Материалдар / «Тіл мен әдебиет - тәрбиенің қос қанаты» атты апталықтың ашылу салтанатты шарасының СЦЕНАРИЙІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тіл мен әдебиет - тәрбиенің қос қанаты» атты апталықтың ашылу салтанатты шарасының СЦЕНАРИЙІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығының ашылуына дайын сценарий. Жаңаша форматта құрастырылған. Квест ойыны түрінде болғандықтан, өте қызықты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2024
324
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тіл мен әдебиет - тәрбиенің қос қанаты» атты апталықтың ашылу салтанатты шарасының


СЦЕНАРИЙІ


Жүргізуші:   - Армысыздар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар!

«Тіл мен әдебиет - тәрбиенің қос қанаты» атты апталықтың ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Тіл-  халықпен  бірге  өмір  сүріп  дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі апталықты ашу үшін мектеп директоры Раушан Алмаханқызына сөз кезегін ұсынамын. (сөйлейді)


 «Әлқисса» күйі. Орындайтын республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары, Стамбул, Измир қалаларында өткен өнер фестивалінде елімізді әлемге паш етіп жүрген «Руна» домбырашылары


Жүргізуші:  - Бүгін бізде ерекше мереке. Қонағымызды қарсы алайық!

(Музыка әуенімен Алдар көсе кіреді. бір шеңбер жасап, орнына тұрады).

Алдар көсе:- Ой, мен сендерге байқаусызда келіп қалдым ба?

Жүргізуші: Иә, Алдар көсе қош келдің!

Алдар көсе: Мен Көктем мерекесіне қонаққа шақырып еді, асығып жүріп мен бір затымды жоғалтып алдым және де аты есімнен шығып кетті, соны іздеп жүріп қайда кіріп кеттім өзі.

Балалар жауабы: Сіз мектепке келдіңіз.

Жүргізуші: Балалар, олай болса Алдар көсеге көмек берейік!

Алдар көсе: А, жарады сендер маған көмек беретін болдыңдар, қандай тамаша болды. Балалар мына бір қағазды тауып алып едім, бірақ оқи алмаймын.

Жүргізуші: Кәне, беріңізші, көрейік.

Құрметті Алдар көсе! Сіздің затыңызды табу үшін мына тапсырмаларды орындау керексіз. Ол тапсырмаларды бәйшешек гүлінің астынан табасыздар. Сол тапсырмаларды дұрыс орындап шықсаңыз затыңыз табылады. Әр тапсырма дұрыс орындалып отырса, сізге телефоныңызға хабарлама келіп отырады. Сәлеммен, Көктем ханшайымы!

Алдар көсе: Балалар, ол тапсырмаларды орындай аламыз ба? Орындай алмасақ менің затым табылмайды және де мерекеге бара алмайтын сияқтымын.

Тәрбиеші: Қалай балалар тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар жауабы: Иә, дайынбыз.

Ендеще, «Ұлттық құндылықтар – ұлт руханияты» квест ойынын бастаймыз.

1 –аялдаманың жұмбағы:
Өсе келе, бабалардың ізін басар,
Жақсы ұстаз үлгілі етіп ісін жасар.
Директордан кейінгі адам болып,
Шәкірттермен құрбысындай сырласар. Ол кім? Шешуі - Майра Садыралықызы

Тапсырманы Майра Садыралықызы береді.

  1. Тапсырма: Сұрақ – жауап

  1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

  2. Бәріміз бауырсақ ертегісін жақсы білеміз! Ертегі бойынша бауырсақ қашып кетеді.
    Бір күні кемпір бауырсағын пісіріп, дала шығарып, кейін келіп қараса, бауырсақ қашпаған! Неге? кемпір қандай амал қолданды? (бауырсақты төртбұрышты етіп пісірген)

  3. Бірден жетіге дейінгі саналатын сан есімнің түрін ата

Алдар көсе: Жарайсыңдар, 1- тапсырманы дұрыс орындадыңдар маған хабарлама келді.

2 –аялдаманың жұмбағы:
Сөздерінен жылы лебіз таралғандай, 
Бәрімізге ғылым жолын сала алғандай. 
Ешқашан да кек сақтап, ренжімейді 
Мейірім мен шапағаттан жаралғандай. Ол кім? (Пернегүл Жақсылыққызы)

Тапсырманы Пернегүл Жақсылыққызы береді.

2 – тапсырма: Пазл құрастыру.

Алдар көсе: Тамаша, 2 тапсырманы да дұрыс орындадыңдар, маған тағы хабарлама келді.

3 –аялдаманың жұмбағы:

Әрқашан да сабаққа асықтырар, 
Келбеті де білім нұрын шашып тұрар. 
Қарасөзді бәрімізге жаттаттырып, 
Қазақы тәрбиеге ғашық қылар. Ол кім? (Роза Серікқызы)

Тапсырманы Роза Серікқызы береді.

3 – тапсырма: «Жасырын ертегі» Бұл аялдамада балаларға ертегілерден алынған қысқаша текст беріледі. Тексті оқу арқылы ертегі атын табу керек.

4 –аялдаманың жұмбағы:

Ана тілдің қазанында қайнаған,
Тар жолдардан, тарлан ғой, таймаған.
Ол ұстаздың сабағы ерекше,
Сол себепті қазақ тілден сайрағам. Ол кім? (Ұлжан Нұртайқызы)

Тапсырманы Ұлжан Нұртайқызы береді.

4- тапсырма: «Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» . Берілген сурет бойынша дәстүр атауын табады.

Алдар көсе: Керемет, жарайсыңдар, 4 тапсырманы дұрыс орындадыңдар әдеттегідей маған хабарлама келді.

Жүргізуші: Соңғы 5 –аялдаманың жұмбағын шешіп, тапсырмасын орындап көріңдер.

5 –аялдаманың жұмбағы:

Сыпатаев лицейінің даналары 
Талай-талай асуларды алар әлі. 
Мектептің 2 мыңнан аса оқушысы 
Бәрі – кімнің балалары.  Шешуі -Раушан Алмаханқызының

Тапсырманы Раушан Алмаханқызы береді.

5- тапсырма: Әріп таңдап, сол әріптен басталатын ақын – жазушылар есімдерін айтады.

Алдар көсе: Жарады балалар, есіме түсті қандай затымды жоғалтып алғанымды. Мен домбырасыз жүре алмаймын домбыра менің көмекшім, сырласым. Көп рақмет! (Қолына домбырасын ұстап, қол бұлғап, қоштасып, шығып кетеді.)

Тәрбиеші:Ал, енді балалар бүгінгі мереке құрметіне Алдар көсемен қара жорға биін билеп жіберейік.

Би: «Қара жорға



 



1-жүргізуші:


Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,


Ана тілін білмеу қандай заңдылық!


Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.


Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.



2-жүргізуші:


Кіршіксіз қардай сақтаңдар,


Қазақтың тілін ғаламат.


Ана тіл – арым, иманым,


Аманат, саған, аманат.


1-жүргізуші:


Қадірменді көрермендер! Келесі кездескенше аман болыңыздар!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!