400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Толеранттылықтың шегі бар ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қоғамдағы толеранттылықтың рөлі жайлы жазылған. Толеранттылық дегеніміз не?; қоғамда қандай жағдайда толеранттылықты ұстану керек?; толеранттылықтың саясатқа қандай қатысы бар?, т.б. сұрақтарға жауап таба аласыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Толеранттылықтың шегі бар ма?

Адамның өмір сүретін қоршаған ортасын біз қоғам деп атаймыз. Ал қоғамда әр түрлі адамдар өмір сүреді. Таптық көзқараспен бай да, кедей де, дін жағынан қарасақ дінсіз де, политестік дінді ұстанушылар да, монотеистік дінді ұстанушылар да, ориентациялық көзқараспен жынысын ауыстырушылар да біздің қоғамымызда бар. Әрқайсысында әр түрлі көзқарас, әр түрлі ұстаным, әр түрлі қағида. Дегенмен егер біз бейбіт өмір сүргіміз келсе, олардың өмірлік жолдарын құрметтеп, ең болмаса сабырлылықпен қарауға тиіспіз. Ғылымда бұл үдеріс толеранттылық деп аталады.

Толеранттылық дегеніміз – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын  бастан өткізе алушылық.

Толеранттылыққа қарама-қарсы  қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат  тарихының барлық кезеңінде де болғаны  рас. Шыдамсыз, төзімсіз, ымыраға келуден қашып, бірбеткейлікті ұстанатын, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейтін адамдар бұрын да болған, қазір де бар. Әйтсе де, сондай адамдардың өмірде жиі  кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды  тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтыны – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінгі күннің басты мәселелерінің біріне айналуы тиіс.

Ал, сол толеранттылықтың шегі бар ма?

Иә, толеранттылықта шек болады. Бірақ бұл әр адамның өзіне байланысты және толеранттылықтың шегін қандай жағдайда көрсететініне байланысты дер едім.

Австриялық-британдық философ, ХХ ғасыр философиясының ең маңызды және ықпалды ойшылдарының бірі, Карл Поппер: «Толерантты қоғамды сақтау үшін қоғам төзімсіздікке төзбеушілік танытуы керек» деген пікір білдірген. Мен бұл пікірге толықтай қосыламын. Менің ойымша, толеранттылықтың маңызды компоненті – жауапкершілік. Яғни, кез келген толеранттылықты қолдаушы адам қоғамда болып жатқан оқиғаларға көз жұма қарамай, жауапкершілікпен, басқа бір адамның интолеранттылығына үндемей қалмауы керек. Осы кезде толеранттылықты шегіне жеткізуі қажет. Яғни, толеранттылықтың шегін қоршаған ортамызда толеранттылықты одан әрі дамытуға пайдалану әлдеқайда тиімдірек.

Ресейлік белгілі философ В. А. Стёпиннің ойынша, «Бұл əлемде өмір сүрудің жаңа тəсіліне зорлық жасамау стратегиясы міндетті түрде енетін болады. Егер өзім құрамына енетін нысанмен жұмыс жасап, оны зорлықпен, тұрпайы түрде өзгертсем, бұл мен үшін қатерлі болмақ, өйткені нысанды өзгерткенде мен өзімнің байланыстырымды, қызметтерімді де қоса өзгертемін». Бұл пікірден біз нені аңғара аламыз? Менің аңғарғаным, толеранттылықтың бір ұшы саясатқа барып тиеді. Өзгелердің ойына, пікіріне, өмір сүру әдебіне құрметпен қарау – саяси қақтығыстарды шешудің бірден-бір жолы бола алады. Сонда бір ғана интотолеранттылықтың әсерінен әлемде алпауыт соғыстар, бірнеше мемлекетті жалмайтын қақтығыстар болады. Тиісінше, бұл барша адамзатқа өз әсерін тигізбей қоймайды.

Қорытындылай келе, толеранттылықты барша адамзат үшін маңызды ұғым дейтін болсақ, оның шегін қай кезде көрсету де маңызды болып табылады. Қоғамдағы әрбір жеке тұлға өз-өзіне, іс-әрекетіне, мінез-құлқына жауап беріп, толеранттылықты сақтай алса, бұл бүкіл әлем үшін пайдалы болар еді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.04.2024
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі