Мукамбетказина Гулжан Насырадиновна Қызметі: бастауыш
класс мұғалімі Жұмыс орны: С.Жиенбаев атындағы орта мектеп,
Байғанин ауданы,Ақтөбе облысы
«Топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбы бойынша
өткізілген коучинг сабағына рефлексия
«Ұстаздың биігі
ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол
созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп
Сократ айтқандай қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің
жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы
бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой
қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді
көздейді.
«Білім берудегі
Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған
ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне
үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа
технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.Әйгілі
зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту-бала дамуына тек
қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында
жүрсе»,жаңаша оқыту-«дамытуды өзімен бірге ала жүреді» -
деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп
қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және
шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. Әр
мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем
десе де өз еркі.Осы орайда Байғанин ауданы Сағи Жиенбаев атындағы
орта мектебіне барып мұғалімдер арасында семинар өткіздім.
Мектебіміз екі ауысымда жұмыс істейді. Семинарға бірнеше
мұғалім қатысты. Семинар кезінде екінші деңгей
бағдарламасының жеті модуль мәнмәтінінің мақсаттары және
міндеттерімен таныстырып, түсіндіріп өттім. Коучинг сабағыма
қатысуға ниеттері болған мұғалімдерге мүмкіндігінше көмек көрсетуге
дайын екенімді айттым. Сол семинар сабақ барысында мұғалімдер
ұжымынан бірнеше ұсыныстар түсті. Бастауыш сынып мұғалімдері мен
жеке пән мұғалімдері оқыту сапасын көтеруде қиындықтарға
кездесіп жүргенін айтты. Математика, технология, биология
пәндерінің мұғалімдері оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға қалай
бағыттау жолдарын үйренгісі келетінін, бір бастауыш мұғалімі
талантты және дарынды балалармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін
қолдануда қиындық туғызып жүрген тақырыптар анықталды.Семинарға
қатысқан мұғалімдердің барлығы бір дауыстан топпен жұмыс жасау
арқылы қалай оқытуға болады деп коучинг өткізуімді сұрады.
Себебі біз өз ойын ашық айта алатын, идеяларын дәлелдей алатын
құзіретті тұлға тәрбиелеуіміз керек. «Топтық жұмыстың тиімділігі»
тақырыбында коучинг сабағымды өткіздім. Коучинг сабаққа үш бастауыш
сынып мұғалімдері,бір математика пәні, бір технология пәні,
бір ағылшын пәні, бір география пәні, бір орыс тілі пәні, екі
биология пәні мұғалімдері, бір шағын орталық тәрбиешісі екі қазақ
тілі пәні қатысты,бір психолог қатынасты.
.
Коучинг тақырыбы: «Топтық жұмыстың
тиімділігі»
Коучинг
мақсаты:Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға
қол жеткізу.
Сабақты мұғалімдер ұжымына
жағымды психологиялық ахуал орнатып алып,әдемі гүл суреттеріне
қарап демалу сәтінен бастадым.Себебі коучинг екінші ауысымнан соң
өткізілген еді. Ары қарай өткен семинарда берілген үй тапсырмасы
тексеріліп,мұғалім ойлары тыңдалды.Бірінен бірі асып түскен постер
жұмысынан кейін мұғалімдер жаңаша топқа бөлінді. Бұл әдістер
әріптестерге күшті көңіл күй сыйлап, диалогқа түсіруге тиімді тәсіл
екенін айтты.Келесі әрекетімде топтарды көзбен көретін айғақтар
арқылы сөйлеттім. Бірлесе отырып қалай диалогқа түсетінін байқау
мақсатында бірінші тапсырмада үш топқа да топ ережелерін түсіндіріп
әр топтан бағалаушылар тағайындадым.Бағалаушыларды критерийлермен
таныстырдым.Аздап бой сергітіп алып,екінші топтық тапсырманы
ұсындым.Әріптестерім бұны да ыждағаттылықпен,қызығушылықпен орындап
шықты.Әріптестерім сүретшілік өнерімен, жүйріктігімен көзге түсті.
Бір-бірімізді соңына дейін тыңдап айтылған пікірлерімізді сыйлайық
деген ұсыныстар айтып отырды. Бір мұғалімнің сыни ойланып, диалог
дегенде тек қана жай әңгімелесу емес қой, диалог барысында тартысу,
дәлелдеу деген әңгімелер де болады ғой деп өз пікірін айтып
жатқанын байқадым.Жұмыстар арасында кішкене көңіл күйлерін көтеру
мақсатында сергіту сәтін өткіздім. Сабақтың қорытынды бөлімінде
стикерлерге (Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім) өз ойларын жазып
рефлексия бұрышына ілді.Әр бір жұмыстарының соңында фармативті
бағалап отырдым(қол шапалақтау, не деген керемет сөздер, біздің
мұғалімдер не деген ақылды, қандай идея т.б.) Бағалаушыларға сөз
беріп,үш топ бірін-бірі бағалады.Жекелеген әріптестер мадақталды.
Бұл коучинг сабағы барлығына ұнағанын білдім. Өте қызықты, тамаша,
тиімді әдіс т.б. сөздер айтылды. Соның ішінде орыс тілі мұғалімі
оқушылардың өз ойларын ашық айта алуына тиімді әдістер екенін айтып
өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері бастауыш сыныптарда қолданатынын
айтты.Себебі,оқушыларды жас кезінен еркін сөйлеуге, өз идеясын ашық
айтуға үйрету керек, сонда ғана келешекте біз бүгінгі алған
білімін ертеңгі күнде өмірде қолдана алатын құзіретті тұлға ретінде
тәрбиелей аламыз деді. Мұғалімдердің сабақ жайлы айтылған
пікірлерінен кейін, өз бақылауларымның нәтижесінде сабағымның сәтті
өткендігіне көзім жетті. Сабақ барысында мұғалімдер белсенді
қатысты.Және де әріптестерімнен мұндай коучинг жұмысын жиірек
өткізсеңіз екен деген ұсыныс түсті.
Бұл үдерісті көріп қатты қуандым
Себебі бұл менің коуч ретіндегі бірінші жетістігім. Алдағы уақытта
алған білімді мектебіміз мұғалімдерінің кәсіби дамуы жолында
қолданамын. . Екінші деңгей бағдарламасын насихаттау мақсатында
семинарлар ұйымдастырамын.Сын тұрғысынан ойланып
интерпретация жүргізе алатын, пайымдап нақтылап шешім қабылдайтын,
кез келген ситуациядан шыға алатындай ойлау дағдылары жақсы
қалыптасқан құзіретті,кәсіби дамыған мұғалімдер санын көбейтуге ат
салысамын.Ал коучинг кезінде бағдарламаға сенімсіздік білдірген
мұғалімдер өздерінің тәжірибелерінде қолданғаннан кейін ғана
сенімсіздіктері жойылып,келешекте өз сабақтарында үнемі
қолданатындарын және осы курсқа барып оқуға ниет
білдірді.Өзімнің методикалық
бірлестігімде және басқа әріптесіме де жаңаша оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі үйретіп,бағыт-бағдар беріп ,сабақтарына
қолдануға ықпал етемін.Өйткені Қазақстан Республикасы
Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына
«Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты
бағыты»атты жолдауында оқыту жүйесіне заманауи әдістемелер мен
технологияларды ендіру керек»деген.Осыған қоса мектебімде өз
тәжірибесін өзгерткісі,жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарында қолданғысы
келетін мұғалімдерге де тәлімгерлік ісімді жалғастырамын.
Американдық өнер кәсіпші Генри Форд айтқандай : «Бұған дейін
жасағандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға
болады»дегеніндей,өзімнің коуч ретіндегі жұмысымды күшейте
түсемін.