400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл қазына "Жеті атасын білмеген жетесіз"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тіл - қазына" кеңейтілген пәнге арналған "Жеті атасын білмеген - жетесіз" мақалының мәні туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жеті атасын білмеген — жетесіз (мәтел). Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Қазір де солай. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.
Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі: "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің, атын білер. Одан әрі білу үшін адам 100 жылдан астам өмір сүруі керек емес пе?
Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма?
Олай болса жеті ата:

1. Бала.
2. Әке.
3. Ата.
4. Арғы ата.
5. Баба.
6. Түп ата.
7. Тек ата. (Ат-тек деген сөз осыдан шыққан сөз).




Тіл қазына

Алтын санаған аштан өледі.

Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқым ендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса  керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп: 

    – Оян! – депті.  

  –  Өзің  жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жер төленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің  былғары сақтияны табылар. Сақтияның аузын ашып-жапқан сайын ішінен бір теңгелік алтын ділдә аласың. Енді қалған өміріңе бұйырған несібе осы қанағат қылсаң, қарның тояды, - дейді де ғайып болады.  

    Жүрегі алып-ұшып, орнынан атып тұрған Сағат ұйықтаған жерінен оңға қарай он адым аттайды. Опырылған жер төленің оқпандай орнына кезігеді. Құлаған ошақтың  орнын тырналап қазып жатып: 

   ― Осыдан шалдың айтқандары расқа шығып, бір ділдә тапсам  –  тойынып тамақ ішермін. Екі ділдә тапсам, дүние  –  ай, бала шағамның жүрегін жалғар едім. Егер үш ділдәға жетсе, әйеліме арнап көйлек сатып алар едім, - деп қиялдайды.  

      Шалдың берген аяны айнымай келеді де, айтқан орыннан әмиян табылады. Бір  ашса – бір ділдә, екі ашса – екі.... Әмиянды жүз ашқанда, үйіліп жатқан ділдәларды көзімен жей отырып, Қарақұмның қақа ортасынан хан сарайындай  күмбезді үй салуды армандайды. Қарнының ашқанын да, балаларын да, бұл дүниеде әйелінің бар екенін де ұмытады. Көзіне қызылды-жасылды дүние елестеген Сағат мың, он мың, жүзмың, ..., миллион рет ашамын дегенше, арада екі апта уақыт өтіпті. Өстіп отырғанда дүниеқоңыз сорлының жүрегі үзіліп, бұл дүниемен қошайтысқан деседі.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.12.2022
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі