Қазақстан Республикасының
педагог қызметкерлерінің
біліктілік арттыру курстарының
үшінші деңгей бағдарламасы негізінде «негізгі тұлға – мұғалім»
басшылығымен мектептегі іс-тәжірибе
кезінде
тізбектелген сабақтар
топтамасына орта мерзімді жоспар жасау жұмысы кезінде бірінші бетпе
–бет
кезеңінде алған жеті модуль
туралы білімді негізге алдым. Бұл бағдарламаға дейін мен әдіс –
тәсілдерді пайдалану кезінде орта мерзімді жоспарды жасау жолдарын
білмеген едім. Бірінші бетпе – бет кезеңінде алған теориялық
білімімді қолдану үшін жоспарлы жұмыс жүргізу қажет болды.Орта
мерзімді жоспарлаудың төмендегідей мақсаттарын негізге алдым.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық 91-бет ) Менің қамтылған төрт
сабағымда бір-бірімен байланысты деп айта аламын. Ондағы мақсатым
оқыту мен оқу үдерісін жүргізу үшін күтілетін нәтижеге жету
жолдарын анықтау қажет болды. Жеті модуль оқыту мен оқу үдерісінде
орын алған жағдайда бағдарламаның басты мақсаты орындалатына
сендім.Сондықтан да орта мерзімді жоспарлауымда тізбектелген әр
сабаққа жеті модулді енгіздім. Себебі, адамның ағзалары секілді
жеті модулде бір – бірімен тығыз байланыста ұштасып жатады.
Оқушының өткен сабақты жаңа сабақпен оңай байланыстыруына жағдай
жасау болды.
Тізбектелген
сабақтар топтамасында:
-
«Бауырымен
жорғалаушылар»
-
«Сүтқоретілер»
-
«Жануарлардың тіршілік
ортасы»
-
«Жануарлардың табиғаттағы және
адам өміріндегі рөлі».
Оқыту мен оқуда
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану.
XXI ғасыр білім беру жүйесін
ақпараттандыру ғасыры. (Н.Ә.
Назарбаев)
Ақараттық-Каммуникациялық
технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың
қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге
сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып саналады. (Нұсқаулық
61 бет). Бұл модульді мен әрбір сабақтарымдағы жаңа сабақтар мен
қорытынды сабақтарды және сергіту сәттерін өткізген уақытта
ноутбукты экранға жалғау арқылы пайдаланып
отырдым.
Дарынды және талантты
балаларды оқыту. Мен мұнда талантты және
дарынды балаларды анықтау үшін орта мерзімдегі такырыптарым бойынша
және де басқа тақырыптарым мен өзге сабақтарымда шығармашылық жұмыс
жасатамын. Балалар шығармашылық жұмыс жасай отырып өз білімдерін
шыңдап отырады.
Оқыту оқудағы жаңа
тәсілдер. Мұғалім оқушылардың зер салып
тыңдауын сақтап қалу мақсатында әрбір жұмыс барысы барынша күрделі,
қызықты және әртүрлі болып отыру керек. (Нұсқаулық 34
бет). «Джиксо», «Эссе», «Миға
шабуыл» әдістері, «Фишбоун», «RAFT», «INSERT», «Ішіне– сыртына»
стратегияларын пайдаланып сабақ
өтемін.
Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету. Берілген тапсырмалардың
әрбірін балалар флипчарт сурет салу арқылы сыни тұрғыдан ойлай
отырып постер жасауды үйретемін. Әр бір берілген тапсырмаларды
жылдам орындап отырған оқушыларға мадақтау (керемет, тамаша)
сөздерімен сабаққа деген ықыласын арттырып
отырамын.
Оқушылардың жас
ерекшіліктеріне сәйкес оқыту және
оқу.
Мен мұнда оқушыларым бастауыш
сыныбы болғандықтан орта мерзімді жоспарымды олардың жас
ерекшіліктерн қарап жасадым және олардың жастарына қарай
тапсырмалады беріп отырдым.
Оқыту үшін бағалау және
оқуды бағалау.
Бұл модульді 4 сабағымда да
түрлендіріп бағалап және де әрбір тапсырмамда қолданып
отырдым.Оқушыларды әрбір тапсырмадан соң формативті түрде бағалап,
кері байланыс орнатып, сабақтың соңында оқушылар бағдаршамның қызыл
«көмек керек», сары «ұнамады», жасыл «ұнады» деп түсіне қарай
топтарды «БББ» стратегиясы мен «Бадаршам», «Екі жұлдыз-бір тілек»,
«Өзін–өзі бағалау», «смайликтер» парағы мен бағалау критерийлерін
пайдаланып отырдым.
Оқытуды басқару және
көшбасшылық. Оқытудағы Кембридж тәсілі
бойынша өткен төрт сабағымда сыныпта топта көшбасшы сайлау
және сыныпқа бағдар беріп, оқушыларды алға жетелеу арқылы көшбасшы
өзім болдым.
«Білім-адам баласының ортақ
қазынасы»,-Ж.Баласағұн айтқандай, елімізде болып жатқан түрлі
бағыттағы өзгерістер білім беру саласын жаңаша қолдауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып, оқушылардың шығармашылық
әлеуетін дамытуда, мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды
талап етеді. Қазіргі таңда ұстаздарымыз заманауи инновациялық
әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап,өзінің іс-тәжірибесіне
кіріктіруі шарт. Сондықтан да мен тізбектелген сабақтар топтамасын
орта мерзімге жоспарлағанда оқушыларға заман талабына сай сапалы
терең білімді беруді мақсат еттім. Орта мерзімге жоспарлаған
сабақтар топтамасында жеті модульді осылай тиімді ықпалдастырдым
деп ойламын.Осы бағдарламаға сәйкес жоспарымды тиянақтадым. «Ы.
Алтынсарин педагог –ұйымдастырушы ретінде арқалаған жүгінің
салмағын, сауатын, ой-өрісін, жан байлығы мен алдына қойған
мақсат-мүдделерін ашатын асыл, баға жетпес қазыналар»-деп айтып
өткен.
|