ОҚО, Мақтарал ауданы Жамбыл
а\ә Жалын е\м
Ш. Бектасов атындағы
ЖОМ
География пәні мұғалімі
Ауелбекова Ақперне Намазбайқызы
ОҚО
. Мақтарал ауданы Ш. Бектасов атындағы
І-топ жалпы орта мектебі.
Тыңдаушы: Ауелбекова А Тренер: Жамединова
Захра
Оқушылардың білім алғандарының дәлелдемелері
қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ
бойынша рефлексивті есеп..
Мен
осы «Тәжірибедегі рефлексия» сабағына қатысқанан бері біздің әлі де
үйренетініміз көп екен деген ой туды.Жаңа оқу жылынның басында
құрылған күнтізбелік тақырыптарыма сәйкес тізбектелген сабақтар
топтамасына ОМЖ құрып алдым.Бұл өзім сабақ беретін 6 сыныбында
«Атмосфералық жауын-шашын түрлері » тақырыбында өтілген сабағымда
ҚМЖ құрып, 7 модельді кіріктіре отырып сабағымды өттім.Сабақ
басында оқушыларға атмосфералық көңіл күйді келтіруде "Екі
жұлдыз,бір тілек" әдісі арқылы жүргіздім .Оқушылардың көңіл күйін
көтеру сабаққа деген қызығушылығын арттырады екен.Оқушыларды топтық
жұмыста бір біріне қолдау жасап, бір біріне түсіндіріп өз ойларын
ортаға салып санаса біледі.Сабағымда қолданған «Акварумдегі балық»
әдісі өте тиімді болды. Оқушылар берілген тапсырманы кідірмей жауап
беріп отырды. Алдында маған қандай тапсырма түседі екен деген ой
туғанмен кейін сұрақтарға дайын оқушы мүлдем қиын емес екендігіне
көзі жетті Сабағымда пайдаланған «Шахмат » әдісінде алдын ала
көрсетілген бейнефильмдегі жауыш шашын түрлерін көріп, сол тақырып
бойынша «Шахмат» көздеріне қаншалықты білім алғандығын есте қалған
сөздерін жазып соңында бір оқушы шығып талқылайды.Сабағымда
қорытынды бөлімімде «Телефон» әдісін пайдаландым Бұл сабақта
оқушылар бүгінгі сабақтағы айтылған мәселелер бойынша бір біріне
телефон шалу арқылы сұрақтар қойып ойларын тиянақтады.Әр топ
білімдерін өзара бөліседі. Біздің тренеріміз деңгейлікті жақсы
меңгерген, алған білімін бізге үйретуден жалықпайтын қай уақытта
сұрасаңда сабақтағы әдістер терең түсіндіріп беретін жан. Мен осы
оқуды оқығаннан кейінгі түйген ойымды өз тәжірибемде қолдандым.Ең
бірінші оқушы бойында сенімділік, жауапкершілік,өзін-өзі бағалауды,
ұсыныс пікірлерін білдіруді, мұғалім оқушымен кері байланыс орнату
маңызды екенін түсіндім.Бағалауда "Бағалау парақшасы " арқылы
жүргіздім, Кері байланыс жасауда «Киелі ағаш » әдісін пайдаландым,
Оқушыға бүгінгі сабақ қаншалықты әсер еткенін ой
бөлісті.
Ғұлама ғалым А. Эйнштейн; «Мен өз шәкірттеріме
ешқашан үйреткен емеспін , тек олардың үйренуіне жағдай жасап
отырамын»- деген екен. Сол айтқандай , мен де оқушыларымның
үйренуіне барынша ж ағдай жасауға тырысамын. Менің тізбектелген
сабақтар топтамасындағы келесі сабағым «Жергілікті жер климатының
қалыптасуы тақырыбымдағы өткізілген сабағым. Сабақ өткізудегі
негізгі мақсатым бір ғана ол сабаққа 7 модульді енгізе отырып,
сабағымның қызықты әрі сапалы болуы. Ұстаз мықты болу үшін бір
орында тоқтап қалмау керек. Жаңаша әдіс-тәсілдерді үйрену заман
талабы. Сабақта оқушыларға білім дайын күйінде берілмеу
керек.Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге
қызығушылығын ояту керек.Сабақ барысында оқушыларға ынтымақтастық
көңіл-күйді қалыптастыруда «Күннің шуағы» әдісімен
өткіздім.Оқушыларды топтарға бөліп үй тапсырмасын сұрауда «Фишбон
немесе балық қаңқасы» әдісі арқылы жүргіздім.Мұнда әр оқушы жеке
оқуы ,жұптық, топтық жұмыста талқыланды.Топ жұмысын сыныпта
презентатциялады. Балықтың жоғарғы қаңқасында себебін бейнелеу,
төменгі қаңқасында себебін нақтылайды,балықтың басы қарастырылатын
мәселе, құйрығы қорытынды жазу, ақпаратты терең ұғынады, талдайды,
қорытады, бағалайды. Сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлай отырып
жауап береді. Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, білім
дағдыларын дамытады, мәселені талқылайды, ой елегінен өткізеді,
есте сақтау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.Сыни тұрғысынан
ойлау үдерісінде тиісті ақпарат жинайды, дәлелдерді сыни тұрғысынан
талдап бағалайды, түрлі міндеттерді шешуде, басымдықтарды
белгілеудің маңызын түсінеді(МАН-43 бет).Жаңа сабақ барысында
«Айналмалы бекет» әдісі арқылы тапсырмаларды орындадым. Мұнда
оқушылар жұмыста топта кейін І-топ, ІІ- топқа. ІІ-топ ІІІ топқа,
ІІІ-топ І-топқа барып талқылайдыОқушылар тақырыпты оқып өз ойларын
плакатқа қорғап шығады,өз ойларын ашып айтады.Сабағымдағы «Сергіту
сәтінде "Қаржорға би қимылдарын "орындадым. Оқушылардың
көңіл-күйлері көтеріліп сабағымыз одан әрі жалғасты. Сабақ соңында
үштік әдісті кіріктіре отырып"кім картаны біледі" деген айдармен
тапсырмаларды орындадым.Мұнда оқушылар картамен жұмыстарды
орындадыОқушылардың сабаққа қатысуын смаиликтер арқылы
бағаладымМұнда көп жинаған оқушылардың смаиликтерінесептеп баға
қорын шығарып отырдық,Кері байланыс жасауда "БББ кестесі арқылы
жүргіздім, Қазіргі білім беру кезінде сындарлы теориялық оқытуға
көңіл бөлуде.Мұғалім біліктілігін арттыруға бағытталған
бағдарламаның негізгі мақсаты, заман талабына сай жан-жақты болып
өзгеруін талап етеді. Менің тізбектелген сабақтар топтамасындағы
келесі сабағым "Солтүстік Қазақстанның шаруашылығы " тақырыбындағы
өтілген сабақ. Бұл сабақта бағдарламаны «Қалай оқыту керектігін
үйрету» тармағына байланысты жоспарлауын өзгерттім.Барлық
сабақтарымда бағдарламаның 7 модулін ықпалдастыру арқылы өткіздім.
Алдағы сабақта осы бағдарлама бойынша жұмысымды жалғастыратын
болсам, оқушылармен болған кедергілерді түгел жоюға болады. Өйткені
үздіксіз берілген білім нәтежелі болмақ.Бұл сабағымда оқушыларды үй
тапсырмасын сұрауда "Ойлан бірік, бөліс "әдісі арқылы тапсырмаларды
орындадым,Мұнда оқушылар өзара зерттеп, әңгімелеседі, диолг арқылы
тапсырмаларды орындайды Александр (2004) оқытудағы әңгіме-қарым
қатынас жасаудың бірсарынды үдірес емес,керісінше әңгіме барысында
екіжақты бағыт жүріп, соның ішінде оқушының білім алу үдерісі алға
жылжитын белсенді құбылыс деп айтқан. ,Бірлесіп ойлау, оқушыларға
диалог құру арқылы іске асады Дегенмен оны бірлескен зерттеу
барысында анықтай алады .Мерсер зерттеуіне сәйкес әңгімелесу
оқушылардың оқуының ажырамас бөлігі деп табылған.(МАН-39бет)
Сондай-ақ сабақтарымда "Сандар сөйлейді" тапсырмалар арқылы
жұмыстар орындадым. Жаңа сабақ барысында "Кластер" әдісі бойынша
тапсырмаларды орындадым.Мұнда оқушылар ұсынылған мәселелер бойынша
толыққанды түйіндеме жасап, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас
шеберлігін дамытады.Сабақ соңында географиялық диктанттар қолдану
арқылы тапсырмаларды қорытындыладым.Бағалау кезінде критерий құра
отырып бағаладым.Берілген критерийлер арқылы оқушылардың өзін-өзі
бағалауда,өздік ойын,пікір қалыптасқанын, есте сақтау
қабілеттерін,пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю,бір-бірінің,
мұғалім алдындағы жауапкершілігінің артқаныны аңғардым.Сабақ
соңында кері байланыста "Бес бармақ " әдісі арқылы жүргіздім.Мұнда
оқушылар бүгінгі сабақта үйренгіндігін,неге қол жеткізгендігін,
көңіл-күйлерін, кімге көмектескенін, қандай қиындық болғанын, оны
қалай жеңгенін туралы айып өтті..