Материалдар / Толқын жолда жүру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Толқын жолда жүру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мырзахметова Гульнуры Адилбековна
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Жолда жүру ережесін білеміз бе?


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында

білімдерін толықтыру.

2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін

дамытып, түсініктерін кеңейту.


Құдылықты дарыту

Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдеседі. Сыныпты түгендейді.

Шаттық шеңбері.

Мұғалім сыныпта «Тілек шоғы» әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады. Мұғалім оқушыларға жол белгілері таяқшаларын ұсынып, өзі бастап, жанындағы оқушыға тілек айтады.

(Бағдаршам көздеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл дөңгелекшелер арқылы бөлу)

1-топ. «Қызыл»

2-топ. «Жасыл»

3-топ. «Сары»

Мұғалім оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шаттық шеңберін құрады. «Тілек шоғы» әдісі арқылы қолдарында жол белгілері таяқшалары бар балалар дөңгелене тұрады. Оқушылар таяқшаларды бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады.

Денің сау болсын, әдепті бол, ақылды бол, білімді бол, жақсы бол, аспаның ашық болсын, елімізде тыныштық болсын, амандық болсын, бірлік, татулық... т. б.

Балалар қызыл, сары, жасыл жетондарды өз қалауымен таңдап, алып үш топқа бөлініп отырады.

ҚБ: Мадақтау сөздері












ДК экраны









Ұйымдастыру кезеңі





















Бағдаршам ойыны:




Ән

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі машинаның аз кезінде-ақ туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен ауыстырылатын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді және ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы америкада электр бағдаршамы пайда болды.

Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін 127 км ғана жол болса, елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз км дейін жетті. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

2. Сұрақ- жауап

1 топқа: Жол ережесі дегеніміз не?

2 топқа: Жол ережесін не үшін білуіміз керек?

3 топқа: Жол ережесін қалай сақтаймыз?

Мұғалім: — Ал енді «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты сынып сағатымызды бастаймыз.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Барлық оқушы айнала билеп жүреді. Қызыл жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп, екі қолын жайып тұра қалады. Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.
Біз жолаушы баламыз.

Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.Топтарға тапсырмалар беру.

Әр топ өздеріне берілген мәтінмен танысып, әуелі жұпта, содан соң топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді. Жол белгілерінің суреттерін көрсету.
1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.
2. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.
3. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.























Оқушылар сұрақтарға жауап береді.






















ҚБ: Жарайсың!


Жаңа сабаққа кіріспе

Ми шабуылы

Жұмбақтар шешу:

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді  күзеткен,  
Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқөзінде бас та, ауызда  да, құлақ та,
Бақырайғанүшкөзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тымұзын,
Ала-алмайсыңбірүзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұлжұмбақтыңшешуін.  (Жол)

6. Өзісөйлейбілмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)



Оқушылар жұмбақ шешеді.





.

ҚБ: Мадақтау сөздер

Слайд







Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу кезеңі.










Сергіту сәті:




Жарайсыңдар, балалар, жол қауіпсіздігі туралы білімдерін жоғары екені көрініп тұр. Енді балалар www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) http://bilimland.kz/kk/home#lesson=12027 сайтынан мына бейнебаянды көруге шақырамын.

- Балалар, мұқият тыңдасақ, мен сендерден осы бейнебаяннан алған білімдерінді тексеріп, емтихан аламын. Мына жерде көлік жолы жатыр. Байқасаңыздар, түрлі жол кедергілері орналасқан. Мына машинаға отырып, осы кедергілерден дұрыс өтіп, қандай белгі екенін атап беруіміз керек. Кімде-кім жол тәртібін сақтап, мүдірмей жауап берсе, жас инспектор куәлігіне ие болады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. (Көп ұпай жинаған оқушыларға «жас инспектор» куәлігі тапсырылады).


Қызыл : қолымызды жоғары көтереміз.

Сары: бір- бірімізбен амандасамыз.

Жасыл: құшақтасамыз.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Бейнероликтің идеясын түсіндіреді.


ҚБ: «Лайк» белгісі

ҚБ: Мадақтау сөздер

Жарайсыңдар!





Ереже

Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің бірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып, ойнама.
3.Жүгірме, секірме, итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.
Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.
Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топ- талған тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана бұзу-шылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмай- тынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргізуші аса қиын жағдайға тап болады.




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.






















Рефлексия


ІІІ. Қорытындылау.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі — заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.

Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.

Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!

«Бағдаршам»

Түсінбедім – «Қызыл түс»

Түсінген сияқтымын– «Сары түс»

Түсіндім– «Жасыл түс»





Оқушыларға бағдаршам смайликтері таратылады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Сабақ соңында «Лайк» белгісі көп топ «Ең үздік топ» болып бағаланады.

ҚБ: Мадақтау сөздер





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!