Материалдар / Тіл-татулық тірегі. Сынып сағаты.2-сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл-татулық тірегі. Сынып сағаты.2-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл-татулық тірегі. Сынып сағаты.2-сынып.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2018
8278
35 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағатының тақырыбы: «Тіл-татулық тірегі».
Сынып сағатының мақсаты:1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, 
                                                 
 өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін  
                                               
түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға 
                                               
үйрету.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.
Сынып сағатының барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:   
        - Оқушыларды
түгендеу, назарын аудару. 
2.Кіріспе сөз: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
                        Туған тілде әнім менен сәнім бар.
                        Туған тілім тіл болудан қалса егер,
                        Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

       - Құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатының тақырыбы: «Тіл-татулық тірегі» деп аталады.
   3.  Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады. Қазақстанның жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Ұлт өкілдерінің тілдер мерекесі.   
«Ең қымбат қазына» деген аңызды оқып берейін.

  Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
       «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
     «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.

     - Cендер осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар? Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сендер маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
   Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек
        Туған тілім- тілі ата бабамның,
                        Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
                        Қайда жүрсең меніменен біргесің,
                        Түсінікті сендей жақын маған кім.
                        Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
                        Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
      Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
                        Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
                       
Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
Хандардың қайталама қатерлерін,
                        «Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
                        Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
                        Ұмытпа ешқашанда баталарын.
  Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
    Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.
Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
4.  «Кім шапшаң?»
     Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
    Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
                          Сөз өнері-киелі өнер.
     
Өнер алды- қызыл тіл.
                          Әдептің басы- тіл.
5. «Ойлан, тап!»
     Берілген сөздерден мақал құрастыру.
   ( ата, гүл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).
6.Қорытынды:
      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
       Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
     


Тексерілді: Сарсембаева А.С

18.09.2017

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!