400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Тірі ағзалардың химиялық құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Микро және макроэллеметтер туралы мағлұматтар. Химиялық элеметтердің анықтамалары. Бейорганикалық заттар
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Тірі ағзалардың құрамында 80-ге жуық элементтер болады. Химиялық элементтер жасушадағы мөлшеріне қарай ультрамикроэлементтер, микроэлементтер ж/е макроэлементтер деп бөлінеді.

Ультрамикроэлементтер ағзада өте аз мөлшерде кездеседі: алтын, күміс, сынап.


Макроэлементтер

Микроэлементтер

98 %

1,9 %

0,02 %

оттек, көміртек, сутек, азот

күкірт, фосфор, хлор, калий, магний, натрий, кальций, темір

мырыш, молибден, мыс, фтор, бор, марганец, алюминий ж/е т.с.с

C,H,O,N–нәруыздар, көмірсулар, майлар, нуклеин қышқылдары, органикалық заттардың құрамына кіреді

Олардың біреуінің жетіспеушілігі не артық болуы организмнің тіршілігіне, іс-әрекетінің бұзылуына аурулардың дамуына әкеліп соқтырады.

C,H,O – атомдары барлық заттар молекулаларының негізгі «қаңқасын» түзеді

Топырақта В (бор) жетіспеуі – жемістер мен тұқымдардың түзілуі кешігуі, түйіндерінің жаппай түсуі.

C,H,O,P,N–нуклеинқышқылдарының, АТФ-тің құрамына кіреді

Азық құрамына І (йод) жетіспеуінен адамда зоб ауруының дамуы.

P–ДНҚ, РНҚ, АТФ, сүйек ұлпаларының тіс эмалі

Құстар организмінде Cu (мыс) жетіспеуі перозис ауруына әкеледі.

S-нәруыздар (C,H,O,N,S) құрамына кіреді

І – теңіз орамжапырағында болады.

K,Na–мембраналарды, жасушаларды электр зарядымен қамтамасыз етеді

Cu–устрицалар мен сегізаяқтардың барлық мүшелерінде болады

Fe-фермент, электронды тасымалдаушы, гемоглобиннің,

Mn – өсімдіктердің тыныс алуы мен фотосинтез жүруіне, қанттардың түзілуі мен қозғалысы

Cl – натриймен бірге жасуша тән қысым түзеді

Mn – жас организмдердің өсуін күшейтеді, қан түзіліміне әсер етеді

Mg – хлорофилл құрамына кіреді

Mo – артық болуы жануарларда асқорыту жолдары қызметінің бұзылуы

Ca – өсімдік жасуша қабырғасының, сүйек ұлпасының құрамына кіреді, қанның ұюына қатысады, бұлшықет талшықтарының жиырылуын қамтамасыз етеді.

F – көп болса сүйектер мен тістерге тән ауру

Se–артық мөлшері жануарлардың жүндерінің түсуіне, тұяқтарының өсуіне қатысады


Бейорганикалық заттар: су, минералды заттар.


Су – тірі организмдердің өмір сүруін ж/е олардың тіршілік әрекеттерінің даму процесстерін қамтамасыз ететін ерекше қасиетке ие өзіндік материал.

Қайнау температурасы 100, қату температурасы О.

Жылу сыйымдылығы жоғары. Баяу қатады, баяу суиды.

Жоғары тығыздылығы +4. Су бетіне мұз жиналуы.

Су – ең жақсы еріткіш.

Судың маңызды қасиеті – қыздырғанда кеңеюі ж/е 4 градусқа дейін салқындатқанда сығылуы, баяу ысуы ж/е салқындауы.


Су кез келген өсімдік пен жануар ұлпасының құрамына кіреді. Мысалы, медузаның 99,9 %, үш күндік адам ұрығының денесі 97 % судан тұрады.

Тірі организмнің 10-20 % суын жоғалтуы оны өлімге ұшыратады.


Адам денесі орташа алғанда 15-20% нәруыздан, 0,6 % көмірсудан, 19 % майдан, 60-65 % судан, 5,8 % тұздан тұрады.


Қоректік заттар – организмді құрайтын құрылыс материалдары.


Нәруыздар құрылымы бойынша 2 топқа жіктеледі: қарапайым ж/е күрделі.

Қарапайым нәруыздар – тек қана аминқышқылдарының қалдықтарынан тұрады, құрамына басқа химиялық қосылыстар енбейді.

Альбумин – жұмыртқаның, қан сарысуының, сүттің құрамында болады.

Глобулин – бұлшық етпен қанда кездеседі. Иммундық қызмет атқарады.


Күрделі нәруыздар – құрамына полипептидтік тізбектермен қатар, басқа да химиялық құрылымдар енеді.


Нәруыздардың денатурациясы – бұл нәруыздардың төртінші ж/е үшінші, тіпті екінші реттік құрылымдарының бұзылуы нәтижесінде нәруыздардың биологиялық, физика-химиялық қасиеттерінің табиғи өзгерісі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
913
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі