Балалар орманды мекендеп, өз бетімен
тіршілік ететін аңдарды жабайы аңдар деп атаймыз. Олар:
Қасқыр, аю, түлкі,
қоян.
-Кәне, бірге
қайталайықшы.
2.Суретпен жұмыс
Аюдың қонжықтарын
санайық.
Жабайы аңдар азықтарын орманнан тауып жейді.
Қыста қардың көп түсуіне байланысты аңдардың азық табуы қиынға
соғады.
-Балалар сендер жабайы аңдарды көрдіңдер
ме?
Қайдан
көрдіңдер?
- Ия, балалар жабайы аңдарды біз
теледидардан, хайуанаттар бағынан
көрдік.
-Хайуанаттар бағында аңдарға арнайы күтім
жасалады, онда жұмыс істейтін мамандар жануарларды қоректендіреді.
Ал аңдарды көруге келген адамдардың тамақ беруіне рұқсат етілмейді.
Өйткені аңдар өте
қауіпті.
Ғажайып
сәт.
Аю қонаққа
келеді.
-Саламатсыңдар ма,
балалар?
-Балалар, мен сендермен ойнауға келдім
,менімен ойнайсыңдар
ма?
Тәрбиеші:
-Балалар, онда біз аюмен бірге серігіп
алайық.
3.Сергіту
сәті.
Қорбандаған
аюдың,
Құлпынайы көп
екен.
Теріп- теріп
алайық,
Қалтамызға
салайық.
-Аю енді балалардың тапқырлығын байқап
көр.
4.Дидактикалық
ойын. «Жабайы аңдарды
тап»
Шарты:
Үй жануарларын оң жаққа жабайы жануарларды
сол жаққа бөлу..
Аю
:
-Ой,қандай ақылды өздері.Балалар мен енді
өзімнің қонжықтарыма қайтайын.Сау болыңдар
балалар.
«Қандай аңның жүрісі »
ойын
Шарты: Әр аңның әуен ырғағымен келтіру.
Балалар жүрісін салған аңдарды атап
шығады.
ІІІ. Қорытынды (2
мин)
Жарайсыңдар балалар сендер кеңестікте дұрыс бағдарлап айттындар.
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 26.02.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМТҚ
Өтпелі тақырып:Мұхиттар мен теңіздер әлемі
Тақырыбы: Шаршы, шеңбер, үшбұрыш
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
3.Оқыту: Шаршы, шеңбер, үшбұрыш пішіндерімен таныстыру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен- кіші) және санына қарай (бір -көп) салыстыруды үйрету; Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Шаршы, шеңбер,үшбұрыш пішіндерімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: түрлі түсті пішімдер
билингвалдық компонент: шеңбер - круг, шаршы - квадрат, үшбұрыш - треугольник
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Тосын сәт:
Есік қағылып ішке қуыршақ Айгерім кіреді.
- Сәлеметсің бе, қуыршақ -Айгерім?
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен - қуыршақ Айгеріммін. Балалар мен жұбақтардың шешуін таба алмай сіздерден көмек сұрап келдім.
Тәрбиеші: Балалар қуыршақ -Айгерімге көмектесемізбе?
ІІ. Негізі бөлімі
Айгерім қуыршақ: Олай болса балалар мен жұмбағымды жасырайын.
1.Жұмбақтар.
Үш бұрышы, үш жағы бар.
Тәрбиеші: Бұл -үшбұрыш.
Неге үшбұрыш деп айтамыз?
Үшбұрыштың түсі қандай?
Менің қолымдағы үшбұрыштардың көлемі қандай?
-Алдарындағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіндерші.
Қуыршақ Айгерім: Дұрыс айтасыңдар балалар, келесі жұмбағымды жасырайын.
Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар.(Шаршы)
Шаршы неге ұқсайды?
-Алдарындағы пішіндердің ішінен шаршыны көрсет.
Шаршының түсі қандай?
Тәрбиеші: Қарандаршы балалар, Айгерім көңілсіз болып қалды ғой, сұрап көрейікші, неге көңілсіз екен?
-Айгерім саған не болды?
-Мен мысығымды сағындым.
-Айгерім, саған біздің балалар пішіндерден мысық құрастырып береді.
2. Жұмыс барысы: Айгерім қуыршақ: Сендер маған пішіндерден мысығымды құрастырып бере аласындар ма?
Тәрбиеші: Ой, қандай керемет, балалар! Енді құрастырған мысықты жинап бір шетке қояйық. Енді денемізді біп сергітіп алайық.
3.Сергіту сәті
Добым, добым, домалап,
Қайда кетін домалып.
Үстел үстің бүлдірдің,
Тарелкені сыңдырдың.
Айгерім қуыршақ: Балалар мен қандай серігіп қуанып қалдым.
Ендеше тағы бір жұмбақ жасырайын.
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бір.
Атын оның атаңдар.
Шеңбердің түсі қандай?
Шеңбер неге ұқсайды?
Алдарындағы пішіндердің ішінен шеңберді көрсетеміз.
Тәрбиеші: Балалар біздерге Айгерім қуыршақ логикалық тапсырма алып келген орындаймыз ба?
4.Логикалық ойын ойнайықшы.
Тақырыбы: «Сәйкестендір»
Нұсқау: Әр затты сәйкес келетін пішіндермен сызық арқылы қосамыз.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Айгерім қуыршақ: Балалар мен бүгінгі күнді өтте сәтті өткіздім сіздермен мен сіздерге тәттілер әкелдім.
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:12.03.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМТҚ
Өтпелі тақырып: Өнер -көзі халықта
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: дөңгелек – доп, алма, жүзім, шар, үшбұрыш - сәбіз, алмұрт, сопақша - балық, банан аттарын атауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Қарапайым математикалық мазмұндағы ойындарға ықылас қоюын арттыра отырып, қызығушылығын дамыту.
3.Оқыту: Балаларға шаршы орындық дөңгелек доп, үшбұрыш пирамида қоршаған өміріндегі осы заттарды салыстырып, осы геометриялық пішіндерге сәйкес заттарды өзін қоршаған әлемде таба білуін үйрету
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: ойыншықтар дүкені, қоян, аю, түлкінің бетперделері
Билингвалдық компонент: аю- медведь, қоян- заяц
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
-Балалар біз бүгінгі ойынымызды бастамас бұрын мен сіздерге «Таңғажайып сыйлық» атты ертегіден үзінді айтып берейін. Ендеше мұқият тыңдайық.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу. Көктем келіп, күн жылынған
соң, қыс бойы апанда жатқан қонжық далаға шығады.Оның тезірек дос
тауып ойнағысы келеді. Бұтаның түбінен қоян келеді.
- Қоян, қоян екеуміз дос болып бірге ойнайықшы – деді Қонжық.
- Қонжық, кешір менің ойнауға уақытым жоқ, анам мен әжеме сыйлық
іздеп жүрмін.
Ол қандай сыйлық – деп таңқалды Қонжық.
Менің сыйлығым ол ұзыншалау, әрі қызғылт болуы керек деді де қоян
секіріп кете барды.
Қонжық ойланып келе жатты, алдынан жүгіріп бара жатқан Түлкіні
көрді.
- Түлкі, түлкі екеуміз дос болып ойнайықшы.
Кешірші қонжық мен анам мен әжеме сыйлық іздеп жүрмін.
- Қандай сыйлық? Ол ұзынша ма?- деп сұрады қонжық.
- Жоқ ұзынша емес, ол ма ол домалақ болатын сияқты.
Түстері де әр түрлі болуы керек – деді түлкі.
Қонжық түк түсінбеді. Бәрі аналарына, әжелеріне қандай сыйлық іздеп
жүр. Мен де анам мен әжеме сыйлық жасар едім. Не істесем екен? –
деп ойланып қалды қонжық.
Ал балалар ертегіні осы жерден тоқтада
тұрайық.
2. Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Кішкене ойланайықшы. Біз
анамыздың мерекесіне оларға не сыйлап едік.
Кәне мына гүлдердің ішінен маған соған ұқсас гүлді кім
көрсетеді?
- Дұрыс енді осы гүлдің түсі қандай?
Ал күлтешесі қандай пішінге ұқсайды?
3. Сұрақ-
жауап. Біз ойыншықтар дүкеніндеміз.
Балалар біз қонжыққа көмектесу үшін жан жағымызға қарайықшы нелерді
көріп тұрмыз.
Олардың кәрзеңкесінде нелер бар екен?
- Сәбіздің түсі қандай?
Пішіні ше?
Міне қояндар сәбізді өте жақсы көреді екен. Ал мына жерде қандай
ойыншықтар тұр?
Түлкінің жанында не өсіп тұр?
- Түстері қандай?
- Пішіндері ше?
- Түлкі жүзімді ұнатады.
Ал мына жерде аю қонжықтарымен отыр. Ал қасында не тұр?
Шелектің ішінде не бар екен қарайықшы?
- Балық қандай пішінге ұқсайды?
Балалар сонда қоянның апасы мен әжесіне сыйлау үшін не керек деп
ойлайсыңдар?
- Ал түлкіге ше?
- Конжық апасына не сыйласа болады деп ойлайсыңдар?
- Енді кім қоянға сәбіз әкеліп береді.
(Балалар қоянға сәбіз, түлкіге жүзім, қонжыққа балықты әкеліп
ыдысқа салады)
- Рахмет балалар бізге сыйлықты тез тауып алуымызға
көмектестіңдер.
Қоян онда аюға барып бәріміз ойнайықшы. Балалар тағы да жан -
жағымызға қарайықшы үшбұрыш, дөңгелек, сопақшаға ұқсайтын пішіндер
бар ма? (Топтағы заттардың ішінен табу)
4.
Ойын
- Балалар біз енді «Не
жетпейді?» деген ойын ойнаймыз.
Шарты: тақтада ілулі тұрған аңдардың
құлақтарын тауып жапсыру.
ІІІ. Қорытынды (2
мин) (Өткен материалды
пысықтау)
Мен сендерге шар үлестіріп берейін.
Шардың пішіні қандай?
Енді ауа толтырамыз, дөңгелек пішінге айналды. Қолымызды көтеріп
ұшақты ұшырамыз. Ұшақты қайда ұшырдық.
- Жоғарыда басқа нелер болады?
- Ал ұшақ қайда қонады?
- Жерде нелер бар немесе нелер өседі?
- Тамаша, біз бүгін жақсы ойындар ойнадық.
Қоян, түлкі, қонжыққа көмектесу арқылы, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша
туралы білетінімізді толықтырдық. Бәріңде жақсы ойнап, жақсы жауап
бере алдыңдар.
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:19.03.18
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМТҚ
Өтпелі тақырып: Қазақстан халқының салт- дәстүрлері
Тақырыбы: Өзен бетінде саяхат
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Мәдениеттіліке, жауапкершілікке, тазалықа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Жеке бастың тазалық ережелерін сақтауда судың алатын орны, салауатты өмір салтын дәріптеуде, адам өмірінде судың маңызды роль атқаратыны туралы түсініктерін дамыту.
3.Оқыту: Балаларды қосу және алу әдісін қолданып биік аласа биіктігі тең сөздер нәтижесін белгілеп екі затты салыстыруға үйретуін жалғастыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: кеме, балық суреттері
Билингвалдық компонент: балық- рыба
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
- Балалар, біз бүгін кемемен
саяхатқа шығамыз.
- Кемемен қайда жүзуге болады?
- Суда, өзенде, мұқитта, теңізде.
- Дұрыс, балалар.
Бір сәтті мына жер шары яғни глобусқа көз салып
көріңдерші.
ІІ. Негізі
бөлімі
1. Әңгімелесу
Жер шарының үштен екі бөлігін
су алып жатыр. Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі
теңіздермен, мұхиттармен тығыз байланысты. Теңіздер мен мұхиттардың
бетінен көтерілген бу жауын - шашын болып жерге түседі. Біздің
тыныстайтын оттегіміздің бірталай бөлігін бізге солар беріп
отырады.
Балық, краб, омар, теңіз ұлуы, теңіз капустасы сияқты дәмді де
нәрлі тамақ өнімдері осы теңіз бен мұхиттан алынады. Сондықтан да
балықшылар «Көк теңіздің өрісі - балықшының егісі» - деп тегіннен -
тегін айтпаған. Теңіздер мен мұхиттардың түбінен мұнай өндіріледі,
теңіз суынан ас тұзын аламыз, аз да болса күнделікті дастақанымызда
теңіздің бір бөлігі тұр.
1.Тапсырма
Мына суретте теңізде
кездесетін балықтардың бір тобы бейнеленген, оларды
салыстырайық.
- Камбала, акула, губан, кит, дельфин т. б.
- Ал мынау теңіз астында кездесетін өсімдіктер. Моллюскілер,
устрица, янтарь түсті ұлу, калмарлар, меруертті ұлу, сегізаяқ,
мидиялар. Міне, осылай аз да болса теңіз туралы мәліметтер
алдық.
- Енді саяхатқа шығу үшін ең алдымен бізге не керек екенін біліп
алайық.
- Таза болу үшін бізге не қажет?
- Су, сабын, сүлгі, тіс щеткасы мен пастасы.
- Тағам, тамақ, су.
- Балалар, саяхатқа яғни теңізге немен барамыз?
- Кемемен, (макетті қолдан)
Онда кемеден өз орындарыңды алуға болады,
Балалар отырады.
- теңізде келе жатырмыз, айналаның бәрі су, су көп неге тағы су
алдық?
- Теңіздің суы тұзды, оны ішуге болмайды.
- Дұрыс, бірақ теңіздің суы тұзды болғанымен денсаулыққа өте
пайдалы. Одан дәрі жасайды, ал біз тамағымызды ауырмас үшін тұзды
сумен шаямыз ғой, солай емес пе?
- Ия.
3.Сергіту
сәті:
Көзімізді жұмамыз
Балық болып жүземіз
Ұстап алып біреуін
Қазанға әкеп саламыз.(қимылмен)
4. Ойын «Жүзеді»
Шарты: аталған заттардың қайсысы жүзеді, қайсысы жүзбейтінің атау.
Міне, осылай аз да болса теңіз туралы мәліметтер алдық. Кемемізге отырып тобымызға қайтайық.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
-Балалар біз бүгін саяхатқа қайда бардық?
-Немен бардық?
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 26.03.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМТҚ
Өтпелі тақырып: Ертегі әлемінде. Таетр әлемі
Тақырыбы: Орманға саяхат
Мақсаттары: :
1.Тәрбиелік: Орман аңдарың қорғауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
3.Оқыту: Балаларды қою және алу әдісін қолданып биік- аласа биіктігі тең сөздер нәтижесін белгілеп екі заттың биіктігін салыстыруға үйретуін жалғастыру
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: саңырауқұлақтар, орман суреті.
Билингвалдық компонент: қоян- заяц
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
-Біз бүгін орманға саяхатқа барамыз.
Орманда не өседі?
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
-Орманда қандай аңдарды кездестіреміз?
Балалар,орманда тағы құстар да бар екен. Оларды қорқытпау үшін орманда тыныш,бір-бірінің жанында жүруіміз керек.
-Міне орманға келіп қалдық!
-Ой,балалар,анау жерде не секіріп жүр?
Қоян:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Сендер,орманда не істеп жүрсіңдер?
-Сен бізді орманға жібересің бе?
Қоян:
-Егер сендер менің тапсырмамды дұрыс орындасаңдар, мен сендерді орманға жіберемін.
2.Тақтамен жұмыс:
Мынаған ұқсас санырауқұлақтарды себетке жинау керек.
3.Сергіту сәт:
-Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбырды
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып- ытқып жүгірді.
-Қоянға ең биік ағашты көрсетеміз.
-Енді кім ең аласа ағашты көрсетеді?
Балалар, қоян сендерге тағы бір тапсырманы дайындап қойды.
Оны орындаймыз ба?
4. Дидактикалық ойын
-Ең биік ағаштың қасына аюды қою керек.
-Қуыршақты ең аласа ағаштың артына қойындар.
-Бақаларды ағаштың алдына қою керек.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Қоян:
-Жарайсыңдар,балалар!Бәрін білесіңдер.
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 02.04.18
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Таным
Пән: КМТК
Өтпелі тақырып: Ас атасы- нан
Тақырыбы: Үйшік ертегісіне саяхат
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа және кез келген тапсырманы мұқият орындауға, көмек бере білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балаларды көп-аз ұғымымен таныстыру, дамыту.
3.Оқыту: Балаларды геометриялық пішіндерді ажырату,атап айтуға үйрету.Ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру,оларды айыра білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: үйшік ертегісінің кейіпкерлері
Билингвалдық компонент: үйшік -теремок.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
-Балалар бүгін біз сендермен орманға саяғатқа барамыз. Мына іздермен жүрсек орманға тез жетеміз.
-Жан-жағымызға қарайықшы сендер не көріп тұрсындар?
Тосын сәт:-Балалар бұл үйшік қой.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу.
- Балалар қарандаршы үйшік осында тұрғысы келген аңдарға тапсырмалар дайындап қойыпты.
-Осы кезде үйшіктін қасынан тықылдауық тышқан өтіп бара жатты, ол үйшікті көреді
-Балалар қарандаршы бұл кім?
Тышқан:-Бұл үйшікте кім тұрады?
Тышқан бұл үйшікте ешкім әлі тұрмайды,бырақ сен онда кіруін үшін тапсырманы орындауын керек.
-Балалар,тышқанға көмектесейік пе?
-Ендеше,біз балалармен саған көмектесеміз.
1-тапсырма: «Ағаштың түбінде жатқан,бұталарды ұзын қысқаға бөл»
(Тышқан бос үйшікке кіріп,осында тұрып жатады.)
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа:Тук-тук,бұл үйшікте кім бар?
-Балалар қарандаршы бұл кім?
-Онда тықылдауық тышқан тұрып жатыр,ал сен үйшікке кіргін келсе онда үйшіктің тапсырмасын орындауын керек.Біздің балалар саған көмектеседі.
2-тапсырма: «Пішіндерді ата,дұрыс орналастыр»
-Балалардан карточкадағы пішіндерді көрсетулерін сұрау.
(Бақа бақылдап үйшікке кіреді,
тышқанмен екеуі тұра бастайды.)
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян келеді.
Қоян:Кім бұл үйшікте тұрады?
-Балалар қарандаршы бұл кім?
-Қоян бұл үйшікте тықылдауық тышқан,бақылдауық бақа тұрады.
-Ал сен ол үйшікте тұрғын келсе,онда балалардың көмегімен тапсырманы орында.
3-тапсырма: «Өзін туралы айт»
-Балалар ал біз қоян туралы өлең жолдарын білеміз ғой,соңы айтып көрсетіп қоянға көмектесейік.
Сергіту сәті: «Ұзын құлақ,сұр қоян»
Қоянда үйшікке кіреді.Осылай үшеуі дос болып тұра бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді.
Түлкі:Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай үйшікте кім тұрады?
-Түлкі бұл үйшікте тықылдауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян тұрады.
-Ал сен,бұл үйде тұрғын келсе балалардың көмегімен үйшіктің тапсырмасын орында.
Ән тыңдау: «Бір алма,екі алма...»
4-тапсырма: «Бір,екі,үш-көп»
-Балаларға әнді тындатқызу,үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізу.
Түлкі үйшікке кіреді,осылайша төртеуі дос болып өмір сүре бастайды.
Аю:Мен қорбандаған аюмын кім бұл үйшікте тұрады?
Аю бұл үйшікте тықылдауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян,қу түлкі тұрады.
-Ендеше мен де бұл үйде тұрамын деп....
(аю үйшікке кіре бастағанда үйшікті қиратып тастайды)
-Балалар үйшік аюға кішкентай біз оған көмектесіп үлкен үйшік жасап берейік.
5-тапсырма: «Үлкен кубиктармен үй құрастыр»
Осылайша барлық аңдар осы үлкен үйшікте дос болып тұра бастайды.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Сабақты сұрақ жауап арқылы қорытындылау.
-Балалар үйшікке кім бірінші келді?
-Ал үйшікті кім қиратып тастады?
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 09.04.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМТК
Өтпелі тақырып: Жәндіктер. Қос мекенділер
Тақырыбы: Бір, көп.
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: шыдмадылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
3.Оқыту: суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату және санына қарай ( бір және көп) салыстыруды үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: қуыршақ Айманның тапсырмалары
Билингвалдық компонент: бір- один
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Ғажайып сәт:
Есікті тоқылдатқан дыбыс естілді. Бізге біреу қонаққа келген сияқты. Есікті ашып, ұлттық киімдегі қуыршақты алып кіреді.
Қуыршақ амандасып, балалармен танысады.
Қуыршақ Айман өткен оқу іс әрекетінде тәуліктің қай мезгілімен танысқандарын сұрайды.
Сендер тағы қандай тәулік мезгілін білесіңдер?
ІІ. Негізі бөлімі
1. «Бұл қай кезде болады?» сұрақ- жауап
Айман балаларға сұрақ қояды.
-
Қай кезде адамдар ұйықтайды?
-
Суретте не бейнеленген?
-
Бала не істеп жатыр?
-
Бұл тәуліктің қай мезгіліне болады?
2.«Бір және көп» ойыны
Қуыршақ Айман балаларға суретті көрсетіп, ішінен бір –бірден тұрған суретті тауып алуларын сұрайды.
3.Серіту сәті:
Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Сүт құйып ем күшікке,
Төгіп кеттің, обал-ақ.
4.«Қандай домалақ заттарды білесің?» ойыны.
Балалардан шеберге (дөңгелек) ұқсас заттарды естеріне түсіріп, атап берулерін өтінеді.
Олар қандай геометриялық фигурага ұқсайды?
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Бізде неше бас?
Ал, мұрынымыз ше?
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 16.04.18
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Таным
Пән: КМТК
Өтпелі тақырып: Еңбек бәрін жеңбек
Тақырыбы: Жоғары- төмен, алыс- жақын
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Қызығушылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Заттардың суреттегі және кеңістіктегі бағыттарын ажырата атай білулерін дамытуды жалғастыру: жоғарыда-төменде,алыста-жақында.
3.Оқыту: Қоршаған ортадабасқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуды жалғастыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технолгиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер
Билингвалдық компонент: жоғарыда -верху, төменде-внизу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Ғажайып сәт: «Сиқырлы дорба ойыны»
-Менің дорбама ойыншықтар тығылып қалды. Қолдарынды дорбаның ішіне салып, қандай ойыншық тығылып қалғаның айтындар.
ІІ. Негізі бөлімі
1.«Жоғарыда-төменде» әңгімелесу
Балалар барлық заттардың өз орны, тұратын жері болады. Тіпті үй жануарларының, жеміс- жидектердің де. Мысалы айтар болсақ: алма жоғарыда- сәбіз жерде(төменде); ай мен жұлдыз бізге алыс жоғарыда болса ағаш, жер бізге жақын төменде.
2. Жұмбақ жасыру
Әр өрнегін мінемін,
Өрге қарсы жүремін.
Басқа сайын қадамды,
Ұстап келем білегін. (Саты)
3.Сұрақ- жауап
-Сатының жоғарғы жағында кім тұр?
-Сатының төменгі жағында кім тұр?
Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеу керек?
-Сонда ол қай жерде болады?
-Бала сатының төменгі жағында тұру үшін не істеу керек?
-Сонда ол қай жерде болады?
4.«Шаршыны тап және қорша»
-Балалар маған мына суреттегі заттарды атап беріндерші?
Балаларға суретттен шаршыға ұқсайтың затттарды тауып,атап көрсетуді сұрау.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Сонымен, жоғарыда және төменде орналасқан заттарды атайық?
Ал, қандай заттар бізге алыс қайсы жақын?
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 23.04.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМТҚ
Өтпелі тақырып: Аялайық гүлдерді
Тақырыбы: Шаршы, шеңбер, үшбұрыш
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.:
2.Дамытушылық: қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
3.Оқыту: таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші, шаршы, шеңбер, үшбұрыш) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; Балаларда геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: геометриялық фигуралар
Билингвалдық компонент: Шаршы - квадрат
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Бүгін біз геометриялық фигуралар еліне қонаққа барамыз.
Келісесіндер ме,онда кеттік.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
-Балалар ,сендер шеңберден басқа қандай геометриялық фигураларды білесіндер?
Қандай дөңгелек пішінді заттарды білесіндер?
-Қандай үшбұрыш пішінді заттар бар?
-Қандай шаршы пішінді затттар бар?
2 .«Шешуін тап» ойыны.
Дөңгелек заттарға байланысты жұмбақ.
Әрі қызыл, әрі тәтті.
Татқан жанды танырқатты.(қарбыз)
3.Үлестірмелі материалдармен жұмыс істейміз.
-Жоғарғы жолақтағы шаршы саны нешеу болды?
-Ортанғы жолаққа неше шеңбер жапсырдыңдар?
-Төменгі жолаққа неше үшбұрыш жапсырдыңдар?
4.Сергіту сәті: «Бес саусақ»
Саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Бас бармақ
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек.
Кішкене бөбек.
5.«Заттар қандай геометриялық фигураларға ұқсайды» ойыны:
Сурет көрсетеді содан соң балалардан ондағы затттардың атын атап беруді сұрайды.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Топ ішіндегі заттардың арасынан геометриялық фигураларға ұқсайтындарын тауып атап беріндер.
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 28.04.18 (30.04.18)
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Таным
Пән: КМТК
Өтпелі тақырып: Достық біздің тірегіміз
Тақырыбы: Орманға саяхат
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Орман аңдарын өлтірмей оларға мейірімділікпен қарауға, дос болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Ой- өрісін, ойлауға қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту:Балаларды екі топтың заттарының саңы мен көлемі айырмашылығың салыстыруын /үшеумен шектелу/, бір топтың заттарың басқа топқа қосу-алу әдісің қолдануы арқылы үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: тиін, орман суреттері
Билингвалдық компонент: Тиіні – белка, кең – широкий, жаңғақ – орех, тар - узкий
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Балалар, бүгін біз ақ тиінге қонаққа барамыз.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Балалар, тиін қай жерде турады? Меніне сиқырлы таяқша. Кәне бәріміз көзімізді жұмамыз 1,2,3 ал енді ашамыз. Ал, балалар, біз орманда тиінге қонаққа келдік. Тиін балаларды көріп, қуанады да, қарсы алады.
2.Сұрақ- жауап
Тиін: Балалар, мен ағаштың ішінде тұрамын, бірақ оның іші тар, оған сіздер кіре алмайсындар. Ал орман іші кең. Сондықтан орман ішінде ғана мен сіздерді қарсы алаламын.
Балалар, тиін немен көректенеді?
Жаңғақпен.
3. Ойын
Кәне бәріміз тиінге жаңғақ береміз. Балалар, менің қолымда себет, себеттің ішінде жаңғақтар жатыр. Ал, Бекзат, екі жаңғақты ал, Алиасқар бір жаңғақты қосамыз. Неше болды?
Ия, дұрыс. Осы себеттегі жаңғақты тиінге сыйлаймыз. Тиін өте риза, қуанып балаларға рахметін айтады.
Балалар, біздің топқа оралатын уақытымыз да келіп қалды. 1,2,3 көзімізді жұмамыз, сиқырлы таяқ арқылы балалар топтың ішіне оралады.
4. Сергіту сәті
Ұзынқұлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып секірді.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Тиін қайда өмір сүреді?
Ол немен қоректенеді?
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.05.18
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Таным
Пән: КМТК
Өтпелі тақырып: Мен жасай аламын
Тақырыбы: Құс асханасы
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Қарапайым математикалық мазмұндағы ойындарға ықылас қоюын арттыра отырып, қызығушылығын дамыту.
3.Оқыту: Балаларға шаршы орындық дөңгелек доп, үшбұрыш пирамида қоршаған өміріндегі осы заттарды салыстырып, осы геометриялық пішіндерге сәйкес заттарды өзін қоршаған әлемде таба білуін үйрету
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: құстар,пішімдер
Билингвалдық компонент: құс- птица
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Біз бүгін құстар жайлы біраз мағұлмат аламыз. Олар қайда өмір сүреді, қандай пішімге ұқсайды.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу.
Балалар ,сендер қандай
құстарды білесіндер?
Қандай үлкен пішінді заттарды білесіндер?
-Қандай үшбұрыш пішінді заттар бар?
-Қандай шаршы пішінді затттар бар?
Үлестірмелі материалдармен жұмыс істейміз.
-Жоғарғы жолақтағы шаршы саны нешеу болды
«Құс қандай геометриялық
фигураларға ұқсайды» ойыны:
Сурет көрсетіп содан соң балалардан ондағы затттардың атын атап
беруді сұрау. Балалар жұмбақты тыңдайды және шешуін
табады.
2. Сергіту сәті
«Бес саусақ»
Саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Бас бармақ
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек.
Кішкене бөбек.
3. Сұрақ-
жауап.
Мынау қандай геометриялық фигура?
Мына кәрзеңкесінде нелер
бар екен?
- Ағаштың түсі қандай?
Пішіні ше?
4. Ойын
- Балалар біз енді «Не
жетпейді?» деген ойын ойнаймыз.
Шарты: тақтада ілулі тұрған аңдардың
құлақтарын тауып жапсыру.
ІІІ. Қорытынды (2
мин) (Өткен материалды
пысықтау)
Қолымызды көтеріп ұшақты ұшырамыз. Ұшақты қайда ұшырдық.
- Жоғарыда басқа нелер болады?
- Ал ұшақ қайда қонады?
- Жерде нелер бар немесе нелер өседі?
- Тамаша, біз бүгін жақсы ойындар ойнадық.
Бәріңде жақсы ойнап, жақсы жауап бере
алдыңдар.
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 21.05.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМТҚ
Өтпелі тақырып: Көңілді жаз
Тақырыбы: Жайлауда
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: «Көбелекпен гүлдер» - қоршаған маңайда біреу немесе көп ұқсас заттарды таба білуге үйретуін дамыту;
3.Оқыту: Ойын жаттығулары: «Көпірден өтейік» - екі затты көлеміне қарап салыстыру;
Ресурстармен қамтамасыз ету: киіз үй
Билингвалдық компонент: киіз үй- юрта
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Балалар бүгін біз ойынымызды бастамас бұрын мен сендерге «Жайлау» туралы шағын түсіндіріп өтейін.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Жайлау- онда киіз үй, үй жануарлары бар. Бұрын ата- бабаларымыз осы үйде өмір сүрген. Киіз үйдің- шаңырағы, керегесі, уақыттары болады. Шаңырақ- мемлекетіміздің бірлігін, татулағын білдңреді.
2.Сұрақ- жауап
Құс қандай геометриялық пішімге ұқсайды?
Шаңырақтың пішімі қандай екен?
Қандай үй- жауарларын белесіңдер?
3.Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Допты алды қолына,
Допты қойды орнына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
4. Тапсырмалар.
«Көпірден өтейік» - екі затты көлеміне қарап салыстыру;
«Ботаның киіз үйді тауып алуына көмектес» - орынын таба білу;
«Ботаның жақсы көретін ойыншығы» - геометриялық пішіндерді атап және танып білуін жаңдандыру;
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Киіз үй қандай бөліктерден тұрады екен?
Шаңырақтың пішімі қандай?