Материалдар / ТЖБ 4-тоқсан қазақ тілі 7-сынып

ТЖБ 4-тоқсан қазақ тілі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ 4-тоқсан қазақ тілі 7-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
283
3 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология

Ғылыми фантастика. Пунктуация

Оқушының аты-жөні______________________________________________


Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар

Орындау уақыты

Балл

1

7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау;

7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;

7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу:

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс қосымша уақытта өткізіледі

(әр білім алушыға 3-5 минут беріледі).

10

2-4

7.2.4.1 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.

Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

15

10

5

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу;

7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

25

10




45

30

Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма ауызша орындалады.

  1. Мәтінді тыңдаңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз. Жауап беру барысында оқшау сөздерді қолданыңыз.

  2. Жұбыңыздың жауабын тыңдап, өз жауабыңызмен салысытырыңыз. Көзқарастарыңызда ұқсастықтар немесе айырмашылықтар бар ма? [10]

1-мәтін

Кенет құлақ тұндырған жарылыс пен қып-қызыл от аспанды қақ айырғандай болды. Жер дірілдеп, әуе жаңғырып, қала отқа орана бастады. Ал тұрғындардың көпшілігі киініп те, қаруын алып та үлгермеген еді. Міне, Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Дәл осы күні фашистік Германия сақадай сай тұрған әскерімен Кеңес үкіметінің жеріне басып кірді. Аса дайындықпен баса-көктеп енген неміс әскерінің қаһарына бірінші болып Брест қаласы ілікті. Қаладағы жауынгерлердің жанкешті қарсылығы Белоруссияның бір шетіндегі елеусіз қаланы тарихи қалаға айналдырды.

Сонымен, Ұлы Отан Соғысы туралы таңғаларлық мәліметтерге тоқталсақ:

Жалпы екінші дүниежүзілік соғысқа 34 млн 476 мың адам қатысты. Ресми мәліметтер бойынша, Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, оның 1 млн 366 мыңы қазақстандық. Қан майданға Қазақстанның әрбір 5-ші азаматы аттанды. Ал соғысқа аттанған қазақстандық жауынгердің әрбір екіншісі майдан даласында қаза болған. Сондай-ақ, 601 815 жауынгер елге оралған жоқ.

Екінші дүниежүзілік соғыс барлық жанжалдар тарихында ең жойқыны болды. Оған ең көп қаржы жұмсалды, көп мүлік қирады, өте көп адам қаза тапты және тарихтағы кез-келген соғысқа қарағанда ең терең өзгерістер әкелді.

Cұрақ:

Берілген соғыс суреттеуінен адамзатқа маңызды нені атап көрсетер едіңіз?

Неліктен адамзат баласы зұлмат күш «соғысты» өз қолымен жасауға құштар?

Қазақстандықтардың осы соғысқа қатысуына қатысты сіз қандай көзқарастасыз?

2-мәтін

Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт болатын. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кімге болса да мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады.

Сұрақ:

Неліктен адамзат баласына ұлы есімдерді тудыру үшін бейбіт өмір жеткіліксіз болады да тұрады?

Соғыс жағдайында отанын сүю қандай әрекеттермен өлшенген, ал бейбіт өмірде немен өлшенеді деп есептейсіз?

"Ел басына күн туған күн" деген сөздің мағынасын қалай ашар едіңіз?

Shape2 Shape1

Көзқарас

Факт

Тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратыңдар.

Дәл осы күні фашистік Германия сақадай сай тұрған әскерімен Кеңес үкіметінің жеріне басып кірді.

Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.

Аса дайындықпен баса-көктеп енген неміс әскерінің қаһарына бірінші болып Брест қаласы ілікті.

«Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»

Жалпы екінші дүниежүзілік соғысқа 34 млн 476 мың адам қатысты.


Оқылым

1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз. [6]

А мәтіні

Ғылымдағы секілді, фантастиканың да өзінің мәңгілік тақырыптары бар. Және олар уақыт пен кеңістікке саяхат, жасанды интеллект, жерден тыс әлемдегі өркениет, тіршіліктің басқаша формалары сияқты жұмбақ жайттарды қамтиды. Ең бастысы, өткенге немесе болашаққа қатысты әлдебір әлемнің, белгілі бір сәттің бейнесін кейіптей отырып, фантаст-жазушылар оқырман қиялының көкжиегін мейлінше кеңейтеді. Фантастикалық шығармалардың міндеті мұнымен ғана шектелмейді. Яғни бұл жанр әлдебір ғылыми жаңалықтың адамның өмірі мен қоғамның дамуына тигізер әсерін көркемдік тұрғыда ұғынуға көмектеседі. Мәселен, қай кезде де ғылыми жаңалықтар бірыңғай жақсылық алып келе бермейді. Кейбір озық ойлардың теріс мақсатта пайдаланылып кететін де кезі жеткілікті. Осы ретте фантастикалық туындылар ғалымдарды ғылым адамына жүктелер бүкіл адамзат пен болашақ алдындағы жауапкершілік жөнінде ойлануға мәжбүрлейтіндігімен де құнды.

Ә мәтіні

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді. Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз.

Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыптары




Мәтін қай стильде ?



Қандай ерекше сөз қолданыстары бар? Мысалдар келтіріңіз








2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, тыныс белгілерін қойып шығыңыз. [4]

Мәтін

Қазақ фантастикалық әдебиетінің теориясы мен тарихын жазушы осы жанрдың алғашқы туындыгерлерінің бірі – А. Мархабаев Фантастиканың басты міндеттерінің бірі ғылымды насихаттау екен Демек бұл жанрдың басқа әдеби түрлерден ерекшеленіп тұратын оқшау қасиеті болуы тиіс Яғни фантастика ғылымды туғызса ғылым өз кезегінде фантастиканы қамшылайды. Осылардың жиынтық ұғымы біздің әдебиеттану ғылымымызда «ғылыми-фантастикалық әдебиет» дегенді қалыптастырады» деп тұжырымдайды.

      Фантастика даму жолында ішкі сипаттары және сыртқы тұрпаттарына қарай әдеби-көркем фантастика ғылы­ми фантастика әлеуметтік фантас­тика экономикалық фантастика бері келе фентези болып бірнеше түрге бөлінеді.


Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз. [10]

1.Біздің ата-бабаларымыз сұм соғыста от кешіп, окоптан кеуделерін отқа төсегенін білеміз. Олар Отанымызды, біздің тыныштығымызды, төбеміздегі бейбіт аспанды қорғады. Олар ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының немесе тыл ардагерлерінің еңбегін баяндай отырып, мектепішілік газеттің «Ел айнасы» айдарына мақала жазыңыз.

2.Ғылыми фантастика жанрындағы шығармаларға сұраныс деңгейі қандай? Осы мәселені көтеріп мектепішілік газетке "Фантастика бізге керек пе? " тақырыбында ақпараттық мақала жазыңыз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________














Оқылым

Балл

Сипаттамасы


1

Екі мәтінді салыстырып, көтерілген мәселені анықтайды;

Екі мәтіннің стилін анықтайды;

Тілдік ерекшелігін анықтайды.

2

2

2

2

Мәтінді мұқият оқып, тыныс белгілерін қойып жазады;

2

2



10



Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) ескермейді, жазылу сипатында бірізділік сақталмайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрлық ерекшеліктерді сақтамайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!