Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Тілдің мерейі-елдің мерейі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы:Тілдің мерейі – елдің мерейі
Мақсаты: ұстаздар алдында жас ұрпақтың жанына ата-бабадан қалған күмістей тіл қазынасының сөз байлығын жеткізу, тіл мерейін көтеру.
Көрнекілігі: плакат, үнтаспа, әуезді музыка
Кіріспе сөз: Соңғы жылдары
ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық
педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен
мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны
еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді
кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата –
бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс – салтын, үлгі –
өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.
Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді
ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы
– тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі. Ана сүті бой өсірсе, ана
тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі
арқылы бабалар аманатына адал болайық.
Баяу ойналған музыканың сүйемелдеуімен:
Тілім менің...
Қазақ десе тіл түседі есіме,
Тіл – тірегің, сақта соны есіңе.
Бүгін тілім қанаты сынық құспен тең,
Оны, жұртым, жасырайын несіне?!
Сөйлеп қал, сөйле тілім, шаттанайын,
Жарқырап он жағынан туды айың.
Сенің асыл бойыннан қуат кетсе,
Сенімен бірге өлуге мен де дайын! деп ақындарымыз жырлағандай
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар!
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп
Қазақ тілін, Қазақ тілін сүйеміз,-деп жырлағандай бүгінгі «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады
Сайыстың талаптары
1.Таныстыру (топтың аты)
2.Мақал-мәтел (жалғастыру)
3.Жұмбақтар
4.Таңғалдыру сайысы , (үй тапсырмасы)
5.Көркем сөз, (мәнерлеп оқу)
6.Сұрақтар
I-топ |
II-топ |
Иманбаева Анар Сулейманова Гүлзар Ақбердиева Майра Құдакелдиева Ләззат Гусейнова Фируза |
Кезенбаева Нурзия Тоқтарбаева Раушан Балтабаева Маншүк Нурпазилова Сагила Аманқұлова Гүлнұр |
Орташа ұпай –4
Төмен ұпай -3
Әділ қазылар алқасы: Сейдахметова Г.Е
Нұрымбекова Р.А
Тазитдинова Ф.Ф
Ойын алты кезеңнен тұрады.
Бұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда келеді. Мысалы: «Логикалық», «Салт – дәстүр», «Мақал – мәтелдер», «Жұмбақтар».
Ендеше сайысымызды бастайық, сіздерге сәттілік!
Бірінші кезең «таныстыру»
Әр топ өз топ басшысын сайлап, таныстыруларын айтады және топтың аты қойылады.
Ел тарихы, жер тарихы –
өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Екінші кезең «мақал – мәтел»
Бұл кезеңде мақал-мәтелдің бастапқы жолдары оқылады, келесі жолдарын топ мүшелері табулары тиіс. Әр топқа 10 мақалдан оқылады.Жауап бере алмаған топ мақалын келесі топ жауап берсе болады
1-топқа берілетін мақалдар;
Ақыл шам шырағың түндегі,
Білімділік жарық көзі күндегі
Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде кесте тоқиды.
Піл көтермегенді, тіл көтереді.
Отыз тістен шыққан сөз
Отыз рулы елге тарайды.
Жақсы туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы
Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.
Ойнапсөйлесең де,
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Жүзден біреу — шешен,
Мыңнан біреу — көсем.
Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.
Кесірлі ауыздан
Кесапатты сөз шығар.
Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.
Ойнай берсең бала боларсың
Ойлай берсең дана боларсың
2-топқа берілетін мақалдар;
Ақыл саған ізгі дос, әділ жолдас
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның
Еңбек-адамның көркі,
Адам- заманның көркі.
Ашуың келсе — қолың
тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.
Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.
Аңдамай сөйлеген
Ауырмайөледі.
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.
Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Үшінші кезең «жұмбақтар жасыру»
Екі топтпрғада бірдей етіліп жұмбақтар жасырылады. Қай топ жұмбақтың шешуін тапса сол топқа ұпай сандары қосылады.
Шөкім бұлт жоқ, көгілдір
ашық аспан,
Жарқырайды алтын күн нұрын шашқан.
Бостандықтың белгісі, қыран-бүркіт,
Ою-өрнек мегзейді, бұл Қазақстан.
Жауабын бұл жұмбақтың тез табады,
Ұшқыр ойлы болса адам, елден асқан.
Көмейлете iндi,
Сүңгiтiп ем тiлдi.
Темiр кiсен дiнi,
Кейiн қарай шегiндi. (Кiлт)
Байқасаң қырық екі бар
болғаны,
Қосылып бір-біріне сөз қозғады.
Он бесінің кәдімгі дауысы бар,
Жиырма бесі дауыссыз ым жолдады.
Екеуі үнсіз-түнсіз мылқау нағыз,
Тоғызы шеттен келді, қабылдаңыз.
Тоғызы ерекше бір көрік берер,
Шешуін жұмбағымның ал табыңыз.
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
Баспана
көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң,
әке-шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды.
Асқақтатып Сарыарқа даламды,
Ерлік ісі үлгі болған бабамды.
Оң қолымен ұстап тұрып
жүрегін,
Бүкіл елім осы әнге салады.
Бір
жануар бар екен өзі сұсты,
Себеппен ортасында сызық түсті.
Бір жігітті тұрады
буындырып,
Дүниеде көрмедім ондай күшті.
/Сақина/.
Сары
қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.
(Қауын-қарбыз)
Темір
аяқты,
Ағаш таяқты.
(Циркуль мен қарындаш)
Темір
қайшы – қос қайшы,
Шығыршықсыз бос қайшы.
Еңбеккерге дос қайшы,
Еріншекке қас қайшы.
Өтпейді бір бос күні,
Ол? –
(Сағаттың қос
тілі)
Туған
жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты,
Керемет-ау кернеуі –
Тасты кесіп, жарыпты!
(Өзен)
Ойласам дүние жүзі дөп-дөңгелек ,
Бір нәрсе басбармақтай болса керек.
Жалғыз-ақбасқан жерде ізі қалар,
Оны да ойламай шеш, ақылы зерек.
/Мөр/
Дәу шеңбер шатырлы,
Төрт тамырлы,
Ақ жаулық жамылды. (Түңлiк, оның төрт бауы)
Жел соқса,
Жайқалып толқиды,
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
(Өлең)
Бірі – ыдысқа керек,
Бірі – жүріске керек.
(Аяқ)
Аяғы жер тiреп,
Таяғы көк тiреп тұр. (Киiз үй)
Төртінші кезең «Таң қалдыру, үй тапсырмасы»
Бұл кезеңде әр топ өз қалаулары бойынша үй тапсырмасын дайындайды.
Сен арқылы шертем мен сыр әдемі,
Жатсынбайды дауысымды жыр әлемі.
Қызғыш болып қорғаймын,қазақ тілі,
Туған жоқ па сол үшін,сірә,мені!
Бесінші кезең көркем сөз «Мәнерлеп оқу»
Әр топтың өзінің топ басшылары дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп оқу, нақышына келтіру, образға кіру.
Салт-сана,ата-баба дәстүрлерін,
Қазақтың ұмытпалық ырымдарын.
Білеміз діңге жағдай туылғанын.
Еліміз қазақ тілін белгіледі,
Осыны айтпай айтамыз енді нені?!
Ана тілі,ата мұра –алтын қорың,
Өз тілінді білмесең нағыз сорың.
Аңсаған арманымыз орындалып,
Қазағым іздеп жүріп тапты жоғын.
Алтыншы кезең «жалпы сұрақтар»
Екі топ мүшелеріне де он жалпы сұрақтар қойылады (логика,салт-дәстүр...т.б )
1.Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды ?(1989ж.22.09 және 1997ж.11.07.
2.Қандай сағат күніне екі рет айналады?
(Тоқтап тұрған сағат).
3.Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата?
( Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
-4. Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма?
(Жоқ, арасында түн бар).
5.Жеті қазына - Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат,
қыран бүркіт, берен мылтық, тазы ит.
6.- Жасы жүзге келген қария өзінің туған күнін қалдырмай атап отырған. Сонда ол 25 рет қана атап өткен. Ол қай күні туған?
(29 ақпанда туған)
7.Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8.Не қымбат?
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.
9.Қолданбалы сән ескерткіштерінің бірегейі. Ол біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. (Киіз үй)
10.Ең жүйрік- ой
Ең ақылды- уақыт
Бәрңнен күшті – қажеттілік, ол бәрінің әміршісі
Ең қиыны өзіңді-өзің тану
Ең жеңіл басқаларға кеңес айту
11.Егер түнгі сағат 12-де жауын жауып тұрса, 72 сағаттан кейін күннің ашық болуын күтуге бола ма?
Жауап: жоқ 72 сағаттан кейін түн болады.
12.Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отыруы мүмкін?
Жауап: Су ағаштың түбінде
13.Бес қару:
Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
14.Алты асқарды атаңыздар:
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.
15.Әдет
– ғұрып өлеңдерінің қандай түрлерін білесіңдер? (Жар – жар, сыңсу,
Беташар, Жоқтау, Тойбастар)
16. Бесікте жатқан нәрестеге қазақтар қандай жыр айтқан? (Бесік
жыры)
17. Қазақ ертегілерінің түрлерін ата (қиял – ғажайып, тұрмы салт,
хайуанаттар жайлы)
18. Төрт түлік малдың иесін ата.(қой – Шопан ата; жылқы – Қамбар
ата; түйе – Ойсылқара; сиыр – Зеңгі баба)
19. Ұлттық тағамдар мен сусындарды атаңдар (ет асу, бауырсақ,
ірімшік, құрт,талқан, айран, қымыз, қаймақ, қазы – қарта, жал –
жая, шұбат)
20. Киіз үйдің жабдықтары (шаңырақ, уық, кереге, түндік, үзік,
туырлық, басқұр, белдеу, ши, тоқымабау)
21.Су анасы не? Жола насы не? Сөз анасы не? (бұлақ, тұяқ, құлақ)
22.Шілдехана (салт)-өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі..Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады. Сүйінші сұраушылар ұл туса-«атұстар», қыз туса-көйлек тігер» деп хабарлайды. Бесікке салу.
23.Кәде (дәстүр) айтта, ойын-тойда тағы сол сияқты ажарлы, базарлы мейрамдарда берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды. Кәдеге тоқтау жоқ,дәлел жүрмейді, кәде беру-міндет. «ат өлсе де, кәде өлмейді» деген атамыздан қалған аталы сөз бар. Той кәделері: тойбастар, айттық, мүше сұрау, көрімдік,тәбәрік, жыртыс, сарқыт.
-Ал құрметті ұстаздар осымен біздің «Тілдің мерейі- елдің мерейі» атты сайысымызды мына бір өлең шумағымен аяқтағым келеді
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің
абыройым!
Тілдің құдіреті
Тіл деген – алып мұхит түбі терең,
Піспегі толқын шашқан күбі ерен.
Қадірін тілдің сұра сақаулардан,
Көзіне жас алып бір күбірлеген.
Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,
Арманның қиял жетпес баспалдағы.
Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,
Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.
Тіл деген – адастырмас темірқазық,
Өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.
Қорытынды. Мадақтау, марапаттау.
«Раушан» балабақшасы Тақырыбы: Қазақ тілі пән мұғалімі: Райымқұлова А 2013 жыл
|
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар сіздерден тіл апталығының онкүндігіне белсене ат салысуларыңызға сенеміз!!!
Пән мұғалімі: Ахат Алтыншаш Досымбекқызы
Ойын үш кезеңнен тұрады, әр кезеңнің 3 тапсырмасы бар.
Бұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда келеді. Мысалы: «Логикалық есептер», «Салт – дәстүр», «Мақал – мәтелдер», «Жұмбақтар».
1-топ:
1. Логикалық есептер.
- Қандай сағат күніне екі рет айналады?
(Тоқтап тұрған сағат). Сағат сөзін орыс және ағылшын тілдерінде айтыңдар
2 .Отан туралы 4 мақал айту. «Отан» сөзінің орыс, ағылшын тілдерінде аудармасын айту
1. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
2. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»
3. «Отан оттан да ыстық»
4. «Отан-қуат, отбасы-шуақ»
3. Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата?
( Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
2-топ:
1. Логикалық есептер.
- Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма?
(Жоқ, арасында түн бар).
2. Жеті қазынаны ата?
Жеті қазына - Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат,
қыран бүркіт, берен мылтық, тазы ит.
3.Тіркесін табу:
Тіл тас жарады...
(Тас жармаса, бас жарады).
Ерді намыс өлтіреді...
(Қоянды қамыс өлтіреді).
Басқа елде сұлтан болғанша...
(Өз еліңде ұлтан бол).
3-топ:
1. Логикалық есептер.
- Жасы жүзге келген қария өзінің туған күнін қалдырмай атап отырған. Сонда ол 25 рет қана атап өткен. Ол қай күні туған?
(29 ақпанда туған)
2. «Өсімдік» неден көбейеді?
(тұқымнан)
3. Жұмбақ шешу. (3 жұмбақ шешу)
1. Сақыр-сақыр сақасы,
Ішіндегі бақасы.
Екі торсық азығы,
Діңкілдейді қазығы
(Бесіктегі бала).
2. Тікен-тікен тік тісте,
Қысы-жазы бір түсте
(Шырша).
3. Аппас жұмбақ, адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе, бермес жұмбақ,
Қызыл алтынға батпас жұмбақ.
(Адамның тәрбиесі)
1. Жеті жоқты ата?
Жеті жоқ – Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада талақ жоқ,
Аспанда тіреу жоқ,
Жерде өлшеу жоқ,
Аллада бауыр жоқ.
2. Қазыбек би:
Не қымбат?
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.
3. Бес қару:
Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
4. Алты асқарды атаңыздар:
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.
Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою қымыз. Кейде оны май қымыз деп те атаған. Бұл алғашқы қымызды сапыруға ауылдағы үлкен-кіші жиналып, ақ тілек білдіріп, бөліп ішу халықтық салт болған.
Сары қымыз – жаз ортасында шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз.
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз. Түнемел қымыз асықпай отырып, ұзақ мәжілістерде ішуге даярланады. Оның қыздыратын күші болады.
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады. Ол саумал ішпейтін адамдарға беріледі. Кейде ол ас пен тойларға апару, ұзақ отырыста ішіп отыру үшін дайындалады. Төрт тәулік бойы ашытылған қымыз дөнен қымыз, бес тәулік бойы ашытылған қымыз бесті қымыз, онан күштісі асау қымыз деген күшті қымыздар да көбінесе сондай мәжіліс, тойларға арналып ашытылған.
Саумал баяу ашытылған немесе ащы қымызға жаңа сауған бие сүтін қосып пісу арқылы жұмсартылған, қарттар мен балаларға арналған қымыз.
Қысырдың қымызы – бұл әдетте, қыс айларында ауру адамға немесе үлкен той-думандарға, кейде өте сыйлы қонақтарға арнап, жазда қысыр қалған, бірақ тайы еміп жүрген биелердің сүтінен ашытылады.
Қорабалы қымыз – қордың үстіне сүт құйып, бірнеше күн жиналған мол қымыз, оны қорланған қымыз деп те атайды.
Бал қымыз – қымызға тәттілік беру үшін, бал, қант, өрік, мейіз қосып піседі. Бал қымыз көбінесе сырқат адамға, балаларға, сондай-ақ жаңа босанған әйелдерге арналады.
Қысырақ қымыз – бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қарағанда әлде қайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте ту қымыз деп те атайды.
Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.