"Тіршіліктің негізі-салауатты болашақ" 9класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіршіліктің негізі-салауатты болашақ" 9класс

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты жоспары 9класқа арналған.Оқушыларға адам денсаулығының баға жетпес байлық екендігін ұғындырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты

«Тіршіліктің негізі-салауатты болашақ!»

Күні

18.04.2022ж

Класс жетекші:

Әбдіғалиева Қ.Н

Класс: 9 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.(Әл-Фараби)

Шынықсаң шымыр боларсың.(Мақал)

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өміру сүру үшін қажеттілігі бағалы байлық екенін түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға денсаулықтың өмірінің ең маңызды тірегі екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

Спорт, денсаулық жөнінде суреттер.

Үлестірмелі материалдар

Кеспе қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту.

Сұрақтар:

- Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

- Денсаулыққа  не зиян?

-  Зиянды заттардың адам денсаулығына қандай залалы барын білесіңдер?

- Спортпен айналысу денсаулық үшін маңызды ма?

- Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер?

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


Мәтінмен жұмыс.

«Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі.

Жеке бас тазалығының ережелері.  

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара

- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

Оқушының тамақтану кестесі.  

 Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді.

Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек.

Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек.

Өсіп келе жатқан өзіміздің ағзамызға жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.

А дәрумені. Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа.

В дәрумені. Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

С дәрумені. Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

 Д дәрумені. Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальций мен фосфордың алмасуын реттейді.

 Е дәрумені. Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.

К дәрумені. Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.

 Темір. Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.

Кальций. Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.


Өз ойларын айтады.


Компьютер

 











Ортасы (20 мин)



Сергіту сәті

Оқушылар ортаға жиналып, шеңбер құрып, өз есімдерінен басталатын сөзбен жанындағы адамға бүгінгі күніне тілек тілейді.



Денсаулыққа зиянды және пайдалы әрекеттер:

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  1. Қоршаған орта ластығы.

  2. Дұрыс тамақтанбау.

  3. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

  4. Зиянды заттарды қабылдау.

  5. Тазалықты сақтамау.

  6. Отбасындағы кері жағдайлар.

  7. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.


Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

  1. Дұрыс тамақтану.

  2. Қоршаған орта тазалығы.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдамау.

  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

  8. Эмоциялардың оң болуы.



«Кім көп біледі?» мақалдың жалғасын табу.

1.Ауырсан сау бол –

(Ауырмасаң сақ бол.)

2.Адамның ең бірінші байлығы-

(Денсаулығы.)

3.Тазалық-

(Денсаулықтың кепілі.)

4.Шынықсаң ... боларсың.

(шымыр)

5.Ауырып ем іздегенше,

(Ауырмайтын жол ізде.)

6. ...-адамның арқауы.

(Ас)

7.Дерт көп,

(Денсаулық біреу.)

8. Денсаулықтан сән кетсе,

(Өміріңнен мән кетеді.








Оқушылар денсаулыққа зиянды және пайдалы әрекет ететін факторларды бөліп жазады.















Оқушылар берілген мақалдардың жалғасын табады.









Компьютер






































Соңы (5 мин)


Қорытынды бөлім. Ой түю, өз ойын білдіру.








Компьютер












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2022
1091
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі