Материалдар / Топтық жұмыстың тиімділігі Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Топтық жұмыстың тиімділігі Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші,шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады. Әр сабақта менің алға қоятын мақсаттарымның бірі балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда диалог құру үшін бірнеше әдістерді қолданамын. Сұрақ-жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Сабақ басында оқушылардан күн, ай, апта күндерін сұрау қалыптасқан жағдай. Жауап беруде толық жауап талап етемін, сондықтан оқушылар жауаптарын мысал келтіре отырып дәлелдейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2021
466
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Топтық жұмыстың тиімділігі (Эссе)


Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші,шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.

Әр сабақта менің алға қоятын мақсаттарымның бірі балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда диалог құру үшін бірнеше әдістерді қолданамын.

Сұрақ-жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Сабақ басында оқушылардан күн, ай, апта күндерін сұрау қалыптасқан жағдай. Жауап беруде толық жауап талап етемін, сондықтан оқушылар жауаптарын мысал келтіре отырып дәлелдейді.

Сұрақ-жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді қолданамын. Ең алдымен, балалар түсінбегенін бір-бірінен сұрап алуға мүмкіндік алады, екіншіден, білмегенін сұрау үшін сұраулы сөйлем құруға үйренеді.Сабағымның сәтті я сәтсіз тұстарын білу үшін рефлексияны да сұрақ- жауап әдісі арқылы білемін. Бұл кезеңде оқушылар:

«Маған айтшы — мен ұмытып қаламын,

Маған көрсетші — менің есімде қалады,

Өзіме істетші — мен сонда түсінемін.» Конфуций

түсінбеген тұстарын айтып, келесі сабақта менің мұқият болуыма ой салады.

Қазіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден яғни «дәстүрлі» стильмен оқытудан алшақтау керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиектерін ашу керек. Сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құру біздің міндетіміз, себебі мұғалімдер әрбір баланың болашағы үшін жауапты. Мүмкіндігінше электронды оқулық, дискілер, видеокассеталар,фильмдер, мультимедия мүмкіндігін толық деңгейде қолданса, өз нәтижесін береді.Көргенін ұзақ мерзімде сақтайды, көру арқылы тапсырманы орындау жеңілге түседі және сабақта уақытты ұтымды пайдалануға негіз болады.

Сыныптағы әр оқушы ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып,әр сабақта тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамын. Жаңа сабақты түсіндіруде аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық, жұптық түрлерін жүргізген ұтымды болады, себебі жұптық жұмыста көршілес оқушылар өзара жұмыс істеп, сұрақ қоя отырып тақырыпты игеруге мүмкіндік алады. Ал топтық жұмыс барысында әрқайсысы өз идеясын ұсынуға, жалпыға бағытталған белгілі бір жұмыс түрін орындай алады. Мұндайда «оқушы үнін» естиміз

Оқытылатын ережені есте сақтап, өмірде қолдана алатындай етіп ұғындыру үшін ойын элементтерін де жиі қолданамын. Мысалы, мәтінмен жұмыс істегенде топтың ішіндегі оқушылар рөлге бөлініп талқылайды. «Оқушы» — мазмұндайды, «сыншы» — оқушының жіберген қатесін айтады, «жақтаушы» — оқушының жауабын қолдап, ұтымды шыққан тұсын айту керек. Әр бала өзіне жүктелген рөлді атқару үшін, мәтінді толық меңгеріп, өз ойларын айтуға міндеттеледі.

Мұндай жұмыс түрлері оқушыларды жетік дайындыққа, сөйлеу дағдыларын, сыни көзқарасын қалыптастырады. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін дарынды оқушылармен үнемі жұмыс істеу керек.Проблемалық сұраққа тапқырлық жауап, естіген музыканы бояумен түсіндіру,тақырыпқа сәйкес сурет салу, өлең-жұмбақ шығару, жаңаша модель құру сияқты деңгей бойынша тапсырмалар оқушылардың лингвистикалық, логикалық, кеңістіктік зияттық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Оқуды жақсарту үшін оқушылардың білім деңгейі қай дәрежеде, оның дамуына ықпал ету жолында бағалаудың да бірнеше түрін қолданамын, себебі әділ бағалау өз күшіне сенімділік, өзгенің жауабын тыңдау және пікір айтуға үйретеді.

Өзара бағалауды көбіне үй жұмысын тексеру барысында қолданған тиімді, себебі оқушылар тек баға беріп қана қоймай қай тақырып, қай мәтінді мұқият қайталау керек екеніне ұсыныс жазады. Топпен жұмыс істегенде топтық бағалау, кей тапсырманы критерий бойынша бағалау, өз-өзін бағалау парақтарын кең қолданамын.

Бұл деген оқушының өсу деңгейін бақылауға, баланың өз жетістігін немесе кемшілігін анықтайды, қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді. Балалардың жұмыс дәптерлерін тексерген кезде ең алдымен, жасыл сиямен дұрыс орындаған тапсырмаларын белгілеймен, қара сиямен әлі де өңдеуді қажет ететін жұмыстарын белгілеймен. Мұндай жұмыс түрі балалардың өз қатесін түзетіп, өткен тақырыпқа оралуды және өз білімдерін жетілдіру үшін мұқият оқуды талап етеді.

Сабақ-мұғалімнің шығармашылығы. Оқыту процесінде барлық оқушыларды белсенді қатысуы мен өзара қарым-қатынасқа түсуі бізге байланысты.

Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формасын ойлап таба алады. Сабақ бойы оқушылардың өздері әрекет ететіндей етіп, бір-бірімен ақылдаса отырып бір шешім қабылдауына ықпал болатын әдістерді қолданған абзал. Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім бір-бірімен диалогқа түсу барысында өзара түсіністікке, бірлескен әрекетке, қажет шешім алып келетін үдеріске айналуына ықтимал.

Оқушының дамуына жағымды жағдай тудырып, оқу процесіне қатыспай қалуы мүмкін болмайтындай етіп сабақты құрастыратын біз- мұғалімдер.Сабақтарды өту барысында сұрақ-жауаптар өткізу тиімді нәтиже беретіндігін байқадым. Сұрақтарды өз орнында және дұрыс қоя білу сабақтарда оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасайды. Сабақтардағы тапсырмалардың көпшілігі сұрақ қою арқылы беріледі. Сұрақтар қойылған кезде оқушылар өз ойларын жеткізе алатындай, күнделікті өмірмен байланысқан, олар сыни тұрғыдан ойланатындай болғаны дұрыс. Сұрақтарды жеңілден ауырға қарай, оңайдан қиынға қарай, оқушының жас ерекшелігіне сай қойғанымыз жөн. Мен «Торы құлын» тақырыбын өткенде кітаптағы сұрақтарды беріп бастадым, кейін оқулықтан тыс сұрақтарға ауыстырдым. Ой қозғау арқылы ребус шешіп, жаңа тақырыптың атын шығарып алдым, бұл да сұрақ қоюдың бір түрі. Топтық тапсырмаларды сұрақтармен бердім. Бірінші топтық тапсырманы оқулықтағы мәтіннен пайдаланып, сұрақтарды бердім. Екінші топтық тапсырманың сұрақтары күрделене түсті, бұл тапсырманы оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып орындады. Оқушылар өмір тәжірибесінде кездескен, көрген-білгендері бойынша бірінің ойын бірі толықтырып жатты, яғни бұл сұрақтар зерттеуге арналған сұрақтар болды. . Бұл сабақта «Жырға сүйеніп, торы құлынды сипатта» тапсырмасындағы сұрақтар:

- Торы құлынның басы қандай?

- Көзі қандай?

- Ерні қандай?

- Жағы қандай?

- Мойны қандай?

- Жалы қандай?

- Саны қандай?

- Құйрығы қандай? сұрақтары берілді.

Жеке жұмыстың тапсырмасын да сұрақпен бердім. «Сен ЕХРО-2017» көрмесіне жылқы малының қандай өнімін алып барар едің?» деген сұраққа оқушылар сыни тұрғыдан ойланып жауап берді. Сабаққа рефлексия жасау мақсатында «ББҮ» сызба әдісінен пайдаланып, сабақта не үйренгендеріне шолу жасады. Сұрақтарға жауап беріп, интербелсенді тақтаға жазды.



Сабақтың нәтижесінде оқушылар торы құлынның сипаттауларын білді, жылқы малынан алынатын өнімдердің адам өмірі үшін маңызды екенін үйренді.

Қорыта келе менің айтарым, оқушыға жан-жақты білім беру үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты түрлерінен пайдаланып өттім деп ойлаймын.

2-сынып «Әдебиеттік оқу» пәнінен «Қой» тақырыбын өткенде оқушыларға сұрақ-жауаптар беру көмегімен олармен қарым-қатынас жасау арқылы «Ой қозғау» көмегімен жұмбақ айтып, оның шешуін тауып, жаңа тақырыптың атын шығарып алдым. 1-топтық тапсырманы орындау барысында оқушыларды қадағалап отырдым. 1-топқа қой туралы өлең айт, 2-топқа қой туралы ән айт, 3-топқа қой туралы мақал, мәтелдер айт, 4-топқа қой малының атасы туралы білгеніңді айт, деген тапсырмалар бердім. Оқушылар бар білгенін ортаға салып, өзара ақылдасып жатыр. Бұл жерде оқушылар арасындағы диалог кетіп жатыр. Өздері ақылдаса келе, топ ішінен біреуі шығып, білгендерін сыныпқа жариялап жатыр. Екінші топтық тапсырманы орындау барысында да қойдың жүнінен жасалатын заттар, қойдың сүтінен әзірленетін тағамдар, қойдың етінен әзірленетін тағамдар, қойдың адамға пайдасы, деген тапсырмаларды топ мүшелері орындады. Тапсырманы ортаға салдың болды, оқушы ішіндегіні жасырмайды, бар білгенін топқа жариялап жатыр, бірінің пікіріне бірі келіспей жатыр, біріне бірі үйретіп жатыр, бастапқыда топтық

жұмыстарға қосылмай, өзін шетке ала беретін оқушыларым да жайлап пікірлер қосып жатыр. Олардың арасындағы диалогтік қарым-қатынасты бақылап жүрдім.

Әр топтық тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өздері ақылдаса келе, топтық бағалау жүргізді, бағаларды қалай қойғандығын дәлелдеді.Бұл жерде оқушыларлың арасындағы диалог жүріп жатты. Ана тілі сабақтарында оқушыларға жұптық жұмыс жүргізуге жағдай жасап отырдым. Жұптық әңгімені ұйымдастыру үшін сұрақтарды оңайдан бастап күрделендіре түстім.

Оқушылармен жеке жұмыс жасауда миға шабуыл жасай отырып, оларға сұрақ қойдым. «Мектептен келе жатыр едің. Алдыңнан адасып жүрген кішкентай қозы шықты. Сен не істер едің?». Оқушыларға 3-4 сөйлемнен тұратын шағын эссе жазу тапсырылды. Кіршіксіз бала жүрегінен әр түрлі пікірлер білдіріліп жатты. Бұл жерде мұғалім және оқушылар арасындағы диалог болды.

Сабаққа рефлексия жасау мақсатында «Бүгін мен не үйрендім?» сұрағына жауап беру үшін стикер таратылды. Оқушылардың стикерге жазылған жауаптарынан олардың сабақты түсіну деңгейін, көзқарастарын байқадым.

Диалогтік оқыту негізінде оқушының бір-бірінің пікірін тыңдау, досының пікіріне сыйластықпен қарау мәдениеті қалыптасып, дамиды. Оқушы қандай жағдайда жақсы білім алады, деп ізденіп жүріп, мұғалімнің өзінің әдістерді таңдай білу шеберлігі арта түседі. Диалогтік

әдіс тек қана диалог құру тапсырмасын беру кезінде емес, жаттығуларды орындау барысында да, сұрақ-жауаптар кезінде де, берілген мәтіннен түсінгенін сұраған кезде де, тақырып мазмұны бойынша тұжырымдар жасаған кезде де қолданылады. Бұл жағдайлар бүкіл сабақ кезеңдерінде кездесіп отырды.

Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысаны бойынша сұрақтар қойылады. Оқушыларға сұрақ-қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты техникаларынан пайдалануға болады.

Сабақтарды өту барысында сұрақ-жауаптар өткізу тиімді нәтиже беретіндігін байқадым. Сұрақтарды өз орнында және дұрыс қоя білу сабақтарда оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасайды. Сабақтардағы тапсырмалардың көпшілігі сұрақ қою арқылы беріледі. Сұрақтар қойылған кезде оқушылар өз ойларын жеткізе алатындай, күнделікті өмірмен байланысқан, оларсыни тұрғыдан ойланатындай болғаны дұрыс. Сұрақтарды жеңілден ауырға қарай, оңайдан қиынға қарай, оқушының жас ерекшелігіне сай қойғанымыз жөн, деп ойлаймын.

Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінік қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Сабақ барысында оқушылар топтық тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, топтық бағалау, жұптық бағалау, тест жұмысын орындағаннан кейін жиынтық бағалаулар болды. Дәстүрлі оқытуда сабақта оқушының білімін тек мұғалім бағалайды. Ал бұл оқудың ерекшелігі оқушы өзін-өзі бағалауды, бірін-бірі бағалауды үйренеді екен. Бұндай бағалаудың ерекшелігі оқушы өзі бағалайтын болғандықтан, сұрақтарға жауап берген оқушының жауабын тыңдайды, постер қорғаған баланың әрбір сөзіне ден қойып тыңдайды, оның дұрыс немесе бұрыстығын тексереді, толықтырулар жасайды. Бірінші және екінші сабақтарымда оқушыларға «3», «4», «5» деген бағалармен бағалады. Топ мүшелері ақылдасып, топтан бір оқушы бағаны көтереді, сол бағаны неліктен қойғандығын дәлелдеп береді. Қалған сабақтарымда оқушыларға «Тамаша», «Жақсы» деген жазуларды таратып бердім. Оқушылардың бір-бірінің білімін бағалауы қызық. Осындай бағалаулар нәтижесінде балалар арасында диалогтік қатынас жүрді және білімдері толықты. Оқушылар бір-біріне «Сабақты оқып кел, мен саған баға қоямын» деген сөздерді естіп жүрдім, демек оқушы бір-біріне баға қою арқылы өзін бағалап та үйренді. Оқушылар баға қойғанды ұнатады. Олар бір-біріне баға қоя отырып, өздерінің де білімдерін толықтырып отырады. Оқушылардың білімін бағалайтын кезде менің бір байқағаным, олар арасында диалогтік қарым-қатынас жүреді, пікірлерін тыңдап үйренеді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

Осы әдісті қолдану барысында кедергілер де болды. Оқушылар сөзге шорқақ, яғни жауаптары қысқа, сөйлеу мәнерінің дұрыс қалыптаспауы, өз-өзіне сенімді айта алмауы, бағалауда жолдастарының көңіліне қарауы, топтарға бөлінген кездерде өзіне жақын тұтатын баланың қасында отырғысы келетіні, бір-бірінің жазуына түсінбей тұруы сияқты жағдайлар кездесті. Бұл қателіктерді сабақ өту барысында түзетіп баруға ұмтылдым. Сұрақтарға дұрыс, анық және толық жауап беруге жетеледім. Ол үшін сұрақтарды оңайлатып, оңайдан қиынға қарай алып бардым. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

Өз жұмысымды қорыта келе айтарым, «Диалогтік оқыту әдісі» көмегімен оқушының сөйлеу мәнері қалыптасады, пікірлерін тыңдайтын болады, бір-бірлерінің пікіріне санасуды үйреніп, сыйластықпен қатынас жасауды үйренелі. Оқушыларға қайткенде білімді көбірек алады, деп ізденіп жүріп, өзімнің де тиімді әдістерді таңдай білу және қолдану шеберлігім артты. Оқушылар топқа бөлінуді үйренді, жаңа тақырыпты өздері оқып, талқыға салатын болды, сыни тұрғыдан ойлауға үйренді, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланды, бағалай білуге үйренді.

Енді сіздің назарыңызға топтық жұмысқа негізделген бір сабаққа арналған қысқа мерзімді жоспарды ұсынып отырмыз.

Сабақтың тақырыбы: Көктем келді

Мақсаты: Өлеңмен таныса отырып, тапсырмаларды орындайды, өз білімдерін толықтыруға тырысады.

Міндеті:

Білімділік: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды. Топтық тапсырмалар орындайды.

Дамытушылық:. Сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамытады. Шығармашылық деңгейі артады.

Тәрбиелік: топ мүшелері сабаққа белсене қатысады, табиғатты сүюге, оның бір мүшесі екенін сезіне білуге үйренеді.

Оқытудың нәтижелері:

1.Өз пікірін жеткізу арқылы тапсырманы орындай алады.

2.Оқушы ойын еркін түрде жеткізеді және талдайды.

3.Кейбір оқушылар топтың көмегімен тапсырманы орындай алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль - оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),

2-модуль - сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл)

3-модуль –бағалау,

4-модуль-АКТ пайдалану,

7-модуль-көшбасшылық (топты басқару және белсенділікпен қатысу)

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Ұйымдастыру;

Үйге тапсырманы сұрау;

Топқа бөлу;

Топтық тапсырмалар беру.

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

1-тапсырма:

Үйге тапсырманы сұрау.

«Атай» өлеңі

1-топ – Өлеңді мәнерлеп оқу.

2-топ – Сурет бойынша жұмыс.

3-топ – «Атай» өлеңін оқи отырып, не ұқтың?

Топтық бағалау.

2-тапсырма.

Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту. Модуль СТО. Әдісі: Ой қозғау(миға шабуыл).

Көктем туралы бейнеүзікті көре отырып, жаңа тақырыптың атын келтіріп шығару.

-Бұл жерде сендер не көрдіңдер, жылдың қай мезгілі көрсетілген? -Иә, бүгінгі сабағымыз көктем туралы болмақ. «Көктем келді» өлеңін бүгінгі сабақта үйренеміз. Осы өлеңнің авторы туралы кішкене мәлімет берейін.

Мұзафар Әлімбаев Қазақстанның халық жазушысы, ақын. Ол 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданында дүниеге келген. Шығармалары: «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Шынықсаң шымыр боларсың»...

3-тапсырма.

1-топ – өлеңді түсініп оқу

2-топ – өлеңге сай қимыл-қозғалыс таңдап ал. Өлеңге ат қой.

3-топ – «Көктем келді» өлеңін түсініп оқы.

Сергіту сәті

4-тапсырма

Дәптермен жұмыс

Берілген сөздердің көмегімен сөйлем құрау.

1-топ

Жаңбыр, күркірейді, найзағай, көктем.

2-топ

Көк, жылға, күн, көктем.

3-топ

Ағаш, егін, жер, адам.

Постер қорғау.

Топтық тапсырма

1-топ – көктем мезгіліндегі табиғат туралы

2-топ – көктемгі еңбек түрлерін айт.

3-топ – көктемгі мерекелер туралы

Бейнеүзік. «Ұлы Жеңіске 70 жыл». Біздің ауылда Жеңіс және Тыл ардагерлері бар ма? Олар туралы айтыңыз.

5-тапсырма.

Венн диаграммасы

Екі өлеңді салыстыру.

М. Жаманбалинов.

Көктем келді

Ұқсастығы

М. Әлімбай.

Көктем келді




Кері байланыс. «Мен бүгін не үйрендім?».

Оқушылар пікірлерін білдіре отырып, қолындағы стикер-алмаларын ағаш бұтағына барып іледі.

Бағалау.Топ бағалаушылары топ мүшелерінің білімдерін бағалайды.

Үйге тапсырма. «Көктем мезгілі» шығарма жазу






Сабирова Бахтыгуль Алиевна

«Манашы жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Бейнеу ауданы

Маңғыстау облысы




«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауы




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!