Материалдар / «Толған ел тарихын таспен жазады, Тозған ел тарихын жаспен жазады»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Толған ел тарихын таспен жазады, Тозған ел тарихын жаспен жазады»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2019
1380
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы,

қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық»

Н.Ә.Назарбаев


Тақырыбы: Қазақ хандығына – 550 жыл.

«Толған ел тарихын таспен жазады,

Тозған ел тарихын жаспен жазады»

Мақсаты: Оқушыларға 1465 жылы «Қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған, Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырған Қазақ хандығына 550 жыл толу мерекесінің маңыздылығын ұғындыру.

Міндеттері:

  • Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік, экономикалық күш-қуаты жағынан әлем таныған, іргелі мемлекет дәрежесіне жету себептерін, біртұтас қазақ мемлекетінің тарих сахнасында нық орын алып, дәуірлеуі, саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандығын біріктіріп, жерін кеңейтудегі, Қазақ хандығының халықаралық жағдайын нығайтудағы қазақ хандарының орасан зор еңбектері туралы түсіндіру.

  • Халқымыздың тәуелсіздігін баянды ету жолындағы Керей мен Жәнібек, Абылай, Кенесары хандардың қызметтерінің тарихи маңызына жан-жақты тоқталып, бүгінгі күнмен байланыстыру.

  • Оқушыларды елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, туған халқына, ұлы тұлғаларға,

тарихта алтын әріптермен жазылып қалған тарихи құндылықтарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Тәрбие бағыты: 1) Ұлттық тәрбие; 2) Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие.

Өтілу формасы: пікірталас

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, дарынды және талантты балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сай оқыту.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, стикерлер.

Құрал-жабдықтар: А3 формат, маркер, қима қағаздар, слайд көрсетілімдері

Күтілетін нәтиже:

  • біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу тарихы туралы білім мен түсінік қалыптастырады;

  • алған білімдерін сараптай, талдай отырып, өзгерістерді анықтайды;

  • сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;

  • Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Қызығушылықты ояту сатысы

І-топ

«Керей хан» сөзінің мағынасын ашады.

ІІ-топ

«Абылай хан» сөзінің мағынасын ашады.

ІІІ-топ

«Кенесары хан» сөзінің мағынасын ашады.

Берілген 3 минут ішінде әр топ өз ойларын қағаз етіне жазып, қорғайды.

Мұғалім

Біздің қазақ халқы ежелден салт-дәстүрді берік ұстанған мемлекеттік қалыптасудың үлкен ролін атқарған, татулықты ту еткен мемлекет болып есептеледі. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық сонау Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 – 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасы жерінде қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған

«Толған ел тарихын таспен жазады,

Тозған ел тарихын жаспен жазады» атты сынып сағатымызды бастаймыз.

Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
– Ассалаумағалейкум, ағалар.
– Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы: – біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей-берекетсіздік басып алды. Хан – екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек: – Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: – Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек: – Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: – Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзініз бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат – көлігің арымай,
Отбасыңмен аман – есен табысқын.
Әумин.

«Қазақ хандығына 550-жыл» /бейнефильм/

Мұғалім сөзі: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына қару алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып кеткендей, Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

















Мағынаны ажырату. Топтық жұмыс


  1. «Ата-баба мұрасы – сарқылмайтын қазына»

  2. «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар»

  3. «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы»


Осыншама уақыт бойы біртұтас берекенің, татулықтың арқасында біз ұйыған отбасыдай болып, тірегі мықты елге айналдық. Оның барлығы осы ұлы тұлғаларымыздың арқасында. Сол 1465 жылы Қазақ хандығы алғаш рет Керей мен Жәнібектің хандық құрған кезі, міне содан бері 550 жыл толды. Елімізде жерімізде, өңірімізде, Әулиеата жұртшылығында осы мерекенің арқасында ұлы тойды атап өту мүмкіндігі бізге бұйырыпты.
Көшпелі қазақтардың басым көпшілігі атамекеніне оралып, қазақтың біртұтас ұлт болып, қалыптасуына көмектесті. Байтақ жерді қасыққаны қалғанша қорғаған батырлардың рухын біз ешқашан ұмытпаймыз.


Мұхит Жақсылықұлының өлең жолдары: «Қазақ мемлекетіне -550 жыл» Орындайтындар: Әбдіғали Ернұр, Матчанова Анар

Н. Тілендиев «Көш керуен» күйі Орындайтын: Шыңғысханұлы Қайсар


Ұлы боп көк тәңірдің саналатын

Орындап сол тәңірдің аманатын

Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,

Бумын құрған Түріктің ұлағанатын


Жауларын айбарымен алжастырған

Бумын ісін істемес жалғастырған

Тоз тоз болған халықтың басын қосып

Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған


 Армандап, Түрік елін бай болсын деп

Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп

Халқының киімі көк, қарыны тоқ,

Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп

 

Сол үшін ұзақ түндер ұйықтамаған,

Қара бастың қамын еш құнттамаған

Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер

Жорықтарда тамшы су ұрттамаған

 

Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,

Ынтымағы жарасып жауды жеңген.

Билік- таққа таласқан аға – бауыр,

Ақыры Қағанатты екі бөлген.

 

Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,

Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.

Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,

Ру – тайпа өзінше хандық құрған.

 

Айрылып айбынды түр келбетінде

Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.

Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,

Қалалар Отырардай жер бетінен.

  

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек, Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.

 

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында

 

Арманы жүзеге асып бабалардың,

Рухы асқақтады даналардың.

Есімі қайта қауышты ұрпағымен,

Нақақтан шәйіт болған ағалардың.


Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі діні, дәстүрі халқымыздың,

Төрінен лайықты орын алды


Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,

Санасатын болды енді дос пен дұшпан.


Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,

Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.

Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,

Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы

«Ұлы халықтың тағдыркешті кезеңі» /бейнефильм/


Қорытынды:

Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық мән-мағынасы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлтық мемлекет болғандығында жатыр, деп елбасымыз айтқандай жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.

«Жаса Қазақстан!» әні: Орындайтын: Ахан Аллаяр


«Екі жұлдыз, бір тілек»

(оқушылар  тақырып бойынша ой-пікірін айтады және тілек білдіреді, ой-пікір жұлдызға, тілек жүрекке ілінеді)




«Өз тарихын білмеген халық өзін де сыйламайды»

Н.Ә.Назарбаев





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!