Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Теңдік орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Каппасова Алия
Сериковна
тамыз конференциясында
оқыған
Баяндама
Топтық жұмысты ұйымдастырудың
оқыту үшін тиімділігі
Қазіргі таңда оқыту
оқушылардың өз бетінше оқуына
бағытталғандықтан,
олардың таным белсенділігін
көтеру маңызды деп есептеймін. Сондықтан мұғалім оқушылардың
білімді іздену, пікірталас, проблемалық жағдайларды шешу, жоба
құрастыру арқылы өз беттерінше алатындай етіп ұйымдастыра білуі
үлкен шеберлікті қажет етеді. Оқушылардың таным әрекетін
белсендіретін оқытудың белсенді түріне топтық жұмыс жатады.Топтық
жұмысты ұйымдастыру ұжымдық өзара әрекеттестікті жүзеге асырудың
бір жұмыс формасы болып табылады. Топтық жұмыс кезінде оқушы
белсенділігі артады. Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы
орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс
әр оқушының нақты іс әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды.
Бірлескен топтық оқытудың негізгі түйіні әрбір топ мүшесінің өз
ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге қол жеткізуге
болатыны.
Мектеп білімді өмірде қолдана
білетін (функционалдық сауаттылық), көпшілікпен араласа алатын,
ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау
керек.
Осы мақсатты
басшылыққа ала отырып, сабақта оқушыларды
топқа бөліп, топпен және жұппен
жұмыс істеу арқылы, оқушыда өзіне
деген сенімділігі, жауапкершілігіартып,өзойын еркін жеткізе алатын,
белсенді, өз алдына мақсат қоя
алатын, ортада өзін еркін ұстайтын,
бір-бірімен пікірлесе білетін,
бір-бірін оқыта алатындығын
байқадым.
Бұл мақсатқа мен бірден жете қойған жоқпын,оқушының
өз бетінше танымдық әрекет ету
әдістері мен дағдыларын
қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар
жүргіздім. Ол жұмыстар: тақырыпты
меңгеру үшін
өз алдына мақсат қоя білу, мәтінмен жұмыс, қосымша әдебиеттермен,электронды оқулықпен,интернет
материалдарымен, интерактивті тақтамен
жұмыс, тәжірибе жасау,
бақылау жүргізу, өзі-өзі бағалау,
өзгені бағалау,
т.б
Жүргізілген жұмыстардың
нәтижесінде жаңа материалды өздігінен меңгере алатын, бір-біріне
көмек бере алатын, өз алдына мақсат қойып, алынған нәтижелерді
қадағалайтын, өз ойын еркін жеткізе оқушылар қалыптасты.
Оқушылардың пәнге қызығушылықтары, белсенділіктері,
жауапкершіліктері артты, қосымша материалдармен жұмыс істеуді
үйренді.
Топтау әдістерінің
тиімділігі төмендегідей:
Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары
дамиды
Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім
болады
Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны
қолдана алды.
Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе
отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда
жаңашылдық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ
мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ
ішінде кері байланыс жүзеге
асады.
Оқушылармен топпен жұмыс жасау
барысында топты басқаруда аса қиыншылықтар болған жоқ. Себебі,
бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде, ертегі түрінде өтілген
сабақтарға жаттыққан. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың
бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топтық
жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау
кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды мәтінмен жұмыс
жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-біріне
сұрақтар қоя отырып талдады. Тапсырманы орындау барысында барлық
оқушы жұмыс жасауға талпынды. Біреуі сурет салады, біреуі жазады,
біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы
жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренеді. Әр сабақты өткен
кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы
тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты орындауға тырысып жүрмін.
Бірлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп
жұмыс жасайды. Бір-бірін тыңдауды, сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ
көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды, өз тобын алға тартуды
үйренеді.Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды
түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне
аса қажет. Топтық жұмыста барлық топ мүшелері алдына қойған
мақсатты бірлесе шешеді. Олардың бойында өз тобын алға жетелеуге
бағытталған сезім пайда болады. «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін»
жұмыс жасайды. Топ мүшесі өзінің тобының артта
қалмауына жанталасады.Топ жұмысы зерттелген кезде сыныптағы
сөйлемейтін оқушының белсенділігі көрініс берді. Бұл жағдайға
мұғалім де, сыныптастары да таңғала қарады.Топ жұмысының тағы бір
маңызды ерекшелігі тапсырманың белгілі бір деңгейде ғана
орындалмауы, оның топ ішінде түрленуі, шарықтауы, жаңа нәтижелерге
жетуі. Дәстүрлі сабақтарда біз оқулық шеңбері бойынша тапсырманы
беріп келдік, ал қазіргі сабақта мұғалім тапсырманы орындау кезінде
оқушыға еркіндік береді.
Топ ішіндегі туындаған
эмоционалды әрекет кезінде оқушылар арасында жағымды байланыс пайда
болады. Олар өзге оқушыларды да түсінуге тырысады. Оқушылар
арасында басқа топ мүшесімен диалог құру, сұрақтар қою, өзгені
тыңдау, өзінің көзқарасын қорғау, қорытынды шығару дағдылары пайда
болады.
Топтық жұмысты бастамастан
бұрын оқушылармен бірге топ ережелерін жасау керек. Мысалы топ
ережелері төмендегідей болуы мүмкін:
- Бірін-бірі тыңдау
- Өзгенің пікірін сыйлау
- Сөзін бөлмеу
- Уақытқа бағыну
- Шапшаңдық
- Бәсекелестік
- Бірлестік
Тиімді топтық қарым-қатынас
дегеніміз не?
-
кезекпен сөйлесу
-
белсенді тыңдау
-
сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін
сұрау
-
ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма
екенін сұрау
-
өз
ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары
мен пікірлерін білу
-
ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен
талқылау
-
көмектесу және көмек
беру
-
түсініктеме беру және түсініктеме беруді
өтіну
-
идеяларға
түсініктеме беру және оны
бағалау
-
топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға
келу
-
талқылаудың қорытындысын
шығару
-
дәйекті айғақтар
келтіру.
Сабақта табыс критерийлері
жазылып және дескрипторлары көрсетілуі тиіс. Сол кезде ғана
оқушылар өз топтарын және өзге топтарды бағалаған кезде нақты, шын
баллдарды қояды. Балл қоюға, топты бағалаған кезде оқушылар
белсенділігі жоғары болады. Топтар бірін ірі бағалаған кезде реніш
болмайды себебі дескрипторлармен бағалау баллдың ақиқатты
қойылғанын көрсетеді.
Қорыта келе, топқа бөліп
оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті
тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның
айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез
жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін
арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.