Материалдар / ТІЛДІК ТӨРТ ДАҒДЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТІЛДІК ТӨРТ ДАҒДЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
5-7 сыныптар үшін қазақ тілі пәнінің оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары, коммуникативті дағдыларды дамытуға арналған бөлімдерді қамтиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
1756
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«№14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ






Г. С. Бижанова



ТІЛДІК ТӨРТ ДАҒДЫ

5-7 сыныптар үшін қазақ тілі пәнінің оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары, коммуникативті дағдыларды дамытуға арналған бөлімдерді қамтиды.



Авторлық бағдарлама















Ақтау

2DrawObject1 021





ӘОЖ 371.214

КБЖ 74.202

Б52
















Бижанова Г.С.

Тілдік төрт дағды: авторлық бағ­дар­лама /

Г.С.Бижа­нова. – Ақтау, 2021. – 35 б.

ISBN 978 – 601 –357–020-4


  • Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға кең ауқымды құзіреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.

Бұл бағдарламада оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары, коммуникативті дағдыларды дамытуға негіз болатын сөйлеу, ойлау әрекеттерінің түрлері бойынша тілдік материалдар қамтылған. Оқушылардың тілдік төрт дағдыны дамытуға, тілді еркін игеруге, қарым-қатынасқа түсуге, алған білімдерін өмірде қолдануға, танымдық қабілеттерін дамытуына қажетті түрлі заманауи әдіс-тәсілдер қолданылған.


ӘОЖ 371.214

КБЖ 74.202



IDrawObject2 SBN 978 – 601 – 357–020-4 © Бижанова Г.С., 2021

КІРІСПЕ


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақ тілі ғы­лым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол – қазақ тілі Мәңгілік Елдің мәңгілік тіліне айналды», деген сөзі қоғамда қазақ тілінің дамуына зор үлес қосып, өз септігін тигізуде. Білім беру жүйесі – әр елдің даму болашағын айқындайтын жүйе. Әлемде болып жатқан толағай өзгерістер білім беру жүйесінің алдына бәсекеге қабілетті, кез келген жағдайда өзіндік шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға қалыптастыруды мақсат қойып отырғаны белгілі. Келешек ұрпақты ұлттық болмысымызбен сусындата тәрбиелеуде, еліміздің болашақ азаматтарына сапалы білім беруді алдына міндет етіп қоя білген, ұстаздар қауымы. Әрине, жас ұрпаққа қазақ тілін үйрету – еліміздің күрделі мәселелерінің бірі. Мектептегі қазақ тілі мұғалімі тілді үйретудің басты тұлғасы болып қала бермек.

Бұл – шындық.

Құрметті жеткіншек, қазақ тілі – қазақ халқының мәдение­тін, салт-дәстүрін жинақтап сақтаушы, оны кейінгі ұрпаққа жет­кі­зу­ші құрал. Сондықтан қазақтың сөздерінен ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинақтаған білімін, салт-дәстүрлерін, дүние­таным­дық көзқарастарын табуға болады. Тіл байлығы, сөз қоры халқымыздың рухани қазынасы екені белгілі. Қазақтың әр сөзі – ақпа­раттың көзі, әр мақалы – аз сөзбен көп ойды жеткізетін жеке-жеке ғылыми тұжырым. Тілді меңгерген сайын Сендер сол білімге бойлайсыңдар.

Тіл әлемді танудың құралы болғандықтан, Сендер қазақ тілі­нің теориялық, орфоэпиялық, орфографиялық және синтак­сис­тік нормаларын нақты игеру арқылы жазатын, сөйлейтін сөздердің стилін, міндеті мен мақсатын айқын біліп, қазақ тілінде сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастырасыңдар.

Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағ­ды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары – коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар.

Жас дос, қазақ тілінен тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым әрекет­те­рі­не баса назар аударуың керек! Сөйлесім әрекеті арқылы мәде­ниет­аралық қатысым құралы ретінде меңгер. Білімалушы ретін­де сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыруда, тілің­нің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн.

Айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамы­ту­да тілді еркін игеріп, қарым-қатынасқа түсе аласың. Алған білім­деріңді өмірде қолдануға бейімделеліп, танымдық қабілет­теріңді дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға дағдылан.

Өз ортаңның лидері болып, сөзіңнің салмағын арттырғың кел­се, сөйлегенде көңілге қонымды, адамға өтімді сөздің құпия­сын білгің келсе, көпшіліктің немесе сыныптастарыңның алдын­да сөйлеу қорқынышыңды жеңіп, еркін сөйлегің келсе, өз ой-пікіріңді толық жазғың келсе, Жас дос, менің «Тілдік төрт дағ­ды» авторлық кітабымды оқуға кеңес беремін. Ендеше, іске сәт, Жас дос!

Мектеп оқушылары қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгереді және оны ауызша және жазбаша қолдана білуі керек. Білімалушы, сөйлеу әрекетінің төрт түрін меңгеруі керек: рецеп­тив­ті – тыңдау және оқу, нәтижелі – сөйлеу және жазу, сонымен қатар тілдің олармен байланысты үш аспектісі – лексика, фоне­тика және грамматика. Тіл тұлғааралық қатынас құралына айна­луы үшін қарым-қатынастың барлық түрлерін және сөйлеудің барлық функцияларын меңгеру өте маңызды.

Мектепте қазақ тілін оқып-үйрену барысында оқушыларға оқытудың басты мақсаты – қазақ әдеби тіл нормаларын дұрыс қолдана білуге және сауатты жазуға үйрету; қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған білімін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін оның тілі арқылы таныта отырып, ана тілін қадір­лейтін тұлғаны қалыптастыру.

Қойылған мақсатқа сай жүзеге асырылатын міндеттер:

қазақ тілінің өзіне тән заңдылықтарын игерту және сол ар­қылы оқушының тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыру;

қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, қарым-қатынас бары­сында, тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым әрекет­терінде сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру;

қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктері мен лексикалық бірліктерінің бойындағы мағыналы байлықты, сөздердің жазылу мен айтылу нормаларын олардың қолданысы арқылы танып білу;

тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды сырт­қа шығару, таным құралы болу қызметтерін тілдік мате­риал­дар, оқылым және тыңдалым материалдары арқылы функ­цио­налды-коммуникативтік бағдарда игеру және оған қажетті түрлі дағдыларды қалыптастыру;

оқушыларды грамматикалық заңдылықтарды дұрыс мең­геруі арқылы сөз тіркесін, сөйлемдерді тұлғалық және мағы­на­лық жағынан дұрыс байланыстырып жаза білуге дағдыландыру;

оқушылардың жазбаша тілін дамыту, сауатты жазбаша сөйлеуге үйрету үшін ана тіліндегі мәтіндерді дұрыс, жүйелі жаза білу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;

оқушылардың жеке лексикалық бірліктерді, сөздерді дұрыс жаза білуге машықтануына күнделікті әрі жіті назар са­лып отыруын қадағалау;

оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ор­тада қолдана білуге үйрету;

оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамы­ту;

күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;

оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлт­тық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайда­ла­нуға баулу;

оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскер­лік дағдыларын жетілдіру;

өз бетінше ізденуге, тыңдаған ақпарат бойынша ой қоры­тып, мәдени, ресми қатынасқа бейімдеу;

қазақ тілінің әдеби нормаларын жетік білуге, граммати­ка­лық заңдылықтарын игеруге, сөйлейтін сөздің стилін, міндеті мен мақсатын айқын білуге баулу, қазақ тілінде сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

қазақ тілінің әдеби нормаларын жетік білуге, грамма­тика­лық заңдылықтарын сөздік қордағы көнерген сөздер мен жаңа сөздер, кәсіби сөздер мен диалекті сөздер, термин сөздер және олардың қолданыстары туралы теориялық білімдерді иге­ру;

қазақ тіліндегі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым ком­муникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұыс қолдана білу­ге үйрету;

тіл мен мәдениет арасындағы байланысты және тіл әлем­ді танудың құралы екендігін қазақ тілінің сөздік қорын игеру арқылы түсіну, әлемді қазақша таныту;

қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасауда, өзара пікір алмасуда, көзқарастарын білдіруде өз ойын жүйелі де нақты жеткізе алуға үйрету;

оқығанын, не естігенін ешбір қиындықсыз бәрін түсі­ну­ге, түрлі жазба және ауызша мәліметтерден нақты деректерді іріктеп алуға, тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізуге, кез келген тақырып бойынша дайындықсыз және жылдам күрделі тұрақты сөз тіркестері арқылы өз ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру;

күрделі және көлемді мәтіндерді түсінуге, ойлана оты­рып жылдам сөз тауып, ешбір дайындықсыз өз ойын жеткізуге, әлеуметтік, кәсіби және білімдік қызметінің шеңберінде тілді тиімді қолдана алуына, күрделі тақырыптар бойынша да өз ойын жүйелі жеткізе алуына жағдай жасау;

түрлі тақырыптар бойынша өз ойын нақты жеткізе алуы­на, кез келген тақырыптар бойынша пікірталасқа қатысуға, мем­ле­кет­тік тілдегі газеттердегі ақпараттардан қысқаша түсінік беруге үйрету;

күнделікті кездесетін тақырыптарға байланысты жай сөй­лемдер арқылы қиын емес мәселелерді шеше алуға, өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы жеткізуге дағдыландыру;

алған әсерін, басынан өткен оқиғаларын, арман-тілегі тура­лы жай сөйлемдер арқылы шағын мәтіндер құрастыруға бейім­деу;

өзін қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша түсі­нік­ті толық мәлімдемелерді жаза алуға машықтандыру;

өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлға­лық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды техноло­гиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім дең­гейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуі­не мүмкіндік беру;

шығармашылық ұстанымы арқылы оқушылардың түрлі шы­найы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік туғыздыру.

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру–үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны таба­тын өнер» – деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педаго­ги­ка жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден – бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықты­ратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, таби­ғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу. Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқы­ту­ды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткі­зу­ге болады:

қазақ тілінің өзіне тән заңдылықтарын игереді және сол арқылы тілдік құзіреттіліктерін қалыптастырады;

қазақ тілін ана тілі ретінде таниды, қарым-қатынас бары­сын­да, тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым әрекеттерінде сауат­тылықпен қолдану дағдыларын танып біледі, қолдана ала­ды;

қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктері мен лексикалық бірлік­терінің сөздердің жазылу мен айтылу нормаларын, олар­дың қолданысы арқылы танып біледі;

қазақ тілі адамдар арасындағы қарым-қатынас, таным мен ойлау құралы ғана емес, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін жинақтап сақтаушы және оны кейінгі ұрпаққа жеткі­зу­ші құрал екендігін танып біледі;

тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болуын, ойды сыртқа шығару жолдарын, таным құралы болу қызметтерін, тілдік материалдарды, оқылым және тыңдалым материалдары арқылы функционалды-коммуникативтік бағдарда игеру және оған қажетті түрлі дағдыларды қалыптастырады;

оқушыларды грамматикалық заңдылықтарды дұрыс меңгереді. Сөз тіркестерін, сөйлемдердің тұлғалық және мағы­на­лық жағынан дұрыс байланыстырып жаза білуге дағды­лана­ды;

оқушылар жазбаша тілін дамытып, сауатты жазбаша сөйлеуге үйреніп, ана тіліндегі мәтіндерді дұрыс, жүйелі жаза білу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыра алады;

оқушылар жеке лексикалық бірліктерді, сөздерді дұрыс жаза білуге машықтанады;

оқушылар сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік орта­да қолдана біледі;

оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамы­та­ды;

күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қол­дана білуге дағдыланады;

оқушы қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлт­тық салт-дәстүрімен танысып, мәдени ортада пайдалана алады;

оқушылар шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіре алады;

өз бетінше ізденеді, тыңдаған ақпарат бойынша ой қоры­та алады, мәдени, ресми қатынасқа бейімделе алады;

қазақ тілінің әдеби нормаларын жетік білудің негізін құрай­тын өзіне тән грамматикалық заңдылықтарын игеру арқы­лы жазатын, сөйлейтін сөздің стилін, міндеті мен мақсатын ай­қын біліп, қазақ тілінде сауатты сөйлеу дағдысын қалып­тас­ты­ра­ды;

қазақ тілінің әдеби нормаларын жетік білудің негізін құрайтын өзіне тән грамматикалық заңдылықтарын сөздік қордағы көнерген сөздер мен жаңа сөздер, кәсіби сөздер мен диалекті сөздер, термин сөздер және олардың қолданыстары туралы теориялық білімді игереді;

қазақ тіліндегі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұыс қолдана білуді үйренеді;

тіл мен мәдениет арасындағы байланысты және тіл әлемді танудың құралы екендігін қазақ тілінің сөздік қорын игеру арқылы түсініп, әлемді қазақша танитын болады;

қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды, өзара пікір алмасады, көзқарастарын білді­р­е­ді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізе алатын болады;

оқығанын, не естігенін ешбір қиындықсыз бәрін түсіне алады. Түрлі жазба және ауызша мәліметтерден нақты дерек­тер­ді іріктеп алып, тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізе алады. Кез келген тақырып бойынша дайындықсыз және жылдам күрделі тұрақты сөз тіркестері арқылы өз ойын жүйелі жеткізіп бере алатын болады;

күрделі және көлемді мәтіндерді түсінеді. Ойлана оты­рып жылдам сөз тауып, ешбір дайындықсыз өз ойын жеткізе ала­ды. Әлеуметтік, кәсіби және білімдік қызметінің шеңберінде тіл­ді тиімді қолдана алады. Күрделі тақырыптар бойынша да өз ойын жүйелі жеткізе алады;

түрлі тақырыптар бойынша өз ойын нақты жеткізе ала­ды. Кез келген тақырыптар бойынша пікірталасқа қатыса алады. Мемлекеттік тілдегі газеттердегі ақпараттар жөнінде қысқаша түсінік бере алады;

күнделікті кездесетін тақырыптарға байланысты жай сөйлемдер арқылы қиын емес мәселелерді шеше алады. Өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы жеткізе алатын болады;

алған әсерін, басынан өткен оқиғаларын, арман-тілегі тура­лы жай сөйлемдер арқылы шағын мәтіндер құрастыра алады;

өзін қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша түсінік­ті толық мәлімдемелерді жаза алады;

өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлға­лық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды техноло­гия­сы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді;

шығармашылық ұстаным оқушылардың түрлі шынайы жағдаят­тарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабі­ле­тін, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.






























5-7 сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарламаға

ТҮСІНІК ХАТ


Қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» – деп, кез кел­ген халықтың тағдыры, мәдениеті мен болашағы тіліне тікелей байланысты екендігін айта келіп, Мемлекеттік тіл халықтың рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі, ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор екендігін дәлелдеген.

Пәннің ерекшелігі. Авторлық бағдарлама – «Қазақ тілі» пәні­не қосымша жазба жұмысы.

Мемлекеттік тіл мәселесі – қай уақытта болсын мемлекет тара­пы­нан баса назар аударар басым бағыттардың бірі. Мемлекеттік тіл – халықты біріктіруші басты фактор екенін Елба­сы әр жылғы Жолдауларында ұдайы тілге тиек етіп келеді. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай туды­ру қажет», – деп атап көрсеткен бо­ла­тын. Бұл ретте мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласында қол­данып, аясын кеңейту жо­лын­д­а әрбір қазақстандық өзінің азаматтық мін­детін атқаруға тиіс. Демек, «Мәңгілік Ел» мұратына айналған мем­лекеттік тілді өз деңгейінде абыройын асыру, мәртебесін биік­тету – бәріміздің басты парызымыз. Осылайша, ел халықтарының тұтас­тығын, өзіндік бітім-болмысын сақтауда мемлекеттік тілдің маңызы зор.

Білімділік мақсаты. Коммуникативтік тəсіл арқылы оқу­шы­ның тіл туралы, ұлттық жəне жаһандық мəдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, қазақ тілін табысты үйретуге бағытталған.

әдеби тіл нормаларын дұрыс қолдануға арналған жұмыс;

орфоэпия және орфографиямен жұмыс;

синтаксистік нормалармен жұмыс;

əдеби тілдің лексикалық, грамматикалық, стилис­тика­лық, пунктуациялық нормаларымен жұмыс;

лексикалық бірліктерді дұрыс айту жəне дұрыс жазумен жұмыс;

өз пікірін еркін, ашық білдіруге арналған тапсырма­лар­мен жұмыс;

нақты жағдайларға сəйкес қарым-қатынас дағдыларын қолда­нуға арналған жұмыс;

әртүрлі жазба жұмыстармен жұмыс;

Бағдарламаның өзектілігі. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идея­сындағы «Мәңгілік елдің мәңгілік тіл» идеясын жүзеге асыру;

теориялық мәселелерді практикалық дағдының базасы бола­тынын пайымдауға үйрететін білімдік қызметі арқылы ұғын­дыру;

жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұра­лар­ды тіл арқылы меңгеруге болатынын, өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін практикалық жұмыстармен ұштастыру;

алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскер­лік­терін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін пай­д­а­лануға дағдыландыру.

Негізігі идеясы. Қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қол­да­ну. Тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқа­лар­мен еркін қарым-қатынасқа түсу. Аудиовизуалды материал­ды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру. Мәтін­дерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, ана­лиз жасау дағдыларын қалыптастыру.

Концепциясы. Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілін ұлықтау, құрметтеу, жетілдіру.

Оқытудың логикалық негізі. Мектеп бағдарламасындағы «Қазақ тілі» пәніне қосымша құрал.

Пәнаралық байланыс. Қазақ әдебиеті. Тарих. Жараты­лыс­та­ну. Өзін-өзі тану.

Білімалушы теориялық біліммен қатар практика жүзінде алған білімдерін қорыта алуға үйренеді. Берілетін тапсырмалар деңгейлеріне қарай сараланып, шығармашылыққа өзі бетінше машықтануға бағытталған.


































КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


Р/с

Сабақтың тақырыптары

Сағат саны

Негізгі ұғымдар


1

Кіріспе.


Тыңдалым дегеніміз не?

1

Тілдік төрт дағды.


Тыңдалым дағдысы.

Тыңдалым рецептивті дағды.

Тыңдалым түрлері. Әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама.

Тыңдалым дағдылардың ішкі дағды түрлері. Мазмұнын түсіну үшін тыңдау, нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау, детальді түрде тыңдау, сөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау, интенсивті тыңдалым,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!