Материалдар / Тілді дамыту туралы ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тілді дамыту туралы ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әдебиет сабағында оқушылардың тіл байлығын дамыту жолдары»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2023
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілерін қалыптастыру жолдары

Тіл анық болмаса, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі. Қазіргі кітап оқымайтын, телефондағы тиктокқа телмірткен заманда оқушылардың сөйлеу дағдысы тіпті нашар. Белгілі бір тақырыпта ой айту былай тұрсын, әдебиет сабағында шығарманы оқып, мазмұндауда 4-5 оқушы ғана белсенділік танытады, қалған оқушылар екі-үш сөйлемнен кейін кібіртіктеп қалады. Тіл мәдениетіне дағдыландыру, көркем, әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағының орны ерекше. Шебер мұғалім тіл дамытуда осы екі сабақты үндестіріп, бір бағытқа жұмсайды. Қазақ тілі сабағында да тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінеді, әрі әдебиетке бөлінген сағаттардан көп. Міне, осы сағаттарды тиімді пайдаланса, мұғалім оқушылардың көркем тілін қалыптастыруда біршама жұмыстар атқарады. Тіл дамыту – әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы. Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта жүргізіледі. Оқушыларының көркем тілін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту жұмыстарын 5-7 сыныптарда қолға алу керек. Себебі бұл кезеңде балалардың оқуға деген ынтасы жақсы болады. Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Мұғалім әрбір оқушыға жаңадан танылған бейнелі сөздің мән-мағынасын ашып, толық меңгертуге жол, әдіс іздейді; тіл мәдениеті бір күнде жасалмайды. Бала түйсігіндегі жекеленген сөздер бірте-бірте байып, күрделеніп, қолданысқа еніп отыруы тиіс. Оңайдан басталып, бірте-бірте қиындай берушілік, жүйелілік болуға тиіс. Оқыту үрдісін де жүйелілікті, дағдыландыруды қажет етеді. Ең алдымен біз баланы кітап оқуға үйретуіміз керек. Атақты ойшыл, жазушы И.Бродский: «Егер бір адам оқымаса – бұл оның жеке трагедиясы, егер мыңдаған адамдар оқымаса – бұл ұлттық трагедия» деген екен.

Егер бала бастауыш сыныптан бастап, есейіп өсіп кеткенше көркем әдебиетті оқып дағдыланған болса, ол тек білім ғана алып қана қоймайды, оның тіл байлығы дамиды, ой-өрісі кеңейеді. Бала ерте жастан кітаппен танысса, болашақта ол оқитын адам болады. Көзі ашық, көкірегі ояу, ізгі ниетті ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі құрал – балалардың кітап оқуы. Әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды. Бала өмірде жетістікке қол жеткізу үшін сауатты, білімді болып өсуі шарт, яғни ақпаратқа толы мына әлемде өз-өзіне сенімді болуы қажет, өзін еркін сезінуі керек. Алайда баланың кітап оқуға құмарлығын, үнемі ізденісте болуын, жаңа білім алуға талпынуы мен дұрыс ақпаратты таңдауын, қоғамда баланың теріс ағымның ықпалына түсіп қалмауын, жеке ойының болуы мен дұрыс құндылықтар жүйесінің болуын қалай қалыптастыра аламыз? Бұл сұрақтардың бір ғана жауабы бар: баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Кітап оқудың пайдасы неде? «Кітап оқуды сүйетін балалардың сөздік қоры бай, әртүрлі салада білімі мол, мектептегі оқу үлгерімі жоғары болады, өмірде жетістікке жетеді, заңбұзушылықтарға бармайды, тәртіпті әрі тәрбиелі болып қалыптасады» – дейді зерттеушілер. 5-6 сыныпта қысқа қызықты әңгімелер, мысал әңгімелерді оқуға ұсынып, оқыған әңгімелерін мазмұндай білуге дағдыландырудан бастаймыз. Мәтінді мазмұндау машығы әр баланың бойынан табыла бермейді. Статистика бойынша 9 оқушының 7-уі бастауыш сыныпта оқыған немесе естіген ақпаратты мазмұндай алмайды. Мәтінді мазмұндау барысында көбіне орта буын оқушылары қиналады. Алайда әр баланы бұған дағдыландыруға болады. Мазмұндау – оқудың маңызды бөлігі, сондықтан педагог балаға бастауыш сыныптан бастап мәтінді мазмұндау тәсілін түсіндіріп, оның мазмұнын түсінуді және негізгі ойын ажыратуды үйретуі тиіс.  Есте сақтау қабілетінің нашар болуы, оқу жылдамдығының төмендігі немесе ойын толық жинақтай алмау – балалардың мәтінді мазмұндай алмауының алғашқы себептері. Көбіне мәтінді түсінбегендіктен және негізгі ойын ажырата алмағандықтан бала мәтінді мазмұндай алмайды, сол кезде ол мәтінді жаттап алады. Механикалық жаттау тақырыпты түсінуге мүмкіндік бермейді, осы арқылы оқушыны оқытуда кемшіліктер жіберіледі, бұл оның алдағы оқуына тиімсіз әсер етеді.  Мәтінді мазмұндау тәсілі? Бұл үшін мұғалім балаларға бірнеше маңызды қағиданы түсіндіруі тиіс: 

  • Мәтінді жаттап алуға болмайды. 

  • Мазмұндау не талқылау кезінде бейнелеу құралдары мен лексикалық құрылымдарды көбірек қолдану керек.

  • Мәтінді мазмұндау кезінде логикалық тізбекті сақтау маңызды.

  • Сюжеттің негізін қалыптастыратын маңызды деректерді назардан тыс қалдырмау керек.

  • Көрініспен жеткізу маңызды.

Бұл – кез келген мәтінді, көркем не ғылыми мәтінді мазмұндау кезінде, сондай-ақ мазмұндаудың бес түрінің әрқайсысында қолданылатын негізгі қағидалар. 

  • Бастауыш сынып оқушыларына толық мазмұндау барынша түсінікті. Балалар оны жеңіл орындауымен қатар ол логикалық пайымдау мен сөйлеу дағдысын дамытады, балалардың жадысын жетілдіреді және балаларға мәтіннің маңызды тұстарына көңіл бөлуді үйретеді. 

  • Бастауыш сынып оқушылары үшін қысқаша мазмұндау қиынға соғады, бірақ ол мәтіннің маңызды аспектілерін ажыратуды үйретіп, егжей-тегжейлі баяндауды қажет етпейді.

  • Таңдамалы мазмұндауды мәтіннің жеке үзіндісі қарастырылатын кезде қолданылады.

  • Қара сөзбен және көркем бейнелермен жұмыс кезінде мәтіннің мазмұнына жақын мазмұндау қолданылады.

  • Ал шығармашылық мазмұндау білім алушылардың шығармадан көбірек эмоция алуын көздейді. 

Оқушыларының мәтінді мазмұндау машығы біртіндеп қалыптасады. Педагог балаларды осы тапсырманы орындауға біртіндеп даярлауы тиіс. 

1-ші кезеңде мұғалім сөздікпен жұмыс жасауы тиіс. Оқушыларға мәтінде кездескен түсініксіз сөздің бәрін түсіндіруі тиіс. Балаға белгілі бір мәтінді береміз. Мәтінді оқиды,оқу барысында кездескен мағынасы түсініксіз сөздерді стикерге түртіп алып отырады. Мысалы: адуынды, арнасына, шойырылтып, шымылдық, аластаңдар. Мәтінді оқып болған соң мұғалім тақтаға жапсырылған стикерге жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріп өтеді.

Адуын — адам мінезіне тән өктемдік әрекет. Адуын адам өзгелерге білдірмек болған ой-пікірін екпіндей сөйлеп, іс-әрекеті мен қарым-қатынасында ірілік көрсетіп, сөзінің үстемдігін білдіреді. Мінез сипатының адуындыққа қарама-қарсы мағынасын білдіретін екі жағы бар: бірі — адамның ойы мен сөзі жүйелі келіп, шындықты, іс-әрекеттің ақиқаттығын білдіретін болса, сөйлеушінің айтқандарын тыңдаушылар дұрыс қабылдап, оған әсерленеді. Ал екінші жағы — керісінше, Адуын адамның ойы мен сөзі істің мәнжайын білдіре алмайтын тек байбалам салу деп санап, оның айтқандары шындықпен жанаспайтын ірілік пен өркөкіректі білдіретін жағымсыз әрекет деп бағаланады. Ондай адамды жұрт ақыл-ойы таяз адам деп әжуалайды. Адуын бір жағынан батылдық әрекет деп саналады. Өйжені ондай адам ісінің шындығына көзіжетіп, ойындағы мақсат-мүддесін тайсалмастан батыл түрде білдіреді. Кездескен кедергілерден зиян шегемін деп қорықпайды, шешімі қиын істерге батыл кірісіп, оның пайдалы нәтиже беретіндігіне сенімді болады.

Арна – өзен аңғарының су ағатын бөлігі. Ені бірнеше метрден ондаған км-ге жетеді;

Шойырылу — белдің зақымдануы.

Шымылдық – ұлттық бұйым. Ашпалы және тұтас шымылдық деп аталатын түрлері бар. Оның кең таралған ашпалы түрі төсектің алдына тұтылып, түнде ұйықтаған кезде кеңістіктен төсекті бөліп тұратын камера қызметін атқарады. Мұндай шымылдық жібекатлас, ақ сұрып, торғын, торқадан тігіледі, сондай-ақ екі бөліктен тұрады. Биіктігі 2 м-дей, ені 4,5 м-дей болады. Басқы жиегіне әсемдік үшін зер салынып, көз тимес үшін үкі тағылады. Жасау шымылдықның термелі бау өткізілетін жері шымылдық балдағы деп аталады. Жоғары жағына екі-үш қарыс “шолақ ымылдық” (шымылдық желбіршегі) орнатылады.

Аластау — оттың киелi қасиетiне сенуден пайда болған тазарту тәсiлi, ұшықтаудың бір түрі. Аластау қазақтар арасында көне дәуірден келе жатқан анимистік және тотемдік наным-сенімге негізделді. Аластау — адамдарды бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтауға бағытталған әртүрлі әрекеттер арқылы атқарылады. Оттың көмегімен жасалады.Сол сияқты қандау деген нәрседе бар, малды, белгілі бір жануарды сойып қанын жағу. Енді осы сөздерді ақын өлеңде қалай қолданып тұр,түсіндіріп өту керек.

Осыдан кейін 2-ші кезеңде оқушыларға мәтіннің мағыналық бөліктерін белгілеуді үйретіңіз. Мұны жетекші сұрақтардың көмегімен іске асыруға болады. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»поэмасы. Поэмадағы сюжеттік оқиғлардың композициялық құрылымына талдау жасайды.

Оқиғаның басталуы.

Жетімкөл туралы аңыздар.

Көл еркесі – сұлу аққулар

Оқиғаның дамуы.

Ауру бала, тәуіп айтқан ем.

Оқиғаның шиеленісуі.

Аққуды атқан ана.

Астан – кестен көл беті.

Оқиғаның шарықтау шегі.

Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі.

Кие қасіретін тартқан ана.

Оқиғаның аяқталуы.

Аққуынан айырылған Жетімкөл.

Тақтаға ілінген поэмадағы сюжеттік оқиғлардың композициялық құрылымына қарай отырып мазмұнын баяндайды.



3-ші кезең бірге мазмұндауды және қорытындылауды қамтиды. Осыдан кейін балаларға біраз уақыт беріп, мәтінді қайталап оқыңыз. 5-ші, қорытынды кезең – мәтінді өз бетімен мазмұндау. 

Балаларға мазмұндауды үйрету үшін жұмыста балаларға мәтінді тез түсінуге көмектесетін түрлі техникаларды қолданыңыз.

Оқушыларға шығарманың иллюстрациялары бойынша мәтінді мазмұндауды ұсынуға болады. Ол үшін кітаптағы картиналарды қолдануға немесе өз бетіңмен сурет салуға болады.   

Мазмұндауға машықтандырудың тағы бір тәсілі – оқиғаны кейіпкердің атынан баяндау. Оқушы шығарманың бір кейіпкерін таңдап, осы кейіпкердің атынан сюжетті баяндай алады. 

Білім алушыларға сюжеттің негізгі желісі бойынша жоспар құруды ұсыныңыз, мұндай «шпаргалка» білім алушының оқыған ақпаратты тез мазмұндауына көмектеседі. Оқушы есейген сайын жоспар қысқа болуы керектігін естен шығармаңыз. 

Әрі қарай мәнерлеп оқуға үйрету, баулу баланың сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы тиімді әдістердің бірі. Мәнерлеп оқу жолдарын толық меңгерген оқушы «сөз асылын» табатын, «сөз мағынасын» ұғатын, «дарынды ,сөзді тани білетін» тұлға болып қалыптасады.

Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай, сөз аяғын жұтып қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстарды анық етіп оқу.

Көркемшығарманың негізгі ой терегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес .

Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше оны мәдениетті сөйлеуге үйретеміз деп айта алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, болып табылады.

Барлық балаларға өлеңді балабақшада да оқуға үйретеді, әр бала жай ғана үйрене алады, бірақ бәрі оны мәнерлеп оқи алмайды. Неге? Өйткені оларға мұны қалай жасау керектігін ешкім үйреткен жоқ. Егер сіз әдемі өлеңді оқи алмасаңыз, мұғалімдер сыныпты төмендетеді. Бұл жағдайда интонация басты рөл атқарады. Бұл қарапайым мәтінді оқып жатқанда да байқалуы керек, бірақ поэзия жағдайында бұл ең маңыздысы. Бірақ мұны қалай үйренуге болады және не істеуге болады, қандай ережелерді сақтау керек?

Өлеңді дауыстап көпшілік алдында оқу үшін бірінші нәрсе - бұл оның мәнін түсіну... Ол кімге арналғанын, автор оқырманға қандай эмоцияларды жеткізгісі келгенін, не айтқысы келгенін және жалпы не туралы айтқанын талдау керек. Содан кейін мәтінді міндетті түрде жаттау керек. Қағазға тыңшылық жасауға болады деп ойласаңыз да, көп үміт артпау керек.Өйткені толқу кезінде сіз мәтінді көрмеуіңіз мүмкін. Өлеңді есте сақтау үшін қанша жаттығу керек, қай жерде кідірту керек, ал қай жерде, керісінше, жеделдету керек. Сонымен қатар, айтпас бұрын, қай жерге баса назар аудару керектігін ойлаңыз.

Әрине, кез келген сөйлеу түсінікті болса жақсы қабылданады.Өлең оқуды үйрену үшін  айнаның алдында жаттығу жасау... Осылайша сіз өзіңіздің мимикаңызды көресіз. Өлеңді оқығанда бір деммен ұзақ сөйлемді айту керек. Сондықтан тыныс алу жаттығуларын жасау керек.


Өлең оқудың алдында өзіңмен күрес, әйтпесе сіз мүлде алаңдамайтыныңызды көрсетуге тырыссаңыз да, ол сіздің дауысыңызда естіледі. Дауыс біздің жағдайды жақсы жеткізеді. Тыныштандыруға тырысу үшін сіз бір -екі рет терең дем алып, дем шығарып, өзіңізді тыныш және жайлы жерде екеніңізді елестете аласыз.


Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін жүргізілетін жұмыстар:

  1. Шығарманы дыбыс таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру;

  2. Оқушыларға сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу;

  3. Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру;

10.Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде

қойылатын дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру.

Тіл мәдениетіне дағдыландыру, көркем, әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағының орны ерекше екенін. Шебер мұғалім тіл дамытуда осы екі сабақты үндестіріп, бір бағытқа жұмсаса мұғалім оқушылардың көркем тілін қалыптастыруда біршама жұмыстар атқаратынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Қазақ тілі сабағындағы жұмыстарды оқушыларды сөйлем құрауға үйретуден бастаған жөн. Оқушыларды терезеге жақын отырғызып, даладағы көрініске, дыбыстарға назар аударып, көрген нәрселерін ретімен дәптерге жазуды ұсынамыз. Балалар: Көктем айы. Күн жылы.Күн жарқырап тұр.Шөптерге шық тұрыпты. Ағаштар сидиып тұр. Құстардың дауысы естіледі. Балалар ойнап жүр. Иттердің дауысы естіледі деген сияқты сөйлемдерді жазады. Енді балаларға сөйлемдердің тым қысқа екенін, жазған сөйлемдерін толықтырып, кейбір жай сөйлемдерді біріктіріп күрделі сөйлем жасауды ұсынып,мысалмен түсіндіреміз. Мысалы: Көктемнің алғашқы наурыз айы. Көктем жақындап қалғаны білінеді,күн жылы. Жер бетіне биіктен күле қараған күн жарқырап тұр. Шөп ұшындағы моншақтай шық тамшылары күнге шағылысып жылт -жылт етеді. Бүр жара қоймаған ағаштар сидиып тұр. Құстардың шықылықтаған дауысы естіледі.Ойнап жүрген балалардың айғай -шуы естіледі.Әр жерден «әуп-әуп» деп еріне үрген иттердің үні естіледі. /еміс – еміс құлаққа келеді/. Осының бәрі тіршілікке өң беріп тұрғандай. Оқушыларға сөйлем құрауда синоним сөздерді, антоним сөздерді, диалект сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді кеңінен қолдану сөйлемді көркемдеудің бірден-бір жолы екенін түсіндіру. Оқушыларға сөздіктер туралы түсінік беріп, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, орфографиялық‚ диалектологиялық‚ орфоэпиялық сөздік, түсіндірме сөздіктер сияқты түрлері болатынын көрсетіп, және осындай сөздіктерді оқуға ұсынамыз. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер маңызды орын алады.

Тағы бір тиімді тәсіл «Шашыраған сөздер». Шашыраған сөздерді жинастырып,сөйлем құрап жаз. Мұғалім қай түсті айтады сол сөздерді жинастырады.

тігілген/ сырып/ жаздық/ жеңіл/ киіпті/ тақия/ шапан

кезде/ маржандай/ тістерін/ пайда/ жарасады/ күлген/ шұңқыр/ бетінде/ кішкене/ өзіне/ болатын/ ерекше/ екен/ көрсете

сары/ баяу/ гүлдері/ ақ /соққан/ дала/ ырғалады/ желмен/ қызыл



Сырып тігілген тақия, жаздық жеңіл шапан киіпті.

Маржандай тістерін көрсете күлген кезде бетінде пайда болатын кішкене шұңқыр, өзіне ерекше жарасады екен.

Ақ,қызыл,сары дала гүлдері соққан желмен баяу ырғалады.

Шашыраған сөздерді жинап,жазбаша сөйлем құрастыру.

Екінші бір әдіс сергіту сәті, мен мұны «Ой сергіту» деп алдым.Сабақта көне, қазақи әндерден үзінді тыңдату. Әр сабақта тыңдай берген соң баланың құлағына ұлттық қазақи әндер сіңіп қалады,қашанда жанына жақын болып тұрады, әрі көнерген сөздермен таныс болады.

Осылайша түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланы сөзді дұрыс қолдану және сөзді бедерлі жұмсауға, тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғап пайдалануға үйретеміз.



















Пайдаланылған әдебиеттер

1. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Алматы: «Мектеп», 1986 жыл.
2. Қирабаев С. Әдебиет – өмір айнасы. Алматы: «Мектеп», 1976 жыл.
3. Дайырова Ә. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы: «Мектеп», 1992 жыл.
4. Бітібаева Қ. Технология талаптары және әдебиет сабақтары. // «Қазақ тілі мен әдебиеті»журналы №2, 2004 жыл.







































Аннотация

Баяндамада қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың тіл байлығын дамыту жолдары қарастырылған.



Аннотация

В докладе рассмотрены пути развития языковых учащихся по казахскому языку и литературе.

Annotation

The research work shows the ways to develop speaking skills during the lessons of Kazakh language and literature.































Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі











Баяндама



Тақырыбы: «Әдебиет сабағында оқушылардың тіл байлығын дамыту жолдары»




















Орындаған: Қуатбекқызы А.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!