Материалдар / «To learn the structure of numbers with grammar» «Грамматикамен бірге сандардың құрлымын үйрену»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«To learn the structure of numbers with grammar» «Грамматикамен бірге сандардың құрлымын үйрену»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және оның тұтастай дамуына ықпал ету, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуы, төменгі сынып оқушыларының эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамуы, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
493
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Куттымуратова Алия Султановна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Талдысай жалпы орта білім беретін мектебі 2019-2020 оқу жылы

«To learn the structure of numbers with grammar» «Грамматикамен бірге сандардың құрлымын үйрену»

факультативы бойынша жүргізілген жылдық қорытынды жұмыстары туралы талдау

2019-2020 оқу жылында 6 «а» класында ағылшын тілі пәнінен «To learn the structure of numbers with grammar» факультатив сабағы жүргізілуде. Аптасына 1-сағат, барлығы жылына 34 сағат құрайды. Жоспар бойынша барлық сағат саны өткізіліп келеді. Факультатив ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәнін тереңдетіп оқытады. Сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарды байланыстырады. Оқушылар үшін өз білімін жетілдіруде ағылшын тілі пәнінен материалдарды толық меңгеруі үшін , өз бетімен ізденуде маңызы зор.

Мақсаты: оқушының жеке  тұлға болып  қалыптасуына және оның тұтастай дамуына ықпал ету, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуы, төменгі сынып оқушыларының эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерін  дамуы, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі.

Міндеттері:

  • шет тілінде сөйлейтін/жазатын адамдармен өзара түсіністік орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілі туралы түсінік қалыптастыру, дыбысталатын және жазбаша мәтіндер арқылы жаңаны танып білу;

  • төменгі сынып оқушыларының лингвистикалық ой-өрістерін кеңейту; төменгі сынып оқушыларына қолжетімді және қарапайым деңгейде шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді игеруге қажетті қарапайым лингвистикалық түсініктерді меңгеру;

  • болашақта психологиялық кедергіні жеңу үшін жаңа тілдік әлемге төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік-психологиялық бейімделуін және шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз ету;

  • рольдік ойындар арқылы оқушының тұлғалық сапасын, оның түсінігін, ойын және қиялын дамыту;

  • оқушыға рухани-адамгершілік тәрбие беру;

Факультатив сабақтары уақытында жүргізілді. Оқушылар сабаққа түгел белсене қатысып жүрді. Өз бетінше сабаққа қызығушылықпен ізденіп тапсырмаларды орындап отырды. Факультативтік сабақта лексикалық қордағы  тұрақты сөз тіркестері, түрлі репликалар, қарым-қатынасты қамтамасыз етудің тілдік этикеттің  элементері, лексикалық минимумның орфографиясы қолданылады. Жоспар бойынша оқушылар үйрену қажет болған заттардың бәрін өз деңгейлерінше үйренді. Факультатив сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр–түрлі әдістерді қолданып жүргіздім. Сонымен қатар балалар қосымша ән салып, түрлі ертегілерде сахналауды үйренді. Түрлі дискілер арқылы ағылшын тілінде мульфильмдер мен балаларға арналған кинолар да тамашаланды. Сонымен қатар,оқушылар әртүрлі тақырыптар аясында достарымен шет тілінде әңгіме құрастырады,мәтінмен жұмыс істеуді үйренеді,сөздік қоры молаяды,бағдарламаға сай берілген грамматикалық тақырыптарды меңгереді.

Осы факультатив сабағы арқылы балалар көптеген өмірде керек сөздік қорлары да дамыды. Және де менің байқағаным оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артты, сабақтарымда тәсілдерді қолдана отырып педагоикалық мақсатыма жеттім деп ойлаймын.



Пән мұғалімі: А.С.Куттымуратова




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!