Материалдар / «Тілдік дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тілдік дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
210
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін дамыту ерекшеліктері.

Мектепке дейінгі жас – бұл бала тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, мектепке дейінгі кезеңде білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Мектепке дейінгі жас балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.Әрине мектеп жасына дейінгі баланың зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.

Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектепке дейінгі мекеме ғана мақсатты түрде ықпал ете алады. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Балалардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.

Қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде педагог жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қажет, олардың ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы шәкірт тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі білім алушы бала – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі білім алушы бала: Дүниетаным қабілеті жоғары; Дарынды, өнерпаз; Іздемпаз, талапты: Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы бес білім беру сала бойынша дамыту қажет. Ол: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Нәтежесінде: баланың ойлау, шығармашылық қабілеттері дамытылады.

Мектеп жасына дейінгі баланың қабілеттілігін дамытуда оның танымдық қасиеттерін дамыту қажет. Мектепке дейінгі балалық – адам өміріндегі қысқа кезең, бар болғаны алғашқы жеті жыл. Бірақ баланы ересектерден бөлетін дәл осы кезең, қамқорсыз сәбидің біршама толыққанды, белсенді тұлғаға айналады.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту үшін жас баланың психологиялық ерекшелігін жақсы білуі керек. Өйткені бала психологиясын білмей,баламен жұмыс жасап,одан нәтиже шығару мүмкін емес. Сондықтан «баланың бойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді?»-дегенді анықтау әлдеқайда маңызды. Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады, әрі қуанышқа бөлейді. Ол бүгін кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды. Алғашқыда басын жерден шаққа көтеретін,ол екі айдан кейін отырып,шылдырмақтармен ойнайды, ал тағы бірнеше уақыттан соң тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл қадам әлі сенімсіз, тәлтірек болғанымен, ең маңыздысы оның басталуында. Енді оның алдынан жаңа кең байтақ дүние – бұрын ол ағаш бесіктің тал қоршауының ішінде отырған кезде ойына кіріп те шықпаған жаңа дүние есігін ашады. Тағы бірсыпыра күндерден кейін ата-анасының ет-бауырын елжіретіп «ма-ма-ма», «ба-ба-ба» дегенді айтады. Содан соң сәби «мама» деп те, «папа» деп те, «бер», «ал» деп те айта бастайды. Әлі де сөз қоры аз болғанымен, бұл жердегі ең бастысы оның сөйлеуді бастағаны, оның адамзат тілінің бай қазынасына жол ашқаны. Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы қарапайындылықтан неғұрлым күрделі, ойланып атқарылатын қимылға ауысуы, сөйлеуді игеруі, дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы, міне, осылардың бәрі сәбидің дамуын сипаттайтын фактілер.

Жеке балалардың дамуындағы өзгешеліктерге, олардың өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бүкіл сәбилердің бәріне ортақ қасиеттер болады. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді.

Психолог ғалым Ә.Алдамұратов сәби жастан бастап, баланың өсуін, дамуын үш кезеңге бөліп сипаттаған: «Алғашқы саты-сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан он бір айға дейінгі сатысы деп аталады.Екінші саты-баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі-он бір айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтиды. Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп,сөйлеу тілін дамытады»,-деп қорытқан.

Мектеп жасына дейінгі баланың психикасы толық жетіліп қалыптаспағаны, қоршаған дүниені әлі толық танып-білмегені, сондықтан оның сөздік қоры да шамалы екенін барлық дерлік психологтар көрсетіп отырған. Т.Тәжібаев ол туралы былай деген: «Мектепке дейінгі бала заттар мен құбылыстардың шын мазмұны мен қарым-қатынасын толық аша алмайды.Заттардың мазмұны мен ішкі байланыстарын дұрыс аша алмағандықтан, бала көбінесе заттардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды» – деген.Бұдан жас бала затты танығанмен,оның қасиетін бірден біле алмайтыны анықталды, олай болса заттың ішкі сырын ашуға тәрбиешінің көмегі керек екені айқын.

Ал психолог Қ.Жарықбаев: «Мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді ұстап,байқап,сипап қарайды, олардың формасын,үлкен- кішілігін көреді.Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікте орналасуын жақсы аңғара алатын болады» -деп көрсеткен.

Мектепке дейінгі жастың психологиялық ерекшеліктері

Жетекші іс-әрекет – ойын, адамдардың іс-әрекеті және мінез-құлық нормаларын игеру.

1 жасқа дейін бала 7-14 сөз қолданады, бір іске назары ауып 15 минут айналысады, «болмайды» деген сөздің мағынасын түсінеді, жүре бастайды (+2 ай).

1,5 жасқа дейін баланың сөздік қоры 30-40 сөзді құрайды, ол жақсы жүреді, тамақ ішеді және оған айтылып отырған сөз екенін түсініп, суреттердегі бейнелерді танып, көрсетеді. Баланың негізгі сұрақтары: не? кім?

2 жасқа дейінгі сөздік қоры – 300-400сөзді құрайды, Баланың негізгі сұрақтары: мынау не? мынау кім? Зат есім, есімдік, сын есім, одағай, етістіктерді игереді. Сөйлем құрауы қалыптасады (қыз балаларда жиі 1,5 жаста). Сұрақтарды қоя білуі баланың ақыл ойының «жақсы» дамуын көрсетеді. Қаламды жұдырығына ұстап сызықтар сала бастайды, текшелерден мұнара орнатады.

2,5 жасқа қарай сөздік қоры 1000 сөзді құрайды. Бағыт-бағдарлы сұрақтар қояды: қайда? қалай? қашан? Бұл жаста тіл дамының тежелуі ойландыруы керек, психикалық дамуы және құлағының ауыр естуіне күмән бар.

3 жасқа қарай – Неге? Деген сұрақ туындайды. Балаға бағыт беретін сұрақтар қойып отырса ол көрген-білгенін айтып береді. Салалас құрмалас тіпті бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді қолданады, бұл оның ойлау қабілетінің жетілгендігін көрсетеді. Біреу, аз, көп деген не екенін түсінеді. Бүтін заттың бөлігін көріп танып біледі: құлағынан – қоянды, тұмсығынан – пілді.

3,5 жаста құрастыруды игереді, жоспарлау қасиеттері болады. Түрлі заттармен және сәл кейін – өз құрдастарымен сюжетті-рөлдік ойындардың үзінділері пайда болады. Бала әсерге берілгіш: ұялады, ренжиді, қуанады, қайғырады, мейірімді, қызғаншақ, ниет білдіруге қабілетті.

3-4 жаста – өзін таныту: мүмкін қылықтар: тыңдамау, қырсықтық, теріс қылықтар, қыңырлық, «үлкендерді балағаттау» («Мен, өзім» өзін мақтайды). Жалғыз ойнайды (заттық, құрастыру, сюжетті-рөлдік ойындар)

4 жаста өзі көрмегенді оған түсіндіріп айтып бергенді түсінуге қабілетті. Сурет бойынша мүмкіндігінше толық қарапайым әңгіме құрай алады, ересектердің бастаған сөйлемін ойланып толықтырады, қарым-қатынасқа қабілетті. Негізгі сұрақтары неге? Құрдастарымен сюжетті-рөлдік ойындар ойнайды. Бір іспен 40-50 минутқа дейін айналыса алады.

4,5 жасқа қарай алдына мақсат қоя біледі және оған жетуді жоспарлайды. Не үшін? деген сұрақтар қояды.

5 жаста бала өзінің тегін, атын, әкесінің атын, жасын, мекен жайын, үйге баратын көлікті айта біледі. Құрастырма ойыншықтарды қолдану біледі, кесте бойынша ойыншықты жинайды. Адамның бейнесінің негізгі мүшелерімен суретін салады.

5,5 жаста оқытудың барлық түрлері қолжетімді, ол негізінде оқытуға дайын.

5-6 жаста ересектермен дұрыс сөйлесе алады, ата-аналар тарапынан сүйіспеншілікке, мейірімділікке деген қажеттілігі жоғары, ата-анаға деген махаббаты, бауырмалдығы өседі – басқа адамды жақсы көру қабілетінің қалыптасуы үшін қиын кезең.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!