Мерзімі:
Сыныбы: 9
«А»
Мұғалімі: Алиясилова
К.Ж
Сабақтың тақырыбы: «Тілім -
менің тірегім»
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға ана тілінің
қадір-қасиетін сіңіріп,өз ана тілін жетік меңгерту. Ана тілі туралы
жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге, патриоттыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, нақыл
сөздер,шарлар.
Мұғалім:
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың республика халықтарының ұлттық
байлығы-Тілді қорғау мақсатында шығарған арнайы Жарлығы бар. Осыған
байланысты 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдері күні болып
жарияланды.
- Иә, бұл мереке көп ұлтты
Қазақстан халықтарының үлкен қуанышы. Қазақстанды Отаным деп
есептейтін барлық азамат Мемлекеттік тіл- қазақ тілінің
қадір-қасиетін түсінуге және мерейін арттыруға атсалысуы
керек.
Қазақстан үш тұғырлы тіл
саясатын қолдайды: қазақ,орыс және ағылшын тілдері. Адамды мұратқа
жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Бұл жөнінде
елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: "Менің ел басшысы ретінде
де қазақ ретінде де парызым қазақ тілін өсіп өркендету. Қазақ елі
барда қазақ тілі болады, өседі,
өркендейді" деген.
Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені
бойтұмардай сақтап, қадірлеп өткен. Ол- еліміз, жеріміз және
тіліміз. Осыны ешқашан есімізден
шығармайық.
1-жүргізуші:
-Қош келдіңіздер, қымбатты
ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 3-сынып
оқушыларының "Тілім-менің
тірегім!" атты тәрбие сағатын ашық деп
жариялауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Қазақ тілі- қазақ халқының
әдеби тілі және мемлекеттік тіл.Қазақ тілі- өте бай және көркем
тілдердің бірі. 1989 жылы қыркүйектің
22-сі күні
Парламент "Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы" Заңды қабылдады да, қазақ
тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін
берді.1997 жылы "Тіл туралы"
Заң қайта
талқыланды.
1-жүргізуші:
Сөйтіп, сол
жылы шілденің
7-сі күні "Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы" жаңа Заңы қабылданды. Бұл заң
бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып
есептеледі. Сондықтан да жыл сайын қыркүйектің
22- сі күні
"Қазақстан халықтарының тілдері
күні" мерекесі
тойланады.
2-жүргізуші:
Бұл
жөнінде Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстанның болашағы
қазақ тілінде" -деп айтқан болатын. Туған тіл
жайында толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар,сірә! Бүгін біз
де ана тіліміз жайында сыр шертіп, қоғамның тіл жайындағы
ой-пікірімен бөліскелі отырмыз.Ендеше мереке құтты
болсын!
1-оқушы:
Жанымды жадыратқан бала
тілім,
Жыр, ертек жаттаттырған сана
тілім,
Жаралып жермен бірге, күн
көзімен,
Жарасқан қазақ тілі- ана
тілім.
2-оқушы:
Жырлатқан қазақтардың
қазақтығын,
Жырлатқан елдік, ерлік
азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы
болған,
Жауынгер ана тілім-қазақ
тілім.
3-оқушы:
Сенің әрбір тынысыңмен, күн
кешем,
Сен арқылы тіршілікпен
тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу
қараймын,
Ана тілім егер сені
білмесем.
Ән: "Қазақстаным
менің"
1-жүргізуші:
Қазақтың
батыры Бауыржан
Момышұлы атамыз
"Тілін білмеген адам- түбін
білмейді" деген
екен.
-Шынында, ана тілін білмеген
адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін білмейді ғой, солай
емес пе?
2-жүргізуші:
Қазақтың белгілі жазушыларының
бірі Жүсіпбек
Аймауытов:
"Ана тілін жақсы меңгере
алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі- жүректің
терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп, сақтап отыратын қазына"
деген
екен.
4-оқушы:
Ана тілім -өзгелерден
бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр
төксін.
Қай асылға теңдесемде
жарасар,
Ана тілім баға жетпес
өнерсің.
5-оқушы:
Ана тілім- бала
шағым,өркенім,
Ана тілі- болашағым,
ертеңім,
Ана тілім-сайыс далам, жер
көгім,
Ана тілім-арман ойым,
өрнегім
6-оқушы:
Ана тілді
білмесем,
Шат-шадыман күлмес
ем,
Жер бетінде
сайрандап,
Қазақ болып жүрмес
ем.
7-оқушы:
Туған тілім-тірлігімнің
айғағы,
Тілім барда айтылар сыр
ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге
өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге
өшемін.
Ән:
"Атамекен"
8-оқушы:
Өнер алды -қызыл
тіл,
Ой толғаған сырлы
тіл.
Қалайын тауып қар
жаққан,
Тас тілетін алмас
тіл.
Қоршаған ол отау
тіс,
Сарайын ашып, сырын
біл.
9-оқушы:
Ана тілім-ар
тілім,
Жанардағы
жарқылым.
Жүрегінде
сақталған,
Ән-жыры боп
халқымның.
10-оқушы:
Туған тілім табындырған
талайды,
Ел ертеңі саған ғана
қарайды.
Өсер балаң, байтақ далаң
тұрғанда,
Ана тілім әрқашан да
арайлы.
1-жүргізуші: Мен саған "Осы тіл не үшін
керек?" деген сұрақты қойғым келіп тұр.
2-жүргізуші: Досым-ау, тіл бір-бірімізбен
сөйлесу үшін қажет қой. Апай "Тіл- қарым-қатынас
құралы" деп түсіндірді емес
пе?
1-жүргізуші: Жарайды, тіл- қарым-қатынас
құралы -ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп,
түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені
несі?
2-жүргізуші: Ой, сенде айтасың-ау.
Кез-келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі
халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес
пе?
1-жүргізуші: Олай болса, ана тілі
дегеніміз - ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі екен
ғой. Ал ана деген- бәрінен аяулы да асыл
жан.
Ән:
"Анашым"
11-оқушы:
Ана тілі көңіліңе гүл
егер,
Ана тілді- ғұмырым деп біле
бер.
Өзге тілде сөйлей білу-шын
өнер
Ана тілде таза сөйлеу-шын
өнер.
12-оқушы:
Қазақстан егеменді ел
болды,
Терезесі басқа елмен тең
болды.
Көсегесі ана тілдің
көгеріп,
"Тіл
туралы" Заңымыз да төрге
енді.
Мұғалім:
- Иә,оқушылар, ұлы Абай
атамыздың "Тіл өнері- дертпен
тең" деген қасиетті сөзін мына бір
аңыз арқылы дәлелдегім келеді. "Ана туралы аңыз"
Ә.Нәлібаев.
1-жүргізуші:
- Әр адамзаттың қасиеті мен
мәдениеті өз халқын, өзінің атамекенін қалай білумен өлшенбек.
Қазақтың әрбір азаматы отаншыл, ұлтжанды болуы тиіс. Әркімнің өз
тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет
деп білу керек.
2-жүргізуші:
-Міне, құрметті ұстаздар,
оқушылар! "Ана тілі- бәріміздің ана тіліміз. Өйткені ол- ұлтымыздың
анасы" Ана тілін қадірлеу, әр ұлттың азаматтық парызы. Анамыздың ақ
сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмытпай, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізу- сіздер мен біздердің міндетіміз.
Тілімізді әрқашан да
құрметтеп, биіктен түсірмейік.
Ән: "Жаса
Қазақстан".
-Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!
-Мереке құтты
болсын!