Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ТЖБ 10 сынып 1-2 тоқсан
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қазақстан тарихы» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2022-2023 оқу жылы
Нұр-Сұлтан, 2022
МАЗМҰНЫ
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 26
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы(жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Білу
-
Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарды және олардың орналасқан жерлерін;
-
көшпенділіктің тарихи түрлерін;
-
еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін;
-
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын;
-
әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін;
-
Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерді біледі.
Түсіну
-
Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарының, негізгі оқиғалардың мәнін;
-
ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің әр түрлерінің, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін;
-
әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын;
-
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын түсінеді.
Қолдану
-
Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде;
-
Орталық Азия көшпенділер мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда;
-
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;
-
Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.
Талдау
-
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;
-
себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;
-
Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды талдайды.
Жинақтау
-
тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;
-
Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.
Бағалау
-
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;
-
Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін;
-
тарихи мәліметтердің шынайылығын;
-
Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Сипаттама |
Тапсырмалар түрлері |
Білу және түсіну |
Орталық Азияны зерттеген ғалымды сәйкестендіреді, Ұлы Дала өркениетінің қалыптасуы туралы ақпараттардың «ақиқат» немес «жалған» екенін анықтайды, Этникалық құрылымға қатысты ұғымдарды сәйкестендіреді,
|
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Қолдану |
Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттайды, Ұлы даланың маңызды тарихи мәндерін түсіндіреді, Қазақтардың этникалық құрылымын тірек сөздерді қолданып, сипаттайды, Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін түсіндіреді, қазақ шежірелеріне қатысты тұжырымдардың «ақиқат » және «жалған» екенін анықтайды,
|
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Жоғары деңгей дағдылары |
«Көшпелілердің өркениетінің адамзаттың дамуына қосқан үлесі өте зор» Осы тұжырыммен қаншалықты келісесің.. ПТМС негізінде түсіндіреді, мәтінді және өз білімін қолданып, билер институтының қоғамдағы алатын рөлін талдайды, |
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Тоқсан |
Білу және түсіну |
Қолдану |
Жоғары деңгей дағдылары |
I |
20 |
60 |
20 |
II |
20 |
60 |
20 |
III |
|
|
|
IV |
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кезкелген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалауа аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
I тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім |
Тексерілетін оқу мақсаты |
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Тапсырма саны* |
Тапсырма №* |
Тапсырма түрі* |
Орындауға берілетін уақыт* |
Балл* |
Бөлім бойынш а жалпы балл |
Өркениет: даму ерекшеліктері |
10.1.1.2 Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу |
Білу және түсіну |
1 |
1 |
ҚЖ |
7 |
7 |
30 |
10.1.1.3 Орталық Азия өркениеттері нің ежелгі ошақтарының ерекшелікте рін сипаттау |
Қолдану |
1 |
2 |
ҚЖ |
10 |
6 |
||
10. 1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру; |
Қолдану |
1 |
3-4 |
ТЖ/ҚЖ |
15 |
10 |
||
10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау |
Жоғары деңгей дағдылары |
2 |
5-6 |
ТЖ |
13 |
7 |
||
БАРЛЫҒЫ |
|
5 |
- |
- |
45 |
30 |
30 |
|
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Орталық Азия туралы зерттеу мен ғалымдарды сәйкестендіріңіз .
1 |
Ұлы Кирдің Орталық Азияға жорығы туралы жазған тарихшы |
А |
Сыма Цянь |
2 |
Тарихи жазбалар кітабында Орталық Азияның тарихы туралы нақты мәліметер берген ғалым |
Ә |
Геродот |
3 |
1893 жылы түркі жазуының құпиясын ашқан ғалым |
Б |
В.Ф. Зайберт |
4 |
Шу, Талас және Іле алқаптарын зерттеген тарихшы ғалым |
В |
В.В.Бартольд |
5 |
Есік қорғанын, Бесшатыр қорғанынын, Таңбалы петроглифтерін ашқан экспедицияға жетекшілік жасаған ғалым |
Г |
К.Ақышев |
6 |
Ботай мәдениетін 1980 жылдары зерттеген ғалым |
Д |
В.Томсен |
7 |
Орталық Қазақстанға археологиялық экспедициясына жетекшілік еткен ғалым |
Е |
Ә.Марғұлан |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
[7]
2. Тарихи картаны және өз біліміңізді пайдаланып Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
О
ртаазиялық өркениет ошағының
картасы
Географиялық |
1 2 |
Экономикалық |
1 2 |
Мәдени |
1 2 |
[6]
3. Ұлы дала өркениетінң маңызды тарихи мәндерін түсіндіріңіз.
Экологиялық |
|
Тарих алаңы |
|
Ашық кеңістік |
|
Өзара ықпалдастық |
. |
Көлік дәлізі |
|
[5]
4. Ұлы Дала өркениетінің қалыптасуы туралы ақпараттардың «ақиқат» немес «жалған» екенін анықтаңыз
|
Тұжырым |
А |
Ж |
1 |
Жылқыны қолға үйрету б.з.б IV мыңжылдық ортасында Солтүстік Қазақстанда Ботай мәдениетінде басталды |
|
|
2 |
Б.з.б III мыңжылдықтың басты жетістігі дөңгелекті арба мен қола өндірісінің пайда болуы болып табылады. |
|
|
3 |
Андрондықтар тас дәуіріндегі далалық мәдениетті құрушылар болып табылады. |
|
|
4 |
Көшпелілік - шаруашылықтың түрі, оның басты сипаты жыл бойы жайлымда мал бағу, көшіп қону,көшіп қонуға тұтас жұрттың қатысуы |
|
|
5 |
Көшпелілердің ерекшелігіне табиғат жағдайына бейімделген шаруашылық түрі тән |
|
|
[5]
5. «Көшпелілер өркениеті адамзат тарихының дамуына қосқан үлесі өте зор» Осы тұжырыммен қаншалықты келісесіз. ПТМС-формула негізінде түсіндіріңіз.
П – позиция, мен солай санаймын [1] |
|
Т – түсіндіретін болсам... (2 дәлел келіріңіз) [2] |
|
М – мысал келтірсем ... (2 мысал келіріңіз) [2] |
|
С – Қорытыныдылай келе (қортынды ойынызға дәйектер келтіріңіз) [2] |
|
[7]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
1-Ә |
1 |
|
2-А |
1 |
||
3-Д |
1 |
||
4-В |
1 |
||
5-Г |
1 |
||
6-Б |
1 |
||
7-Е |
1 |
||
2 |
Географиялық ерекшеліктері 1. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары өзендер мен тау етегіндегі жазираларда пайда болды. 2. Өркениеттер өзіндік болмысын сақтап мыңдаған жылдар өмір сүреді. Бұл өркениеттердің негізгі тоғыз ошағын қарастыруға болады: Маргуш, Бактрия, Хорезм,Соғды,Ферғана, Шаш, Сырдария, Жетісу, Шығыс Түркістан. Бұл өркениеттерде отырықшы – егіншілік қалыптасты. |
11 |
Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады |
Экономикалық ерекшеліктері 1.Отырықшы – егіншілік мәдениет пайда болуы көшпелі мал шаруашылығымен баланысты болады. 2.Трансконтиненталдық саудаға араласып, делдал қызметін атқарады. |
11 |
||
Мәдени ерекшеліктері 1.Бірнеше тұрақты мәдени ошақта өмір сүруі мыңдаған жыл өз мәдениетін сақтаған сабақтастығы мен тұрақты дамуы бар өркениеттер қалыптасты. Өзара байланыстардың нәтижесінде иран тілдес халықтар түркіленді. 2 Көшпелі халықтармен мәдени әрекеттесуі. |
11 |
||
3 |
Ұлы Даланың климаттық жағдайлары көшпелі өркениеттің пайда болуы мен өркендеуіне ықпал етті |
1 |
|
Ұлы Даланың тарихы кезеңдерінде көптеген мемлекеттер құрылып, тарихи маңызды оқиғалар орын алды |
1 |
||
Ұлы Даланың тілдік антропологиялық және этникалық араласулар мен мәдени байланыстардың орталығы болды |
1 |
||
Ұлы Даланың шекаралық аймақтары көшпелі және отырықшы өркениеттердің өзара ықпалдасқан аймағы болды |
1 |
||
Ұлы Дала Батыс пен Шығысты байланыстырған дәліз ретінде болды |
1 |
||
4 |
1-Ақиқат |
1 |
|
2-Ақиқат |
1 |
||
3-Жалған |
1 |
||
4-Ақиқат |
1 |
||
5-Жалған |
1 |
||
5 |
П – Көшпелілердің адамзат қоғамының дамуына қосқан үлесі өте зор, өйткені көшпелілердің рухани мәдениеті мен ғылым саласында жетістіктері көп болды. Оны біз тастағы петроглифтерден бастап сақтардың алтын адам сияқты жәдігерлерінен көре аламыз. |
1 |
Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады |
Т – Біріншіден, көшпелілердің қалдырған ескертікіштерінен сақ дәуіріндегі Алтын адамды алатын болсақ. Бас киімінде қанатты аттың кескіні күн күймесі деп түсіндіріледі. Күнге табыну сақтар да да болған. Екіншіден Аң стиліндегі бұйымдар да сақ-скиф мәдениетіне жатады. Жануарлардың бейнесінде әртүрлі бұйымдар, зергерлік ,қолөнер заттары жасалды. |
2 |
||
М – Бірінші мысал: Есік қорғанынан табылған алтын киімді адам көшпелілердің жетістігі болып табылады.Аң стилінде әртүрлі жануарлардың арқар, бұлан, жолбарыс т.б бейнелеген. Екінші мысал: Тамғалы петроглифтерінде де жануарлардың бейнесі, бұқаға мінген күн басты құдірет бейнесі салынған. 2004 жылы Тамғалы петроглифтері әлемдік мұралар тізіміне енді. |
2 |
||
С – Көшпелілердің рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктері әлемдік деңгейде танылды. Көшпелілердің баспанасы – киіз үй аса қолайлы әрі әбден жетілген құрылыс үлгісі болып саналады. Көшпелілер көптеген халықтардың күнделікті тұрмысында қолданатын заттары мен тұтыну бұйымдарын жасаған. Үзеңгіні алғаш рет көшпелілер қолданған. Ауыр, түзу семсердің орнына қайқы қылышты жасап шығарған. Ерлердің шалбарын көшпелілер өте ерте кезде ойлап тапқан |
2 |
||
Барлығы |
30 |
|
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
II тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім |
Тексерілетін оқу мақсаты |
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Тапсыр ма саны* |
Тапсырма №* |
Тапсырма түрі* |
Орындауға берілетін уақыт* |
Балл* |
Бөлім бойынш а жалпы балл |
Этникалық және әлеуметтік процестер
|
10.2.1.1 Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану; |
Білу және түсіну |
1 |
1 |
ҚЖ |
7 |
7 |
30 |
10.2.2.1 қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа », «жүз», « ата-жұрт», «ата- мекен» ұғымдарын пайдалану; |
Қолдану |
1 |
2 |
ТЖ |
10 |
6 |
||
10.2.2.3 қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар); |
Қолдану
|
2 |
3-4 |
ҚЖ |
15 |
10 |
||
10.2.2.7 дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру |
Жоғары деңгей дағдылары |
2 |
5 |
ТЖ |
13 |
7 |
||
БАРЛЫҒЫ |
|
5 |
- |
- |
45 |
30 |
30 |
|
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Этникалық құрылымға қатысты ұғымдарды сәйкестендіріңіз.
1 |
Адамды, оның шығу тегін, дамуын, табиғи және мәдени ортада өмір сүруін зерттейтін ғылым. |
А |
Антропология |
2 |
Этностың шығу тарихын зертттейтін ғылым |
Ә |
Этнология |
3 |
Этностар мен этникалық қауымдастықтарды зерттейтін ғылым |
Б |
Этногенез |
4 |
|
В |
Ассимлияция |
5 |
Бұрынғы этностың тарихи жағдайлардың әсерінен жаңа этносқа айналуы. |
Г |
Трансформация |
6 |
Ірі этностардың ыдырауы немесе өз құрамынан бір бөлігін шығаруы. |
Д |
Этнос |
7 |
Тайпа, халық және «генезис» – шығу тегі |
Е |
Дифференциация |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
[7]
2. Қазақтардың этникалық құрылымын тірек сөздерді қолданып, сипаттаңыз Тірек сөздер: ру, тайпа, жүз, шежіре, ата-жұрт, ата-мекен.
|
[6]
3. Кестеде әр жүздің ру-тайпаларын анықтап, территориясын жазыңыз.
ҚАЗАҚ
Кіші жүз
Орта жүз
Үлы жүз
Территориясы:
______________
Территориясы:
______________
Территориясы:
______________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
[6]
4. Қазақ шежірелеріне қатысты тұжырымдардың «ақиқат » немесе «жалған» екенін анықтаңыз.
Тұжырым |
А |
Ж |
Құрбанғали Халидтың «Тауарих Хамсасы». Шағатай тілінде жазылған, қазақ елінің тарихы, әдет-ғұрпы, «қазақ" этнонимінің шығу тарихы, рулар жөнінде тың деректер кездеседі |
+ |
|
«Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», қысқаша «Шежіре» Шәкерімнің тұңғыш жарық көрген еңбегі. |
+ |
|
XII ғ. қатысты деректердің мол жинағы М. Х. Дулаттың «Тарих-и Рашиди» шығармасы болып табылады |
|
+ |
Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың «Шежірелер жинағы» атты тарихи еңбегі 157 бетке, қытай қағазына ұқыптылықпен жазылған |
|
+ |
[4]
5. Мәтінді және өз біліміңді қолданып, билер институтының қоғамдағы алатын рөлін талдаңыз.
Қазақ хандығы кезіндегі билер институты: Қазақтың атақты билері: Төле, қаз дауысты Қазбек, Әйтекеден қалған сөз билігі дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардың заманында, Ахмет Байтұрсынов пікірімен айтқанда, «әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын таптырмас дәрі еді». Билер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбат пен арзанды, қиын мен жеңілді салыстырып алға тартқан. Мал дауы мен жер дауына, ар дауы мен намыс дауына кесімді билік айтып, «тілмен түйіп, тіспен шеше алмас» тұжырым жасаған. Кез келген қазақ ол кезде мылжыңдықты, далбасалықты, жағымпазды мін көріп, қорлық санаған. «Сөз шынына тоқтайды, пышақ қынына тоқтайды» деп шындықтың туын көтерген «от ауызды, орақ тілді» шешендерін қастерлеп өткен. https://egemen.kz/article/41353-qazaq-khandyghy-kezindegi-biler-instituty-talimi-men-%C2%A0taghylymy |
Билер ұғымына анықтама беріңіз? |
|
Үш жүздің билерін атаңыз? |
|
Қазақ даласында сотты кім жүргізді? |
|
Билер қандай қызметтер атқарды? |
|
Ахмет Байтұрсыновтың «әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын таптырмас дәрі еді» деген пікірімен қаншалықты келісесіз? |
|
Билер соты қандай мәселелерді қарады? |
|
Билер институтының қоғамда алатын орны қандай? |
|
[7]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
1-А |
1 |
|
2-Б |
1 |
||
3-Ә |
1 |
||
4-В |
1 |
||
5-Г |
1 |
||
6-Е |
1 |
||
7-Д |
1 |
||
2 |
Қазақ ұлты ХV ғасыр ортасында қалыптасты, бірақ бір-біріне тәуелді ру-тайпалардан тұрды. Әр ру мен тайпаның өз шежіресі болды, ол негізінен ұрпақтан- ұрпаққа ауызша берілетін |
1 |
Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады |
Рулар мен тайпалар – бір атадан тараған ер адамдардың бірлестігі. |
1 |
||
Жүздер жүйесі арқылы бүкіл қазақ мемлекетінің орасан зор аумағы басқарылды. |
1 |
||
Шежіре қазақ этносының ұжымдық тарихи жады болып табылады |
1 |
||
Әрбір қазақ белгілі бір рудың мүшесі болды. Рудың көшіп-қону аймағы атажұрт деп аталды |
1 |
||
Қазақтардың бүкіл этникалық аумағы атамекен деп аталды |
1 |
||
3 |
Ұлы жүз: Үйсін, Дулат, Қанлы Территориясы: Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан |
2 |
Оқушы басқа да ру-тайпаларды келтіре алады |
Орта жүз: Арғын, Қыпшақ, Найман Территориясы: Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан |
2 |
||
Кіші жүз: Беріш, Байбақты, Адай Территориясы: Батыс Қазақстан |
2 |
||
4 |
1-Ақиқат |
1 |
|
2-Ақиқат |
1 |
||
3-Жалған |
1 |
||
4--Жалған |
1 |
||
5 |
«Би» сөзі ежелгі түркінің «бек» сөзінен бастау алып, негізінен «басқару», «билеу», «билік ету» деген ұғымдарды білдірсе керек. |
1 |
|
Үш жүздің билері: Төле, Қаз дауысты Қазбек, Әйтеке би |
1 |
||
Қазақ даласында сотты билер жүзеге асырды. Билер соты әділеттілікті қамтамасыз етті. |
1 |
||
Билер сот, әкімшілік және әскери билік қызметтерін атқарды. |
1 |
||
Ахмет Байтұрсыновтың «әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын таптырмас дәрі еді» деген пікірімен толық келісемін. Себебі, билер әділеттілікті қамтамасыз етті. Әр түрлі мәселелерді шешіп, қоғамда тәртіпті қамтамасыз етіп отырды. |
1 |
||
Билер соты мал дауы мен жер дауына, ар дауы мен намыс дауына кесімді билік айтты. |
1 |
||
Қазақ халқының өмірінде билер институтының алар орны мен үлес-салмағы, маңыздылығы айрықша болды. Өйткені, оның – мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайын тек әдеттегі құқықпен ғана емес, рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде де ұштастыра әрі теңестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым ретіндегі рөлі ерекше. |
1 |
||
|
Барлығы |
30 |
|