Материалдар / Топырақ эрозиясы онымен күресу шаралары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Топырақ эрозиясы онымен күресу шаралары

Материал туралы қысқаша түсінік
2,3 курс студенттеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2020
2235
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




Бекітемін

Директордың оқу-әдістемелік

жөніндегі орынбасары

___________Д. Мамытбеков

«____»_________2019ж





1511000-«Жерге орналастыру»

мамандығының 2 ЗУ-18-1 тобына арналған

«Мелиорация және ауылшаруашылығын сумен қамту» пәні бойынша

«Топырақ эрозиясы онымен күресу шаралары» тақырыбында ашық сабағының

әдістемелік әзірлемесі









«Құрылыс және архитектура пәндері »

ЦӘК отырысында қарастырылды

хаттамасы № ___ «__»________2019 ж

ЦӘК төрайымы __________ Р.К. Шуленбаева

Дайындаған: А.Ж. Кадирова







Тараз 2019


Сабақ жоспары

Курс:

2

Топ:

2 ЗУ-18-1

Сабақ (пар) нөмірі

10

Мамандық -біліктілік:

1511000-«Жерге орналастыру»

Пән/модуль атауы:

«Мелиорация және ауылшаруашылығын сумен қамту»

Сабақ тақырыбы:

«Топырақ эрозиясы онымен күресу шаралары»

Күні:

«29» 10.2019ж.

Ұзақтығы:

90 мин

Өткізу орны:

2 ЖПЖК 262 дәрісхана

Сабақ мақсаты:

Оқыту: Топырақ эрозиясы онымен күресу шаралары туралы жаңа білім беру

Дамыту: алған теориялық білімдерін, іс жүзінде қолдану дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықты ояту, мамандыққа бейімдеу


Күтілетін нәтиже:

Біледі:

1. Топырақ эрозиясының түрлерін ажырата білу

2. Топырақ эрозиясының сипаттамаларын біледі

3. Топырақ эрозиядан келетін зияндарды және күресу жолдарының пайда болуын біледі


Сабақ түрі:

Аралас сабақ


Оқыту әдістері, әдістемелік шаралар, педагогикалық технологиялар:


Ауызша, корнекілік, мәселелі – ізденіс,студенттердің дербес жұмыс әдісі

Қажетті құрал - жабдықтар:

ПК, проектор, экран, слайдтар, бейнероликтер, маркерлер, А3 қағазы.

Қосымша дереккөздер (литература):


Навроцкий С.К.,Жохов Н.И.,Шеколаенко В.Т. «Ауылшаруашылығын мелиорациялау» Колос, 1978ж

А.И Беменов.,Голованов А.И ,Мамаев М.Г., «Суландыру мелирациясы.» 1988ж


Оқытушы туралы ақпарат:

Аты-жөні: А.Ж. Кадирова

________________


Тел.: 87470598479

E-mail: sweet_baby_aidanа@mail.ru










Сабақтың жоспар – конспектісі


Сабақ барысы

Уақыты

минут

Оқытушының іс-әрекеттері

Студенттердің

іс- әрекеттері

Оқыту ресурстары мен материалдары

Ұйымдастыру кезеңі


3 мин.

Сәлемдесу;

Студенттерді түгелдеу;

Сабаққа дайындықтарын тексеру;

Сәлемдеседі;

назарларын сабаққа аударады;

оқытушыны мұқият тыңдайды


Үй жұмысын жан жақты тексеру

20 мин.

Студенттерді үш топқа бөлу;

1. Жер құрғату мелиорациясына сипаттама

2. Жер құрғату режимі (ұяшық)

3. Жер құрғату сорғы станциясы (ұяшық)

4. Сөз жұмбақ Мелиорация


1.Үш топқа бөлінеді 2.Өткен тақырыптар бойынша интерактивті тақтада жасырын ұяшықтардағы сұрақтарына ауызша жауап береді.

3. Студенттер өткен тақырып бойынша сөз жұмбақ шешеді

Суреттер, интерактивті тақтада жасырын ұяшықтар түріндегі тапсырмалар

Жаңа материалды баяндау


47 мин.

Сабақ жоспары:

1.Топырақ эрозиясы

2. Эрозияның пайда болу факторлары

3. Эрозия түрлері

4. Эрозиядан келетін зияндар

5. Эрозиямен күресу жолдары

Студенттер жаңа материалды мұқият тыңдайды, тірек конспектіні жазады.

ЦОР-ның элементтері, бейнеролик

Жаңа материалдыбекіту

15 мин.

1. Жаңа тақырып бойынша топырақ эрозиясының түрлері (ұяшық)

2.Блиц сұрақтары

3.Топпен жұмыс

Жаңа тақырып бойынша оқытушыдан мәліметтер алып берілген тапсырмаларды топпен орындайды.

Суреттер, интерактивті тақтада жасырын ұяшықтар түріндегі тапсырмалар, блиц түріндегі тапсырмалар

Бағалау

3 мин

Жинаған ұпайларды санау, жеңімпаздарды анықтау, баға қою

Ұпайларын санайды


Үй жұмысы туралы ақпараттандыру

2 мин.

Навроцкий С.К.,Жохов Н.И.,Шеколаенко В.Т. «Ауылшаруашылығын мелиорациялау» Колос,1978ж

145-149 бет.

1.Оқытушыға сұрақтар қояды

2.Үй тапсырмасын жазады.

Оқулық








  1. Топырақ эрозиясы туралы түсінік.

Жер өңдеу кезінде топыраққа интенсивті ықпал жасау оның құрылымы мен құрылысының «бұзылуына және табиғи топырақ құралу процесі бағытының өзгеруіне, ең соңында эрозия құбылысының пайда болуына әкеп соқтырады. Эрозияның қатерлі, тіпті апатты зардабын сезіну үшін оның мәнісін терең түсіне білу керек. Сонымен, топырақ эрозиясы дегеніміз — оның желдің немесе судың (жаңбыр мен қар сулары, қолдан берілетін сулар) күшімен бұзылып басқа бір алыс не жақын жерге барып шөгуі. Эрозия кезінде топырақтың майда, құнарлы бөлігі сумен шайылып, желмен ұшып кетеді де, оның құнарлылығы кемиді. Табиғатта 2,5 см ғана қарашірік қабаты түзілуі үшін 300-ден 1000 жылға дейін уақыт керек. Осыдан-ақ топырақты қорғаудың, танапта эрозия болмауын ойластырудың өте қажет екені көрініп тұр.

2. Эрозияның пайда болу факторлары. Топырақ эрозиясы негізінен екі топ фактордың әсерінен пайда болады, атап айтқанда:а) табиғи факторлар; б) адамдардың шаруашылық іс-әрекеті (антропогендік фактор).

Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ жағдайы және өсімдіктер жамылғысы жатады. Климаттан топырақ эрозиясын тудыратын ең басты фактор — жел. Оның әсерінен негізінен жел эрозиясы пайда болады. Ол, әсіресе, қуаңшылық, желі күшті соғатын және өсімдік жамылғысы нашар немесе аңыздар мен өсімдік қалдықтары топыраққа сіңірілген жерлерде пайда болады. Жел эрозиясының пайда болуы, өсіресе, желдің шапшаңдығына тығыз байланысты. П.С.Захаровтың деректері бойынша, егер жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің жылдамдығы секундына 8-12 м болғанда эрозия пайда бола бастайды, ал ол жылдамдық 12-15 м/сек. болса, эрозия процесі күшейіп, желдің жылдамдығы 16-25 м/сек.-қа жеткенде күшті эрозияға әкеп соқтырады.

3. Эрозия түрлері: күнделікті (жергілікті) эрозия. Әр жердің өзіне тән үйреншікті желі болады. Сол желдің әсерінен де үлкенді-кішілі сырмалар, құйындар болып тұрады. Бұл желдер үйреншікті болған соң, оған көп көңіл бөлінбейді. Ал ғалымдардың есебіне қарағанда, олардан да келер зиян аз емес. Мұндай эрозияның әсерінен де күн сайын топырақтың құнарлылығы кеміп отырады, желмен ұшқан мақда түйіршіктерден өсіп тұрған дақылдардың өркендері зардап шегеді, олардың жапырақтары жырымдалып, жыртылады.

Егер танап топырағының 50 пайызынан артығының диаметрі 1-2 мм-ден үлкен кесек түйіршіктерден тұрса, ондай танапта жел эрозиясы болмайды. Жел эрозиясының басталуына қатты әсерін тигізетін түйіршіктерге диаметрі 0,5-1 мм болатын топырақ кесекшелері жатады. Мұндай түйіршіктер қатты желдің әсерінен көтеріледі де, жер бетімен секіріп домалай бастайды. Осы кез де басқа кесектерге соғылып олардың да орнынан қозғалуына себепші болады. Ол кесектер басқаларды қозғайды, ақыры жел эрозиясына айналады. Диаметрі 0,1 мм-ден кем түйіршіктер қатты желдің әсерінен (жылдамдық 15 м/сек.) едәуір алысқа ұшып кетеді де, қалқалы бір жерге үйіледі.


Жел эрозиясының қатерлі де қауіпті түрін шаң дауылы дейді. Ол жердің беті өсімдік жамылғысынан айырылған немесе нашар қорғалған, желі күшті соғатын, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл аймақтарда болады. Қазақстан жерінің 8 млн гектарын жел эрозиясы қамтыған:


Су эрозиясы. Жер бедері күрделі болып келетін Қазақстанның оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарында, қар қалың түскен жылдары солтүстік, орталық, батыс облыстарында су эрозиясы болады. Қар суын жерге тездетіп сіңіру үшін ешқандай әрекет жасалмаса, онда су эрозиясы барлық жерде болуы мүмкін. Су эрозиясы кезінде тек топырақтың құнарлы бөлшектері шайылып қана қоймайды, сонымен бірге оның терең қабатында ылғал аз жиналады, содан барып дақылдар өсу кезінде су тапшылығын көреді.

Тамшылық эрозия. Ол жаңбыр нөсерлеп жауғанда, әр тамшының диаметрі 1 мм-ден 5 мм-ге дейін, жылдамдығы секундына 4,5-9 м шамасында болады. Осы тамшы топырақтың майда кесекшелеріне тиіп, оны бірте-бірте үгітіп, езіп жібереді. Үгітілген бос, майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы жіңішке саңылауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды. Топыраққа сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен топырақтың беткі қабатындағы майда бөлшектерін ала кетеді.

Беткі (үстіңгі) эрозия ағынды судың күшті әсер етуінен пайда болады. Мұны кейде жазықтық эрозия деп атайды. Беткі эрозия өте қауіпті, себебі ол көзге онша ілінбей өтіп жатады. Бірақ, бұл эрозиядан келетін зиян көп. Оның әсерінен жыл сайын танаптың әр гектарынан 5 тоннадан 25 тоннаға дейін топырақ шайылып кетеді. Уақыт өткен сайын топырақтың органикалық заттарға бай майда түйіршіктері азайып, құнарлылық кемиді, соның салдарынан алынатын өнім төмендейді.

Сызықтық эрозия. Қар ерігенде немесе нөсер жауын болған кезде судың қатты ағысы топырақта біраз ор жасап кетеді, ол жер бірте-бірте үлкейіп, терең жыраға айналады. Олардың ені 2-3 метрге, кейде, тіпті, 10 метрге жетуі ықтимал. Мұндай жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның терең қабаттары да бұзылады.

Ирригациялық эрозия. Суару кезінде су топырақтың ылғал сыйымдылығынан артық берілсе, ол топыраққа толық сіңбейді, сондықтан танаптың үстіңгі қабаты шайылып, эрозия басталады. Эрозияның бұл түрін ирригациялық эрозия деп атайды.

4.Эрозиядан келетін зияндар Топырақ эрозиясы ауыл-шаруашылық өндірісіне орасан зиян келтіреді. Біріншіден, эрозияның әсерінен топырақтың беткі қабаты желмен ұшып немесе сумен шайылып кетеді, сондықтан шаруашылықтар жердің құнарлы қабатынан, онымен бірге қоректік заттардан айырылады. Мысалы, Якубовтың деректері бойынша жердің 50 см қабаты желмен ұшып кетсе, қарашірігі аз құмдақ топырақтың әр гектарынан 11-16 тонна қарашірік, 150-300 кг азот, 120 кг фосфор, 2 тонна калий жоғалады екен. Су эрозиясы жыл сайын 2,5 млн. тонна азотты, фосфорды және калийді шайып әкететін көрінеді. Екіншіден, эрозияның салдарынан дәнді масақты дақылдардың өсімдігін желмен ұшқан топырақ түйіршіктері құртып жібереді, яғни, егістік жойылады. Атап айтқанда, 1962-1965 жылдар арасында Қазақстанда эрозияның кесірінен 2,9 млн. гектар дәнді масақты дақылдардың егісі жойылып кетті. Үшіншіден, эрозия құнарлы егістік жерлерді жарамсыз қылып, оларды не айналымнан шығарып тастауға мәжбүр етеді немесе басқа түрге көшіруге тура келеді. Мысалы, 1962-1964 жылдары Павлодар облысының шаруашылықтары 850 мың гектар егістікті шабындыққа, жайылымға және басқа түрлерге айналдыруға мәжбүр болды. Эрозияға ұшыраған жерлерге себілген ауылшаруашылық дақылдарының өнімі күрт темендейді. Оның себебі, эрозияның әсерінен топырақтағы қарашіріктің мөлшері азаяды. Соның салдарынан ондагы қоректік заттардың мөлшері кемиді, демек, дақылдар қоректік заттардың тапшылығынан зардап шегеді. Топырақтағы органикалық заттардың кемуіне байланысты, оның физикалық қасиеттері нашарлайды. Ондай топырақтар жаңбырдан кейін, суарудан соң тез қатып қалады. Топыраққа судың сіңуі, ауаның кіруі қиындайды. Эрозия кезінде қатты соққан жел жердің үстіңгі қабатындағы топырақты ұшырып, дақылдардың тамыры ашылып қалады. Ұшырылған топырақ түйіршіктері дақылдардың жапырағын зақымдайды. Ықтау жердегі өсімдік өркендерін топырақ басып қалады. Осының бәрі өнімнің кемуіне әкеліп соғады, кей жағдайда егістікті көшкін топырақ басып қалады да, одан ешқандай өнім алынбайды.

5. Эрозиямен күресу жолдары.Топырақтың эрозиясымен күресу- егін шаруашылығындағы ең негізгі мәселелердің бірі. Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі – шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Бұл- территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ-эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс-шараларын жүргізу.Агротехникалық шаралардан беткейлерде жерді көлденең жырту, ал өте биік беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшін жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткізуге болады. Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзімді қаьаттарды жасау да жатады. Дифляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптерді өсіру арқылы ауыспалы егісті қолдану өте тиімді болып саналады.

Жаңа материалды бекіту

  1. Ұяшық арқылы Топырақ эрозиясының түрлеріне анықтама беру

  2. Блиц сұрақтары:

  1. Тау жыныстары мен топырақтың құнарлы беткі қабатының желдің әсерінен бұзылуын немесе ағын сумен шайылуын қалай атайды? Топырақ эрозиясы

  2. Қазақстан жерінің қанша млн. гектарын жел эрозиясы қамтыған: 8 млн. га

  3. Қазақстанның қанша млн. гектар жері су эрозиясына ұшыраған: 19 млн. га

  4. Жел эрозиясы қандай жерлерде орын алады? Жел эрозиясы орманы жоқ, ашық

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!