Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді,
тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық
оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі
артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы
жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын
оятады.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл»
әдісі арқылы өткен тақырыппен
жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық
талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу
түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара
ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім
оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен
таныстырады.
|
1. Қандай құбылыс
«үгілу» деп аталады?
2. Сен тұратын аймаққа қай
үгілу түрі тән?
3. Сенің үйіңнің қасындағы
үлкен су нысаны кішірейгенін байқадың
ба? Оның суы толығымен булана
ма? Егер буланса, онда ол неге
қайтадан пайда болады? Қандай
үдеріс арқылы нысанның суы қайтадан толады?
4. Жануарлар өз тіршілігіне
қажетті химиялық заттарды қайдан
алады?
|
Мақсаты:
Жылдам әрі функционалды түрде
сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі:
оқушының танымдық дағдысы
артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді
және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік
береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»
тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада
жауап беруге бағыттау сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау:
Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға
«Жарайсың!»
деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға
тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек
сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3
балл
Үгілу түрлеріне сипаттама
береді.
|
Тақырып бойынша интернет көздерін
пайдаланып видеоролик көреді.
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы
орындатады
|
1.Тапсырма
1.Тау түзілу – Жердің ішкі күші
әсерінен таулардың
қалыптасу құбылысына сипаттама
береді.
2 . Тау түзілу үдерісінде
қандай бедер түрлері пайда болатынын түсіндіреді.
|
Дискриптор:
1. Тапсырманы
орындайды.
|
5-сынып оқулығы.
дәптерлері
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы
орындатады
|
2.Тапсырма
1. Үгілу түрлеріне сипаттама
береді.
2. «Үгілу» сөзін естігенде,
сенде қандай ассоциация пайда болады?
Сенің ойыңша, бұл үдеріске
қандай табиғи күштер қатысады?
|
Дискриптор:
1. Тапсырманы орындайды.
|
5-сынып оқулығы.
дәптерлері
|
Сабақтың
соңы
Ой
толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Бір ауыз сөз»
әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау
мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын
тыңдайды.
Мақсаты:
Оқушы алған білімін саралай
білуге дағдыланады.
Тиімділігі:
Тақырып бойынша оқушылардың
пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын
қадағалайды.
|
Жеке
жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз
ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын
келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім,
үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын.
т.б.
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа
қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының
өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды
ынталандыру үшін
«Қошеметтеу»
әдісі арқылы
бағалайды.
|
|