Материалдар / Тірбие сағаты тақырыбы: "Ы Алтынсаринның Әке мен бала әңгімесіндегі тәрбиенің маңызы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тірбие сағаты тақырыбы: "Ы Алтынсаринның Әке мен бала әңгімесіндегі тәрбиенің маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты 6 сынып оқушыларына өткізілді. Тәрбие сағатында отбасындағы әкенің орыны. Әңгімеде әкенің балаға айтқан ғибратты сөзді оқушылар тауып, әке мен ана, отбасы жайлы мақалдармен таныстырды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
772
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесіндегі тәрбиенің маңызы

Мақсаты: Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін оқи отырып, оқушылардың оқуға деген құштарлығын арттыру, отбасындағы әке тәрбиесінің маңыздылығы, оқушыларды еңбекті сүюге тәрбиелеу. Педагог – жазушының халыққа берген бағыт–бағдарын оқушылар бойына дарыту, үлгі ету, оқушыларды еңбекқорлыққа баулу, жаман әдеттен сақтандыру.


Әдісі: «Әңгіме желісі» әдісі, «құм терапиясы» әдісі, «сұрақ жауап» әдісі, «көлеңке театры».

Көрнекілігі: презентация, «көлеңке театры»

І Барысы

Көңілді амандасу. Сынып оқушылары ер балалар болғандықтан, бір - бірімен қол алысып амандасады.

Ән «Әке» қосылып тұрады.

Сынып жетекші:

Балалар, біз бүгін Ы. Алтынсаринның «Әке мен бала» әңгімесін түсіне отырып әке және бала жайлы тақырыпты өрбітпекпіз.

Ы. Алтынсарин балалар әдебиетінің - атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған.

«Кел, балалар, оқылық» деп балаларды оқуға, еңбеті сүюуге, білім алуға мектепке шақырған. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бақша ағаштары», «Тышқанның өсиеті», «Әке мен бала» т.б әңгімелер, «Өсиет өлеңдер», «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдер мен методикалық шығармалар, халық ағарту мәселелері жөніндегі ескертпелер, этнографиялық очерктер жазған.

Сынып жетекшісі: «Әке мен бала» әңгімесін тындайық.

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтты:
— Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкеснің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты.
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жүмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең — көптен де құры боласың, — деді.

Сұрақ жауап:

Әкесі баласына нені алып жүр деді?

-Тағаны кім алды?

-Әкесі тағаны не істеді?

-Не сатып алды?

-Бала жерге түскен шиені не істеді?

-Әкесі баласына шиені беріп, қандай сөз айтты?

«Әке мен бала» әңгімесі бойынша көрініс қойылады.

Әке туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз.

Сұлтан:

Әкеден — ақыл, анадан — мейір.


Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.


Әке көрген – оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер


Арсен:

Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.


Адал туған бала –
Әкесіне пана.


Ата - асқар тау,
Ана - бауырыдағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.


«Үміт еткен көзімнің нұры балам...» буклеттегі фотоларды оқушылар таныстырады.

Сынып жетекші:

Алғыс хаттар, кубокты пен медальды таныстыру.

Біздің сыныптың оқушылары өнерлі балалар. Арсен суреттер салып бірнеше сайысқа қатысып, жүлдегер болса, Сұлтан спортқа жақын. Мектепішілік «Әкем, анам және мен» сайысына қатысып, Сұлтан отбасымен ІІ орын иеленді.

Ыбырай Алтынсарин өлеңдерін жатқа айту.

Сұлтан:

Бұл кім?

Бала, бала, бала! деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргетіп,
Қорғасын оқтай балқытқан.


Арсен:

Балғожа бидің баласына жазған хаты

Үміт еткен көзімнің нұры, балам,
Жаныңа жәрдем берсін Құдай Тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп, сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл берсең, басыларсың.
Ата-анаң, өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсан аһ ұрарсын.


Ойын «Көлеңкесін тап»

Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі кейіпкерлердің көлеңкесін табады.


Сынып жетекші: балалар біз сендермен ақпан айында қаламыздағы Абай атындағы драма театрына бардық. Сол театрда қандай спектакль көрдіңдер?

- «Бес нәрсе» қойылымын тамашаладық. «Бес нәрсе» деген не? Абай Құнанбайұлының қай өлең жолынан кездеседі?

- «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.

Қандай бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуымыз керек?

Өсек , өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтан қашық болуымыз керек. Талап, еңбек, тереңой, қанағат, рақымға асық болуымыз керек.

- Осы кім айтып береді?

Арсен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айтып береді.

Сынып жетекші: қаламыздағы Абай атындағы драма театрда адамдар рөлдерді сомдап ойнаса «Көлеңке» театрында кейіпкердің көлеңкесін көрсету арқылы қойылым қойылады.

«Көлеңке театры» оқушылар кейіпкерлердің көлеңкесін жарық арқылы көрсете отырып, қойылым қояды.

Кері байланыс «Шие ағашы»

Қорытынды.



Семей қаласы, «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Арнайы педагог Кудайбергенова Райгуль Жумагалиевна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!