Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Тіл кемістігі бар балалардың ата-аналарына арналған кеңес"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тіл кемістігі бар балалардың ата-аналарына арналған кеңес
Тіл кемістігі
күрделігі жағынан қарағанда жалпы оқытуда кедергі тудырмайтын және
ауыр, арнаулы оқытуды талап ететін түрі болады. Тіл кемістігі
әртүрлі, ол дыбыстауда,тілдің грамматикалық құрылымында,сөздік
қорының төмендігінде және сөйлеу қарқыны мен қалыптылығында
байқалады.
Дұрыс сөйлеу кез келген мамандықта жұмыс
жасайтын адам үшін өте маңызды. Баланың дұрыс сөйлей алмауы оның
қоршаған ортамен тіл табысуында кедергі болады,оның жалпы дамуына,
мінезіне әсер етеді және де болашақта мектептегі үлгерімінің
төмендеуінің себепкері болуы
мүмкін.
Баланың сөйлеу мәнері оның қоршаған ортасындағы адамдардың сөйлеу үлгісіне қарай дамиды. Осыған байланысты бала қоршаған айналасында тек грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөздерді естуі қажет.
Бала үшін алғашқы сөйлесу мәнерінің мысалы ол жақындарының сөйлесуі болып табылады. Ата ана ол баласының ана тіліндегі алғашқы ұстазы болып есептелінеді.Яғни, жанұя ол алғашқы мектеп.
Ата ананың көмегінсіз балаға дұрыс сөйлесуді үйрену өте қиын болып табылады. Сондықтан балаңызбен сөйлесіңіз, оны мұқият тыңдаңыз,сөзін бөлмеңіз, барлық сұрақтарына асықпай, анық, мәнерлеп, даусыңыздың орташа деңгейінді жауап беріңіз, барлық сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтыңыз, өйткені ол балаға дұрыс сөйлесу мәнерін үйренуге көп септігін тигізеді.
Соңғы жылдары тіл кемістігі бар балалар саны ұдайы өсуде. Балалардың шешелері мен әкелері қорытындыда: алалия,кекеш, тіл дамуының кідіруі т.б. диагноздарын оқып жиі байбалам салатыны құпия емес.Бала тілінің даму кемістіктігі болу мүмкіндігі туралы мәлімет алғаннан кейін маманға қандай сұрақтар қоюды, олармен қарым қатынаста қандай тұғыр ұстау керектігін анықтай алады;логопедтің ұсынымы бойынша үй тапсырмаларын ұйымдастыру қажеттігін түсінеді. логопед мұғаліммен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс тіл кемістігін жоюдың ең басты бөлігі болып табылады.
Сөйлеу тілі кемістігі бар балалар дегеніміз- есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің (грамматыикалық құрылымының, сөздік қорының) қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.
Дыбыстарды айтуының бұзылуы, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылымының артта қалуы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.
Сөйлеу тілінің дамымауы баланың интеллектуалды, сенсорлы, ерік аяларының қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Сөйлеу тілі бұзылыстарымен психикалық дамудың басқа жақтарының арасындағы байланыс екіншілік ақаулардың пайда болуына себепші болады.
Сол себепті осындай кемшіліктерге жол берілмес үшін ата-аналар балаларының жазу дағдысына ғана емес, сонымен қатар ауызша сөйлеу тіліне де көп назар бөлуі тиіс деген кеңес беріледі. Көптеген ата-аналар балаларының дұрыс дыбыстай алмайтын дыбыстары өзімен-өзі түзеліп кетеді деп ойлайды, бірақ балалар мектеп табалдырығын аттаған сәтте оларға сөйлеу тілі кемістігіне байланысты келеке етіп күле бастайды. Осы себептен бала тұйықтала бастайды да балада түзете алмайтын логофобия пайда болады.
Балалардың аяқтары мен қолдары икемді, мықты және дұрыс дамуы үшін жаттығу жасалу керек.
Дененің бұлшық еттеріннің негізгілерінің бірі болып табылатын тілмен де жұмыс жасалу керек. Дыбыстарды дұрыс дыбыстау үшін тіл жақсы дамытылуы тиіс. Бұл үшін арнайы артикуляциялық жаттығулар бар. Егерде артикуляциялық жаттығуларды жасауды ерте бастасаңыз, балаңызға нұр үстіне нұр болар еді. Бала өзіннің тілінің қимылын егжей-тегжейлі көруі үшін ол алдымен айнаның алдында жасалады.
Логопедиялық сабақтардың қорытындыларын бекіту үшін әрдайым үй жұмысын жасауды әдетке айналдырыңыз;
Үйде жайлы атмосфера құруға тырысыңыз;
Сабырлы болыңыз;
Балаңыз сізбен қарым-қатынасқа түскен кезде мұқият тыңдаңыз;
Балаңыз бір затпен айналысып отырғанын көрсеңіз, баланың іс-әрекетті сипаттап беруін сұраңыз;
Заттардың атауын көп айтып, қысқа фразалармен сөйлесуге тырысыңыз;
Баланың сұрағына түсінікті және қысқа фразалармен түсіндіріңіз;
Баладан үнемі «Не істеп жатырсың?» деп сұрап отырыңыз;
Балаға бақылау, тыңдау, талқылау, анық және нақты өз ойын жеткізуді үйретіңіз.
Табандылық пен тәуелсіздікті үйретіңіз.
Баламен шығармашылық жұмыстар жасаңыз, мысалы: ермексазбен, ойыншықтармен ойнаңыз;
Көбінесе сөйлеу тілі кемістігі бар балалар өз жас ерекшеліктеріне қарай қалыпты тамақтанбайды. Себебі оларға алма немесе сәбізді жеп қою үлкен мәселе туғызады. Бұл жақ бұлшық етттерінің әлсіздігімен сипатталады. Сонымен қатар артикуляциялық аппарат қимылының дамуын тежейді. Сол үшін балаңызға міндетті түрде кепкен нанды, шикі көкеністерді, кесек-кесек еттерді, жеміс-жидектерді жеуін талап етіңіз;
Бет бұлшық еттердің және тілдің қимылын дамыту үшін «Ауызды шаю» жаттығуын көп пайдаланғаныңыз жөн;
Баланың ұсақ моторикасын дамытуды да ұмытпаңыз. Бала өзінің икемсіз саусақтарымен мүмкіндігінше көп жұмыс жасауы керек. Бала өз қолымен түймелерді тағып-шешу қимылдарын өзі жасауы тиіс.
Баланың дұрыс емес сөйлеуін қандай жағдай болмасын құптамаңыз;
Тіпті кішкентай балаға да анық және әдемі сөйлеңіз;
Бала өз ойын қалай жеткізетініне назар аударыңыз (сөйлемдерді дұрыс құрастыра ала ма? Септіктерді, көмекші сөздерді дұрыс қолдана ала ма?);
Егерде бала қатты немесе керісінше ақырын дауыспен сөйлессе отолоринголог маманына жолығуыңыз тиіс, себебі бала нашар естуі мүмін немесе дауыс аппаратының ақаулары болуы мүмкін;
Балаңыздың қызығушылығындағы видеоларды бірге қараңыз және аудиоматериалдарды тыңдаңыз, себебі балаңыз не естиді соны айтады;
Егерде балаңыз екінші немесе үшінші шет тілін үйренсін десеңіз логопед маманымен ақылдасқаныңыз дұрыс болады. Шет тілін үйрену тек 4 жастан ерте болмау керек;
Логопед кеңес береді
· жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;
· баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;
· балаға күн сайын қысқа және ертегілер оқу;
· онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;
· сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;
· күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;
· балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;
· ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;
· кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді. Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.
Егерде сіз балаңыздың ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде қателіктер байқасаңыз, бұл қателікті түзететін логопед маманына жолығыңыз.
Л.М.Нурекешова
БҚО, Қаратөбе ауданының «Психологиялық педагогикалық
түзеу кабинетінің» логопед маманы