Материалдар / ТЖБ 2024-2025 оқу жылы, І тоқсан (қазақ тілі, 7-сынып)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТЖБ 2024-2025 оқу жылы, І тоқсан (қазақ тілі, 7-сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылының І тоқсаны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған ТЖБ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2024
316
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу мақсаттары

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;

7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау;

7.3.3.1 мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу;

7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;

7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;

7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу



7.4.1.1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;

7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

7.2.2.1 публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)










«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Ауа райы және климаттық өзгерістер.

Көшпенділер мәдениеті.

Денсаулық зор байлық.


Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

[10]

  1. Үзіндіні тыңдап, оқиғаның жалғасын өз болжамыңызбен жалғастырыңыз.


Сұрақ: Ақсақал балаға не дейді? Оқиғаны жалғастырыңыз.


  1. Түпнұсқаны тыңдап, болжамыңыздың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.Автор көзқарасы мен көтерілген мәселеге баға беріңіз.


  1. Ақсақалдың жігітке айтқаны дұрыс па? Жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Өз сөздеріңізде мақал-мәтелдерді, фразеологизмдерді қолданыңыз.


  1. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы факт, қайсысы көзқарас екенін анықтаңыз:

Жігіт өте кедей болған.


Адамның ең қымбат байлығы –денінің саулығы


Жазылым

Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, тапсырмаларды орындаңыз: [10]



  1. Диаграммадағы ақпаратты пайдаланып, күрделі жоспар құрастырыңыз. Құрылымы сақталған 150-170 сөзден тұратын «25 жыл ішінде денсаулықты сақтау бойынша Қазақстанның жетістіктері» тақырыбында мәтін жазыңыз. Жазылым барысында жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескеріңіз. Үндестік Заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
















Shape1



  1. ҚShape2 ұрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды білдіре отырып, « Климаттық өзгеріс пен адам денсаулығының арасында байланыс бар ма?» тақырыбына 150-170 сөзден тұратын дискуссивті эссе жазыңыз. Күрделі жоспар құрыңыз. Жазылым барысында жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескеріңіз. Үндестік Заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазыңыз.



  1. ЖShape3 анрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, «Көшпелі халық ұрпағымыз» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. Жазылым барысында жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескеріңіз. Үндестік Заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқылым [10]



1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ, қазіргі заманда адам ағзасына тиер залал да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге түскен сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.
Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез -келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың спортпен айналысудың маңызы зор.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық– бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Кез- келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

  1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздерді жазыңыз



  1. Тірек сөздерді синонимдермен ауыстырып, жинақы мәтін жазыңыз (40-50 сөз):

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Кестені толтырыңыздар:

Тыңдалым мәтіні

Оқылым мәтіні

Тақырыбы



Құрылымы




Стиль



Мақсатты аудиториясы



Тілдік ерекшелігі








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!