Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Тіл-татулық пен достықтың тірегі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Килишбаева Сандикул Мажитовна « К. Доспанова атындағы №16 орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Тәрбие сабағының тақырыбы: «Тіл-татулық пен достықтың тірегі» Мақсаты:жас жеткіншектер бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз анна тілін жетік меңгертіп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу,қасиетті анна тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу;
«Тіл-жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі.Тіл –қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы.Сондықтан да тіл-қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс». «Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі».
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер,нақыл сөздер, ребустар
Бастаушы: «Қазақ тілі-рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаған.Қазақ елінде,қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс.Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес,Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс.Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.Ендеше қазақ тілінің байлығына, икемділігіне, орамын тауып,қисынын келтіріп пайдалансаң,тұп-тура бал таматынына ешкімнің күмәні болмас.Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын.Олай болса бүгінгі «Тіл-татулық пен достықтың тірегі» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер.
1-жүргізуші Пирназар Дана: Қош келдіңіңздер,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші Доксабинов Абылайхан:Армысыздар,қымбатты замандастар!
1-жүргізуші Дана:Қазақ қазақ болғалы
Тіл үшін күрес-көргені.
Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі,-демекші толғауы тоқсан тілге арналады.Енді, тіл туралы жасырынған сөзді табамыз.
2-жүргізуші Абылайхан:Туған тілдің қазіргі мән-жайы қай қазақты болса да бейжай қалдырып отырған жоқ.Тәуелсіздік алып аңсаған бостандыққа қол жеткізсек те анна тілімізді өз дәрежесінде көтере алмай келеміз.
1-жүргізуші Дана :Туған тіл жайлы толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар,сірә.Бүгін біз де ана тіліміз жайлы сыр шертіп, қоғамның тіл жайындағы ой-пікірімен бөліскелі отырмыз.
Ән: «Анамның тілі»
2-жүргізуші Абылайхан : Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.
1-жүргізуші Дана: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.
Бата беру.
Қатысушылар:
Ақсақал – Маденбай Ғалымжан
Қария – Араббаев Анвар
қыз– Жакупова Мерейлі
кішкене нәрестелі ана-Арыстанбекова Айнұр
Бірінші көрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған қызға берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын!
Әумин!
Келесі көрініс – кішкене нәрестелі ана ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
- Ақсақал:
- Қолыңды жай, балам!
Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан-жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!
Әумин!
1-оқушы:Қасиетің,ана тіл, аз ба сенің,
Өзің барда ескірмес,тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.
2-оқушы:Асан қайғы,Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Жәнібек пен Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
3-оқушы:Сол туған тіл атауы-
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Осы тілді жек көрген
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен
Баба тілі-асыл дүр.
4-оқушы:Тілім менің,
Осы тілде шежірем,жырым менің!
Асан қайғы арманы,
Қорқыт күйі-
Тағдырыммен тағдырлас мұңым менің!
Тілім менің!
Бас бергенмен Махамбет тіл берген жоқ,
Тіл кесілсе не болмақ күнім менің?!
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп тірілді елім.
Арманыммен,арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау-парызым бүгін менің.
Тілім менің!
Ұлы Абайдай,Мұхтардай пірім менің!
Тұнығым рухани жан азығым,
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.
Туған жері-түп қазығы,айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр,салт-санасы-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы…
5-оқушы:Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ән: «Атамекен»
6-оқушы:Тәуба,тәуба,жаратқанға м ың тәуба,
Біреу болсам қайтер едің жан сауға.
Менің ұлтым қасиетті,киелі,
Жасық емес асыл оның сүегі.
2-жүргізуші Абылайхан :Ана тілін ұмытқан өз халқының өткенін де,болашағынан да қол үзеді.Солай емес пе?
1-жүргізуші Дана:Өнер алды-қызыл тіл,
Ой толғаған сырлы тіл.
Қалауын тапса қар жанып,
Тас тілетін алмас тіл.
2-жүргізуші Абылайхан:Тіл туралы ребус шешу (тіл- тас жарады,тас жармаса- бас жарады)
1-жүргізуші Дана:Жүсіпбек Аймауытов «Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.Ана тілі-жүректің терең сырларын,халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,сақтап отыратын қазына»
7-оқушы:Ана тілім,жүрегісің анамның,
Жүрек Ана,мен өзіңнен таралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
8-оқушы:Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе,
Ана тілім,егер сені ұмытсам.
1-жүргізуші Дана: Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік.
Мақал-мәтелдер сайысы:
1 топ «Алғырлар»
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
2-топ «Тапқарлар»
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.
Викториналық сұрақтар:
1-топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
2-топқа:
1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1997ж 11шілде)
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Әліппенің атасы кім? (А.Байтұрсынов).
2-жүргізуші Абылайхан:Әр адамның қасиеті мен мәдениеті өз халқын,өзінің атамекенін қалай білуімен өлшенбек.Ананың ақ сүтіне,уызына жарыған адам қашан да отаншыл,ұлтжанды болмақ.Әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына,өз ұлтына,өз Отанына деген құрмет деп білуі керек.
1-жүргізуші Дана:Елім деп еміреніп,тілім деп тебіренген ақын Мұхтар Шахановтың осындай керемет отты өлеңі тәрбие сағатымыздың арқауы болып отыр.
Бастаушы:Міне,құрметті ұстаздар,оқушылар,әдеби-сазды кешіміз аяқталуға жақын қалды. «Ана тілі-бәріміздің анамыз,өйткені ол-ұлтымыздың анасы», «Ана тілін қадірлеу-әр азаматтың перзенттік парызы» демекші,анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз…Келесі кездескенше ел аман,жұрт тыныш болсын.Тілімізді қастерлеп,биік тұғырынан түсірмейік ағайын!