Материалдар / Тізбектелген сабақтар топтамасына рефлексивті есеп "Ш,Бектасов" 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тізбектелген сабақтар топтамасына рефлексивті есеп "Ш,Бектасов" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
672
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ОҚО Мақтарал ауданы, Жамбыл а/ә Жалын е/м

Ш. Бектасов атындағы жалпы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі

Кубжасарова Гулмира Абдуалиевна


Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған рефлексивті есеп.


Жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.

«Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» дегендей бүгінгі таңның талабы таудай болып тұрған заманда талмай еңбек етіп, сауатты да мәдениетті, қажырлы да қайратты, ізденімпаз болсаң ғана «білекті бірді, ал білімді мыңды жығады» деген ата - бабаларымыздың ұлағатты сөзінің кемелденгенінің айқын көрінісі.

Заманымыздьң заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін - білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отыра алға қарай ұмтылуымыздан басқа алда жол жоқ екені айдан анық. Біз үшін «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау жат қылық болуы тиіс. Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл – заман талабы. Себебі, еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Осы сөздерді басты назарға ала отырып, Кембридж тәсілі бойынша оқып келген Трениріміз Жамидинова Захра апайымыздың оқыту курсына қатысып үйренген оқытудағы жаңа тәсілдерді тәжірибеде қолданудың ұтымдылығын анықтауға тырыстым. Осы мақсатта өзімнің 10"А" сыныбында биология пәні бойынша тізбектелген 3сабаққа орта мерзімді жоспар жасадым. Жоспар бойынша алған бірінші сабағым «Өсімдіктердің вегетативті көбеюі» атты тақырыбы қамтылды. Өсімдіктердің вегетативті көбею мүшелерінің түрлерін білу, Қолдан вегетативті көбеюге қатысатын өсімдіктердің мүшелерін,Үй жағдайында өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейтуді үйренуді мақсат етіп, сол мақсатыма жету жолымда АКТ-ны, флипчартты, ән жинағын, суреттерді пайдаландым. Негізі сабақтың нәтижесінде оқушылардың Өсімдіктерді вегетативті көбеюі жайлы білуі. Өсімдіктердің вегетативті жолдарына талдау жасауы. Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбеюі жолдарын айқындай алуы күтілді. Аталған мақсат пен күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың әдіс-тәсілдерін ойластыра келе, сынып оқушыларының жасы 14-15 жас аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды солардың жас ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым.

Сабақтың әр кезеңі мен үшін, оқушылардың ортасынан ойып орын алу үшін маңызды болып табылды. «Өсімдіктердің вегетативті көбеюі» деп аталатын сабағымды әдеттегідей психологиялық ахуал орнатудан бастадым.



Әр оқушы өз есімінің әріптеріне лайық адами құндылықтарын атап шығуда бір-бірін қайталамауға тырысып бақты, әсіресе, ер балалар шапшаңдық танытты. Содан кейін "Бүршіктену", "Бөлшектену" деп 2 топқа бөлінді. Үй тапсырмасын "Телефон "əдісімен сұрадым.



Сабақтың құрылымын ББҮ әдісіне салып құрған болатынмын. Сабақтың тақырыбын ашпас бұрын не білемін? деген сұрақ орайында ортаға өз ойларын салып, талдап, шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіруден кейін флипчартқа түсіру көзделген болатын. Осы сәтте балалардың топ ортасында жұмыла жұмыс атқарғылары келгенімен, алайда Өсімдіктердің вегетативті мүшесі деген тіркестің мағынасын толыққанды ашу үшін оқулықтарына көз тастаумен болды. Осы жерде оқушыларға алдымен «вегетативті» сөзінің мағынасын ашып, адам қолымен өңделіп немесе жасалатын өзгерістердің түрлерін мәселен, тамыр ,сабақ,жапырақ жайлы тоқталып өттім. Сол кезде ғана механикалық түрде есте сақтағаннан гөрі, ойларында осы сөзді басқа бір нәрсемен ұштастыра естерінде сақтап қалғандай болды. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Осылайша диалогтік оқыту жүзеге асты, өз беттерінше жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады, өзара қолдаушы болып, қате жауаптары үшін қорықпай, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектесе білді. Содан соң ғана 8- тезиске сай қолайлы оқу үшін өзара топтар бір-бірінің таныстырылымдарын «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалап, қолдау, мадақтау айтып бақылау дағдылары артты. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын жасауды аяқтай алмағандықтан мен оларға қосымша 2 минут уақыт бердім. Бұл оқушылардың дәлелдерінің деңгейі мен маңыздылығын, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды жұмсалуын мойындап, қалыптасып келе жатқаны деп түсінемін.

Одан әрі келесі кезең не білгім келеді? сұрағына жауап іздеуге итермеледі. Оқушыларға «Үш қадамдық сұхбат» жүргізу үшін топ ішінде А, Ә, Б, В деген атаулар бердім. Яғни, балалар өздерінің бүгінгі сабақта не білгісі келетіндерін сұрастырып, кезектесіп сұхбат алып, зерттеушілік әңгіме туды. Әр оқушы өз білім алуына жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге талпына білді. Яғни, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (МАН, 52- бет). Осылай оқушыларды топ ішінде топтастырып жатқанда ортада ЖАДА қалыптастыруға түрткі болып, ынтымақтастық атмосфера қалыптастыра бастадым. Сол кезде менің зерттеу назарымда болған Е. деген оқушы топ ішінде 5-бала болып отырғандықтан, оның қасына өзім отырып жұп болдым. Осы сәтте балалар арасынан апай мен оқушының тең дәрежелі болып отырғанына оқушылардың бірі тұрпайы қараса, енді бірі қызық көрді. Ал алдымда отырған оқушы бұрын мұндайды көрмегендіктен, оның көздері –ақ таңғалғандықты, сөздері бір-бірімен байланыспай біресе күліп, біресе сасқалақтап жауап беріп отырды. Бұл қолданған тәсілім тұйық оқушының ашылуына да оң әсерін тигізді, себебі өз сыныптастарының ортасында ұстазының қолдауына ие болған баланың бойында өз күшіне деген сенімділік артты. Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым деп ойлаймын. Оқушылар бірлесіп жұмыс жасауда қарым - қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білуге дағдыланады

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне әсер ететіні анық нәрсе. Сондықтан әр сабақ сайын сергіту сәтін ұйымдастырып отырдым. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады (МАН, 61 бет). Осы сабағым өнер тақырыбына жақын болғандықтан, сергіту сәтін мынадай түрде өткіздім: интерактивті тақтадан дене қимылдарын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп, оқушылармен бірге би биледік. Оқушылар алдынғы сабақтарға қарағанда бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады. Сергіту сәтінен кейін бөлінген топ атауларына байланысты топтық тапсырмалар орындалды.

Бұл жаттығудың шарты бойынша «Бүршіктену » тобының оқушылары "Суреттер сөйлейді"əдісі бойынша айтса", "Бөлшектену "тобы "Жүк журналы"əдісімен сабақты жалғастырды.

Сабақта алған білімдерін жинақтауда «Венн диаграммасы» әдісін пайдаландым. Негізгі мақсатым бұл жерде оқушылардың сабақ барысында түйген ойларын, алған білімдерін тексеру болды. Біреуі дұрыс жауап берсе екіншісі бұрыс жауап берді. Қателікті сол жерде құрдастардың қол ұшын созуы арқылы түзетіп алдық.



«Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56-бет) екенін ескере отырып, сабақ соңында оқушылардан "Оқушы үні" тестін алдым. Тест нәтижесінде сабаққа оң ынта таныта қоймайтын оқушылар осы сабақ бойынша өз ойларын жазса, үнемі белсенділік танытып жүрген оқушылар өз ойларын айтып қалуға, мүмкіндігінше толығымен орта мерзім бойынша өтілген сабақтардан алған - білегенін жазуға тырысыпты. Дегенмен әлде де олардың қабілеттерін шыңдайтын, дарынды оқушыны әрі қарай ынталандыратын, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау керек екенін түсіндім. Осы сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін анықтау, не нәрсеге көңіл бөлу керек екенін білу мақсатында кері байланыс кезеңінде оқушылар өз білімдерінің деңгейін бағалау смайликтері арқылы көрсете білді. Сабақ соңында"Аналар мерекесіне орай", тосын сый жасаттым. Бүгінгі сабақтан түйгенім жоғары деңгейге жету тек төменгі деңгейдегі қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады (МАН, 78-бет). Жалпы сабақтың нәтижесіне келер болсам, алға қойған мақсаттарым мен міндеттерге жету жолындағы ұстанымым іс-әрекет арқылы өз деңгейіне жетті деп ойлаймын.

Сабақтың өн бойында Жером Брунердің "Орман өсіру" әдісі бойынша ұдайы тапсырманы аяқтауға итермелеп, түрткі болып, бағыттаушылық негізінде дамуларын қолдап отырдым. "Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді" дегендей қашанда күдіктене білетін, соның нәтижесінде тоңмойындыққа салынбай, діттегеніне жете білетін білімді ұрпақты сусындататын біз, ұстаздар, болғандықтан аянбай еңбек ету бүгінгі күннің, заманауилықтың талабы болып отыр. Исаак Ньютон өлерінде былай деген екен: "Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама?" Біз де осы бағдарлама бойынша оқығанымызбен тоқталып қалмай, осы жетістікке ғана қуанып қоймай, алдымен балаларға беретін жаңашылдықты, сыни ойлай білу жолдарын өз жанымызда толықтырып отыруымыз керек деп ойлаймын. Бұл орайда бағдарламаның жеті модулінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етіп қойдым.


Пайдаланған әдебиеттер:

МАН. Үшінші деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектебі», 2012 ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!