Материалдар / «Топтық жұмыстардың жүргізілудегі тиімділігі мен қиындықтары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Топтық жұмыстардың жүргізілудегі тиімділігі мен қиындықтары»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2019
4833
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда қаласы

Әлия Молдағұлова атындағы № 173 орта мектебі






Тамыз кеңесі

Баяндама


Тақырыбы: «Топтық жұмыстардың жүргізілудегі тиімділігі мен қиындықтары»







Математика пәні мұғалімі: Ахметова Г









2018-2019 оқу жылы

Топтық жұмыстардың жүргізілудегі тиімділігі мен қиындықтары

«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.

Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынтығы.

Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарымда қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты - оқушыларды ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу.

Біліктілікті арттыру курсында үйренген жаңаша әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда қолданып,біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін мен қандай да болмасын жетістіктерге, қомақты нәтижелерге қол жеткіздім деп айта аламын.Бұл бағдарламаның ең тиімді тұстарының бірі - сынып оқушыларын топтарға бөліп,жұптық және топтық жұмыс жасау.

Топтық жұмыстың мақсаты: Оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі

«Топтық жұмыс» термині - өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы.

Топтық жұмысты жүзеге асыру мақсаты

Әлеуметтік

  • Тәжірибемен және идеялармен алмасу;

  • Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;

  • Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу

Танымдық

  • Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;

  • Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту

Эмоционалдық

  • Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену;

  • Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету







Топтық жүмысты ұйымдастырудың артықшылықтары



  • Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады

  • Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады

  • Жұмыс атмосферасын қалыптастыру

  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады

  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады

  • Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді

Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшілігі :

  • Топ мүшелерінің көп болуы;

  • Енжар адамдардың көптің көлеңесінде қалып қоюы;

  • Бір топтың шуылының екінші топқа әсері;

  • Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындап үлгермеуі;

  • уақытты белгілеу жеке бастың берекесіздігіне әкеліп соғуы;

  • Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалады;

  • Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады

  • Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы;

  • Жақсы оқитын оқушылардың нашар үлгеретін оқушылардан жоғары тұруы;

Топты жұмыс арқылы қандай іс-әрекет жүзеге асады

  • Топ пен топ арасындағы іс-әрекеті

  • Топ ішіндегі іс-әрекеті

  • Оқушы мен оқушы іс-әрекеті

  • Оқушы мен мұғалім іс-әрекеті

Оқушының әрқайсысы қандай прогреске қол жеткізді ?

  • Оқушылардың ой ұшқырлығы пайда болды, бір-біріне деген сенімі артты

  • Оқушы өзінің топта орындалып жатқан жұмыстың маңызды екенін, өз үлесін қосып жатқанын сезінді.

  • Басқа топтардың жұмыстарын тыңдап олардың мүмкіншіліктерін салыстырып анализ жасай алды.

  • Бақылаудың нәтижесінде өте тұйық және көшбасшы оқушылар анықталды.



Топтық жұмыс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді (екеуі де болуы ықтимал) ?

  • Оқушылардың көбі жаңа келгендіктен топта жұмыстау дағдылары жетіспеді

  • Берілген уақытты тиімді пайдалана алмауы

  • Бағалау тәсілдерін қолданғанда, Мысалы: оқушылардың өзін-өзі объективті бағалай алмауы

Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы топтық жұмыстың қандай аспекті(лері) түзетілуі керек ?

  • сабақтың уақытын мөлшерлеу және уақытты бөлудің орындылығы

  • Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау әдісін үнемі қолдану

  • Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, кері байланыс түрлері

  • Оқушының өзін реттеу.

Топтық жұмыстың тиімділігі және оны ұйымдастыру.Сабақта оқушының топтық жұмысын ұйымдастыру бұл оқушылардың өзара үйлесімді қызметі.Топтық жұмыс белгілі бір тәртіп талабымен құрылады.Мұғалімнің топтық жұмыс барысындағы қызметі барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, мәселені барлық сынып болып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Топтық жұмыс жасау оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, қателерін табуға жаттығады. Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды. Топта жұмыс жасап үйренген оқушылардың іс-әрекеті нәтижелі болады, білімдері шыңдалады. Сонымен қатар, сабақ барысында ұдайы бір үлгідегі тапсырмалар қайталап бере алмаймыз.Топтық жұмысқа негізделген тапсырмаларды әр сабақ сайын түрлендіріп, формасын өзгертіп орындатқызған дұрыс. Топтық жұмыс жасаудың ең тиімді әдісі - берілген тапсырма бойынша постер жасап, топ мүшелерінің сыныптастары алдында өз білімдерін саралап, қорғай білу. Математика сабағында топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Мұнда біреудің жұмыстан тыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Топқа бөлудің де қызықты тәсілдерін қолдану керек. Жаңа сабақты түсіндіру барысында өтілетін тақырыпты «Джигсо» әдісімен бөліп беріп әр оқушыға тапсырма беріледі де, уақыт белгенеді.Содан соң уақыт өткен соң,сарапшы топтаталқылайды және постер жасап қорғайды. Топтық жұмыс барысында оқушыларға рөлдербөлініп беріледі. Таймкипер, хатшы, төраға, баяндамашы,суретшіт.б. Математика пәнінен үлгерімі төмендеу оқушылар топтық жұмыстарда, топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасады. Топтық жұмыстарда ережелер құрастыру, есептер жазылған үлестірмелік кестелер, сұрақ тапсырмалар арқылы түрлендіріп отырды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды қоя білуге үйреттім. Б. Блум таксономиясы бойынша білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау кезеңдерімен тапсырмалар ұсынып орындаттым. Математика сабағында оқушыларды сөйлете алмайтынбыз. Математикалық тіл кейбір балалар үшін қиын және проблемаға айналған. Топтық жұмыстарда байқағаным оқушылар еркін болғандықтан шығар, әр оқушының ойын жеткізуге мүмкіндіктер бар. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі»стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен сіңісе алмайды,сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алатын және бұрынғы жаттығулар сыныпқа түгелдей беріліп немесе жеке –жеке тапсырмалармен бағаланып жататын. Мұғалім айтады,оқушы орындайтын. Жақсы оқитын есеп шығара алатыны көңіл толтыратын. Кейбір балалар есепті шығара алмаса да, көшіріп алатын. Жақсы оқитын бала мен нашар оқитын баланы үйрететін. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақтаған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей,жай ғана жаттағандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалатын.

Міне, осындай бақылаулардан соң менің ойыма түйгенім мынандай: тапсырмаларды таңдап алу, сабақ жоспарын оқушылардың тілегіне сай өзгертіп отыру, кіммен топта жұмыс істегісі келсе қалауына сай бөлу, тапсырманы орындау әдістерін өздері таңдап алуына жағдай жасау, жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік беру тілегі мен ынтасын ескеру керек. Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде ,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуді көздейді. Сабақ жүргізу барысында интербелсенді тақта, желілік жүйе, түрлі-түсті стикер, маркер, т. б құралдармен жүргіздім және олар сабақ өткізуіме тиімді болды. Интербелсенді тақтаны жаңа сабаққа қатысты тірек сызбаларында, математикалық диктанттардың жауабын тесеруде, сергітусәттерінде, бейне жазбаларында пайдаландым. Жинаған деректер өздігінен сыр ашпайды. Зерттеу барысында бейне жазбалар арқылы өткен сабақтарымды талдадым. Кемшіліктерімді жоюға ықпал етті.

Мен оқушыларда әр сабақтан соң сауалнама, сұрақ қою (сұрақ жәшігіне), кері байланыстар алып отырдым. Сабағымда оқыту үшін бағалауды қолдандым. Бағалаудың талаптары мен әдістеріне оқушылардың

өздері де тартылуын қадағаладым. Мұндай ұстаным бағалауды оқушылардың өзіндік іс әрекетіне айналдырады. Бағалау критерийлері бойынша, топтық жұмыстарды бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек», интервью, жазбаша жұмыс түрлері тәсілдерін қолдандым.

Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен

мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі [МАН 106 бет].

Мысалы, егер балаға оның белгілі бір деңгейге жететіндігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді. Менің пікірімше, осы бағалаудың артықшылығы баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға алғанын және бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасап отырғанда ғана оң нәтиже бермек. Сол кезде оқушы нәтижесін жақсарту үшін не істеу керектігін түсінеді.

Осы жоғарыда айтылған жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, жеті модульді ықпалдастырып сабақ беретін болсақ, оқушыларға сапалы білім беретінімізге сенімім мол. 7-сынып оқушыларына сабақ өткізгенде оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түсетінін байқадым. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарда жұмыс істейтін балалардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатыны білінді.

Топтық жұмыстың артықшылығы:

·

Оқушылар өзара достық қатынаста болады;

·

Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді

·

Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;

·

Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;

·

Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.

·

Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды. Мен тәжірибеме өзгерістер енгізіп, жақсарттым деп ойлаймын. Мен әр сабағымның құрлымын өзгертіп, жаңа әдіс- тәсілдерді қолдандым. Топтық жұмыс ұйымдастырудың тиімді екенін білдім. Менің түсінгенім әр оқушы сабаққа қандай жаңалық болар екен?- деп, отыратын сияқты. Әр сабақтағы жаңалық енгізу сабақтың сапасын жақсартады деп ойлаймын. Бұрын оқушының қатесіне аса назар аударсам, ал енді «тек ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді»- деген қағидаға сүйенемін. Оқушының жұмыс барысындағы сәтсіздіктердің алдын алып, оларды болдырмауға ұмтылу керек. Ал болған жағдайда,кімнің кінәлі екенін іздемей,соның себептерін талдап,болашақта оны қайталамаудың жолын қарастырған жөн. Сонымен қатар математика дәптерін тексеріп оның қатесін түзегенде, сәтті шыққан тұстарын да жазу керек екенін түсіндім. Осы топтық жұмысты әр тапсырма оқушылар үшін де мен үшін де сәтті өтті.

Көптеген оқушымды қызықтыра отырып,сыни ойлауға мүмкіндігінше үйреттім деп айта аламын. Бастапқыда сабағымды топтастыруда жеті модульді жеті жақтан іздегенмін, сабақтың барысында

ол өздігінен шыққанын аңғардым. Үлгерімі төмен оқушыларым кішкене болса да алға жылжыды жəне дарынды оқушым бастапқыдай емес топпен, жұппен жұмыс жасауға дағдыланды.


Мен осы топтық жұмыс арқылы оқушылардың математика сабағына белсенділігі артатынына сенімім мол.Әр сабақта жағымды атмосфера орнату арқылы сабағымның ерекшілігін байқадым.







Топқа бөліп жұмыс жасау арқылы мен өз сабақтарымда елеулі нәтижелерге қол жеткіздім деп айта аламын.Төменде берілген суреттерде оқушылар топтасып жұмыс жасау барысында.

Қорыта келе айтарым, мұғалім жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп білуге тырысқаны дұрыс. А. Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де hәм сондай болмақшы», «Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең құл болмақшы», - деген сөздері бар. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.







Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан - 2030 // Егеменді Қазақстан. – 2016, қазан – 11.

2. Математика және физика журналы 2017 ж

3. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері арқылы табысты оқытуға қол жеткізу 2016 ж

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі)деңгей. Үшінші басылым.













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!