Тіл- достық
көпірі
Мақсаты: 1.
Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің
көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі
маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын,
шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы
дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу,
шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне
сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге
атсалысуға шақыру.
Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай
ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана
сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі –
Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір
елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын
баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз
шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы
тиіс.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі,
діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян.
Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт
өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет
қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық
тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң
актілерімен қамтамасыз етілген.
Оқушыларды
тыңдайық
Қазақ тілі –ұлт тілі (1
оқушы)
Дүние жүзінде халықта тіл де
көп.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің
Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
мәртебесіне ие.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ
тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ
және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл –
халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің
ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің
кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде
дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып
табылады.
Қазақ тілі өте бай тіл
білгенге.
Оның сырын түсіну де
тереңде!
Сан ғасырды бастан кешкен қазақ
тіл
Дәл қазірде жойылуы
мүмкінбе?
Жойылмайды, жойылмайды туған
тіл.
Тілдің сырын тереңірек бойлай
біл,
Жоғалту да, дамыту да
тіліңді
Өз қолыңда, соны елім,ойлай
біл!
Кейбіреулер туған тілін
білмейді.
Білмесе де білгісі олар
келмейді,
Туған тілін түсінбеген
азамат
Өз ұлтының қасиетін
сезбейді.
Қате болар туған тілін
білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой
берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не
дейін?
Туған тілін білгісі де
келмесе!
Үйрен тілді баста бәрін
жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір
арман,
Ана тілім Қазақ тілін
құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас
бабадан.
ар тілегім қазақ тілі гүлдеуіӨзге тілмен араласып
жүрмеуі.
Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.Кей қазағым тілін
мүлдем білмеуі!ОқушыӘлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілжәне
әдеби тілАна тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық,
техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық
әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара
қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық,
ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің
қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі
әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы
жетіп отыр.белгілі.1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы”
Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және
бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші
тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі болып табылады” деп жазылған.
Тіл туралы мақал
–мәтел, қанатты сөздерді айтайық
Өнер алды – қызыл тілТіл адамдар арасындағы
қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл
арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.Тіл арқылы біз
оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар
сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.Тіл халықпен бірге жасайды,
дамиды, өркендейді.Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз
оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл
– халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы.
Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің
осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.«Тіл
–құдірет».«Тіл - тәуелсіздік тұғыры».Өз тілін сезбеген бала — ана
сүтін татпаған жетіммен тең.Әр халықтың өзінің ана тілі бар.Тіл –
жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл
перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар
киелі ұғым.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға
жетпес мұра.Тіл – еліміздің іргетасыҰлттың қуаты тіліндеТілдің адам
өмірі үшін мәні айрықша.Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».«Тіл
– асыл ойдың бұлағы».Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің
әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп
санауға болмайды.«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін
мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының
бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.Олай болса, «халық пен
халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы
М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы -
тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта
ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту -
бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан
да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай,
мәртебесін көтере білейік!
Қорытынды
сөз
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі.
Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ
тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген
қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ
тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті
жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша
сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.
Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде
жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.Сондықтан
да