Материалдар / "Топтық жұмыс арқылы баланың тіл байлығын дамыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Топтық жұмыс арқылы баланың тіл байлығын дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Топта жұмыс жасау оқушының ашылуына, тіл байлығының дамуына, ортада өзін еркін ұстауына және ең бастысы белсенді болуға ұмтылуына үлкен ықпалын тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
500
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы №58 мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Кикымбекова Мейрамгүл Кайруллина



Әдебиеттік оқу пәнінде топтық жұмыс арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту.

Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысындамытуға көңіл бөлуі тиіс.Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп,оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру-мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі,ұйымдастырушылық қабілеті маңызды. Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін,үлгі ететін абыройлы жан.Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына,жүріс –тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді.Сондықтан да,жауапкершілігі мол,адал да,мейірімді,әділ де парасатты,рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады. Жас ұрпақтың өз бетінше шешім қабылдай алатын, өзіне нық сенімді,батыл,жігерлі, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат болуы ұстаздың өте қажырлы еңбектенуін талап етеді.Бұл міндеттерді шешу үшін ұстаздың күнделікті тынымсыз ізденісі,барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық тәжірибе мен қарым-қатынасқа өтуіқажет деп ойлаймын. Бүгінде білім беру саласындаоқытудың тиімді жаңа әдіс-тәсілдерін меңгермейінше,сауатты, жан-жақты болу мүмкін емес.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адами құндылықтарының қалыптасуына әсер етіп, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Күнделікті сабақта білімберуде басты мақсатты айқындап «не нәрсеге үйрету», «қалай оқыту» және оқушыларға топтық,жұптық жұмыстардаөздерінің шығармашылықтарын шыңдай түсуі үшін қандай тапсырмалар беру керектігін әбден зерттеп,зерделеп алған дұрыс. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып,көңіл-күйлерін жүректерінің жылуы мен ыстық алақандарының түйісуі арқылы сездіре отырып,бүгінгі сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі өздеріне де байланысты екенін сездіруге тырысамын.

Одан әрі мұғалім мен оқушының рөлі ауысып,басты салмақ оқушыға ауыстырылуы тиіс.Оқушыға бәрін үйрету мүмкін емес,олардың рөлі үйренуге ұмтылу екенін естен шығармаған жөн.Шығыс даналығында айтылған «Маған айтсаң ұмыт қаламын,көрсетсең есімде қалар,ал істеуін көрсетіп берсен,үйреніп аламын»,яғни бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту,үйрету қажет деген сөзбен түйіндегім келеді.

Ендігі тоқталып өтетінім: тәжірибе кезінде байқағантоппен және жұппен істелетін жұмыстардың оқушыға тигізетін оң әсерлерін сөз еткім келіп отыр.Топтық жұмыстарға оқушыларды бағыттап отыру әсіресе көп үндемейтін,тұйық,баяу болып келетін оқушыларға аз да болса серпіліс жасатып,ұжымның ортасына қарай икемделетіндіктерін байқадым. Топтық жұмыс істеуге дағдыланған оқушылар бір-бірін тыңдауға,пікір сайыс құруға,араларынан көшбасшы сайлап,топ ұстанымын орындауға бірте-бірте бейімделе түседі екен.Бұған әрине топ мүшелерінің ішіндегі белсенді оқушылар үлгі болатынын байқауға болады. . «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші топ болып қандай да болмасын тапсырманы орындауқызық та тартымды жұмысқа айналады.Оқушының өз еркімен топқа бөлінуі қалыпты,үйреншікті болып,олардың топқа жақсы оқитын дарынды балармен отырғысы келетіні айқын.Себебі,ол кімнің көбірек жұмыс атқаратындығын сезініп,кейбір кезде жалқаулыққа беріледі.Ал,қай топтаотыратындығын білмей келсе,сабаққа ерекше жауапкершілікпен келеді және сабақтың тез уақытылы басталуын тағатсыздана күтеді.Топқа бөлудің қызықты әрі танымды тәсілдері оқушылардың алдағы жұмысқа деген қызығушылығын және ынтасын арттыру.Жаңа топта бір-біріне деген сенімдері,жылы сезімдер орнайды.Топқа бөлу түрлері: әртүрлі стикерлер ,сандар ,конфетжәне мозайка бөлшектері арқылы бөлуге болады,айта берсем өте көп ол әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты деп ойлаймын.

Топтық жұмысты жүргізу мақсаттарына команда құру,тапсырманы орындау,жеке қажеттіліктер жатады.Алдымен топқа әртүрлі тәсілдер арқылы бөлінген соң стандартты орындай отырыптәртіп сақтап,командалық рухты дамытып,рөлдерді бөлісіп топ ішіндегі қарым-қатынасты қамтамасыз ету керек.Тапсырма берілген соңжоспар құрып,жұмыстың сапасын және қарқынын бақылап,орындалуын тексере отырып түзету керек.Жеке мәселелерге назар аударып топ мүшелерінің қабілеттерін тану және қолдану.Топ мүшелерін оқыту және оларға көмектесу керек.

Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады,алайда ол тек айта білуді ғана емес,сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді,сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:

-кезекпен сөйлеу;

-белсенді тыңдау;

-сұрақ қою және сұрақ бар ма екендігін сұрау;

-ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;

-өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;

-ұсыныстарды,идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;

-көмектесу және көмек сұрау;

-түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;

-идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;

-топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;

-дәйекті айғақтар келтіру.

Шағын топтарда оқушының сөйлеу тілін дамыту мақсатында мұғалімнің рөлі ерекше.Рефлексивті талқылау болып жатқанда топтарға жақын болу керек. Жетіспейтін пікірді ұсынуға болады.Тұйық және ұялшақ оқушыларды талқылауға тарту қажетпіз. Орындалған қорытындыларды нақтылап,бірақ олардың мағынасын өзгертпеу керек.Оқушылардың сөйлеп және тындап отырғанына көз жеткізіп барлық пікірді бағалау керек.

Әдебиеттік оқу пәніндегі ертегі,аңыз,жыл мезгілдері,табиғат жайлы берілген тақырыптар топтық жұмыстарға өте қолайлы тапсырмалар беруге ыңғайлы.Белгілі бір тақырып бойынша бірігіп салған суреттер арқылы әңгіме айту жарысын ұйымдастырған жөн. Мұндай жарыс әңгімеге шыққан оқушының сөз байлығы шектеулі болса,оқушыға бағыттаушы сұрақтар қойып,өз ойларын еркін жеткізуге баулып отыру қажет.Әсіресе тұйық отыратын оқушы топтың қолпаштауымен ортаға шыққанда өз тобының намысын ойлап,тәп-тәуір әңгіме айтып беруге тырысатыны байқалып қалады.Сонымен қатар рөлдік ойындар,кейіпкерлерге кластер жасау,олардың жағымды –жағымсыз қасиеттерін анықтау,кейіпкерлерге өз атынан немесе сол кейіпкерлердің образына кіріп хат жазу,ертегі мен аңыздардағы негізгі идеясын тауып,соған байланысты мақал-мәтелдер,жаңадан аңыз,ертегілерді құрастыру сияқты шығармашылық жұмыстарды топтық жұмыс кезінде орындаутиімді екеніне көзім жетті.Сонымен біргетілсабақтарындадиалогтік оқытудаөтепайдалы ,себебі оқушының сөз байлықтарын молайтумен қатар сұрақтарға нақты, дәл жауап беріп отыруларын бағыттап береді.Диалогті өз мәнінде кеңінен өрбіту үшін қойылатын сұрақтар мәнді де мағыналы болғаны жөн. Сонда оқушы өзінің беретін жауабына да немқұрайлы қарамайды. Топтық жұмыстар кезінде «Сергіту сәтін» өткізу,оқушының ынтасы мен ойын ширатуға көп көмектеседі және әрі қарай жұмыс істеулеріне де,ұжымдық қолайлы орта қалыптасуына да ықпал етеді. Топтық жұмыс орындау кезінде тағы бір байқағаным олардың намысшыл,жеңісті қолданбермеу сияқты дағдылары да қалыптасады екен.Бұл жерде әрине,балалардың бір-біріне және топтық жұмыстарға формативті түрде баға берулері көп әсерін тигізеді.Әр топқа неге мұндай баға қойылды,не себепті деген сұрақтарға деген жауап берген оқушылардың өздері ұстаз көңілінде ескеусіз қалмауы тиіс. Топтық және жұптық жұмыстар оқушылар үшін жаңалық екені даусыз.Кезінде дәстүрлі сабақтарда мұндай жұмыстарды қолданған жоқпыз.Тек мұғалім мен оқулық арасында ғана өз білімдерін түйіндеп,белгілі бір шекарадан ауытқымайтын қағида болды.Ендігі жердеоқыту үдерісіне енген жаңалықтарды біртіндеп кіргізу арқылы жаңаша оқыту технологиясын сәтті пайдаланып,заманауи талаптардың басындакөшбасшы болу-әр ұстаздың ұрпақ алдындағы парызы. Мұғалім-тек бағыттаушы, ал оқушы –ізденімпаз болып,өз бетімен шешім қабылдауға жүрексінбей кіріссе,бұл жұмысымыздың белгілі бір нәтижесі болады деп сеніммен айта аламын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!