Материалдар / Тіл меңгерудегі әдіс-тәсілдер мен ресурстар тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл меңгерудегі әдіс-тәсілдер мен ресурстар тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер тіл меңгеру дегі әдістер туралы мәлімет алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
220
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Умыралиева Сара Абжабаровна

І деңгейлі ағылшын тілі пәні

мұғалімі, мектеп тренері

О.Әубәкіров орта мектебі

(Алматы облысы,Жамбыл ауданы)



Тіл меңгерудегі әдіс –тәсілдер мен ресурстар тиімділігі

Еліміздің күннен-күнге дүние жүзі елдерімен қарым-қатынасы дамып жатқаны айқын байқалады. Халықаралық қатынастар біршама дамып, шетел тілін оқыту адам өмірінің маңызды бір құралы болуда. Шетел тілін жаңаша оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Ұстаздардың сабақты жобалаудағы, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы жауапкершілігі білім алушылардың шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас қалыптастыруы на мүмкіншіліктер туғызады. Олар аз уақытта жаңа технология көмегімен үлкен жетістіктерге жете алады. Сондықтан әр мұғалім өз сабағында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстара алуын қамтамасыз ету керек деп ойлаймын. Сабақ барысында білімді меңгеру деңгейі бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығының деңгейін анықтап отыруға болады. Оқушылардың алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай ойындар викторина шешу, рольдік ойындар арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет деп санаймын. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Солардың бірі – оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыта отырып мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту. Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу барысында тілін дамытады. Өз тәжірибемде оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? деген сұрақ туындады.

Сөйлем құрату, сипаттау әдістері дұрыс та нақты сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі-жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда өте маңызды . Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Білім алушыларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, тапқырлыққа үйретеді. Нәтижесінде олардың тілі, ойлау қабілеті дамиды. Мақал-мәтелдер білім алушыларға ой салумен қатар, оларды көркем сөйлеуге жаттықтырады, сөйлеу мәдениетін дамытады. Осы қатарға жағдаяттық, рольдік ойындарды жатқызуға болады. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті.

Оқу материалдарын меңгеру көп жағдайда әдістерге ғана емес қолданылатын ресурстарға тікелей байланысты. Себебі, ресурстар оқушыларға нақты бейнелі түсінік берудің бірден-бір шарты. Сондықтан сабақта ресурсты тиімді пайдаланудың құндылығы былай тұжырымдалады. :

Оқушыларды белсенділікке жұмылдыру

Сабаққа қызығушылықты ояту

Еңсерілетін материалдың көлемін кеңейту Шаршауды азайту

Оқушылардың шығармашылық қиялдарын жаттықтыру

Ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияны , техникалық құралдарды пайдалану, мұғалімнің қиындаған жұмыстарын жеңілдетіп, жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік тудырады. Осындай жолдардың бір түрі компьютерлік бағдарлама түрлері.Қазіргі заман оқушысы үшін компьютер өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Ағылшынтілі сабағында компьютерді қолдану формалары: 

1. Лексиканы меңгеру. 

2. Сөйлеу дағдыларын дамыту. 

3. Диалогты және монолгты дамыту. 

4. Жоба жұмысына үйрету. 

Адам үшін ең маңызды нәрсе өз қолымен жасағаны екенін ескерсек презентация жасауға оқушылар қызыға қатысады. Соңғы жылдарың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр.Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан-жақты қалыптасқан, бәсекелестікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу.Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады.Бірақ оқушылардың білімді игеруінде біраз проблемалар туындайды.Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:

  • Оқыту үрдісінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде;

  • Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау,

  • Алған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы

Мысалы: оқушыларды жобалау әдісі бойынша тапсырмалар беріп, материалдар жинақтауға бейімдеймін. Сол жинақталған материалдарын презентация жасап толықтырып, ғылыми жұмыс жасауға негіздеуге болады. Бұл- жобалау әдісі. Бұл әдіс 1920 жылдары АҚШ-та пайда болған.Бұл әдістің авторлары американдық ғалымдар Д.Дьюи мен У.Килпатрик. Джон Дьюидің айтуынша, «баланың дамуы, оның тәжірибесін жетілдіру-тәрбиенің негізгі мақсаты. Мысалы оқушылар «Клондайктің алтын дүрлікпесі» Жазушылар мен ғалымдардың өмірбаяны мен еңбектері туралы презентацияларды қызыға жасап қорғап шықты.

Бұл әдістерімнен мен презентацияның оқушы үшін де, мұғалім үшін де алатын орны ерекше дер едім.

1.Презентацияны сабақта қолданудың оқушының дара қасиетін дамытады

2. Презентация сабақтың тиімді өтуіне әсер етеді Презентацияны қолдануды төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады

Мотивтендіру

Жоспарлау кезеңі

Ақпаратты жинау кезеңі

Рефлексивті бағалау кезеңі

Ағылшын  тілі  сабағында  интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық  тапсырмалар орындауға болады. Видеоның тіл үйрену үшін мүмкіндігі өте зор. Ресурстың бұл түрін пайдалану мынадай құндылыққа қол жеткізеді.

-Оқу ақпаратының көп қырлылығы және бір уақытта көру,тыңдау және сөйлеу мүмкіндігіне ие болады.

-тыңдау, сөйлеу дағдыларының қалыптасуы мен дамуына зор әсерін тигізеді. Осы орайда

төрт тілдік дағдылардың ішінде әсіресе тыңдалымды жүзеге асыру оңай емес екен. Балалар сөйлейді, оқиды, жазады, алайда оларды сыныпта басқаларды тыңдауға дағдыландыру үшін көп тер төгу керектігін айтады ұстаздар. Мыналар қиын екен оқушылар үшін:

- біреу сөйлегенде оның сөзін бөлмеу,

- сөйлеп тұрғанды мұқият тыңдау,

- тыңдаушының айтқанын түсінуге тырысу,

- сөйлеушіге қолдау көрсету,

- жылы қабақ таныту,

- «Мен айтайыншы!» деп қолды безектетіп көтермеу,

- белсенді тыңдау тәсілдерін қолдану,

- сөйлегенге кері байланыс ұсыну.

.Сондықтан бірінші кезекте оқушыларды белсенді тыңдауға үйрету қажет. Бұл үшін «Тыңдау ережелерін» қабылдап, қағазға жазып, сыныптың ең көрнекі жеріне оқушылардың көз алдында болуы үшін іліп қоюға болады.

Белсенді тыңдауға қолданылатын әдістер:

- «Күнбағыс» тәсілін қолдану, яғни біреу сөйлегенде сыныптағы барлық оқушылар соған қарай бүкіл денесімен бұрылады,

- сөйлеушінің әр ойына (әр айтқан сөйлеміне) «Yes!», «You are right!», «That’s right!» деген сияқты дауыстап қолдау көрсету,

- жағымды ишарат жасау (бас изеу, шапалақ ұру, басбармақ көрсету, т.б.),

- сөйлеушіге ашық сұрақтар (нақтылаушы, бағыттаушы) қою,

- сөз аяқталғаннан кейін кідіріс (пауза) жасау,

- бағалау, кері байланыс беру,

- сөйлеушінің айтқанын қорытындылау,

- «айна» - сөйлеушінің соңғы сөздерінің ретін ауыстырып қайталау,

- «жаңғырық» - сөйлеушінің соңғы сөздерін қайталау,

- парафраз – сөйлеушінің айтқанын басқа сөздермен жеткізу,

- сөйлеушінің ойын жалғастыру,

- сөйлеушінің сөздерін қалайша түсінгендігін айту, интерпретациялау,

- жағымды эмоцияларды білдіру,

- қандай ой мен сезімдерді тудырғандығы туралы айту,

- сөйлеушінің сөйлегенін мынандай сөздермен қолпаштау: «Great!», «Good!», «Well done!», «I liked it!», т.б.



Жалпы ресурстарды оқытушыларға және оқушыларға арналған деп бөлуге болады. Дыбыстық жазбаны(таспа)кө қолданамын.Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше.

Электрондық оқулықтарды ,пайдаланған тиімді жоғары сынып оқушылары үшін әр тақырыптан кейін жаттығулар мен рольдік ойындар, грамматика үшін тест жұмыстары беріледі. Келесі түймесін басу арқылы нәтижесін дер кезінде біліп отырады.

Қорытындылай келе әдіс- тәсілдерді, сабақ ресурстарын қайда, қашан, қалай қолдануды және қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынын білуіміз қажет. «Өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену»(«Life long learning») ұстанымына өзгергенін ұмытпауымыз керек.

Өмір бойы оқып үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асады.

-үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу

-оқу\оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану

-оқу\оқытуды бағалау

Бүгінгі күні білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелер мынадай: « Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделгенқарым-қатынас арқылыжүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы үйренуге \үйретуге болады.»



1.«Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..

2. Қазахстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары».

3. Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения /

4.һttp://strategy2050.kz/book/post/id/52/ «PISA Халықаралық зерттеуі» Әдістемелік құрал-Астана :ҰББСБО,2013.

5. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. Әлімов А.Қ. Астана 2014















































e-mail: umyralieva67@mail.ru

mobile 87762043005

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!