Материалдар / Тіл және сөйлеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл және сөйлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім мазмұны бойынша 3 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
599
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 2-сабақ. Тіл жəне сөйлеу.

МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Артыгалиева Анара

Руслановна

СЫНЫП: 3

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.3.1 оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Алдыңғы білімдер

Тіл жəне сөйлеу тыңдалған мəтіннің мазмұнымен жұмыс тақырыбынан меңгерген білімдеріне негізделіп оқытылады.

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

1 минут

(Ұ) «Сəлемдесу» ойыны. Бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ынтымақтастық атмосферасын құру. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, бір-бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен амандасу керек.

Көңілді əуен қосып қою

3 минут

(Ұ) «Венн диаграммасын» толтыру. Үлгі:


Ауызекі сөйлеу Жазбаша сөйлеу



Ортақ қасиеті




Венн диаграммасын интерактивті тақтада толтырып, ой қорыту жасау.


1 минут

Оқушылардың сыныптағы өзіндік, жұптық жұмыстарын орындау барысында «5-Т» ережесі стратегиясы қолданылады. «5-Т» ережесін еске түсіру: Талап.Тəртіп. Тыныштық. Татулық. Тазалық.


Shape1

ІІ.

Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)

3 минут

3.2.4.1 (МК; Т; Қ) Мəтінді тыңдау. Сөйлеу мəнері кімге тəн екенін анықтау.

6-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Сөйлеу мəнері кімге тəн екенін анықтап, дəлелдеулер келтіріп, өз ой қорытындыларын жасайды.


(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Даңғыл сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау шығарады.


(Ж) Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұбымен талқылау.

«Əңгімеге негізделген жазу» стратегиясы. Жұппен жұмыс.

Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұпта талқылай отырып жазу; өз ойларын ортаға салу жəне пікір алмасу.

Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады.


(Ө) Жұбына жазбаша хат жазу.

Берілген сұрақ бойынша топтағы жұбына хат жазады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі.

(Т; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.

Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.

(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- əрекеттеріне кері байланыс жасайды.


3.3.3.1 (МК; Ө; Т; Қ) Мəтіндегі негізгі ойды сақтай отырып, хатты жалғастырып жазу білігін бағалау.

7-жаттығу. Мəтінді тиісті дауыс ырғағымен оқиды. Мəтін кім жайында айтылғанын анықтайды. Хаттағы негізгі ойды сақтай отырып, хатты əрі қарай өздері жалғастырып жазады. Оқушылардың хатты дұрыс жазуына мұғалім тарапынан басшылық жасалады.

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Хал

сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.


(МК; Т; Қ) Тапсырманы түсініп орындау білігін бағалау. 8-жаттығу. Тапсырмалар арқылы сөйлеудің қай түрі жүзеге асырылғанын анықтатып, дəлелдеулер жасатылады. Кестеге сөйлеу түрі мен оған сəйкес тапсырма тұсына «+» таңбасын қояды.

Жұмыстарын топта жариялап оқиды.


3.2.3.1 (МК; Ж; Т; Қ) Мəтінді түсініп оқу. Мəтінді оқуда сөйлеудің қай түрін қолданғанын анықтау. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөлісу.

9-жаттығу. Мəтінді түсініп оқиды. Мəтінді оқуда сөйлеудің

Оқулық



1 минут



Оқулық Орфографиялық сөздік


2 минут





3 минут



2 минут



2 минут




4 минут



Оқулық

1 дəптермен жұмыс


2 минут


Оқулық Орфографиялық сөздік


3 минут


Оқулық

1 дəптермен жұмыс



4 минут


Оқулық









4 минут

қай түрі қолдағанылғанын анықтап, дəлелдеулер жасайды. Мəтіндегі сөйлемдерді байлайланыстырып тұрған сөздерді тауып, қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастырып айтуына басшылық жасалады.

Оқушылар топтық жұмысты орындауда «Жазбаша сөйлеу бірден пайда болған жоқ» сөйлемінен бастап, оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөліседі.


(МК; Т; Ө; Ж; Қ) Сурет бойынша əңгімелеу. Сурет бойынша 3 сұрақ жазу.

10-жаттығу. Топтық жұмыс. Сурет бойынша күзде не болатынын топта талқылап, əңгімелейді. Əңгімелеу барысында сөйлеудің қай түрін қолданғанын анықтайды. Күз мезгіліне берілген сурет бойынша үш сұрақ құрастырып жазады. Жұппен жұмыс жасайды. Орындалған жұмысты өзара бағалау үшін мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің

жұмысын өзара тексеріп, қатені табу жəне түзету жұмыстарын жүргізеді.








Оқулық

1 дəптермен жұмыс

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

3 минут

(Ө; Қ) Суретке қарап, тірек сөздерді табу.

Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Суретке мұқият назар аударып, тірек сөздерді тауып жазады.

Жазған жұмысын топта жариялап оқиды.

1 дəптермен жұмыс

2 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.

1 дəптермен жұмыс


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!