Материалдар / Тілдік бағдар. Қазақ тілі 6-сынып Көнерген сөздер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тілдік бағдар. Қазақ тілі 6-сынып Көнерген сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
6239
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ (1 )

Қазақ әдебиеті

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлы. "Еңлік-Кебек" дастаны

Күні:

3.12.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Ербулатова Даря Ербулатовна

Мектеп:

Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16 орта мектеп

Бөлім атауы

Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Түсіну жауап беру: 8.1.1.1Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Бағалау және салыстыру: 8.3.3.1. Шығарманың көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады: "Еңлік-Кебек " дастанының мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, дастанды мазмұндай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: "Еңлік-Кебек" дастанына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтап, жоспар құра алады, талдау жұмыстарын жасай алады.

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: дастанның көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды

Бағалау критерийлері

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанының сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау, дастанның көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдау.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Еңлік-Кебек " дастанының мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, дастанды мазмұндайды, дастанынның сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтап, жоспар құрады, талдау жұмыстарын жасайды, дастанның көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

жамағайын-аздаған жақындық, алыс туыстық;

сабаз-біреудің іс қылығына, мінез құлқына , кеңпейілдігіне риза болғанда айтылатын көтерме сөз;

абыз-ас білгір, білімдар адамдар;

барымта-жауласқан екі рудың бірінің бірі мал- мүлкін іштен тартып алып, кек қайтаруы;

жығыт-түркі терісінен жасалған тымақ.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қос ғашық, адал махаббат, халықтың надандығы,шарасыздық, махаббат жолындағы күрес,

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыздар?

2. Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?

3.Еңлік пен Кебектің қашуына не түрткі болды?

4. Екеуінің махабатына қарсы болу ру басыларына не үшін керек болды?

Ишара: мадақтау, арқасынан қағу, басынан сипау, жылы сөз айту

Алдыңғы оқу:

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен шығармашылығы

Құндылықтарға баулу:

"Мәңгілік-Ел" ұлттық идеясы. Құрмет. Отбасына құрмет.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы (5мин)

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысуына, зейін аударуына назар саламын.

Психологиялық ахуал "Сенімділік" әдісі арқылы орындалады.

Мақсаты: Оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.

Орындалу шарты:Оқушыларға таза ақ парақ алу сұралады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Сол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттер, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазады. Жағымды қасиеттерін өздеріне қалдырып, жағымсыз қасиеттерді қоқыс жәшігіне салады.

Үй тапсырмасын тексеру. "Жылдам қалам " әдісі арқылы орындалады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беру.

Орындалу шарты:

Әр адам өзінің қаламын көтеріп сұраққа жауап береді. Кім бірінші қаламын көтерсе,сол қалам иесі сұраққа жауап береді.

Дескриптор:

1. Өмір жолы туралы біледі.

2.Берілген сұрақтарға жауап бере алады

ҚБ: "Шапалақ" әдісі арқылы орындалады.

Zoom платформасы


8-сынып

"Қазақ әдебиеті" оқулығы

Алматы "Мектеп" 2018

Авторлары:

С.Дәрібаев

Г.Орда

А.Сатылова

56 бет.




Сабақтың ортасы

(25 мин)

Жаңа сабақ.

Ой шақыру. Оқушыларға тақырып туралы сұрақтар қойылады. Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты оқушылар өздері айтады

1.Қазақ әдебиетінде қандай ғашықтық жырларды білесің?

2.Ш.Құдайбердіұлы қандай дастандар жазды?

Олай болса, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Ш.Құдайбердіұлының "Еңлік -Кебек" поэмасы

3. «Еңлік –Кебек»дастанын тағы кім жазды?

Мұғалім сөзі.Иә,балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Еңлік - Кебек» дастаны,поэмасы

Ш. Құдайбердіұлы (1858 – 1931 ж.)
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақындардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы.
“Еңлік – Кебек ” поэмасы 1912 жылы жазылған, Семейдегі “Жәрдем” баспасында жарық көрген. Оқиғаның болған жері – Шыңғыстау өңірінде болған. Поэманы бастамас бұрын,

1.Поэма дегеніміз не?
2.Поэзия дегеніміз не?
3.Дастан дегеніміз не?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
ҚБ: «Мұғалім мадақтауы»
Ендеше балалар, біздің бүгінгі білуге тиісті әдеби ұғымымыз – пролог және эпилог.

Пролог (гр. prologos - кірісі көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын дұрыс түсіндіру. Пьесаның кіріспесі де Пролог деп аталады. Антикалық трагедия еур. драмада театр көрерменде багыттала отырып, сахнада көрініс басталуын білдірді.

Эпилог – көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді. Қазір поэманы оқу барысында пролог пен эпилогты табамыз.
Сергіту сәті:

Шәкәрімнің әні –
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
Оқулықпен жұмыс
Поэманы кезектесіп оқимыз
1-тапсырма Поэмадан прологты және эпилогты табамыз.
Дәптермен жұмыс Сөздікпен жұмыс

2-тапсырма:

Дискриптор: Поэмаға композициялық талдау жасай алады.
ҚБ: «Бір қошемет,бір ұсыныс»

Дескриптор

1.Дастанның мазмұны бойынша жоспар құра алады;

2. Дастанның композициялық құрылымына қарай талдау жасай алады.

3-тапсырма: Поэмаға сатылай кешенді талдау
Тақырыбы
Ескілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған заманның құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы
Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық
Жанры: Эпикалық ғашықтық дастан
Негізгі кейіпкер: Еңлік пен Кебек
Әдеби бағыт: Поэзия (поэма)
Өлең құрылысы: 11 буынды, қара өлең үлгісінде жазылған
Поэтикалық тілі: Суреттеу, монолог, диалог, мінездеу, портрет, теңеу, эпитет, метафора




















































Дескриптор

1.Дастанның мазмұны бойынша жоспар құра алады;

2. Дастанның композициялық құрылымына қарай талдау жасай алады.




ҚБ «Бағдаршам

Графикалық диктант жазады.



Слайд
Сұрақтарға жауап береді

Сабақтың соңы

( 10 мин)


Кері байланыс "Микрофон" әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Орындалу шарты: Сыныптастарыңнан кімді мақтағың келеді? Не үшін?

Сабақ ұнады ма? Деген сұрақтар төңірегінде жүргізіледі.


Бағалау:

Микрафон

Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Сабақ барысында сараланған тапсырмалар жүйелі орындалып, топпен жұмыста "ЖИГСО", "Ақпаратпен бөлісу" әдістері, жұппен жұмыста "Алты жебе" әдісі арқылы тақырып мазмұны меңгерілді. Оқушылар жазылым дағдысы бойынша жеке жұмыста тақырыпқа байланысты эссе жазды. Аталған тиімді әдіс - тәсілдерді пайдаланып, үнемі оқушылардың қызығушылығын арттырып отырдым.Топ құрамында әртүрлі деңгейдегі оқушылар бірігіп жұмыс жасады және қарқынды жұмыс атқаратын оқушылар басқаларға көмек көрсетті.

Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Сабақ барысында "Бағдаршам" әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Сабақта баға алған оқушылар Ш.Құдайбердіұлының"Еңлік-Кебек" дастанының мазмұнын білді, сұрақтарға жауап берді, дастанынның сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтап, жоспар құрды, талдау жұмыстарын жасады, дастанның көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, эссе жазды.

Қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды.



1.Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, георафия пәндерімен жүргізілді.

2.Денсаулық және қауіпсіздік

шаралары сақталды.

3. АКТ-мен байланыс жүзеге асты, сабақта Интербелсенді тақта қолданылды.

3.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) "Мәңгілік-Ел" ұлттық идеясы негізінде Құрмет. Отбасына құрмет сабақтың тәрбиелік элементі болып танылды.







Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Бүгін оқушылар нені білді?




Сыныптағы ахуал қандай

болды?




Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?



Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?



Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?



Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? .





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!