Материалдар / Топтық жұмыстың тиiмдiлiгi
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Топтық жұмыстың тиiмдiлiгi

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама топтық жұмыс тyралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2019
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Макаров жалпы орта бiлiм беретiн мектебi



Тақырыбы: Топтық жұмыстың тиімділігі(ғылыми-әдiстемелiк отырыста оқылған баяндама)





Баяндамашы: А.К. Кошаханова





2018-2019 оқy жылы

Топтықжұмыстыңтиімділігі Қазіргі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Қазіргі әлеуметтік - мәдени жағдайдағы өмір сұранысына сай білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін – өзі дамытып жетілдіре алатын азамат тәрбиелеуде ұтымдысы жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бүгінде мұғалім оқушыларға дайын білімді беруі ғана емес, керісінше қиыннан жеңілге қарай көтерілуге бағыттап, оқушының сыни тұрғыда ойлау қабілетін қалыптастыруы керек. Ол үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға бай болуы тиіс. Инновацияларды енгізу арқылы біз де оқыту мен оқу үрдісіне бүкіл әлемде тиімді қолданылып жүрген заманауи тәсілдерді қолдану керекпіз. Сындарлы оқыту әдістемелерінің тәсілдерін білім беруде пайдаланып, оқушының пәнді терең түсінуін дамытып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуіміз керек. Мысалы: оқыту мен оқу үрдісінде топтық жұмыстың тиімділігі өте зор. Кез-келген сабақта шағын топтар құрып, оқу материалын талқылаудағы тапсырманы жан-жақты топ арасында талдап, оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы арқылы бір-біріне түсіндіргендері ұтымды жұмыс. Жалпы, топтық оқыту – үлгісі педагогикалық үдерістің бір элементі болып табылады. Топтық жұмыс оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің көрінісі, үдеріс барысында топ мүшелері өз функцияларын орындап, бірлескен оқуға дағдыланады. Әркім өзі үшін және басқалар үшін жауапкершілікті сезінеді. Бірлескен оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі. Осы аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлде бір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Мұнда оқушылар бір-біріне түсіндіре талдау жасап, әңгімелеседі, яғни әңгімелесу арқылы білім алып, бірін-бірі оқытады, оқушылар арасында «оқушы-оқушы» қарым-қатынасы дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Жалпы, оқушылар өзіндік ерекше тұжырымдамаларын ұсынып, қорғап, талдауға дағдыланады. Зерттеушілердің пікірі бойынша шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар әдетте оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеген. Топпен жұмыс жүргізуде топ құрамын жиі өзгертіп отыру керек, сонда оқушылардың әр адаммен араласуға мүмкіндік алады. Топқа бөлуде әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы бөлген дұрыс. Топ мүшелері бір-бірімен жақынырақ араласып, яғни қарым-қатынасы дамиды, ортақ мақсатқа жетуге талпынады. Топта ойын атмосферасы қалыптасып, іскерлік дағды орын алады. Топтық жұмыстың аса маңызды басымдылығы – топ ішінде, мұғалім мен оқушылар арасында қандай да бір шартты талаптарсыз еркін түрде, демократиялық тұрғыда оқыту мүмкіндігі, яғни топ жұмысының тиімділігі үшін қарым-қатынасты ұйымдастыру мәселесінің маңызы зор. Сонымен қатар топтық жұмыс кезіндегі оқу әрекетіндегі ықпалдастық оған қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының жақсаруына әсерін тигізеді.Топта бірлесе жасаған жұмыс барысындағы оқушылардың өзара ықпалдастығы олардың оқуға қызығушылығын күшейтеді. Оқу әрекетіндегі ықпалдастық сыныптағы психологиялық ахуалға және оқушылардың өзін-өзі бағалауына әсер береді.Топтарда жұмыс жасау оқу материалын меңгеруге де жағымды ықпал етеді. Мысалы: менің әр сабақта алға қоятын мақсаттарымның бірі, балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда сұрақ-жауап, яғни диалог құрудың бірнеше әдістерін қолданып, топтарға бөлемін. Сұрақ-жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Сұрақ-жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді қолданамын. Мұнда ең алдымен, балалар түсінбегенін бір-бірінен сұрап алуға мүмкіндік алады, екіншіден, білмегенін сұрау үшін сұраулы сөйлем құруға үйренеді. Сұрақ-жауап алу кезінде ең алдымен сыни ойлауларына ой жүгірту керек. Мысалы: -Балалар, не білесіңдер? деп сұрақ қоймай, қалай ойласыңдар? деп ойландыру керек.



Топтық жұмыс кезінде қызу пікірсайыстар болады.Мысалы, менің оқушыларыма «Джигсо» әдісі ұнайды. Оның мәні: оқушыларды мәтіннің немесе өлеңнің бір бөлігін өздері бірлесе талдап, өзгеге сол бөліктің мазмұныны толық ашып айтып түсіндіруге талпынады. Мұндай оқытудың белсенді түрлері балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу жүргізу барысында өз шешімін қабылдауына баулиды. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Айта келсек, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасын сезілтеді. Мысалы, топта «Ойлан-жұптас-талқыла» деп ой салсаң, оқушылар өз ойларын бірден ортаға салмай өзінің қасында отырған көршілесімен кеңеседі, яғни жұптаса жұмыс жасап барып, топтасып талдауға кіріседі. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Сонымен қатар,сабақта топтарға әр тапсырма сайын, постер қорғалғанда да оқушылардың белсене жұмыс жасағандарын, яғни өз ойларын жан-жақты ашуға талпынғандарын, бірлесе жұмыс жасағандарын байқауға болады. Топқа ілесе алмай отырған немесе керісінше бәрін де өзі жасағысы келіп отырған оқушылар да болады. Ол оқушыларға жеке тапсырмалар орындатып отырған жөн. Балаларды әр тапсырма сайын мадақтап, қол шапалақтап формативті бағалау өте қажет. Оқушылар да бір-бірін бағалап, не себепті сол бағаны қойғандары туралы айтып, дәлелдеулері тиіс. Топта жұмыс жасаудың тағы бір тиімділігі мәтін мазмұнын ашу кезінде рольдік ойындар, сайыс, Э.Бононың «Ақылдың 6 қалпағы», «шеңбер» «қарлы кесек» ойын тәсілдерін қолдану, тақырыпты толық ашуға мүмкіндіктер береді. Әр мұғалімнің мақсаты оқушының “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Оқушының өз бетінше оқып үйренуі оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді. Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр», – деген. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол, педагогикалық-психологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген ұстаз болуы қажет. Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей, оқыту мен білім берудің жаңашыл әдісіне көшу үшін іскер мұғалімдер қажет, деген ойдамын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!