Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Топ сағаты "ҚР ғылыми академиясының құрмет академигі Өмірзақ Озғанбаев 80 жасқа толды"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев (9 маусым, 1941 жылы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде туған) — ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері. ҚР Жоғарғы мектебі Ғылыми Академиясының Академигі, Педагогика ғылымдарының кандидаты, Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызыметкері. «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталығының төрағасы (2013 жылдан бастап). Маңғыстау облысының Құрметті азаматы.
Бұл мақалада барлық саналы ғұмырын халыққа адал қызмет етуге арнаған, жасы сексенді алқымдаса да Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының қоғамдық бірлестігінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан Өмірзақ Озғанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады.
Әлемдік даналықта айтылғандай, әрбір адам өз өмірінде алдына бір идеал, мақсат қойып, соғанұмтылуы тиіс. Бұл ең алдымен жас ұрпақ үшін маңызды, өйткені ең басты қағида–ұрпақтар сабақтастығы болуы қажет. Осы орайда, ғылым мен білім жолын таңдайтын жастардың алдындажарық жұлдыз ретінде тарих ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбаев тұруы тиіс.
Маңғыстау облысының жергілікті тұрғындары арасында кеңінен танымал отбасылардың қатарына Озғанбаевтар әулетін жатқызуғаболады. Арғы аталары Адай тайпасының Қосайынантарайтын бұл әулеттің өмірдегі ұстанымдары адал еңбек пен халыққа жақсылық жасау болатын. Әкесі Озғанбай Шопанұлы шаруаға мығымдылығымен ерекшеленді, жақсы оқыды және адамдарға сауаттылықты үйретті. Осы фактілердің өзінен-ақ Өмірзақ ағамыздыңбойында сапалы генетикалық түп-тамырдыңжатқандығынбайқауға болады.
Өткен өміріне қысқаша шолу жасасақ, Өмірзақ Озғанбайұлы белгілі ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері болмай тұрып,балалық және жастық шағында көптеген қиындықтарды басынан өткізген болатын. Бала Өмірзақ дүниеге келгеннен 13 күн өткеннен кейін, оның тағдырына бүкіл ел өміріндегі сияқты сұм соғыс араласып, оған әкесінің қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінуге мүмкіндік бермеді. Әкесі алғашқылардың бірі болып армияға шақырылды. Өкінішке орай, ол осы соғыстан қайтып оралмады. Анасы Ақажан Құрманқызы жалғыз ұлын өзі тәрбиелеп, өсіруге мәжбүр болды. Бала өмірдегі жалғыздығына налымай, анасын жерге қаратпау үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тырысты.
Соғыспен өткен балалық шағы оған адамгершілік қасиеттерді, мақсаткерлікті, білімге деген ұмтылысты, басқаларға деген құрмет көрсетуді үйретті. Бұл жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі болды. Бірінші сыныпта ол Форт-Шевченко мектебіне барғанмен, бірақ кейін Түрікменстандағы Красноводск мектебін бітірді, сол кездегі қиын жағдайға байланысты олар қоныс аударуға мәжбүр болған еді. Бұл оның білім алу жолындағы алғашқы қадамы, өмірдегі алдына қойған мақсатына қол жеткізудегі алғашқы ұмтылысы еді. Қарапайым балықшы отбасынан шыққан бала өмірді кең мағынасында түсінуге тырысып, алыс көкжиектерді армандады. Айта кету керек, ол осы мақсатына, балалық арманына толығымен қол жеткізді, бұл, әрине, орасанеңбек пен қажыр-қайратты талап етті.
Қызылорда педагогикалық институтының студенті ретінде, ол керемет нәтижелерге қол жеткізді және университетті қызыл дипломмен бітірді. Ғылыми жолын табысты түрде қалыптастыра бастады. Мәскеуде Бүкілодақтық педагогикалық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітіргеннен кейін кандидаттық диссертациясын қорғады. Тынымсыз еңбекпен таланттың бірлігі Өмірзақ Озғанбаевқа «Ресей Мемлекеттік думасы және Қазақстан» тақырыбында ауқымды ғылыми-зерттеу монографиясын дайындауға және тарих ғылымдарының докторы атағын қорғап шығуға мүмкіндік берді. Бұл ғылыми жұмыстың арқасында халқымыз Мемлекеттік Думадағықазақ елінің мүдделерін қорғаған біртуар ұлдарының есімдерін білді. Академик Заки Ахметов бұл іргелі жұмыстарды бағалап, оны «ұлттық тарихи-өлкетану ғылымын зерттеудің іргелі кезеңі» деп тектен-тек атамаған болатын. Озғанбаевтың қаламынан 200-ден астам ғылыми-танымдық мақалалар жарық көріп, халықаралық конференцияларда бірқатар аналитикалық баяндамалар дайындалды. Ол сондай-ақ 30 шақты кітаптың авторы.
Бұл тұлғаның тағы бір керемет қасиеті – педагогикалық қырын айтпай кетуге болмайды. Профессор – Өмірзақ Озғанбаевтың толықтай лайықты атағы. Педагогика саласында атқарған жарты ғасырдан астам уақытында ол педагогикалық «баспалдақтың» барлық сатыларынан – пионер көшбасшысынан Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының президентіне дейінөтіп шыққан болатын. ХХІ ғасырдың халықаралық бағдарламасының көшбасшыларының шешіміне сәйкес «Ұлттың ақыл-ойы» деп танылған ағамыз Халықаралық педагогикалық академиясының және Ресейдің Білім академиясыныңакадемигі болды. Өзінің айтуы бойынша, мектеп –қайнар бұлақтың бастауыболып табылады. Мектеп қандай тұлғаны тәрбиелеп шығарса, ел болашағы да сондай болады. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «әрбір қазақстандықтың жеке қағидасы өмір бойы білім алу болуы керек» деген сөздерін келтіреді және ол сөздерқазақ халқыныңфилософиялық ұстанымына сәйкес, білімді өмірден өткенше іздеу керек дегенге саяды. Әрине, бұл процесс білімге халықтың мұрасы,яғни оған тапсырылған қазына ретінде қарайтын ұстаздың көмегімен жүзеге асырылса нұр үстіне нұр болар еді.
Осы қырынан бағаласақ, Өмірзақ Озғанбаевтың өмірі сапалы да, сәтті өтті деп айтуға болады. Елдің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру үшін жас ұрпақты тәрбиелеуде көп күш-қайрат жұмсады. Бүгінгі күні оның түлектерітүрлі басқару құрылымдарында мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаруда.
Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Білімге құштарлық пен ізденіс күндері оның өмірінің ең жарқын күндерін еске түсіреді». Озғанбаев өмірінде осындай есте қаларлық оқиғалардың қатарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы КеңесініңXIII-ші шақырылымдағы, одан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш қос палаталы парламентінде, яғни егеменді республиканың алғашқы сенаторларының қатарында болған жылдары ерекше сақталады. Бұл маңғыстаулық жерлестерінің оған берген жоғары сенімі болды және ол нәтижелі депутаттық жұмысының арқасындаолардың қателеспегенін дәлелдей алды. Өңірлік даму және өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы ретінде ол жергілікті аймақтарды дамытып, республиканың тәуелсіздігіннығайтуға, реформаларды тереңдетуге, өңірлік өзін-өзі басқару саясатын қалыптастыруға, экологиялық проблемаларды және көші-қон мәселелерін шешуде үлкен жұмыстаратқарды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде Ө.Озғанбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі штабтың құрамында республика халқы мен кәсіпорындар ұжымдары арасында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіруге белсене қатысты. 2013 жылдың сәуір айында елімізде облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық округтердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда алғаш рет ауылдық округтің құрамына кірмейтін елді-мекендерде сайлау өткізілді, ол әкімдер сайлауын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияны басқарды.
Оның еңбек жолындағы жетістіктері жоғары мемлекеттік марапаттармен: «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, медальдармен, Ы.Алтынсарин атындағытөсбелгісімен аталып өтілді. ҚР Президенті грантының иегері, «Алтын Барыс» құрмет белгісімен марапатталды. КСРО, Қазақстан және Түрікменстандағы білім беру саласының үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атақтары берілді.
Бірақ өмірдегі ең басты марапат – отандастарымыздың, жақындарымыздың және туыстарымыздың сүйіспеншілігі. Өмірзақ Озғанбаев – Ақтау қаласының құрметті азаматы, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының құрметті азаматы, сонымен қатар Техас штатының құрметті азаматы (АҚШ). Ол сондай-ақ, өз жеті баласының, алты ұлы мен қызы Райханның ересек адам болған кезде өз тағдырын өздері шешкендеріне қуанышты. Қазір олардың өзінде балалары бар. Бұл уақыттың тереңдігінен бастау алып, болашаққа бағытталған, сынақтардан қорықпайтын адамдардың байланысы, ешбір жағдайда өздерінің қадір-қасиетін, сезіну қабілеттілігін жоғалтпау – ұрпақтар сабақтастығы болып табылады.
Ө.Озғанбаев бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының» төрағасының орынбасары болғандықтан, ардагерлер кеңесінің жасап жатқан жұмысы жайлы, жас ұрпаққа беретін тәрбиесі туралы ұлттық телеарналарда, түрлі басылымдарда сұхбаттар беріп, осы саладағы өмірлік тәжірибесімен үнемі бөлісуде. Осының өзі ардагер ұстаздың қазақ елінің болашағына ерекше үмітпен қарайтындығын, жас ұрпақты тәрбиелеуде барынша үлес қосуға тырысып жүргендігін көрсетеді.
Тәжірибелі мемлекет және қоғам қайраткері, кең жүректің адамы, қайырымдылықпен айналыса алатын және көмек көрсетуге қабілетті Өмірзақ Озғанбайұлы туралы бір мақаланың көлеміндеайтып шығу мүмкін емес. Алайда, көп түкірсе көл болар дегендей, еліміздің көрнекті тұлғаларының, алдыңғы буын ағаларымыздың жүріп өткен жолдарын кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге ретінде жазып қалдыру, біздердің орта буын өкілдерінің міндеті болуы тиіс. Міне, тек осындай бірізділіктің, жауапкершіліктің арқасында ғана ұрпақтар сабақтастығы өзінің өміршеңдігін жоғалтпайды.
Еңбек жолы[өңдеу]
-
1959 – 1971 жылдары Мектепте Аға пионер жетекшісі, оқытушы, мектеп басшысы мұғалімі, мектеп инспекторы лауазымдарын абыроймен атқарды.
-
1971 – 1979 жылдары Аудандық партия комитетінің басшысы кафедрасының меңгерушісі;
-
1977 – 1980 жылдары «Білім» облыстық ұйымының төрағасының орынбасары;
-
1980 – 1988 жылдары Маңғыстау облыстық Педагог кадрларды даярлау, кәсіптік оқыту
басқармасының Өңірлік институтының директоры;
-
1988 – 1990 жылдары Қазақ КСР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық оқыту орталығының директоры;
-
1990 – 1996 жылдары Маңғыстау облысы Білім департаментінің басшысы;
-
1999 – 2001 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының президенті;
-
2002 – 2004 жылдары Т.Рұсқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің про-ректоры;
-
2004 – 2007 жылдары «Қазақ Мұнай Газ барлау өндіру» басқармасының бас директорының кеңесшісі; «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директорының кеңесшісі;
-
2007 – 2013 жылдары Маңғыстау облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы;
-
2013 – 2016 жылдары Республикалық «ардагерлер ұйымы»ның атқарушы төрағасы;
-
2016 жылдың маусым айынан бастап «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталығының төрағасы лауазымында.[1]
Мемлекеттік қызыметтері[өңдеу]
-
1994 – 1995 жылдары Қазақстан Білім және Ғылым жөніндегі министрлігінің жаңа технологиялар комитетінің мүшесі.
-
1996 – 1999 жылдары*ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аймақтық даму және жергілікті басқару комитетінің төрағасы, Қазақстан халқының бірлігі партиясының фракциясының төрағасының орынбасары.
-
1999 жылы ҚР Парламенті сенатына депутаттыққа үміткер (Маңғыстау облысынан);
-
2003 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатына үміткер.[2]
Ғылыми атақтары[өңдеу]
-
Педагогика ғылымдарының кандидаты (ғылыми атағы);
-
1998 жылы Тарих ғылымдарының докторы (ғылыми атағы берілді);
-
Диссертация тақырыбы: «20-шы ғасырдың басында Қазақстан мен Ресей Мемлекеттік Думасының саясаты (нақты тарихи талдау)»
-
профессор (ғылыми атағы);
-
2002 жылдан ҚР Жоғарғы мектебі Ғылыми Академиясының Академигі;
-
Ресейдің педагогика академиясының академигі;
-
Халықаралық Педагогика академиясының академигі;
Мемлекеттік марапаттары[өңдеу]
-
1970 жылы КСРОның «Ерен Еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл» медалі;
-
1996 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызыметкері» құрметті атағы берілді.
-
1998 жылы «Астана» медалі;
-
2006 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталды.
-
2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
-
2012 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапатталды;
-
ҚР Білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»;
-
«Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері» атағының иегері.
-
«Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік құрметті медалі;
-
«Н.Назарбаевтың арнайы айрықша белгідегі «Алтын Барыс» омырау белгісі» нің иегері.
-
2016 жылы ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды.
-
«Н.Назарбаевтың арнайы жеке алғыс хаты» мен марапатталған.
Еңбектері[өңдеу]
ҚР нарықтық экономикаға өту кезеңінде оның заңдық негізін салуға қатысты. 200-дей ғылыми танымдық мақалалардың, 19 кітаптың авторы. Негізгі еңбектері: * «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан»,
-
«Жарығы өшпейтін жұлдыз»,
-
«Дорога в будущее»,
-
«Көкжиек»,
-
«Тоғысқан тағдырлар түбегі»,
-
«Рух күрескері»,
-
«Духоборец»,
-
«Жантануға кіріспе»,
-
«Келбет», т.б.
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі
«Бекітемін»
ДТЖО__________
Г.Исаева
Тақырыбы: «ҚР ғылыми академиясының құрмет академигі Өмірзақ Озғанбаев 80 жасқа толды»
Дайындаған: Айтекенова С
Жаңаөзен -2021 оқу жылы