Материалдар / Топ сагат Назымова Гаухар Турлановна педагог-психолог
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Топ сагат Назымова Гаухар Турлановна педагог-психолог

Материал туралы қысқаша түсінік
құндылығын, мәнін ұғындыру, барлық адамзатқа деген сүйіспеншілік, мейірімділік қатынастарын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
587
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адам және оның өмірі - қымбат қазына


«Ұзақтығы қас-қағымдай болса да, өмір қымбат!»

Мақсаты: Өмірдің құндылығын, мәнін ұғындыру, барлық адамзатқа деген сүйіспеншілік, мейірімділік қатынастарын дамыту.

(Б.Исаев «Ғажайып» әні әуенімен)

Психолог: Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, қонақтар, ата-аналар! Біз бүгін өмір туралы өз ойларымызды бөлісейік.

Актуализация:

  • Қашан болса қайсысыңыз «Өмірдің» мағынасы туралы ойландыңыз, қолдарыңызды көтеріңіздер.

  • Енді қайсысыңыз өз өміріңізді қайтадан басынан бастау жөнінді ойландыңыз, қолдарыңызды көтеріңіздер.

  • Қараңыздар, ешкім де қалыс қалған жоқ. Олай болса, «Өмірдің» біздің әрқайсысымыз үшін қаншалықты маңызды екенін көреміз.

Біз адамдар арасында тұрамыз. Айналамызда не болып жатқанына көңіл аударайық: адамдар еңбек етіп жатыр, дем алады, қонаққа барады, қайғы- қуанышын бөліседі, алдына қойған мақсаттарына жетеді және қайтадан мақсатқа ұмтылады.Кейбір адамдар не үшін, неге өмір сүріп жатқандарын білмейді. Осылайша біздің айналамызда күрделі де таусылмайтын тіршілік жүріп жатыр.

Өміріме өзімнің таңданамын,

Қалмаймын деп қатардан қарманамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме үмітпен алданамын...

М.Мақатаев

Келіңіздер, бір-бірімізге жақынырақ болуға тырысайық, ол үшін онша күрделі емес сергітулер орындайық. (Музыка)

Этаптар

Шаралар

Қорытынды

1.

Ұйымдастыру кезеңі

- Психологтың кіріспе сөзі

- «Таңғажайып қала» ойыны

Ұжымның эмоционалды фонын теңгеру

2.

Тақырыптар

- Әңгіме «Жердегі із»

- Халық даналығы (мақалдар)

- Ойын «Хат»

Негізгі түсініктер қалыптастыру

3.

Рефлексия

- Экспресс- қабырға газетін шығару

Ынтымақтасу, өзара көмек

4.

Қорытынды бөлім

- Релаксация минуты

- Қорытындысын шығару


«Таңғажайып қала». Бұл қалада барлық адамдар билеуді жақсы көреді, сондықтан барлық уақытта көңілді жүреді. Бірақ олардың бір ерекшелігі – сағат тілі соққан сайын дауыстап емес, денесінің әр түрлі бөліктерімен – қолмен, тіземен, құлақпен, тіпті өкшелерімен амандасады. Қане, осы таңғажайып қалаға көшеміз бе?

(Музыка ойнайды, бәрі билейді. Сағат соққанда психологтың айтуы бойынша амандасады).

Психолог: Барлығыңызға рахмет, біз бір-бірімізді жақынырақ тани түстік деп айтуға болады.

Психолог: «Өмір» сөзіне анықтама берейік. (Қатысушылар өз пікірлерін айтады).

Сөздікте мынадай анықтама берілген: Өмір дегеніміз – материяның бар болуы. «Жердегі із» әңгімесіне құлақ түрейік.

  • Қарт шебер тастан үй тұрғызады. Қарап сүйсініп тұрғанда, бір кішкентай бала әлі кеуіп үлгермеген табалдырыққа секіріп, аяқ ізін қалдырады. Шебер еш нәрсе айтпайды, ал бала күліп, жүгіре жөнеледі.

Көп уақыт өтеді. Бала өсіп, ересек адамға айналады. Оның өмірі дұрыс қалыптаспайды, бір қаладан бір қалаға ауысып, ұзақ тұрақтамайды, пайдалы еш нәрсемен айналыспайды.

Қарттық келіп жетеді. Бір кезде ауылы есіне түсіп, туған жеріне келеді. Адамдармен кездесіп, өз аты-жөнін айтса, оны ешкім де танымайды.

- Сен өз артыңа не қалдырдың? – деп сұрайды одан жұрттар – Ұлың немесе қызың бар ма?

- Менің ұлым да, қызым да жоқ, - деп жауап береді ол.

- Мүмкін сен ағаш отырғызған шығарсың?

- Жоқ, ағаш та отырғызған жоқпын.

- Мүмкін егін салған шығарсың?

- Оны да жасаған жоқпын.

- Мүмкін, ән шығарған боларсың?

- Ән де шығарған жоқпын.

- Сонда сен кімсің, өмір бойы не жасағансың?- адамдар таң қалады.

Әлгі адам жауап берген жоқ. Бір кезде оның есіне, табалдырыққа із қалдырғаны ойына түседі. Үйге барады, үй орында, кеше ғана тұрғызған сияқты, ал ең төмен басқышта – кішкентай аяқтың ізі бар.

- Міне, менің артымда қалған із осы ғана! – деп қайғырып ойланды ол. Бұл өте аз еді ...

Жаттығу. Қатысушылар екі-екіден жұптасады. Әрқайсысы өз арман-ойларын қандай биіктікке жеткісі келетінін есіне түсіреді, біреуі айтады, екіншісі тыңдайды да, айтушының қолының сыртына сурет салады. Енді екеуі алмасады, біреуі айтады, екіншісі тыңдайды. Айтушы арман-мақсатын айтып жатырғанда тыңдаушыға ашылу, ойын жеткізуі керек. Тыңдаушы оны мұқият тыңдап, жылы ықыласын жеткізіп, суретті ерекше салуы керек.

Сұрақ: Өз арман-мақсатыңызды айтып жатырғанда қандай сезімде болдыңыздар?

Күліп тұрып, жылатады өмір,

Көтеріп тұрып, құлатады өмір.

Етегің толып еңірегенде,

Қайтадан өзі жұбатады өмір.

Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,

Құлап та тұрып, гүл атады өмір.

Үп еткен желге дірілдей берме,

Шыдамдылықты ұнатады өмір.

Психолог: Ал қазір, қымбатты қатысушылар, мынадай жаттығу орындайық. Шарты мынадай: әрқайсысымыз қағазға 5 өмір құндылығын жазайық. Осылардың ішінен ең маңызды дегеніңізді 1-ші деп, одан кейінгісін 2-ші деп, онан кейінгісін 3 –ші деп белгілеңіз. Енді соңғы орынға қайсысын қойдық, соны сызып тастайық, онан кейінгісін сызайық. Осылай сыза беруге бола ма? Олай болса, ешқандай өмір құндылығын сызып тастауға болмайды екен.

(Есік соғылып, пошташы кіреді, қолында хаттар бар)

Психолог: Мына хаттар бізге арналған, жауап беріп көрелік.

1 хат. Сәлематсыздар ма? Менің атым Сая, жасым 18-де. Өткен жылы ҰБТ тапсыра алмадым. Мектепте жақсы оқыдым, бірақ білімімді көрсете алмадым. Міне, бір жыл бойы үйде отырмын, дәлірек айтқанда, интернетте отырамын. Менің достарым сонда ғана. Шынымды айтсам, өмір сүргім келмейді, маған қандай ақыл бересіздер?

2 хат. Менің жақсы көретін қызым менен жасырып, менің досыммен қыдырады. Мен қазір өзімді ешкімге керек емес сияқты сезінемін, ол қызбен көріспей кетуден де қорқамын. Көмектесіңдер!

3 хат. Сәлематсыздар ма? Менің әп-әдемі екі қызым бар. Олар әлі кішкентай болғанда оларды еркелететін едім, қазір оған күшім жетпейді. Ерім жұмыстан босап қалды, мен өзім ғана жұмыс жасаймын. Қыздарыма мені түсінуге көмектесіңдерші. Олар менімен ұрсысады, жаңа зат, киім алып алып беруімді, дискотекаға ақша беруімді талап етеді. Мен олармен қалай тіл табыса аламын? (Хаттарды психолог оқиды, топтар кезекпен өз варианттарын айтады)

Психолог: Сендердің жандарың ашып, көмектесуге тырысқандарың үшін алғысымды білдіремін. Енді бәріміз бірігіп, экспресс газет шығарамыз. Оның аты – «Өмір», ол қатысушылардың пікірлерінен және ойларында қалған сөздерден тұрады. Бәріңіздің қатысуларыңызды сұраймын.

(Қатысушыларға ватман, маркер, фломастер беріледі. Олар өздері ойластырып, газет көркемдейді). (С.Тұрысбеков «Төлеген»)

Психолог: Олай болса, біз бүгін өмірдің құндылығын бұрынғыдан да біле түстік, өз өмірімізді өкінбестей мағыналы етіп өткізуге тырысатын боламыз.

Қатысып отырған қонақтарға өз тілектерімізді жазып тарту етейік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!