Материалдар / Толеранттылық - достыққа апарар сара жол
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Толеранттылық - достыққа апарар сара жол

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған сынып сағаты. Толеранттылық туралы жан -жақты түсінік беріледі. Достыққа байланысты мақалдар айтылады. Оқушылармен өмірде кездесетін түрлі ситуациялық тапсырмалар беріледі. Және оның шешімі бойынша оқушылар ойланып жауап беру керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
2542
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Дзержинск ЖББМ







Достық пен бірлік –бұл толеранттылық


(тәрбие сағаты)





Дайындаған: 9- сынып жетекшісі

Тусибалинова Б.Б








2018-2019


Тақырыбы: Толеранттылық – достыққа бастар сара жол


Күні: 5.10

Сынып  сағатының мақсаты

* Окушыларды қазақ ұлтына тән имандылыққа, үлкенді сыйлауға, әдептілікке үйрету

* Оқушыларға туған өлке, оның байлығын, онда мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге, ұлтжандылыққа,  Отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Тәрбие сағатының жоспары

1.Мұғалімнің сөзі

2.Толеранттылық  сөзінің мағынасын ашу (презентация)

3.Ситуациялық тапсырмалар

4.Достық туралы мақал мәтелдер

5.Достық туралы өлеңдер

6.Ұлы адамдардың Толеранттылыққа байланысты ойлары

7.Қорытынды. Рефлексия.


Тәрбие  сағатының  барысы

Мұғалімнің сөзі. Презентация


1. Толеранттылық латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға,  әдеттерге төзімділік таныту деген  мағынада қолданылады.

Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне  қарамастан, төзімділік  танытып, түсіністікпен қарап,  оларды  өзіндей  қабылдау  қасиетін бір сөзбен  толеранттылық  дейміз.

Толеранттылық -халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады. 
Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. 
Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды.


2. Толеранттылық  сөзінің мағынасын ашу. (Шаттық шеңберіне тұрып оқушылар толеранттылықты бір сөзбен сипаттап шығады)


Толеранттылық – бұл  төзімділік.

Толеранттылық – бұл ықыластық.

Толеранттылық – бұл даналық.

Толеранттылық – бұл адамгершілік.

Толеранттылық – бұл аяушылық.

Толеранттылық – бұл  қайырымдылық

Толеранттылық – бұл әділеттілік

Толеранттылық – бұл кең пейілділік

Толеранттылық – бұл өзара түсіністік

Толеранттылық – бұл тілектестік.



3. Ситуациялық тапсырмалар.

1 – жағдаят: Айман бесінші сынып оқушысы. Ол ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.



  • Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыздар? Достары ретінде сіздер қандай кеңес бересіздер?


2 – жағдаят: Айдос, Берік және Самат сыныптас достар. Екеуі бала кезден дос. Айдос сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Берік пен Самат та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Самат: -Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені апайға ауырып қалды дей салыңдаршы, -деп өтінішін айтты...


  • Егер олар Саматтың адал достары болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыздар?

3 - жағдаят: Мұғалім оқушыларға «Табиғат» тақырыбына жоба дайындауға тапсырма берді. Нұржан: - Болат кітапханаға барып жобамызға әзірленейік. – Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салуды ағама тапсырғанмын, - деді Болат. – Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой, - деді Нұржан. – Ештеңе етпес, жобамызды тапсырсақ болды емес пе? Нұржанның әрекеті...



  • Сіздердің ойларыңызщы қалай еткенде, дұрыс әрекет болады?


4.
Достық туралы мақал мәтелдер.


5.Достық туралы  өлеңдер:

Жұлдызай

Достықтың болған емес шекарасы,

Елімнің мен де туған бел баласы.

Отанға миллиардты берді тағы

Қазақтың қасиетті кең даласы.

Асыл

Ынтымақ –достық береке –

Бағымыз біздің жайнаған.

Ынтымақ-бақыт, мереке

Шаттыққа толы  айналам.

Ерасыл

Ынтымақ тасқынымен тастым да мен,

Кең жайдым құшағымды достыма мен.

Біргеміз өмір-бақи, отандастар,

Жалғасар өміріміз достықпенен


6. Қазақстан дамуының 3-кілті  бар – деген  Н.Ә.Назарбаев

Біріншісі - 135 этносты біріктіруші – бүкіл  қазақстандықтардың  ынтымақтастығы.

Екіншіші -Толеранттылық болса.

Үшіншісі- тарихи тағдырлардың қауымдастығы деп атап көрсетті.

Рефлексия. Оқушылар стикерге толеранттылық туралы өз ойын жазады.

7.Қортынды
Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек. Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектескеніміз.





«Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ











Сынып сағаты

Тақырыбы:

«Толеранттылық -достыққа апарар сара жол»





Өткізген: Ғаппас А.ғ.

5 «Ә» сынып































2021-2022 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!