Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тірек сөздер мен үлгілерді қолдану арқылы оқушының талдау дағдысын жетілдіру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда оқу сауаттылығы, тілдің функционалды қызметі тілді игерудің басты дағдыларына айналып отыр. Демек оқушы мәтіннің мазмұнын ғана біліп, түсініп қоймай, мәтінді талдау, пайымдау, ақпараттарды іректей алу, оны қолдану жағына да көбірек мән беруі тиіс. Осы орайда біздің, Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің, орта буындағы оқушылары жоғарыда аталған тілдік дағдыларды қаншалықты тілдік пәндерде де, тілдік емес пәндерде де қолдана алып жүр деген сұрақтың туындағаны да заңды. Әсіресе осы зертеу тақырыбына негіз болған алдыңғы жылдардағы сыртқы жиынтық бағалау қортындысы да аталған мәселеге әлде де тереңірек, тиімдірек қарастыруға себеп болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рашиева Назымгуль Зинатулловна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Сатпаев көшесі

Тел 87051358221. e-mail : rashieva_n@ukk.nis.edu.kz


Тірек сөздер мен үлгілерді қолдану арқылы оқушының талдау дағдысын жетілдіру жолдары

 Қaзaқcтaндық бiлiм бeру caлacындa eлeулi өзгeрicтeр әлeмдiк экoнoмикaдa жәнe 21-ғacырдa тaбыcты бoлу үшiн, әрбiр aзaмaтқa қaжeттi бiлiм мeн дaғдығa тeрeң әceрiн тигiзу мaқcaтындa жacaлып жaтыр. 


Қазіргі таңда оқу сауаттылығы, тілдің функционалды қызметі тілді игерудің басты дағдыларына айналып отыр. Демек оқушы мәтіннің мазмұнын ғана біліп, түсініп қоймай, мәтінді талдау, пайымдау, ақпараттарды іректей алу, оны қолдану жағына да көбірек мән беруі тиіс. Осы орайда біздің, Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің, орта буындағы оқушылары жоғарыда аталған тілдік дағдыларды қаншалықты тілдік пәндерде де, тілдік емес пәндерде де қолдана алып жүр деген сұрақтың туындағаны да заңды. Әсіресе осы зертеу тақырыбына негіз болған алдыңғы жылдардағы сыртқы жиынтық бағалау қортындысы да аталған мәселеге әлде де тереңірек, тиімдірек қарастыруға себеп болды. Мектеп оқушыларының біршама жоғары көрсеткіш көрсеткенімен, бірінші тілді оқушылардың мәтіді талдау дағдыларын дамыту бағытында әлі де болса жұмыс жасау қажеттілігі туындап отырғаны байқалды. Оның үстіне көптеген тапсырмалар дәл осы талдау дағдысына негізделгендіктен, осы дағдыны арттырудың қандай тиімді жолдарын табуға болады немесе қолданып жүрген әдістеріміздің қайсысының тиімділігі жоғары деген мәселенің өзектілігі айқындала түсті. Осы мақсатта қазақ тілі, орыс тілі, тарих пәндері мұғалімдері жинала келіп, мәтінді талдауға дағдыландырудың тиімді әдістерді ортаға салғанымызда дайын үлгіні көрсете отырып, тірек сөздер негізінде берген тапсырмалардың тиімділігі артады деген пікірлер көбірек айтылды. Аталған мәселе төңірегінде оқушылардан сұрағанымызда да көпішілігің жауабы осы аталған тәсілдің тиімділігін айтты. Алайда үлгіні көрсете отырып, тірек сөздерді пайдалану арқылы мәтін талдауға дағдыландыру шынымен де тиімді ме, тиімді болса кімдерге, қандай деңгейлі оқушыларға оңтайлы болмақ, оның артық-кемі қандай деген сұрақтар аталған тәсілдің тиімділігін зерттеуге сұранып тұрды. Сондықтан қазақ, орыс тілінің мұғалімдері мен тарих пәнінің мұғалімі аталған мәселені сабақта қалай қолдануға болады және «Тірек сөздер мен үлгілерді қолдану арқылы оқушының талдау дағдысын жетілдіруге бола ма?» деген әдістің тиімділігін зерттеу мақсатында тізбектелген сабақ жоспарын біріге құрып зерттеуге келістік.

Алғашқы сабақты қазақ тілі пәнінің мұғалімі . өткізді. Сабақты жоспарлауда 3 тапсырма негізге алынып, соңғы үшінші тапсырмаға көбірек мән берілді. Себебі дәл осы үшінші тапсырмада оқушылар кілт сөздерді пайдалана отырып, талдау үлгісі негізінеде жасалынған алгоритм кестеге сай мәтінді жеке талдау керек болған. Сабақ соңында әр мұғалімнің жеке талдауында көрсетілгендей АВС деңгейлі оқушылар тапсырманы орындай алған. Алайда С деңгейлі оқушы талдауында тірек сөздерді қолданғанымен, алгоритм негізінде жасалған үлгіні пайдалана алғанымен сөйлемдерді байланыстыруында, баяндауыштарды қолдануында кемшілектердің жиі кездескені байқалды. Осыған орай келесі өткізетін қазақ тілі пәнінің мұғалімі сабағына төмендегідей ұсыныстар берілді:

  1. Мәтін талдауда үлгі мен талдау алгоритмін топта талдауға көбірек уақыт, көңіл бөлу;

  2. Тірек сөздерді АВС деңгейлі оқушыларға саралап құрып, әсіресе ВС деңгейлі оқушыларға баяндауыштарға сілтеме бере отырып құрастыру;

  3. Тапсырманы жұпқа және жекелей беру (жеке жұмыста қаншалықты тиімді екендігін бақылау мақсатында);

2-айналымдағы сабақты талқылау барсында оқушылардың тапсырманы әлдеқайда жүйелі, үлгіге сай орындай алғандығы бірден көрінді. Тіпті алдыңғы сабақта байқалған стильдік қателіктердің де біршама азайғаны анық. Әсіресе ВС деңгейлі оқушылардың жауаптары, егер оқушыларға таныс емес мәтінді жазғандарын ескергенде, әжептәуір жүйеленген, сөйдемдері жақсы байланысқан. Алайда осы тұста бұрын байқала қоймаған мәселе туындады. Мысалы, оқушылар талдау үлгісін өте жақсы қолданған, дегенмен екі талдаудың да жанры бірдей еді, ал тірек сөздердің дайын күйінде қолданғандығы олардың өз бетінше жауап бере алуы мүмкіндігн шектеуі мүмкін деген болжам айтылды. Сондықтан келесі сабақта тірек сөздерді алмастыратын, оларға балама бола алатын бірнеше нұсқаны ұсынуды жөн санадық. Себебі оқушы мәтінді өңдей алуы тиіс. Ал тірек сөздер оған кедергі болмауы тиіс. Оның үстіне келесі сабақта перифразаға, ақпаратты өңдей алу жаттығуларына да көбірек мән беруді жөн деп санадық.

Осы ұсыныстарды негізге ала отырып құрылған сабақты орыс тілі пәнінің мұғалімі өткізді. Сабақ жоспарға сай, жүйелі өтті. Нәтижесінде расында да А деңгейлі оқушы ақпаратқа көбірек мән беріп, өңдей алды. Талдау дағдысы өте жақсы көрініс тапты. Ал ВС деңгейлі оқушылардың талдауы да, тілдік қолданысы да қалыптасқанын анық көруге болады. Ең бастысы оқушылардың тірек сөздерді қолдану барысында шаблонға түспей, тиімді тіркестерді таңдау мүкіндігінің болғандығы ұтымды болды. Расымен де оқушы дайын үлгіні ғана емес енді өзінің таңдауына да жол ашылды. Талдау барысында оқушылардың біршама қалыптасқандығы анық байқалғанымен бұған бір-біріне ұқсас үлгідегі тапсырмалардың болғандығы да себепші болуы мүмкін деген күмәнді пікірлер де айтылды. Осы болжамды зерттеу үшін тарих пәнінің мұғалімі өткізетін 4-айналым сабағына төмендегідей ұсыныс жасадық:

  1. Мәтінді талдамас бұрын ұқсас мәтінге дайын талдау үлгісін ұсыну, топта талдату;

  2. Мәтінді жеке талдатып, SWOT кестесіне лайық жауапқа сілтеме беретін бірнеше тірек сөздерді белгілеу;

Нәтижесінде А деңшейлі оқушы үлгі негізінде өте жоғары деңгейде, тіпті өз аргументтерін де негізге ала отырып талдай алғанды айқын көрінді. Ал В деңгейлі оқушының тірек сөздерді пайдалана отырып жасаған талдауы дұрыс әрі бұрынғыға қарағанда жылдармырақ талданғандығы байқалды. С деңгейлі оқушы болса, ол да кестеге сай агументтерді дұрыс іріктеп, жай орындаса да жауабында жалпылықтан, нақтылыққа қадам жасағаны көрінді. Оны терминдерді, негізгі оқиғаларды дұрыс іріктегенінен анық бауқаға болатын еді. Бір сөзбен айтқанда оқушылар тапсырманы талапқа сай орындай алған.

Төрт циклді сабақты зерттей отыра, сабақты жетілдіре, талқылай отыра үлгі мен тірек сөздер арқылы оқушылардың мәтін талдау дағдыларын жетілдіруге, қалыптастыруға болады деген ортақ қорытынды шығардық. Расымен де дайын үлігіні талдата отырып оқушының талдау туралы түсінін қалыптастыру оңтайлы болғаны анық көрінді. Қай сабақта болса да өз көргенін түсініп басқа контекстте дұрыс бағыт таба алды. Ал тірек сөздерге келетін болсақ, тірек сөздерді негізсіз ұсына берудің барлығы тиімді бола бермейтінін, тіпті кей жағдайларды кедергі де бола алатындығын айтауға болады. Демек зерттеуімізде көрсетілгендей тірек сөздердің қызметі бағыттаушылық, қалыптастырушылық қызмет атқаратынын қатаң түрде ескеруіміз тиіс. Дайын тірек сөздерді беріп жазған жауабынан дағды толық қалыптасты деуге болмайды. Осы тұста дайын берілген 2-сабақтағы баяндауыштарды атап өтуге болар еді. Тіпті тірек сөздердің өзінде де оқушыға таңдау беру керек. 3-сабақтағы перифразамен жасаған жұмысты нақты мысал ретінде атауға болады. Яғни тірек сөздер дұрыс қолданған жағдайда ғана оқушының талдау дағдысын қалыптастыратын тиімді тәсілдердің бірі бола алатындығына көзіміз жетті. Әсіресе В, С деңгейлі оқушылар үшін маңыздылығы көбірек болды.

Қорытындылай айтқанда үлгі арқылы, оны талдау арқылы жасаған тапсырмаларды тәжірибелік тұрғыдан толықтыратын болса, тиімділігі өте жоғары болады. Себебі оқушылар үлгі негізінде дұрыс бағытта талдай алды. Ал тірек сөздерді қолдану В, С деңгейлі оқушылар үшін маңыздырақ болғанын айта кету керек. Себебі оқушылар тірек сөздер негізінде талдап қана қоймай талдауларын байланыстыра, пайымдай отыра жаза алды. Демек үлгі және тірек сөздерді де оқушылардың талдау дағдысын қалыптастыруға болатын тиімді тәсілдердің қатарына қоюға толық негіз бар.




Үлгілер


Екі мәтіннің ұқсастығы

  • Тақырыбы: Екі мәтін де тақырыбы жағынан заманауи QR-код технологиялары туралы жазылған.

  • Тілі - ресми, стилі – публицистикалық, мақсаттары ортақ – қоғамның негізгі салаларына жаңа технологиялардың дендеп енуінен хабар бере отырып, оларды насихаттау, екеуі де мақала жанрында жазылған.

  • Түрлері – ақпараттық.

  • Көзделген аудиториялары – технологияларға қызығушылық танытатын түрлі жастағы адамдар.

Айырмашылығы

Тілі

А мәтіні

Ә мәтіні

Сөз деңгейінде:

  • Кәсіби терминдер тақырыпты ашу мақсатында қолданылған (ІТ университет,QR-код, ақпарат, мобильдік топтар);

  • Жалқы есімдер адам және жер, ұйым аттарынан мағлұмат беріп тұр (Алматының Арбаты,«Шолпан» және «Арман», «Еріктілер лигасы», Диана Оспанова);

  • Қыстырма сөздер сөйлеуші көзқарасын аңғарту үшін қолданылған (Айтпақшы, сонымен қатар, көріп тұрғандарыңыздай);

  • Ауыспалы мағынадағы сөздер әсерлі ету үшін берілген (Халық қалаулылары, құлақтандырды, қызығушылығын тудырды);

  • QR-код, ЖСН сөздері ықшамдау мақсатында қысқартылып берілген.


Сөз деңгейінде:

  • Кәсіби терминдер мен жаңа сөздер тақырыпты ашу мақсатында қолданылған («Online-ticket», «QR-код» және «Аudio-гид», мобильдік құрылғы, интернет, онлайн режим, т.б.);

  • Жалқы есімдер адам және ұйым атынан мағлұмат беріп тұр (ҚР Ұлттық мұражайы, Дархан Мыңбай);

  • Қыстырма сөздер сөйлеуші көзқарасын аңғарту үшін қолданылған (яғни, сондай-ақ, бұған қоса);

  • Әдеби стильдегі сөздер әсерлі ету үшін берілген (тарихымыз бен құндылықтарымызды, рухымызды оятып);

  • Экспонат-жәдігер, музей-мұражай сөздері аудармаларымен сыңар қолданылған.

Сөйлем деңгейінде:

  • Мәтіндегі іс-әрекетте шақтардың әр алуандығы байқалады (өткен шақ- QR-код жапсырылған. Ауыспалы келер шақ - сайтқа кіре алады);

  • Бірінші және үшінші жақта баяндалған (қағаздарын таратты – 3-жақ, шешім қабылдадық – 1-жақ);

  • Диана Оспанованың сөзі төл сөзді сөйлемдер арқылы берілген.

  • Негізінен хабарлы және жай сөйлемдермен автор, сөйлеуші бір қалыпта баяндайды.


Сөйлем деңгейінде:

  • Мәтіндегі іс-әрекетте шақтардың әр алуандығы байқалады (өткен шақ- таныстырылымы өтті. Ауыспалы келер шақ - таныса алады);

  • Бірінші және үшінші жақта баяндалған (мағлұмат алуға болады – 3-жақ, ұйымдастырдық – 1-жақ);

  • Дархан Мыңбайдың сөзі төл сөзді сөйлемдер арқылы берілген.

  • Мәтінде 5 құрамалас сөйлем бар. Мәселеніавтор, сөйлеуші хабарлы және жай сөйлемдермен бір қалыпта баяндайды.

  • Оңашаланған айқындауыш түсіндіру мақсатында жақша ішінде қолданылған (қазақ, ағылшын және орыс)

Мәтін деңгейінде:

  • Мәтін үш абзацтан тұрады, абзацтарды байланыстырушы сөздер: олар – роботтар. Мазмұны – қолжетімді.

  • Мәтіннің логикалық құрылымы бар: кіріспе бөлімінде ІТ университеті студенттері жасаған роботтар туралы айтылса, негізгі бөлімде олардың жасап жатқан қызметі жөнінде айтылады да, қорытындыда QR-кодтың пайдасын айтып кетеді.

  • Автор жаңа технологияның қоғамымызға енуге оң көзқарасын білдіреді.


Мәтін деңгейінде:

  • Мәтін бес абзацтан тұрады, абзацтарды байланыстырушы сөздер: QR-код-«Аudio-гид», ақпарат-сайт, онлайн режим. Мазмұны – күрделірек.

  • Мәтіннің логикалық құрылымы бар: кіріспе бөлімінде Ұлттық мұражайдағы аудиогид қызметі туралы айтылса, негізгі бөлімде олардың қалай жұмыс жасайтыны жөнінде айтылады, қорытынды Дархан Мыңбайдың сөзімен түйінделеді

  • Автор жаңа технологияның қоғамымызға енуін жаңалық ретінде қуана қабылдайды.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Шығармашылыққа жетелеудің негізі-тіл дамыту жұмыстары» //Қазақ тілі мен әдебиеті, №7/2016 шілде, 15-бет

  2. http://oqu-zaman.kz/?p=14521Білім беру барысында тілдік дағдыларды дамыту

  3. http://orleuastana.kz/wp-content/uploads/anons2017/Ahmetova20022017.pdf

Мәтін

Қарастырылатын сұрақтар

Мәтінді талдауда ұстанатын қағидалар

Қолданылатын сөйлем үлгілері, сөз тіркестері, сөздер


түрі

Мәтін түрі қандай? Кімге арналған? Қандай үлгіде жазылған?

Ресми ( биресмилік) ерекшілігіне қарай қандай мәтінге жатқызасыз?


Мәтін стильдік, құрылымдық ерекшелігіне қарай ........ жатады.

мақсаты

Автордың мақаланы жазудағы мақсаты қандай?

Осы мәтін арқылы қай мәселеге көңіл аударады?

Бұл мақалада ....... мәселесін көтереді........ оқырманды ...... Осы мақала арқылы ...... шақырады (үндейді)

Автордың мақсаты.......

мазмұны

Көтерген негізгі сұрақтары қандай? Логикалық бірізділік сақталған ба?

Мәтіннің логикалық бірізділікпен құрылғандығына, ұйымдық құрылымдар мен байланыс құралдарының қолданысына дәлел келтіріңіз

Логикалық бірізділікпен баяндалған: ..........

Нақты деректермен, атап айтқанда, ......... бекітіп , ...... өзіндік көзқарасын ұсынған.

стилі

Қай стильде жазылған? Сол стильге тән белгілерді тізіп шығыңыз.

Әлеуметтік (академиялық , іскерлік) мақсаттағы ресми (биресми) стильде кездесетін тілдік формаларды дәлелге келтіріңіз

Образдылық, (эмоционалдық, бағамдау, үндеу, жалпылық ) байқалады.

тілі (кездесетін тілдік құралдар)

Қандай лексика, көркемдеуіш құралдар, сөйлем түрлері, синтаксистік құрылымдар кездеседі?

Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында кездесетін құралдарды дәлелге келтіріңіз.

Саяси-әлеуметтік лексика, эпитет, теңеу, қайталау, термин кездеседі. Риторикалық сұрақтар, қаратпа, қыстырма сөздер кездеседі.

Мәтін мазмұны

на қосатын өз ойың

Мәтіндегі мәселені өзгертуге қандай ұсыныс жасар едіңіз?

Аталған мәселеге байланысты басқа дерек не креативті ой айтыңыз.

Менің ойымша, ......


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2018
2806
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11