Материалдар / «Төкеш Жездібаев – спорт және туризм ардагері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Төкеш Жездібаев – спорт және туризм ардагері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар және жасөспірімдер туризміне өз ізін қалдырған, спорт және туризм ардагері – Төкеш Қабалұлы Жездібаевтың өмірімен шығармашылығымен таныстыру танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту
Авторы:
27 Мамыр 2024
182
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Cабақтың тақырыбы: «Төкеш Жездібаев – спорт және туризм ардагері»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балалар және жасөспірімдер туризміне өз ізін қалдырған,

спорт және туризм ардагері – Төкеш Қабалұлы Жездібаевтың өмірімен шығармашылығымен таныстыру;
Дамытушылық: танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Отанын сүйетін азамат болып өсуге баулу;

Көрнекіліктер:сурет, шар, интерактивті тақта, карта

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ауызша баяндау, топпен жұмыс, ойын.

Жоспар:

1. Үй тапсырмасы«Lays әдісі»

2. Бейнеролик Т.Жездібаевтың өмірбаяны
3. Жаңа сабақ

4. «Кинолента» әдісі
5.
«Саяхатта» әні орындалады

6.«Бинго» әдісі

7. Қорытынды


Сергіту «Сәлемдесу» бейнеролик

Топқа бөлу әлеуметтік желі арқылы тикток 1, инстаграм 2


Үй тапсырмасы «Lays» әдісі сұрақтары:

1. Сәңкібай батыр кім ? ( батыр )
2. Дүниеге келген жылы ? (1687-1804)

3. Сәңкібай батырдың қызының есімі (Ақбота)

4. Сәңкібай ескерткіші қай жылы ашылды? ( 2014 жылы)
5.
Сәңкібай батыр қай жерде дүниеге келді?( Жем өзені)

6.Ақбота – Сәңкібай тауы қай ауданда орналасқан? (Байғанин)


Жаңа сабақ:

Бейнеролик Т.Жездібаевтың өмірбаяны


Жездібаев Төкеш Қабалұлы 25 қазан 1935 жылы Ақтөбе облысы (Мұғалжар) ауданы Құмжарған ауылдық советінің №19 ауылында дүниеге келді. Эмбі стансасында теміржолшы жанұясынан шыққан.

Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін) оқыған. Институт қабырғасында оқумен қатар спорт және туризммен айналысқан.

Төкеш Қабалұлы 1960 жылы Абай атындағы педагогикалық институттың тарих-филология факультетін ойдағыдай бітіріп, алғашқы еңбек жолын мектепте ұстаздықтан бастады.Мектептегі жылдық жұмысынан кейін 1961 жылы оны Республикалық туристік-экскурсиялық балалар стансасының ашылуына орай оны жұмыс жасауға шақырады. Бұл орында болашақ жастарға барлық күш жігерін және білімін бере отырып, 1997 жылға дейін жұмыс жасайды.Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ғимаратында өлкетану және спорт ардагері Төкеш Жездібаевқа арналған ескерткіш тақта орнатылды.

Ұзақ жылғы ұстаздық-тәрбиешілік жұмыс барысында 70-тен астам оқу-әдістемелік нұсқаулықтар жазды: 2002 жылы Халықаралық Мәскеу Академиялық балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану Жоғарғы аттестациялық комиссиясы оған «балалар-жасөспірімдер туризмі» өлкетану мамандығы бойынша Академик құрмет атағы берілді. Сонымен қатар «Золотой компас» сыйлығының иегері болып табылады.

Балалар және жасөспірімдер туризмінің дамуына үлкен үлес қосқан қайраткерді өскелең ұрпаққа үлгі тұту мақсатында ұлықтау біздің басты парызымыз.Сонымен қатар 2020 жылы балалар және жасөспірімдер туризмінің негізін салушы, өлкемізден шыққан Төкеш Жездібаевтың 85 жылдық атаулы мерейтойы қарсаңында семинарға Алматы қаласынан арнайы Төкеш Жездібаевтың ұлы фото тілші Қайрат Жездібаев шақырылды. Ол әкесінің туризм саласына қосқан үлесі және еңбектері туралы баяндап берді.

Сонымен қатар жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогтары үнемі өз жұмыстарында Т.Жездібаевтың еңбектерін қолданады. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында Т.Жездібаевтың атында көше бар.Қалалық жас туристер стансасы балалар және жасөспірімдер туризмінің негізін қалаушы Төкеш Жездібаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінде бұрыш ашуды ұсынды. Музейге Қайрат Жездібаев сыйға тартқан Т.Жездібаевтың фото суреті, мұзжарғышы, киімдері,кітаптары, туристік құрал-жабдықтары тапсырылды.

«Кинолента» әдісі:оқушылар лентаға Т.Жездібаевтың өмір жолы, шығармашылығы, жетістіктері туралы фотоларды жапсырып, мәліметтерді жазып, қорғайды.


«Саяхатта» әні орындалады

«Бинго» әдісі: оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
1.Төкеш Жездібаев кім ?( Туризм ардагері)
2.
Төкеш Жездібаевқа арналған ескерткіш тақта қай қалада орнатылды ?
(Орал) 3.
Т.Жездібаев қай қалада дүниеге келді ? (Ембі)
4. Т.Жездібаев қай жылы дүниеге келді (1935 ж)
5.
Т.Жездібев қандай құрмет белгісімен марапатталды? (Алтын компас)
6.
Т.Жездібаевтың отбасы қандай салада қызмет жасаған ? (теміржолшы)
7.
Т.Жездібаев қай жылы дүниеден өтті? (2004 ж)
8.
Т.Жездібаевтың ұлының есімі ? (Қайрат)
9.
Т.Жездібаевтың алғашқы еңбек жолын қай саладан бастады?( ұстаз)
10.
Т.Жездібаевтың атында қай ауданда көше бар ? (Мұғалжар )

Қорытынды. Бағалау парағы: топ басшылары оқушылардың ұпайларын жазып, жалпы санын есептеп шығарады.

Үй тапсырмасы: интернеттен Т.Жездібаев туралы мәліметтер жинап келу.
























Сәңкібай батыр кім


Дүниеге келген жылы ?


Сәңкібай батырдың қызының есімі


Сәңкібай ескерткіші қай жылы ашылды


Сәңкібай батыр қай жерде дүниеге келді


Ақбота – Сәңкібай тауы қай ауданда орналасқан

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!