Материалдар / Тіл мерекесіне орай өткізілген «Тілі басқа, тілегі бір» танымдық сайыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тіл мерекесіне орай өткізілген «Тілі басқа, тілегі бір» танымдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мерекесіне орай өткізілген «Тілі басқа, тілегі бір» танымдық сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
301
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тілі басқа, тілегі бір» атты мерекелік әдеби-сазды кешіміздің өтілу барысы.

Мақсаты : Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру елін жерін өз тілін құрметтеуғе тәрбиелеу. Ағылшын, орыс тілдеріне деген қызығушылығын оятып, дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың жан-жақтылығын дамыту. Көрнекіліғі: қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі нақыл сөздер, Қазақстан Республикасының рәміздері, кітап көрмесі,буклеттер. Тілден артық қазына жоқ. ,Тілден артық қасиет жоқ . (Н.Ә. Назарбаев)



  • Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде . Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.
Қазақ тілі түркі тектес тілдерге , соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түрік тілдес халықтар: қазақ , қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ , татар, башқұрт, әзірбайжан, тува, хақас , алтай , құмық жатады . Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрады. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар да өз тілін ана тілім деп есептейді. Қазақ тілі -қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызымет етіп келеді. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды , техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғаевтың айтқанындай, «Ана тілін сүймеген адам,халқын сүйіп те» жартпайды . Тілді жасаушы халықтың өзі. Сондықтан халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген адамның болашағы жоқ .Қазақ тілі – дамыған, жетілген ,бай икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын . Қазақ тілінің байлығы - қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез-келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады .

  • Бүгінгі «Тілі басқа, тілегі бір» атты мерекелік әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан «кең болсаң, кем болмайсың» дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігіне басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
  • Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Оны біздің қазақ халқы зор қуанышпен қарсы алды. Тілден асқан асқар жоқ,
Тілден асқан, байлық жоқТілден асқан, теңіз жоқ- дей келе бүгінгі кешмізгі өзінің ана тіліндегі тақпақтарға кезек берейік



  • Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссе тілім мен де бірге өсемін Өшсе тілім, мен де бірге өшемінТұманбай Молдағалиевтің «Ана тілі» өлеңі

  • Тіл байлығы- ой байлығы
Тіл барша халықтың ортақ игілігі- дей келе келесі кезекте 7 класс оқушылары «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындап өздерінің жан-жақтылықтарын көрсетеді.

  • Сүйемін өз тілімді – ана тілім
Бесікте жатқанымда ақ берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнінЖангелдина Ақниет « »

  • Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін
Қазақ осы «Өнер алды- тіл» дейтінҚазақ осы қарасың ба, ақсың баҚоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.



  • Халқының әдет- салтына
Ойлана қарап түйін түй Шаттық сыйлап жалпыға Жалғаса берсін ән-күй, биБүлдіршіндердің өнерімен «Қазақ биін» қабыл алыңыздар

  • Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері барАқылдының сөзіндей ойлы-күйліТыңдағанда көңілдің өсері бар.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятарӘннің тәтті оралған мәні оятар

  • Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай;
Ана тілің арың бұлҰлтың боп тұр беттеӨзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте-дей келе ағамның тіліндегі өлеңдер менӘн-шашуды қабыл алыңыздар;

  • Әндетіп шалқып, қиялға сүйеп,
Ашыла түсер көңілдің күйіӨзіңде үйрен, балаға үйретАбайдың тілін, Жамбылдың тілін.



«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекерайтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс.Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендепжатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын.





  • Қасиетің, ана тіл, аз ба сенің,
Өзің барда ескірмес, тозбас елім.Сен болмасаң ұлы ақын Абай ақын болып,Мұқағали отты өлең жазбас еді.



  • Ана тілім, жүрегісің анамның
Жүрек Ана, мен өзіңнен таралдым.Сағат сайын саулығыңды тілеймін Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның

  • Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп тірілді елімАрманыммен, арыммен қатар қойып,Тілді қорғау – парызым бүгін менің

  • Елім деп еміреніп, тілім деп тебіренген ақын Мұхтар Шахановтың осындай керемет отты өлеңі кешіміздің арқауы болып отыр. Олай болса кешімізге қатысып отырған ұстаздарымыздың бірі Бақтылы апайға сөз берейік.
Ән: «Қазақ елі»

  • Міне құрметті ұстаздар, оқушылар. Әдеби-сазды кешіміз аяқталуға жақын қалды. «Ана тілі- бәріміздің анамыз, өйткені ол- ұлтымыздың анасы», «Ана тілін қадірлеу- әр азаматтың перзенттік парызы» демекші, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпай ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз. .. келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын! Тілімізді қастерлеп, биік тұғырынан түсірмейік, ағайын!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!